Амизолид

МНН: Линезолид
Производитель: АО Фармасинтез
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Linezolid
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№022031
Период регистрации: 25.02.2016 - 25.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Амизолид

Халықаралық патенттелмеген атауы

Линезолид

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған 600 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат600 мг линезолид,

қосымша заттар: бетадекс (бета-циклодекстрин); коповидон; желатинделген крахмал; коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил марка А-300); натрий стеарилфумараты; магний гидроксикарбонаты,

қабық құрамы: гидроксипропилметилцеллюлоза (гипромеллоза), тальк, полиэтиленгликоль, титанның қостотығы (Е171), темірдің қызыл тотығы (Е172), темірдің сары тотығы (Е172).

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, екі жақ беті дөңес, ашық-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Көлденең қимасы ақ немесе сарғыш реңдес ақ түсті.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Бактерияға қарсы басқа препараттар. Бактерияға қарсы басқа да препараттар. Линезолид.

АТХ коды J01XX08

Фармакологиялық қасиеттері

  • Фармакокинетикасы

  • Ішке қабылдаудан кейін линезолид асқазан-ішек жолынан тез және қарқынды сіңеді. Ас ішу препараттың сіңуіне әсер етпейді. Абсолютті биожетімділігі 100% жуық құрайды. Үлбірлі қабықпен қапталған 600 мг таблеткаларды қабылдау кезінде (бір рет және тәулігіне 2 рет), тиісінше, Cmax 12,7 және 21,2 мкг/мл; TCmax 1,28 және 1,03 сағат; AUC 91,4 және 138 мкг*сағ./мл; T1/2 4,26 және 5,4 сағат; клиренс 127 және 80 мл/мин құрайды. Қанда линезолид тепе-тең концентрациясына (Css) 2-3 күн қолданғанда жетеді. Жақсы перфузияланумен тіндерде жылдам таралады. Дені сау ересек адамда Css жету кезіндегі таралу көлемі, орта есеппен, 40-50 л құрайды. Плазма ақуыздарымен байланысуы - 31% (концентрацияға байланыссыз). P450 цитохромы изоферменттерінің in vitro линезолид метаболизміне қатыспайтыны анықталған. Линезолид, сонымен қатар, цитохромның клиникалық маңызды изоферменттерінің (P450 CYP1A2, CYP2C9, CYP2C19, CYP2D6, CYP2E1, CYP3A4) белсенділігін тежемейді. Метаболизмдік тотығу 2 белсенді емес метаболит: гидроксиэтилглицин (адамдағы негізгі метаболит болып табылады және ферментативтік емес үдеріс нәтижесінде түзіледі) мен аминоэтоксисірке қышқылының (аз мөлшерлерде түзіледі) түзілуіне алып келеді. Басқа да «шағын» белсенді емес метаболиттері сипатталған. Линезолид гидроксиэтилглицин (40%), өзгермеген препарат (30-35%) және аминоэтоксисірке қышқылы (10%) түрінде бүйрекпен шығарылады. Гидроксиэтилглицин (6%) және аминоэтоксисірке қышқылы (3%) түрінде ішек арқылы бөлінеді. Линезолид клиренсі балаларда жоғары және жас ұлғаюымен төмендейді. Әйелдерде таралу көлемі, клиренсі төмендеу (20% аз) және плазмадағы концентрациясы ерлердегіден едәуір жоғары. Әйелдер мен ерлерде линезолид T1/2 елеулі өзгешеленбейді, дозалау режимін түзету қажеттілігі жоқ. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ) бар пациенттерде дозалау режимін түзету қажет емес, өйткені, креатинин клиренсі мен препараттың бүйрек арқылы шығарылуының арасында тәуелділік жоқ. Препараттың 30% дозасы 3 сағат гемодиализ кезінде шығарылатындықтан, осындай ем алатын пациенттерде линезолид диализден соң қолданылу керек. Линезолид фармакокинетикасы бауыр жеткіліксіздігінің бірқалыпты немесе орташа дәрежесіндегі пациенттерде өзгермейді, осыған орай, препарат дозасын түзету қажеттілігі жоқ.

  • Фармакодинамикасы

    Микробқа қарсы дәрі, оксазолидинондар класына жатады. Препараттың әсер ету механизмі бактерияларда ақуыз синтезін тежеумен жүзеге асады. Линезолид 50S суббірлікті бактериялық рибосомалық РНҚ 23S бөлігімен байланысады және ақуыз синтезі кезіндегі трансляция үдерісінің маңызды компоненті болып табылатын 70S функционалдық бастамалау кешенінің түзілуін болдырмайды. Линезолид аэробты грамоң бактерияларға, кейбір грамтеріс бактерияларға және анаэробты микроорганизмдерге қатысты in vitro белсенді.

    Сезімталдығы

    Препарат in vitro және in vivo белсенді

    Грамоң аэробтар

    Enterococcus faecium (ванкомицинге төзімді штаммдарды қоса)

    Staphylococcus aureus (метициллинге төзімді штаммдарды қоса)

    Streptococcus agalactiae

    Streptococcus pneumoniae (көп төзімді штаммдарды қоса)

    Streptococcus pyrogenes

    Препарат in vitro белсенді

    Грамоң аэробтар

    Enterococcus faecalis (ванкомицинге төзімді штаммдарды қоса)

    Enterococcus faecium (ванкомицинге төзімді штаммдар)

    Staphylococcus epidermidis (метициллинге төзімді штаммдарды қоса) Staphylococcus haemolyticus

    Viridans тобының стрептококктары

    Грамтеріс аэробтар

    Pasteurella multocida

    Линезолидке төзімді микроорганизмдер

    Haemophilus influenzae

    Moraxella catarrhalis

    Neisseria spp.

    Enterobacteriaceae spp.

    Pseudomonas spp

    Қолданылуы

    • Ауруханаішілік пневмония

    • Ауруханадан тыс пневмония

    Амизолид ауруды линезолидке сезімтал грамоң микроорганизмдердің тудыруы жорамалданатын немесе нақты анықталған жағдайда ауруханаішілік пневмонияға және ауруханадан тыс пневмонияға шалдыққан ересек пациенттерді емдеуге көрсетілген. Амизолидтің тиісті ем ретінде көрсетілуін анықтау үшін микробиологиялық тестілер нәтижелерін немесе грамоң бактериялардың бактерияға қарсы дәрілерге төзімділігінің басымдылығына қатысты ақпаратты есепке алу керек.

    Линезолид грамтеріс микроорганизмдер тудырған инфекцияларға қатысты белсенді емес. Грамтеріс микроорганизмдер анықталғанда немесе күдік тудырғанда бір мезгілде тиісті ем тағайындалу керек.

    • Терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары

    Амизолид ауруды линезолидке сезімтал грамоң микроорганизмдердің тудыруы жорамалданатын немесе нақты анықталған жағдайда терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекцияларына шалдыққан ересек пациенттерді емдеуге көрсетілген.

    Линезолид грамтеріс микроорганизмдер тудырған инфекцияларға қатысты белсенді емес. Линезолид баламалы емдеу түрлері болмаған жағдайда грамтеріс микроорганизмдер тудырған біріккен инфекция анықталғанда немесе күдік тудырғанда терінің және жұмсақ тіндердің асқынған инфекциялары бар пациенттерге тағайындалу керек. Аталған жағдайларда грамтеріс микроорганизмдерді емдеу бір мезгілде басталуы тиіс.

    Линезолидпен емдеу стационарда және тиісті маманмен, мысалы, микробиологпен немесе инфекционистпен кеңесуден кейін басталу керек.

    Қолдану тәсілі және дозалары

    Препаратты ас ішу кезінде де, тамақтанулар арасында да қабылдауға болады. Емнің басында препарат к/і тағайындалған пациенттерді әріқарай препараттың ішке қабылданатын кез келген дәрілік түріне ауыстыруға болады, осы орайда дозаны таңдау қажет емес, өйткені ішке қабылдағанда линезолид биожетімділігі 100 % дерлік құрайды. Емдеу ұзақтығы қоздырғышқа, инфекцияның орналасуына және ауырлығына, сондай-ақ клиникалық әсеріне байланысты.

    Инфекциялар

    Дозалары

    Емдеу ұзақтығы

    Ауруханалық пневмония

    600 мг

    тәулігіне

    2 рет

    10-14 күн

    Ауруханадан тыс пневмония

    Терінің және жұмсақ тіндердің инфекциялары

    600 мг

    тәулігіне

    2 рет

    Балалар: балалар мен жасөспірімдерде (18 жасқа толмаған) линезолид қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігіне қатысты жеткілікті деректер жоқ. Демек, аталған жас тобында линезолид қолдану қарсы көрсетілімді.

    Егде жастағы пациенттерге: дозаны түзету қажет емес.

    Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге: дозаны түзету қажет емес. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде линезолидтің негізгі екі метаболиті концентрациясы жоғарылауының (10 есе асып кететін) клиникалық мәні белгісіз екендіктен, сондай-ақ егер болжанатын пайдасы қауіптен артық болған жағдайда аталған пациенттер қауымында линезолид ерекше сақтықпен қолданылу керек.

    Линезолидтің 30% жуық дозасы 3 сағат гемодиализ кезінде шығарылады, линезолид осындай ем алатын пациенттерге диализден соң тағайындалу керек. Линезолидтің негізгі метаболиттері гемодиализ арқылы аздаған дәрежеде шығарылады, бірақ, осы метаболиттердің концентрациялары диализден соң бүйрек функциясы қалыпты немесе жеңіл немесе орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттермен салыстырғанда, жоғары деңгейде сақталады.

    Осылайша, гемодиализде жүрген бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде, сондай-ақ егер болжанатын пайдасы қаупінен артық болатын жағдайда линезолид ерекше сақтықпен қолданылу керек.

    Қазіргі уақытта тұрақты амбулаторлық перитонеальді диализде (ТАПД) жүрген немесе бүйрек жеткіліксіздігінің баламалы емін алатын (гемодиализді қоспағанда) пациенттерде линезолид қолдануға қатысты деректер жоқ.

    Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге: дозаны түзету қажет емес.

    Алайда, шектеулі клиникалық деректер бар және, егер болжанатын пайдасы қаупінен артық болатын жағдайда, осы пациенттер қауымында линезолид қолдану ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Қолайсыз реакциялар жиілігі мына жіктеме бойынша берілген:

Өте жиі: ≥ 10 %

Жиі: ≥ 1 % және <10 %

Жиі емес: ≥ 0,1 % және <1 %

Сирек: ≥ 0,01 % және <0,1 %

Өте сирек: <0,01 %

Линезолид қабылдаумен байланысты қолайсыз құбылыстар, әдетте, жеңіл немесе орташа айқындылық дәрежесінде болады. Қалғандарынан жиірек диарея, бас ауыру және жүрек айну білінеді.

Жүйе-ағза класы

Өте жиі:

10 %

Жиі:

1 % және <10 %

Жиі емес: ≥ 0,1 % және <1 %

Сирек: ≥ 0,01 % және <0,1 %

Өте сирек: <0,01 %

Инфекциялық және паразиттік аурулар

Кандидоз, ауыз қуысы кандидозы, қынаптық кандидоз,

зеңді инфекциялар

Вагинит

Антибиотиктермен астасқан колит, жалған жарғақшалы колитті қоса

   

Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар

Анемия *†

Лейкопения*, нейтропения, тромбоцитопения*, эозинофилия

Панцитопения*

 

Миелосупрессия*, сидеробластты анемия*

Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар

     

 

Анафилаксия

Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар

 

Гипонатриемия

   

Лактоацидоз*

Психикалық бұзылыстар

Ұйқысыздық

     

 

Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар

Бас ауыру, дәм сезудің нашарлауы (темір тату), бас айналу

Құрысулар*, гипестезия, парестезия

   

Серотониндік синдром**, шеткергі нейропатия

Көру бұзылыстары

 

Анық көрмеу*

Көру өрісінің өзгеруі*

 

Оптикалық нейропатия*, оптикалық неврит*, көруді жоғалту*, көру өткірлігінің өзгеруі*, түс ажырату қабілетінің өзгеруі*

Есту ағзасы және тепе-теңдік тарапынан бұзылулар

 

Құлақтың шыңылдауы

     

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан бұзылулар

Гипертония

Аритмия (тахикардия), транзиторлы ишемиялық шабуылдар, флебит, тромбофлебит

     

Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар

Диарея, жүрек айну, құсу, іш аумағындағы жергілікті немесе жалпы ауыру, іш қату, диспепсия

Панкреатит, гастрит, іштің кебуі, ауыз кеберсуі, глоссит, сұйық нәжіс, тіл түсінің өзгеруі немесе нашарлауы

Тіс түсінің беткейлік өзгерісі

   

Бауыр және өт шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Бауыр сынамасындағы ауытқу; АСТ, АЛТ немесе сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

Билирубиннің жоғары деңгейі

     

Тері және тері асты тіндері тарапынан бұзылулар

Қышыну, бөртпе

Есекжем, дерматит, қатты терлеу

   

Буллезді бұзылулар (Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермалық некролиз сияқты), Квинке ісінуі, алопеция

Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар

Қандағы мочевина азотының жоғары деңгейі

Бүйрек жеткіліксіздігі, креатининнің жоғары деңгейі, полиурия

     

Жыныс ағзалары және сүт безі тарапынан бұзылулар

 

Вульво-вагинальді бұзылулар

     

Жалпы бұзылыстар және енгізген жердегі бұзылулар

Қызба, жергілікті ауыру

Қалтырау, қажу, инъекция орнындағы ауыру, қатты шөлдеу сезімі

     

Зертханалық және аспаптық деректер

Биохимия

ЛДГ, креатинин киназа, липаза, амилаза немесе глюкоза деңгейінің аш қарындық емес жоғарылауы. Жалпы ақуыз, альбумин, натрий немесе кальций деңгейінің төмендеуі. Калий немесе бикарбонат деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі.

Гематология

Нейтрофильдер немесе эозинофильдер деңгейінің жоғарылауы. Гемоглобин, гематокрит немесе эритроциттер деңгейінің төмендеуі. Тромбоциттер немесе лейкоциттер деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі.

Биохимия

Натрий немесе кальций деңгейінің жоғарылауы. Глюкоза деңгейінің аш қарындық емес төмендеуі. Хлорид деңгейінің жоғарылауы немесе төмендеуі.

 

 

Гематология

Ретикулоциттер деңгейінің жоғарылауы. Нейтрофильдер деңгейінің төмендеуі.

     

 

Айрықша нұсқаулар

** «Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз.

Күдік тудыратын қолайсыз дәрілік реакциялар туралы хабарлама

Дәрілік затты тіркеу үшін күдік тудыратын қолайсыз дәрілік реакциялар туралы хабарламаның зор маңызы бар. Бұл дәрілік заттың қауіп/пайда арақатынасына үздіксіз мониторинг жасалуына ықпал етеді.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Линезолидке және/немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық.

  • Линезолидті А немесе В моноаминоксидазасын тежейтін препараттармен (мысалы, фенелзин, изокарбоксазид, селегилин, моклобемид) бір мезгілде, сондай-ақ аталған препараттарды тоқтатудан кейін екі апта ішінде қабылдау.

  • Артериялық қысымға мониторинг жасалмаса, линезолид тағайындауға болмайды:

- бақыланбайтын артериялық гипертензия, феохромоцитома, карциноидты синдром, тиреотоксикоз, биполярлы депрессия, шизоаффектілі бұзылысы, сана шатасуының жедел жағдайы бар пациенттерге.

- серотонинді кері қармау тежегіштерін («Айрықша нұсқаулар» бөлімін қараңыз), үш циклды антидепрессанттар, 5-НТ1 рецепторларының агонистерін (триптандар), тікелей және тікелей емес әсер ететін адреномиметикалық дәрілер (адренергиялық бронходилататорлар, жалған эфедрин мен фенилпропаноламинді қоса), вазопрессорлы заттар (мысалы, эпинефрин, норэпинефрин), допаминергиялық дәрілер (мысалы, допамин, добутамин), петидин немесе буспирон алатын пациенттерге.

  • Жүктілік және бала емізу кезеңі.

  • 18 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Моноаминоксидаза тежегіштері

Линезолид – моноаминоксидазаның іріктелмеген қайтымды тежегіші. Дәрілік өзара әрекеттесулер бойынша, моноаминоксидаза тежелісінің қаупіне ұшыратуы мүмкін қатарлас жай-күйлері бар пациенттерге тағайындалған линезолид қауіпсіздігі жөнінде шектеулі деректер бар. Осылайша, линезолид атап көрсетілген жағдайларда пациенттің мұқият қадағалануынсыз және мониторингсіз қолдануға ұсынылмайды (**«Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Айрықша нұсқаулар» бөлімдерін қараңыз).

Артериялық қысымның көтерілуіне ықпал ететін әлеуетті өзара әрекеттесулер

Артериялық қысымы қалыпты дені сау еріктілер арасында линезолид жалған эфедрин және фенилпропаноламин гидрохлоридін қабылдаудан болатын артериялық қысым көтерілуінің күшеюіне ықпал еткен. Линезолидті жалған эфедринмен немесе фенилпропаноламинмен бір мезгілде тағайындау, линезолид қабылдаумен монотерапияда болатын сын. бағ. 11-15 мм, жалған эфедрин немесе фенилпропаноламин қабылдаумен монотерапияда болатын сын. бағ. 14-18 мм немесе плацебо қабылдаудан болатын сын. бағ. 8-11 мм-мен салыстырғанда, систолалық артериялық қысымның, орта есеппен, сын. бағ. 30-40 мм жоғарылауына ықпал еткен. Осындай зерттеулер артериялық гипертензияға шалдыққан тұлғаларға жүргізілмеген. Линезолидпен бір мезгілде тағайындалғанда көзделген жауапқа жету үшін, допаминергиялық препараттарды қоса, вазопрессорлық әсері бар препараттар дозасын тиянақты титрлеу ұсынылады.

Дені сау еріктілерде декстрометорфанмен әлеуетті дәрілік өзара әрекеттесу зерттелді. Тұлғалар линезолидпен немесе онсыз декстрометорфан (4 сағат аралықпен екі 20 мг доза) алған. Линезолид пен декстрометорфан алған дені сау тұлғаларда серотониндік синдром әсері (құрысулар, делирий, қозу күйі, тремор, терінің қызаруы, қатты терлеу, гиперпирексия) байқалмаған.

Постмаркетингтік тәжірибе: линезолид пен декстрометорфан қабылдау кезінде екі препаратпен емдеуді тоқтатқан соң басылған серотониндік синдром әсеріне ұқсас бір жағдай хабарланған.

Антидепрессанттарды қоса, серотонинергиялық препараттармен (мысалы, серотонинді кері қармау тежегіштері) линезолидті клиникалық қолдану кезінде серотониндік синдром жағдайлары хабарланған. Осылайша, препараттарды бір мезгілде тағайындау қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз), линезолид пен серотонинергиялық препараттарды бір мезгілде тағайындаудың өмірлік маңызы бар пациенттерді емдеу туралы ақпарат «Айрықша нұсқаулар» бөлімінде сипатталған.

Тирамин мөлшері мол өнімдер

Линезолид және 100 мг-ден аз тирамин алған тұлғаларда елеулі прессорлық реакция байқалмаған. Осыған орай, тирамин мөлшері жоғары тағам мен сусындарды (мысалы, ашытылған ірімшік, ашытқы сығындылары, дистилляцияланбаған алкогольді ішімдіктер және ферменттеліп өсірілген соя өнімдері (соя соусы)) шамадан тыс қабылдамау жеткілікті деп жорамалданады.

Р450 цитохромымен метаболизденетін препараттар

Линезолидтің Р450 (CYP) цитохромы ферменттерінің жүйесімен метаболизденетіні және адамның қандай да бір мәнді CYP изотүрлерін (1А2, 2С9, 2С19, 2D6, 2Е1, 2А4) тежемейтіні анықталмаған. Осындай үлгіде, линезолид егеуқұйрықтарда Р450 изоферменттерін индукцияламайды. Осылайша, линезолид қолданылғанда CYP450 индукцияланған дәрілік өзара әрекеттесулер болжанбайды.

Рифампицин

Рифампициннің линезолид фармакокинетикасына әсері 8 күн бойы тәулігіне 1 рет 600 мг рифампицинмен немесе онсыз 2,5 күн бойы күнделікті 600 мг линезолид алған он алты ер жынысты дені сау ересек еріктіде зерттелді. Рифампицин линезолид Cmax және AUC мәндерінің, орта есеппен, тиісінше 21% және 32% төмендеуіне ықпал еткен. Аталған өзара әрекеттесу механизмі және оның клиникалық мәні анықталмаған.

Варфарин

Линезолид емімен біріккен варфарин қолдану кезінде тұрақтандырылған жағдайда AUC ХҚҚ 5% төмендеуімен бірге ең жоғары ХҚҚ мәнінің 10% төмендеуі білінді. Варфарин мен линезолид алған пациенттерге қатысты, егер осы деректер бойынша орын алған болса, клиникалық мәнін бағалауға жеткіліксіз деректер бар.

Айрықша нұсқаулар

Миелосупрессия

Линезолид алған пациенттерде миелосупрессияның дамуы (анемия, лейкопения, панцитопения және тромбоцитопенияны қоса) хабарланды. Емді тоқтатудан соң гематологиялық параметрлер емделуге дейін байқалған деңгейге оралады. Аталған құбылыстардың даму қаупі емдеу ұзақтығына байланысты. Егде жастағы пациенттерде, жасырақ пациенттермен салыстырғанда, қан жасушасындағы патологиялық өзгерістердің жоғары даму қаупі бар. Бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде диализге байланыссыз тромбоцитопенияның дамуы жиірек байқалады. Осыған орай, емдеу үдерісінде сыртартқысында анемия, гранулоцитопения немесе тромбоцитопения бар; гемоглобин деңгейінің төмендеуіне, қан құрамының нашарлауына ықпал ететін немесе тромбоциттер санына немесе олардың функционалдық қасиеттеріне теріс әсер ететін препараттармен қатарлас ем алатын пациенттердің; бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттердің; сондай-ақ линезолидті 10-14 күннен көп алатын пациенттердің қан көрсеткіштеріне мониторинг жасау қажет. Линезолид осы пациенттерге гемоглобин деңгейіне, қан құрамына және тромбоциттер санына мұқият мониторинг жасалған жағдайда ғана тағайындалу керек.

Линезолидпен ем кезінде елеулі миелосупрессия дамыған жағдайда, емдеуді жалғастыру аса қажет болатын жағдайларды қоспағанда, ем тоқтатылу керек, бұл орайда қан құрамына қарқынды мониторинг жасау және пациентті жүргізудің тиісті стратегиялары талап етіледі.

Оның үстіне, линезолид алатын пациенттерде, қан құрамының бастапқы мәндеріне байланыссыз қан құрамына апта сайын мониторинг жасау (гемоглобин, тромбоциттер деңгейлерін, лейкоциттердің жалпы санын және лейкоцитарлық формуланы қоса) ұсынылады.

Айрықша жағдайларға жүргізілген зерттеулерде ең жоғары ұсынылатын 28 күндік мерзімнен асып кететін мезгіл ішінде линезолид алған пациенттердегі ауыр анемия қаупінің жоғарылауы хабарланды. Ондай пациенттерге қан құю жиірек тағайындалды. Соңында қан құю қажет болған анемия жағдайлары жөнінде постмаркетингтік бақылаулар нәтижелері бойынша, негізінен, линезолидті 28 күннен көп алған пациенттер арасында хабарланды.

Постмаркетингтік бақылаулар нәтижелері бойынша сидеробластты анемия жағдайлары хабарланды. Аурудың басталуы линезолидті 28 күннен көп алған пациенттерде тіркелді. Көпшілігінде аталған құбылыс анемияны емдегенде немесе емдеусіз линезолидпен емдеуді тоқтатқан соң ішінара немесе толық басылды.

Клиникалық зерттеулерге қатысқан пациенттердің өлімге ұшырау деректерінің катетермен астасқан грамоң қан инфекцияларымен сәйкессіздігі

Қолданылуы

Бактерияға қарсы препараттар пайдаланудан туындайтын диарея және жалған жарғақшалы колит

Линезолидті қоса, бактерияға қарсы дәрілер алатын барлық дерлік пациенттерде жалған жарғақшалы колиттің дамуы хабарланады. Демек, атап көрсетілген диагнозды бактерияға қарсы кез келген препаратпен емделуден кейін диареясы бар пациенттерде қарастыру маңызды. Антибиотиктер қолданумен байланысты колит күдік тудырған немесе диагностикаланған жағдайларда емдеуді тоқтату керек. Тиісті шаралар қабылдану керек.

Линезолидті қоса, барлық дерлік антибиотиктер қолданумен байланысты, Clostridium difficile тудырған жалған жарғақшалы колит және диареяны қоса, антибиотикпен астасқан диарея және антибиотикпен астасқан колиттің дамуы хабарланады, аталған құбылыстар ауырлық дәрежесі бойынша жеңіл диареядан өліммен аяқталатын колитке дейін ауытқуы мүмкін. Демек, аталған диагнозды линезолид қолдану кезінде немесе одан кейін ауыр диареяға шалдыққан пациенттерде есепке алу маңызды. Антибиотикпен астасқан диарея және антибиотикпен астасқан колит күдік тудырған немесе расталған жағдайда, линезолидті қоса, бактерияға қарсы препараттармен емдеуді тоқтатқан жөн, сондай-ақ тиісті шаралар дереу қабылдану керек. Аталған жағдайда ішек перистальтикасын тежейтін препараттар қарсы көрсетілімді.

Лактоацидоз

Линезолид қолданумен байланысты лактоацидоз туралы хабарланды. Линезолид қабылдау аясында қайталанған жүрек айну мен құсуды, іш аумағының ауыруын, қандағы бикарбонат концентрациясының төмендеуін немесе асқын желдетілуді қоса, метаболизмдік ацидоз симптомдары туындайтын пациенттерге дәрігер тарапынан мұқият қадағалау талап етіледі. Лактоацидоз дамыған жағдайда әріқарай линезолид қолдану артықшылығын әлеуетті қаупіне қатысты бағалау керек.

Митохондриялық дисфункция

Линезолид митохондриялық ақуыздар синтезін тежейді. Жағымсыз құбылыстар (мысалы, лактоацидоз, анемия және нейропатия (оптикалық немесе шеткергі)) осы тежеліс нәтижесінде дамуы мүмкін; аталған құбылыстар препарат 28 күннен артық қолданылғанда жиірек байқалады.

Серотониндік синдром

Антидепрессанттарды қоса, серотонинергиялық препараттармен (мысалы, серотонинді кері қармаудың іріктелген тежегіштері) бірге линезолид алған пациенттерде серотониндік синдромның даму жағдайлары хабарланған. Осылайша, линезолид пен серотонинергиялық препараттар қолдану өмірлік маңызды болатын жағдайларды қоспағанда, серотонинергиялық препараттармен бір мезгілде линезолид қолдану қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Аталған жағдайларда пациенттерге серотониндік синдром симптомдары мен белгілерінің (мысалы, когнитивтік дисфункция, гиперпирексия және қозғалыс үйлесімінің бұзылуы) дамуы тұрғысынан мұқият мониторинг жасаған жөн. Көрсетілген симптомдар мен белгілер дамыған жағдайда емдеуші дәрігер бір немесе екі препаратты да қолдануды тоқтату мәселесін қарастыруы тиіс; серотонинергиялық препаратты тоқтатқанда тоқтату синдромы дамуы мүмкін.

Шеткергі және оптикалық нейропатия

Шеткергі нейропатия, оптикалық нейропатия мен көру жүйкесінің невриті сияқты, кейде көрмей қалуға дейін үдеуі мүмкін, бұл жөнінде линезолид алған пациенттер арасында хабарланды; аталған пациенттер ең жоғары ұсынылған мерзім – 28 күннен ұзағырақ ем алған.

Барлық пациенттерге көрудің бұзылу симптомдарын (мысалы, көру өткірлігінің өзгеруі, түсті ажырату өзгерістері, анық көрмеу немесе көру аясының ақауы туралы) хабарлау ұсынылады. Аталған жағдайларда офтальмологтың шұғыл бағалауы ұсынылады. Егер пациенттер 28 күннен артық Амизолид қабылдаса, көру функциясына жүйелі мониторинг жасау ұсынылады.

Шеткергі немесе оптикалық нейропатия дамыған жағдайда Амизолид қолданудың әлеуетті қаупін саралау керек.

Туберкулезді емдеуге арналған микобактерияға қарсы препараттарды бір мезгілде алатын немесе таяуда алған пациенттер нейропатияның жоғары даму қаупіне бейім келеді.

Құрысулар

Линезолид қабылдаған пациенттерде құрысулар туралы хабарланды, осы орайда, көпшілік жағдайларда сыртартқыда құрысулар немесе оларды дамытатын қауіп факторларының болуы көрсетілген. Пациенттер сыртартқысындағы құрысу жағдайлары жөнінде емдеуші дәрігеріне хабарлауы тиіс.

Моноаминоксидаза тежегіштері

Линезолид моноаминоксидазаның іріктелмеген қайтымды тежегіші болып табылады; алайда, бактерияға қарсы емде қолданылатын дозаларында ол депрессияға қарсы әсер туғызбайды. Дәрілермен өзара әрекеттесуі бойынша, сондай-ақ негізгі ауруы бар және/немесе моноаминоксидаза тежелісі қаупіне ұшыратуы мүмкін қатарлас жай-күйлерге шалдыққан пациенттерге тағайындалған линезолид қауіпсіздігіне қатысты шектеулі зерттеулер бар. Осылайша, линезолид атап көрсетілген жағдайларда пациенттің мұқият қадағалануынсыз және мониторингсіз қолдануға ұсынылмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» және «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз).

Тирамині мол өнімдер

Пациенттерге үлкен мөлшерлерде тирамині мол өнімдер тұтынбауға кеңес беру керек («Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Асқын инфекция

Клиникалық зерттеулерде линезолидпен емнің қалыпты микрофлораға ықпалы зерттелмеген. Антибиотиктер қолдану сезімтал емес организмдердің шектен тыс өсуіне әкелуі мүмкін. Мысалы, ұсынылған дозаларда линезолид алған пациенттердің 3% шамасында клиникалық зерттеулер кезінде дәрілік кандидоз дамуы білінді. Ем кезінде асқын инфекция дамыған жағдайда тиісті шаралар қабылдану керек.

Ерекше қауымдар

Линезолид бүйрек жеткіліксіздігі ауыр пациенттерге ерекше сақтықпен және егер болжанатын пайдасы қаупінен басым болатын жағдайда ғана тағайындалу керек («Қолдану тәсілі және дозалары» және «Дәрілермен өзара әрекеттесуі» бөлімдерін қараңыз).

Бауыр функциясының ауыр бұзылуы бар пациенттерге болжанатын пайдасы әлеуетті қаупінен артық болатын жағдайларда ғана линезолид қолдануға кеңес беріледі.

Ұрпақ өрбіту функциясының бұзылуы

Линезолид адамға арналған дозаларына шамамен тең дозаларын қолданғанда ересек егеуқұйрықтарда тұқым өрбіту функциясын қайтымды төмендетеді және сперматозоидтардың патологиялық морфологиясының дамуына алып келеді. Ересек ерлердің ұрпақ өрбіту жүйесіне линезолидтің болжамды әсері анықталмаған.

Клиникалық зерттеулер

Линезолид қауіпсіздігі мен тиімділігі 28 күннен көп қолдану кезінде анықталмаған. Бақыланатын клиникалық зерттеулерде диабеттік табан синдромы, тесілулері, ишемиялық өзгерістері, ауыр күйіктері немесе гангренасы бар пациенттер қамтылмаған. Аталған пациенттерде линезолид қолдану тәжірибесі шектеулі.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Емделу кезеңінде көлік құралдарын басқаруға және жоғары зейін шоғырландыру мен психомоторлық реакциялар шапшаңдығын талап ететін аса қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға кеңес берілмейді.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары хабарланбаған. Егеуқұйрықтардағы уыттану симптомдары тәулігіне 3000 мг/кг линезолид алудан соң белсенділіктің төмендеуі мен атаксия болды, ал тәулігіне 2000 мг/кг линезолид алудан соң құсу және тремор болды.

Артық дозалану жағдайларында шумақтық сүзілісті сақтаумен қатар симптоматикалық ем ұсынылады. Линезолид дозасының 30% шамасы гемодиализ арқылы 3 сағат ішінде шығарылады, бірақ линезолидтің перитонеальді диализ немесе гемоперфузия арқылы шығарылуы жөнінде деректер жоқ. Линезолидтің екі негізгі метаболиті де кейбір дәрежеде гемодиализ арқылы шығарылады.

Арнайы у қайтарғысы анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған 600 мг таблеткалар.

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 1 немесе 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Ылғалдан және жарықтан қорғалған жерде, 25о С-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«Фармасинтез» АҚ, Ресей

 

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Фармасинтез» АҚ, Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ConsultAsia» ЖШС

050061, Алматы қ., Мұратбаев к-сі, 91 үй, 52 кеңсе

тел/факс: +7708 9832601

e-mail: pv@consultingasia.kz

 

 

16

Прикрепленные файлы

262314381477976292_ru.doc 132.5 кб
133075761477977489_kz.doc 174.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники