Амброксол (30 мг)

МНН: Амброксол
Производитель: ПАО Киевмедпрепарат
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ambroxol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003443
Период регистрации: 25.06.2015 - 25.06.2020
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)

Инструкция

Саудалық атауы

Амброксол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амброксол

Дәрілік түрі

30 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 100 % затқа шаққанда амброксол гидрохлориді - 30 мг;

қосымша заттар: картоп крахмалы, лактоза моногидраты, кальций стеараты.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, тегіс беткейлі, ойығы бар, ақ немесе сарғыш реңді ақ түсті таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қақырық түсіретін препараттар. Муколитиктер. Амброксол.

АТХ коды R05CB06.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Амброксолдың сіңуі жылдам және айтарлықтай толық, емдік диапазонда дозаға тәуелді. Қан плазмасында әсер етуші заттың ең жоғары концентрациясына 30 минут – 3 сағаттан кейін жетеді. Қан плазмасында препараттың шамамен 90% протеиндермен байланысады. Амброксолдың қан мен тіндер арасындағы таралуы жылдам жүреді, өкпеде белсенді заттардың жоғары концентрациясы байқалады. Плазмадан жартылай шығарылу кезеңі 7-12 сағатты құрайды; тіндерде жинақталуы анықталмаған. Амброксол коньюгация жолымен негізінен бауырда метаболизденеді. Бүйрекпен пепараттың 90 % жуығы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Амброксол гидрохлориді - бронхосекретолитикалық, секретомоторлық (қақырық түсіретін) әсері бар муколитикалық дәрі. Сурфактанттың түзілуін көтермелейді, өзгерген бронх-өкпе сөлінісін қалпына келтіреді, қақырықтың реологиялық көрсеткішін жақсартады, оның тұтқырлығын және жабысқақтық қасиетін азайтады, мукоцилиарлық тасымалдануын арттырады, бронхтан қақырықтың шығуын жеңілдетеді. Препарат сөліністің шамадан тыс түзілуін тудырмайды, бронхтың аса жоғары реактивтілігін азайтады. Бромгексиннің метаболиті бола отырып, амброксол гидрохлориді соңғысынан тиімдірек, уытты емес және жағымдылығы жақсы.

Қолданылуы

Бронхиальді секрецияның бұзылуы және қақырықтың түсуімен байланысты жедел және созылмалы бронхопульмональді аурулар кезіндегі секретолитикалық емде

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблетканы тамақтан соң сумен ішіп қабылдайды. 12 жастан асқан балаларға және ересектерге сызба бойынша тағайындайды: алғашқы 2-3 күнде 1 таблеткадан (30 мг) тәулігіне 3 рет, содан соң 1 таблеткадан тәулігіне 2 рет. Емдеу курсы – 4-5 күн.

Жөтел симптомдары күшейген жағдайда науқас дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз әсерлері

  • жүрек айну, құсу, диарея, іш қату, гастралгия, эпигастрий аймағындағы жайсыздық, аздап қыжылдау сезімдері

- аллергиялық реакциялар: тері бөртпесі, қышыну, есекжем, жекелеген жағдайларда - жанаспалы дерматит, Квинке ісінуі, анафилактикалық шок, өте сирек тері зақымданулары (Стивенс-Джонсон синдромы мен Лайелл синдромы) жөнінде мәлімделген

басқалары: әлсіздік, бас ауыру, дизурия, ринорея.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- амбраксол гидрохлоридіне және/немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруы

- туа біткен лактоза жақпаушылығы

- жүктіліктің I триместрі, емшекпен қоректендіру кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Амброксолды антибиотиктермен: амоксициллинмен, цефуроксиммен, эритромицинмен, доксициклинмен бір мезгілде қолданғанда өкпе тіндерінде антибиотик концентрациясын жоғарылатуға ықпал етеді.

Препаратты жөтелге қарсы белсенділігі бар (мысалы, құрамында кодеин бар) дәрілік заттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бронхтан жөтелдің азаюы аясында қақырықтың шығуының қиындауы мүмкін. Амброксолды жүрек гликозидтерімен, диуретиктермен бірге қолдануға болады.

Айрықша нұсқаулар

Амброксол таблеткасының құрамында лактоза болғандықтан, сирек туа біткен галактоза жақпаушылығы, Лапп лактоза тапшылығы немесе глюкоза, галактоза сіңуінің бұзылуы бар емделушілерге бұл препаратты қабылдауға болмайды. Амброксолды тағайындаған кезде бүйрек функциясының бұзылуы және/немесе ауыр бауыр ауруы бар емделушілерге тағайындағанда дәрігердің мұқият бақылауы қажет. Мұндай жағдайларда дозаны төмендету және/немесе қабылдау арасындағы аралықты ұзарту ұсынылады.

Жүктілік және лактация кезеңінде қолданылуы

Амброксолды жүктіліктің І триместрінде қолдануға болмайды. Амброксолды жүктіліктің ІІ немесе ІІІ триместрінде ана үшін күтілетін пайдасы мен ұрыққа төнетін ықтимал қаупінің арақатынасын алдын ала бағалаудан кейін ғана қолдануға болады. Амброксол емшек сүтіне бөлінеді, сондықтан емшекпен қоректендіру кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Хабарламалар жоқ

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз реакциялардың күшеюі.

Емі: жасанды құстыру, препаратты қабылдағаннан кейінгі алғашқы 1-2 сағатта асқазанды шаю; құрамында май бар өнімдерді қабылдау.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада. 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Киевмедпрепарат» ЖАҚ, Украина, 01032, Киев қ., Саксаганский к-сі, 139.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Киевмедпрепарат» ЖАҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Артериум» корпорациясының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі 050060, Алматы қ., Әл-Фараби к-сі. 97, 3 подъезд, «54» кеңсе Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10; Е-mail: Almaty@arterium. ua

Прикрепленные файлы

562583531477976406_ru.doc 49 кб
579184301477977653_kz.doc 57 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники