Амвастан (10 мг)

МНН: Аторвастатин
Производитель: "Уорлд Медицин Илач Сан. ве Тидж. А.Ш."
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Atorvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019190
Информация о регистрации в РК: 06.04.2023 - 06.04.2033
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 24.51 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Амвастан

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аторвастатин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг, 20 мг, 40 мг, 80 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 10,85 мг, 21,7 мг, 43,4 мг, 86,8 мг кальций аторвастатин тригидраты (10, 20, 40 немесе 80 мг аторвастатинге баламалы),

қосымша заттар: кальций карбонаты, лактоза моногидраты, микрокристаллды целлюло­за, натрий кроскармеллозасы, сахароза стеараты, магний стеараты,

қабық құрамы: Опадрай ақ (Y -1-7000): гидроксипропилметилцеллюлоза 29105 ср, полиэтиленгликоль 400, титанның қостотығы (Е171).

Сипаттамасы

10 мг доза: екі беті дөңес, дөңгелек, үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті таблеткалар.

20 мг доза: бір жақ бетінде сызығы бар екі беті дөңес, дөңгелек, үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті таблеткалар.

40 және 80 мг доза: бір жақ бетінде сызығы бар екі беті дөңес, сопақша, үлбірлі қабықпен қапталған ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Гиполипидемиялық дәрі. ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері.

АТЖ коды С10АА05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі: Аторвастатин ішке қабылдағаннан кейін тез сіңеді; Сшах жету уақыты: 1-2 сағ. Препараттың сіңу дәрежесі мен дозасының арасында дозаға тәуелділік анықталды. Биожетімділігі - 14%, ГМГ-КоА-редуктазасына қарағанда, тежеу белсенділігінің жүйелік биожетімділігі - 30%. Төмен жүйелік биожетімділігі асқазан-ішек жолының шырышты қабығындағы жүйе алды метаболизмі және бауыр арқылы «алғашқы өту» тиімділігіне негізделген. Ас препараттың сіңу жылдамдығы мен ұзақтығын бірнеше төмендетеді (тиісінше 25-ке және 9%-ға), дегенмен ЛПНП-холестериннің төмендеуі аторвастатинді ассыз қабылдау кезіндегіге ұқсас. Ертеңгі уақытқа қарағанда, кешкі уақытта қолданған кезде аторвастатиннің плазмалық концентрациясы төмен (30%-ға жуық). Осыған қарамастан, ЛПНП төмендеуі препаратты қабылдау уақытына тәуелсіз өтеді.

Таралуы: таралу көлемі шамамен 381 л құрайды. Плазманың ақуыздарымен байланысу дәрежесі >98%.

Метаболизмі: Аторвастатин бета-тотығуының орто- және парагидроксилирленген туынды және әртүрлі өнімдерінің фармакологиялық белсенді метаболиттерін түзеп, CYP3A4 ци-тохромының әсерімен бауырда басым бөлігі метаболизденеді. ГМГ-КоА-редуктазасына қарағанда, препаратты тежеу тиімділігінің шамамен 70%-ы айналыстағы мета­болиттердің белсенділігімен анықталады.

Бөлінуі: Бауыр және/немесе бауырдан тыс ме­таболизмнен кейін өтпен бөлінеді (айқын ішек-бауыр қайта айналымына ұшырамайды). Аторвастатиннің жартылай шығарылу кезеңі шамамен 14 сағ, бірақ ГМГ-КоА-редуктазасына қарағанда, тежеу белсенділігінің жартылай шығарылу кезеңі 20-30 сағатты құрайды, бұл белсенді метаболиттердің болуына байланысты. Препараттың ішке қабылданған дозасының 2%-дан аз мөлшері несепте анықталады.

Егде емделушілерде (65 және одан жоғары жастағыларда) аторвастатиннің Сmах және AUC-ы орта жастағы емделушілердегіден тиісінше 40 және 30%-ға жоғары (клиникалық мәні болмайды).

Бүйрек аурулары аторвастатиннің плазмалық концентрацияларына немесе ЛПНП деңгейінің төмендеуіне әсер етпейді; мұндай емделушілерде дозаны түзетудің қажеттігі жоқ. Плазманың ақуыздарымен қарқынды байланысу салдарынан гемодиализ барысында шығарылмайды.

Бауырдың алкогольді зақымдануларымен емделушілерде аторвастатиннің плазмалық концентрациялары едәуір жоғарылайды (ауыр жағдайларда Сmах және AUC тиісінше 16 және 11 рет өседі).

Фармакодинамикасы

Гиполипидемиялық дәрі. Аторвастатин – холестеринді қоса, стеролдардың ізашары болып табылатын, мевалон қышқылына З-гидрокси-3-метилглутарилкоэнзим А-ға айналатын, ГМГ-КоА-редуктаза-ферментінің селективті бәсекелік тежегіші. ТГ және бауырдың холестерині ЛПОНП құрамына кіріп, плазмаға түсіп, шеткергі тіндерге тасымалданады. ЛПHП қабылдағыштарымен өзара әрекеттесу барысында ЛПОНП-ынан ЛПНП түзіледі.

ГМГ-КоА-редуктазаның әлсіреуі, бауырда холестериннің синтезі және жасушалардың үстіңгі бетінде ЛПНП «бауырлық» рецепторлары санының көбеюі есебінен плазмадағы холестерин мен липопротеиндердің деңгейлерін төмендетеді, бұл ЛПНП басып алуы мен катаболизмін күшейтуге әкеледі. ЛПНП түзілуін төмендетеді, ЛПНП-рецепторлары белсенділігінің айқын және тұрақты артуын туғызады. Гомозиготты отбасылық гиперхолестеринемиямен науқастарда ЛПНП деңгейін төмендетеді, ол әдетте гиполипидемиялық дәрілік құралдармен емдеуге келмейді. Жалпы холестериннің деңгейін 30-46%-ға, ЛПНП - 41-61%%-ға, В аполипопротеинін - 34-50%%-ға және ТГ - 14-33%%-ға төмендетеді; ЛПHП холестеринінің деңгейін және А аполипопротеинінің деңгейін жоғарылауын туғызады.

Өзге гиполипидемиялық дәрілік заттармен емдеуге төзімді, гомозиготты тұқым қуалаушылық гиперхолестеринемиямен науқастарда ЛПНП деңгейін дозаға тәуелді төмендетеді. Ишемиялық асқынулардың даму (соның ішінде миокард инфарктынан өлімнің даму) қаупін 16%-ға, миокард ишемиясының белгілерімен бірге жүретін стенокардия жөнінде қайтадан ауруханаға жатқызу қаупін 26%-ға сенімді төмендетеді. Канцерогенді және мутагенді әсер етпейді. Емдеу әсері емдеу басталғаннан кейін 2 аптадан соң жетеді, 4 аптадан соң ең жоғары шегіне жетіп, емдеудің барлық кезеңінде сақталады.

Қолданылуы

  • жалпы холестериннің, Хс-ЛПНП, В аполипопротеинінің және триглицеридтердің жоғары деңгейін, алғашқы гиперхолестеринемиямен (отбасылық және отбасылық емес гетерози­готты) және аралас дислипидемия (Фредриксон бойынша II а және III b түрлері) ауруларымен науқастарда Хс-ЛПHП деңгейінің жоғарылауын төмендетуге арналған емдәммен біріктіре;

  • триглицеридтердің жоғары сарысулық деңгейлерімен (Фредриксон бойынша IV түрімен) науқастарды емдеуге арналған емдәммен біріктіре;

  • оларда емдәммен емдеу барабар әсер бермейтін дисбеталипопротеинемиямен (Фредриксон бойынша III түрімен) науқастарда;

  • емдәммен емдеудің және фармакологиялық емес емдеудің басқа әдістері жеткіліксіз тиімділігі кезінде, гомозиготты отбасылық гиперхолестеринемиямен науқастарда жалпы холестериннің және Хс-ЛПHП-холестеринінің деңгейлерін төмендету үшін;

  • гетерозиготты отбасылық қандағы холестериннің көбеюі ауруымен 10-17 жастағы ер балалар мен қыз балаларда (постменар-хеальді кезеңде) жалпы холестериннің, Х-ЛПНП және В аполипопротеинінің жоғары деңгейін төмендетуге арналған диетамен біріктіріп, тіпті барабар емдәмді қолдану жағдайы кезінде, егер:

а) Хс-ЛПНП деңгейі осылай қалады > 190 мг/дл немесе

б) Хс-ЛПНП деңгейі осылай қалады > 160 мг/дл және:

отбасылық сыртартқыда науқас балаларда жүрек-тамыр ауруларының туындауы орын алады, жүрек-тамыр ауруларының туындау қаупінің 2 және одан артық басқа факторлар бар.

- жүрек-тамыр ауруларымен науқастарда өлім қаупін, миокард инфарктының даму қапуін, инсультті, стенокардия жөнінде қайтадан ауруханаға жатқызу қаупін төмендету үшін және реваскуляризациялау қажеттігі (соның ішінде жүректің ишемиялық ауруының клиникалық белгілерінсіз, бірақ оның туындау қаупінің жоғары факторларына ие науқастарда: 55 жастан жоғары егде адамдар, никотинге тәуелділік, артериальді гипертензия, генетикалық икемдейтін жайт), соның ішінде дислипидемия аясында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Гиперхолестеринемияны бақылау мақсатында, көбінесе семіздіктен азап шегетін науқастарда аторвастатинмен емдеу басталар алдында стандартты, холестериннің деңгейіне төмендететін, емдәмге және дене массасын төмендету бағдарламасына көшу керек. Науқастар емдеу бойына осындай емдәмді қолдануы керек.

Гиперхолестеринемияны (гетерозиготты отбасылық және отбасылық емес) және аралас дислипидемия (Фредриксон бойынша II а және II b түрлері).

Тәулігіне 1 рет 10-20 мг дозадан бастау ұсынылады. ЛПНП-холестеринін едәуір (более 45%-дан астам) төмендету талап етілетін науқастарда бастапқы доза 40 мг құрайды. Дозалардың диапазоны: тәулігіне 10-80 мг. Препарат күндізгі кез келген уақытта аспен бірге немесе ас қабылдау уақытына қарамастан ішке қабылданады. Емнің негізгі мақсаттарына және науқастың емге реакциясына сәйкес дозаларды іріктеу қажет. Емдеу басталарда және/немесе дозаны көбейту уақытында 2-4 апта бойы липидтердің деңгейін бағалап, қажет болған кезде дозаны түзету керек.

Гомозиготты отбасылық гиперхолестеринемия

Күніне 10-нан 80 мг-ға дейін дозалау қолданылады. Егер липидті төмендететін емдеудің басқа түрлері қол жетімсіз болса, аторвастатин емдеудің басқа түрлеріне қосымша қолданылады.

Жүректің ишемиялық ауруын алдын алу кезінде ересектерге бастапқы доза –тәулігіне 1 рет 10 мг.

Педиатрияда (10-17 жастағы емделушілер) гетерозиготты отбасылық гиперхолестеринемия

Ұсынылған бастапқы доза күніне 1 рет 10 мг; ең жоғары ұсынылған дозалау күніне 1 рет 20 мг (бұдан жоғары дозаларды тағайындау осы жастағы науқастарда зерттелмеген). Плазманың липидті бейінін бақылап, кемінде 4 апта аралығымен дозаны өзгерту керек.

Жағымсыз әсерлері

Бақыланатын клиникалық зерттеулерде <2% науқастар аторвастатинге тән жағымсыз әсерлердің салдарынан емді тоқтатқан.

Өте жиі (1% және одан артық)

- ұйқысыздық, қорқынышты түс көру, бас ауруы, астеникалық син­дром

- жүрек айну, кекірік, диарея, абдоминальді ауыру, диспепсия, метеоризм, іш қату

- мойын ауыруы, миалгия

- назофарингит, жұтқыншақ, көмекей ауруы, мұрыннан қан кету

Жиі (1 %-дан кем):

- бауыр қызметінің қалыпсыз көрсеткіштері, көздің бұлдырауы

- дімкәстік, шаршағыштық, бас айналуы, амнезия, паре­стезия, шеткергі нейропатия, гипестезия

- дене температурасының жоғарылауы

- несепте лейкоциттердің пайда болуы

- құсу, дәмнің бұзылуы, анорексия, гепатит, панкреатит, холестатикалық сары ауру

- арқаның ауруы, бұлшық еттің құрысуы, миозит, миопатия, артралгия, қол-аяқтың ауруы, рабдомиолиз

- есекжем, қышыма, бері бөртпесі, анафилаксия, буллездік бөртпе, көпформалы экссудативті эритема (соның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы), Лайелл синдромы

- тромбоцитопения

- сіңірдің үзілуі

- гипо- немесе гипергликемия, сарысулық КФК белсенділігінің артуы.

- импотенция, шеткергі ісінулер, дене масасының ұлғаюы, кеуденің ауруы, екіншілік бүйрек жетіспеушілігі, алопеция, құлақ шуылы, қажу

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат құрамдастарын жоғары сезімталдық

  • бауырдың белсенді сатыдағы ауруы немесе айқын емес генездегі бауыр трансаминазалары деңгейінің артуы (қалыпты деңгейдің жоғарғы шегінен үш есе асуы)

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • жүктілікті жоспарлайтын, контрацепцияның барабар құралдарын қолданбайтын әйелдерге

  • лактозаны тұқым қуалаған көтере алмаушылығымен, Lapp-лактозаның ферментінің тапшылығымен, глюкозаның/галактозаның мальабсорбциясымен емделушілер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Миопатия дамуының қаупі аталған кластағы препараттармен емдеу кезінде, циклоспориндермен, фиброй қышқылының туындыларымен, ниацинмен, эритромицинмен, азол қатарындағы зеңге қарсы препараттармен бірлесе қолданған кезде артады. Амвастан және маг­ний мен алюминий гидроксидінен тұратын суспензияны бірмезгілде ішке қабылдаған кезде қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясы шамамен 35%-ға төмендеген, дегенмен Хс-ЛПНП деңгейін төмендету дәрежесі сонымен бірге өзгермеген.

Аторвастатин қан плазмасында этинилэстрадиолдың, но-рэтистеронның (норэтиндронның) концентрациясы болмашы арттырады. Бұл әсерді Амвастан алатын әйелдерге арналған ішу арқылы контрацептивті таңдау кезінде ескеру керек.

Дигоксинді және 10 мг аторвастатиннің көп рет бірлесе қолданған кезде плазмада дигоксиннің тепе-теңдік концентрациялары өзгермейді. Әйткенмен аторвастатиннің 80 мг-ын келесі күнделікті қолдану дигоксиннің кон­центрациясын шамамен 20%-ға ұлғайтады. Дигоксин қабылдайтын науқастарды тиісті түрде бақылау қажет.

Колестиполмен бірлесе қабылдаған кезде, қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясы төмендеуі мүмкін, сонымен бірге гиполипидемиялық әсер күшейеді.

Эритромицинді (тәулігіне 4 рет 500 мг) және кларитромицинді (тәулігіне 2 рет 500 мг) бірмезгілде қолдану кезінде қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясы бір қалыпты жоғарылайды, миопатияның даму қаупі де жоғарылайды. Қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясы Амвастанды (тәулігіне 1 рет 10 мг) және азитромицинді (тәулігіне 1 рет 500 мг) бірмезгілде қолдану кезінде өзгермеді.

Дилтиаземмен, верапамилмен, израдипинмен бірмезгілде қолдану кезінде қан плазмасында аторвастатиннің концентрациясы жоғарылауы және миопатияның даму қаупі ұлғаюы мүмкін.

Миопатияның даму қаупінің жоғарылауы итраконазолды аторвастатинмен бірмезгілде қолдану кезінде қан плазмасында соңғысының концен­трациясының едәуір артқандығынан байқалады.

Бірмезгілде қолдану кезінде аторвастатин антипириннің (феназонның), терфенадиннің фармакокинетикасына әсер етпейді.

Эндогенді стероидты гормондардың төмендеу қаупі ұлғаятындықтан, Аторвастатинді циметидинмен, кетоконазолмен, спиронолактонмен қабылдаған кезде эндогенді стероидты гормондардың төмендеу қаупі ұлғаятындықтан сақтық сақтау керек.

Варфарин қабылдайтын емделушілерде қолданған кезде аторвастатин протромбин уақытына клиникалық мәнді әсер етпейді. 10 мг Амлодипинді және 80 мг Амвастанды бірмезгілде қолдану кезінде соңғысының фармакокинетикасы тепе-теңдік күйінде өзгермеді. Амваста­нның және гипертензияға қарсы дәрілердің клиникалық мәнді жағымсыз өзара әсері байқалмады.

Амвастанды, Р450 ЗА4 цитохромының тежегіштері болып табылатын протеаза тежегіштерімен, бірмезгілде қолдану қан плазмасында аторвастатиннің кон­центрациясын ұлғайтумен бірге жүреді.

Препаратпен емдеу уақытында грейпфрут шырынын қолдану қан плазмасында аторвастатин кон­центрациясының ұлғаюына әкеледі. Препаратты қабылдайтын емделушілер бұл шырынды қолданудан бас тартулары керек. Шайқурай аторвастатиннің концентрациясын төмендете алады.

Айрықша нұсқаулар

Қандағы липидтердің деңгейін төмендету үшін ГМГ-КоА-редуктазасының тежегіштерін қолдану бауырдың қызметін бейнелейтін биохимиялық көрсеткіштердің өзгеруіне әкелуі мүмкін. Бауырдың қызметін ем басталар алдында, аторвастатинді қабылдауды бастағаннан кейін 6 және 12 аптадан соң; дозаны әрбір жоғарылатқаннан кейін, сондай-ақ кезең-кезеңмен, мысалы, әрбір 6 ай сайын бақылау керек.

Сыртартқыда бауыр ауруы, электролитті теңгерімнің ауыр бұзылулары, эндокринді және мета­болиттік бұзылулар, созылмалы алкоголизм, артериялы гипотензия, ауыр жедел жұқпалар (сепсис), бақыланбайтын эпилепсия, кең хирургиялық килігулер, жарақаттар, қаңқа бұлшық еттерінің аурулары кезінде препаратты абайлап тағайындау керек. Осы кластағы басқа дәрілердегідей, аторвастатинді қолданған кезде миоглобинурияға негізделген, жедел бүйрек жетіспеушілігімен рабдомиолиз оқиғалары сипатталған. Мүмкін миопатияның белгілері пайда болған немесе рабдомиолиз аясында (мысалы, ауыр жедел жұқпа, артериялық гипотензия, салмақты опера­ция, жарақат, ауыр зат алмасу, эндокринді және электролитті бұзылулар және бақыланбайтын құрысулар) бүйрек жетіспеушілігінің даму қаупі факторы болған кезде препаратпен емдеуді уақытша тоқтату немесе толығымен тоқтату керек.

Аторвастатинмен емдеу миопатия туғызуы мүмкіндігін науқастарға ескерту қажет. Миопатия диагнозын (креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігінің артуымен қосылып, бұлшық ет ауруы мен оның әлсіздігі норманың жоғарғы шекарасымен салыстырғанда 10 реттен астам) таралған миалгиялармен, бұлшық еттің аурушаңдығымен немесе оның әлсіздігімен және/немесе КФК белсенділігінің айқын артуымен науқастарда болжау керек. Науқастарды бұлшық еттің түсініксіз ауруы немесе оның әлсіздігі пайда болуы туралы, егер сырқаттанумен немесе қалтыраумен бірге болса, дәрігерге дереу хабарлау керектігін ескерту қажет. Аторвастатинмен емдеуді КФК белсенділігінің айқын артуы жағдайында немесе расталған не болжанған миопатия бар болған кезде тоқтату керек. Осы кластағы басқа препараттармен емдеу кезінде миопатия қаупі циклоспоринді, фибраттарды, эритромицинді, никотин қышқылын немесе азольді зеңге қарсы дәрілермен бір мезгілде қолдану кезінде жоғарылады. Гиполипидемиялық дозаларда аталған дәрілермен біріктіріп, аторвастатинді тағайындай отыра, күтілетін пайданы және емдеу қаупін мұқият өлшеу керек, бұлшық еттің ауруын немесе әлсіздігін анықтау мақсатында, әсіресе емдеудің алғашқы айларында және кез келген препараттың дозасын арттыру кезеңдерінде науқастарды жүйелі түрде бақылау керек. Ұқсас жағдайларда КФК белсенділігін кезең-кезең анықтау ұсынылуы мүмкін, бірақ мұндай бақылау ауыр миопатияның дамуын болдырмауға мүмкіндік бермейді.

Педиатрияда қолданылуы

Балаларда препаратты қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде клиникалық деректер жоқ. Аторвастатинді балаларға тек маман-дәрігер ғана тағайындауы мүмкін. Аторвастатинді балаларды емдеу үшін қолдану тәжірибесі ауыр дислипидемияның кейбір түрлерінен зардап шегетін науқастардың тек азғантай популяциясымен (10-17 жастағылар) ғана шектеледі. Гетерозиготты отбасылық гиперхолестеринемияны емдеу үшін препараттың ұсынылатын алғашқы тәуліктік дозасы 10 мг құрайды; препараттың тиімділігі мен көтере алушылығына байланысты ол тәулігіне 80 мг-ға дейін арттырылуы мүмкін. Бұл балалардың өсіп-жетілуін ары қарай бақылау жүзеге асқан жоқ.

Жүктілік

Репродуктивті жастағы әйелдер емдеу уақытында контрацепцияның тиісті құралдарын пайдалануы керек. Аторвастатинді репродуктивті жастағы әйелдерге тек жүктілік ықтималдығы өте төмен болған жағдайда ғана қолдануға болады; емделуші аторвастатинмен емдеу кезінде ұрыққа мүмкін қауіп туралы хабарлануы керек.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың жағымсыз әсерін ескере отырып, автокөлік жүргізген кезде сақтықты сақтау керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлері күшеюі мүмкін.

Емі: белгісіне қарай емдеуі, арнайы у қайтарғысы жоқ. Гемодиализ тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 10 мг, 20 мг, 40 мг, 80 мг.

Поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан.

3 пішінді ұяшықты қаптама мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Сауда маркасының және тіркеу сертификатының иесі «РОТАФАРМ» компаниясы болып табылады, ҰЛЫБРИТАНИЯ. ("ROTAPHARM", GREAT BRITAIN).

Дайындалған жері «Биофарма Илач Сан. ве Тидж А.Ш.»

(Акпынар Махаллеси Фатих Джаддеси, №: 17, 34885 Самандыра - Санджактепе - Стамбул / Түркия). "Biofarma Нас San. ve Tic. А.§." (Akpinar Man. Fatih Cad. No : 17, 34885 Samandira - Sancaktepe - Istanbul / Turkey).

Тіркеу куәлігінің иесі

Ротафарм, Ұлыбритания

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР, Алматы қ., Сүйінбай к-сі 222 Б

Тел/факс: 8(7272)529090

Прикрепленные файлы

823039451477977018_ru.doc 92.5 кб
527790471477978198_kz.doc 120.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники