АмБизом™ (50 мг)

МНН: Амфотерицин B
Производитель: Гилеад Сайенсиз, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Amphotericin B
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023302
Информация о регистрации в РК: 13.11.2023 - 13.11.2033

Инструкция

Саудалық атауы

АмБизомтм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Амфотерицин В

Дәрілік түрі

Инфузияға арналған дисперсия дайындау үшін концентрат дайындауға арналған ұнтақ, 50 мг

Құрамы

Бір құтының ішінде

белсенді зат - амфотерицин В липосомальді 50 мг,

қосымша заттар: гидрогенделген соя фосфатидилхолині, холестерин, дистеароил-фосфатидилглицерол, альфа-токоферол, сахароза, динатрий сукцинаты гексагидраты, натрий гидроксиді, хлорсутек қышқылы.

Қалпына келтіруден кейінгі концентрат құрамында 4 мг/мл амфотерицин B бар.

Әр құтының ішінде 213 мг гидрогенделген соя фосфатидилхолині және аздаған мөлшерде натрий бар.

Сипаттамасы

Қалпына келтіруге дейін

Лиофилизацияланған брикет немесе көрінетін бөлшектерден бос сары түсті ұнтақ.

Қалпына келтіруден кейін

Көрінетін бөлшектерден немесе агломераттардан бос дерлік сары түсті жартылай мөлдір дисперсия.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған зеңге қарсы препараттар. Антибиотиктер. Амфотерицин В.

АТХ коды: J02AA01.

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Липосомалық амфотерицин В фармакокинетикалық бейіні препаратты 3-20 күн бойы 1.0-7.5 мг/кг/күн дозада 1 сағат ішінде инфузия түрінде қабылдаған обырмен науқас және фебрильді нейтропениясы бар пациенттерде, сондай-ақ сүйек кемігі трансплантациясы жасалған пациенттерде плазмадағы жалпы амфотерицин В концентрациясы бойынша анықталды. Липосомалық амфотерицин В фармакокинетикалық бейіні амфотерицин В стандартты түрлерінен ерекшеленеді. Препаратты енгізуден кейін, амфотерицин В стандартты түрімен салыстырғанда, плазмада амфотерицин В жоғарырақ концентрациялары (Cmax) және концентрация-уақыт қисығы астындағы ауқымды ауданы (AUC0-24) білінеді.

Липосомалық амфотерицин В алғашқы және соңғы дозасын енгізуден кейін фармакокинетикалық параметрлері келесі мәндерде болды (орташа мәні ± стандартты ауытқу жақшаларда көрсетілген):

C ең жоғ.: 7.3 мкг/мл-ден (±3,8) 83,7 мкг/мл дейін (±43,0)

Жартылай шығарылу кезеңі

(T½): 6,3 сағаттан (±2,0) 10,7 сағатқа дейін (±6,4)

AUC0-24: 27 мкг•сағ./мл-ден (±14) 555 мкг•сағ./мл дейін (±311)

Клиренсі (Cl): 11 мл/сағ./кг-ден (±6) 51 мл/сағ/кг дейін (±44)

Таралу көлемі (Vss ): 0,10 л/кг-ден (±0,07) 0,44 л/кг дейін (±0,27)

Ең төменгі және ең жоғарғы фармакокинетикалық мәндерінің төмен және жоғары дозаларға сәйкес келуі міндетті емес. Липосомалық амфотерицин В енгізуден кейін тепе-теңдік күйіне жылдам (әдетте емдеу басталғаннан 4 күн ішінде) жетуі байқалды.

Сіңірілуі:

Алғашқы дозаны енгізуден кейін препарат фармакокинетикасы дозаға байланыссыз сипатта болады, өйткені сарысуда амфотерицин В концентрациясы мәндерінің өсуі тіке пропорционал тәуелділіктегі осындайынан асып кетеді.

Білінетін диспропорционалдығы ретикулоэндотелий жүйесі қанығуының, тиісінше, Липосомалық амфотерицин В клиренсі бәсеңдеуінің салдары болып саналады. Оны күніне 1-7,5 мг/кг дозада қайталап енгізуден кейін препараттың плазмада байқалатын жинақталуы анықталмаған.

Таралуы:

Алғашқы енгізуден кейінгі таралу көлемінің мәндері препараттың қанда тепе-тең концентрациясына жетуіне қарай тіндерге қарқынды таралатынын жорамалдайды.

Шығарылуы:

Липосомалық амфотерицин В қайталап енгізілген соң түпкілікті жартылай шығарылу кезеңі (Т½ß) шамамен 7 сағат құраған.

Экскрециясы зерттелмеген. Метаболизмінің жолдары белгісіз.

Липосомалардың үлкен көлемі салдарынан шумақтық сүзіліс және бүйрек арқылы шығарылуы жүрмейді, бұл дистальді өзекшелер жасушаларымен амфотерицин В өзара әрекеттесуін болдырмау және амфотерицин B стандартты дәрілік түрін қолданғанда байқалатын нефроуыттылық қаупін төмендету мүмкіндігін береді.

Пациенттердің басқа айрықша топтары:

Бүйрек функциясының бұзылуы

Бүйрек функциясы бұзылуының фармакокинетикаға әсері зерттелмеген. Деректер гемодиализде жүрген немесе сүзілістен өтетін пациенттерде дозасын өзгерту қажет емесін айғақтайды, алайда, емшара кезінде препарат енгізуден сақтану керек.

Фармакодинамикасы

Әсер ету механизмі және фармакодинамикалық әсерлері

Амфотерицин B Streptomyces nodosus өндіретін макроциклді полиенді зеңге қарсы антибиотик болып табылады.

Липосомалар фосфолипидтер сияқты әр алуан амфифильді заттардан түзілетін бүтін сфералық көпіршіктер түрінде болады. Сулы ерітінділермен жанасқанда фосфолипидтер қосқабатты жарғақшалар түзеді.

Амфотерицин В молекуласында липофильді топтың болуы препаратқа липосомалардың липидті биқабатымен ықпалдасу мүмкіндігін береді.

Амфотерицин В биологиялық сұйықтықтардағы концентрациясына және қоздырғыш сезімталдығына қарай фунгистатикалық немесе фунгицидті әсер көрсетеді. Препаратқа сезімтал зеңнің жасушалық жарғақшасында болатын стеролдармен (эргостеролдармен) байланысады. Нәтижесінде жарғақша өткізгіштігі бұзылып, жасушаішілік компоненттердің жасушадан тыс кеңістікке шығуы және зең лизисі жүреді. Сүтқоректілердің жасушалар жарғақшаларының құрамында стеролалар бар, сондықтан адам жасушаларына және зеңдер жасушаларына амфотерицин В әсер етуі негізінде бір ғана механизм жатыр.

Микробиология

АмБизом™ препаратының зеңге қарсы компоненті - амфотерицин В зеңдердің көптеген түрлеріне қарсы in vitro жоғары белсенділігіне иелік етеді. Амфотерицин В in vitro 0,03-тен 1,0 мкг/мл дейінгі концентрациялар диапазонында Histoplasma capsulatum, Coccidioides immitis, Candida spp., Blastomyces dermatitidis, Rhodotorula spp., Cryptococcus neoformans, Sporothrix schenkii, Mucor mucedo және Aspergillus fumigatus штаммдарының көпшілігін тежейді. Бактериялар мен вирустарға амфотерицин В әсері тым аз немесе болмайды.

АмБизом™ препаратының тиімділігі in vivo висцеральді лейшманиоз үлгілерінде (Leishmania infantum және Leishmania donovani туғызған) көріністелген.

Педиатрияда қолданылуы

АмБизом™ препаратының балалардағы фармакодинамикалық бейіні ересек пациенттер үшін сипатталғанмен сәйкес келеді.

Қолданылуы

АмБизом™ 1 айдан бастап 18 жасқа дейінгі ересектер мен балаларға көрсетілімде.

  • криптококкоз, солтүстік-американдық бластомикоз, диссеминацияланған кандидоз, кокцидиоидомикоз, аспергиллез, гистоплазмоз, мукоромикоздар сияқты қоздырғыштардың сезімтал түрлері себебінен болатын жүйелік зең инфекцияларын емдеу үшін, сонымен қатар терінің және шырышты қабықтардың американдық лейшманиозының кейбір жағдайлары;

  • антибиотиктермен емді қолданудан кейін 96 сағат ішінде басылмайтын, тоқтамайтын қызбалы жай-күй – нейтропениясы бар пациенттерде шығу тегі белгісіз қызбаны (ШБҚ) емдеу үшін;

  • висцеральді лейшманиоз кезіндегі бастапқы ем ретінде:

  • иммунокомпетентті пациенттерде, ересектерде де және балаларда да;

  • иммунитет бұзылуы бар пациенттердеысалы, АИТВ-оң).

Қолдану тәсілі және дозалары

Тест-дозаны (1 мг) 10 минут ішінде баяу енгізіп, содан соң пациенттің жай-күйін 30 минут бойы қадағалау керек.

АмБизом™ препаратын 30-60 минут ішінде вена ішіне тамшылатып енгізу керек. Препараттың тәулігіне 5 мг/кг жоғары дозалары үшін венаішілік инфузия ұзақтығы 2 сағаттан аса жалғасуы тиіс. Венаішілік инфузия үшін ұсынылатын концентрациясы АмБизом™ препараты түрінде 0,20 мг/мл-ден 2,00 мг/мл дейінгі амфотерицин В құрайды

Ересектер

АмБизом™ препаратының дозалары әр пациенттің нақты ерекшеліктеріне қарай жекелей таңдалады.

Жүйелі зең инфекцияларын емдеу үшін емді, әдетте, дене салмағына

1,0 мг/кг есебінен тәуліктік дозадан бастайды, қажет болса, оны 3,0

мг/кг дейін біртіндеп арттырады. АмБизом™ препараты түрінде

стандартты демеуші доза 3-4 апта бойы 1,0-3,0 г құрайды.

Мукормикоз: емдеуді күн сайын енгізілетін 5 мг/кг дозасынан бастайды. Емдеу ұзақтығы әр адамға жекелей белгіленуі тиіс. Клиникалық тәжірибеде, әдетте, терең орныққан инфекциялар үшін 56 күнге дейін созылатын курстары пайдаланылады; сондай-ақ, ұзаққа созылатын химиотерапия курстары немесе нейтропения кезінде, ұзағырақ емдеу қажет болуы мүмкін.

Клиникалық зерттеулерде және клиникалық тәжірибеде 5 мг/кг асатын дозалары қолданылған. АмБизом™ препаратының аталған жоғары дозаларында мукормикозды емдеу кезіндегі қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы мәліметтер шектеулі, сондықтан, әрбір жеке жағдайда, АмБизом™ препаратының жоғары дозалары кезіндегі ықтимал пайдасы уыттылығының белгілі жоғары қаупінен асатын-аспайтындығын анықтау үшін, пайдасы мен қаупінің арақатынасына баға беріп отыру керек.

  • Шығу тегі белгісіз қызбада нейтропениясы бар пациенттерде ем тәулігіне 1,0 мг/кг/ дозадан басталу керек; қажет болса, препарат дозасын тәулігіне 3 мг/кг дейін арттыруға болады.

  • Висцеральді лейшманиоз емінде препарат дозасы 21 күн бойы тәулігіне 1,0-1,5 мг/кг немесе баламалы түрде 10 күн бойы тәулігіне 3,0 мг/кг құрайды. Иммунитет бұзылуы бар пациенттерді (мысалы, АИТВ-оң) емдеу үшін 21 күн бойы тәулігіне 1,0-1,5 мг/кг дозасын қолдануға болады. Алайда, қайталанулар қаупіне орай демеуші ем немесе қайталап емдеу курстары қажет болуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

Балалар жасындағы пациенттерде жүйелі зең инфекциялары мен шығу тегі белгісіз қызбаны АмБизом™ препаратымен емдеген, осы орайда типтік емес жағымсыз әсерлері білінбеген.

АмБизом™ препараты бір айлықтан 18 жасқа дейінгі пациенттерде зерттелген. Препарат дозасын, ересектердегі сияқты, килограмм дене салмағына есептеу керек. Бір айға дейінгі жастағы балаларда АмБизом™ препаратын қолдану қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Егде жастағы пациенттер

Дозаны немесе енгізу жиілігін өзгерту қажет емес.

Бүйрек функциясының бұзылуы

АмБизом™ препараты тәулігіне 1-5 мг/кг дозаларда бүйрек функциясының бұзылулары бұрыннан бар пациенттерге енгізілген. Осы орайда, дозасын немесе енгізу жиілігін өзгерту қажет емес.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны ұсыну мүмкіндігін беретін деректер жоқ.

Препаратты қалпына келтіру және оны енгізер алдында дисперсияны дайындау

АмБизом™ препараты басқа құрамында амфотерицин бар дәрілік препараттармен өзара алмастырылмайды.

АмБизом™ препаратын тек инъекцияға арналған стерильді сумен (консерванттарсыз) қалыпқа келтіріп, әріқарай инфузияға арналған декстроза ерітіндісімен әртүрлі концентрацияларда (5%, 10% немесе 20%) сұйылту керек.

Түзілген концентратты қалпына келтіру үшін де, кейіннен сұйылту үшін де ұсынылатын басқа ерітінділерді пайдалану осы ерітінділерде консерванттардыңысалы, бензил спиртінің) болуы сияқты, АмБизом™ препаратында шөгінді түзілуін туғызуы мүмкін.

АмБизом™ препараты 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен үйлесімсіз, оны қалыпқа келтіруге немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен сұйылтуға немесе инфузияға арналған декстроза ерітіндісімен алдын ала жуып-шайып алмай (5%, 10% немесе 20%), бұрын 0,9% натрий хлориді ерітіндісін пайдаланған инфузиялық жүйе көмегімен енгізуге болмайды. Егер ол мақсатқа сай болмаса, АмБизом™ препаратын бөлек жүйе арқылы енгізу керек.

АмБизом™ препаратын басқа препараттармен немесе электролиттермен араластыруға БОЛМАЙДЫ.

Препаратпен операциялар жасалғанда асептика ережелерін қатаң қадағалау керек, өйткені препарат немесе қалпына келтіруге немесе сұйылтуға арналған ерітінділер құрамында консерванттар немесе бактериостатикалық дәрілер жоқ.

Құрамында 50 мг амфотерицин бар АмБизом™ препараты бар құтылар келесі үлгіде дайындалады:

1. Амфотерицин В 4 мг/мл концентрациясын алу үшін АмБизом™ препараты бар әр құтыға инъекцияға арналған 12 мл су қосады.

2. Инъекцияға арналған суды 30 секунд ішінде қосудан кейін БІРДЕН АмБизом™ препараты толық дисперсиялану үшін ҚҰТЫЛАРДЫ ҚАТТЫ СІЛКИДІ. Қалпына келтіруден кейін концентрат жартылай мөлдір сары дисперсия түрінде болады. Құтының ішінде жүзінді бөлшектердің бар-жоғын тексеріп, біртекті дисперсия алынғанша сілкуді жалғастырады. Көрінетін механикалық қосылыстары болса, пайдалануға болмайды.

3. Препараттың қалыпқа келтірілген дисперсиясының мөлшерін (4 мг/мл) оны әріқарай сұйылту үшін есептеу керек (1 кестені қараңыз).

4. Инфузияға арналған дисперсия 2,00 мг/мл-ден 0,20 мг/мл дейінгі диапазонда түпкілікті ұсынылатын амфотерицин В концентрациясын алу үшін инфузияға арналған декстроза ерітіндісінің (5%, 10% немесе 20%) көлеміне қарай 1-ден 19 бөлігіне дейін пайдаланып, АмБизом™ препараты дисперсиясының қалпына келтірілген концентратын сұйылту арқылы алынады (1 кестені қараңыз).

5. Препарат дисперсиясының қалпына келтірілген концентратының есептелген көлемін стерильді шприцке жинаған жөн. Препарат жиынтығына кіретін сүзгі (5 микрон) арқылы концентратты керекті концентрацияда (5%, 10% немесе 20%) инфузияға арналған декстроза ерітіндісінің есептелген мөлшері алдын ала толтырылған инфузияға арналған стерильді контейнерге енгізіледі.

АмБизом™ препаратының венаішілік инфузиясына ішке құрылатын жарғақша сүзгіні пайдалануға болады. Алайда, сүзгі тесіктерінің орташа диаметрі 1,0 микроннан кем болмауы тиіс.

АмБизом™ препаратын инфузияға дайындау

Төмендегі 1 кестеде 5% инфузияға арналған декстроза ерітіндісінде 3 мг/кг/тәулік дозада инфузияға арналған АмБизом™ препаратының дисперсиясын дайындау мысалы берілген. Осы кестеде 3 мг/кг/тәулік дозаның негізінде мысал берілгенін атап өту керек, алайда, пациенттерге көрсетілуінен өзге дозаларын тағайындауға болады. Егер пациентке 3 мг/кг/тәулік дозасынан өзге доза тағайындалса, жаңа есептелуін қадағалау қажет, бұл жағдайда кестені пайдалануға болмайды.

 1 кесте

Инфузияға арналған 5% декстроза ерітіндісінде еріту үшін 3 мг/кг/тәулік дозада инфузияға арналған АмБизом™ препаратының дисперсиясын дайындау мысалы

Пациенттің дене салмағы (кг)

Дозаны дайындауға қажетті құтылар саны *

Пациентке қажетті АмБизом™ препаратының мөлшері (әріқарай сұйылту мақсатында толтыру үшін) (мг)

Әріқарай сұйылту мақсатында толтыруға арналған қалпына келтірілген АмБизом™ препаратының мөлшері

(мл)**

Соңғы 0,2 мг/мл концентрациясына жету үшін

(20а 1 сұйылту)

Соңғы 2,0 мг/мл концентрациясына жету үшін

(2-де 1 сұйылту)

Қажетті 5% декстроза көлемі (мл)

Жалпы көлемі (мл; АмБизом™ препаратына қоса 5% декстроза)

Қажетті 5% декстроза көлемі (мл)

Жалпы көлемі (мл; АмБизом™ препаратына қоса 5% декстроза)

10

1

30

7,5

142,5

150

7,5

15

25

2

75

18,75

356,25

375

18,75

37,5

40

3

120

30

570

600

30

60

55

4

165

41,25

783,75

825

41,25

82,5

70

5

210

52,5

997,5

1050

52,5

105

85

6

255

63,75

1211,25

1275

63,75

127,5

* Пациентке арналған дозаны дайындау үшін құтының (-лардың) ішіндегісі түгел қажет болуы мүмкін.

** Амфотерицин В 4 мг/мл концентрациясына жету үшін АмБизом™ препаратының әр құтысына (50 мг) инъекцияға арналған 12 мл су құяды.

Тек бір рет пайдалануға арналған. Пайдаланылмаған ерітінді жойылуы тиіс.

Дәрілік препараттың кез келген пайдаланылмаған ішіндегісі немесе оның қалдықтары жергілікті талаптармен сәйкес жойылуы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз реакциялар туралы қысқаша деректер

Клиникалық зерттеулер деректері және тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі негізінде АмБизом™ препаратын қабылдаудан болатын келесі жағымсыз дәрілік реакциялар тіркелген. Жиілігі жөніндегі деректер АмБизом™ препаратын қабылдаған пациенттерде жүргізілген клиникалық зерттеулердің жинақталған нәтижелерін талдауға негізделген: тіркеуден кейінгі қолдану тәжірибесі негізінде анықталған жағымсыз әсерлер жиілігі белгісіз. Төменде жағымсыз дәрілік реакциялар ағзалар жүйелерінің жіктелуіне және жиілігіне сәйкес келетін ұтымды MedDRA терминдері түрінде берілген.

Жиілігі келесі үлгіде белгіленеді:

Өте жиі (≥ 1/10)

Жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін)

Сирек (≥ 1/1 000 - < 1/100 дейін)

Өте сирек (< 1/10 000)

Жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша анықталмаған).

Әр топта жиілігі көрсетілген дәрілік реакциялар күрделілік дәрежесінің кему ретімен берілген.

Өте жиі (≥ 1/10)

  • гипокалиемия

  • жүрек айнуы, құсу

  • діріл, гипертермия

жиі (≥ 1/100 - < 1/10 дейін)

  • гипонатриемия, гипокальцинемия, гипомагниемия, гипергликемия

  • бас ауыруы

  • тахикардия

  • гипотензия, вазодилатация, қан тебулер

  • ентігу

  • диарея, іш ауыруы

  • функционалдық сынамаларының ауытқулары, гипербилирубинемия, сілтілік фосфатаза белсенділігінің жоғарылауы

  • бөртпе

  • арқаның ауыруы

  • креатинин концентрациясының жоғарылауы, қандағы мочевина концентрациясының жоғарылауы

  • кеуденің ауыруы

Сирек (≥ 1/1 000 - < 1/100 дейін)

  • тромбоцитопения

  • анафилактоидтық реакция

  • құрысулар

  • бронх түйілуі

  • флебит

Жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша анықталмаған)

  • анемия

  • анафилаксиялық реакциялар, аса жоғары сезімталдық

  • жүректің тоқтап қалуы, аритмия

  • ангионевроздық ісіну

  • рабдомиолиз (гипокалиемиямен астасқан), бұлшықет-қаңқа ауыруы (артралгия немесе сүйектердің ауыруы ретінде сипатталады)

  • бүйрек қызметінің нашарлауы, бүйрек жеткіліксіздігі

Жекелеген жағымсыз реакцияларының сипаттамалары

Инфузиямен байланысты реакциялар

АмБизом™ препаратын енгізу кезінде күтілетін ең көп жиі реакциялар қызба және қалтырау/дірілдеу болып табылады. Инфузиямен байланысты болуы жиі емес реакциялар келесі симптомдардың біреуін немесе одан көбін: кеудедегі ауырлық немесе ауыру сезімін, ентігу, бронх түйілуін, қан кернеулер, тахикардия, гипотензия және қаңқа-бұлшықет ауыруларын (артралгия, арқаның немесе сүйектердің ауыруы ретінде сипатталатын) қамтуы мүмкін. Жоғарыда көрсетілген симптомдар инфузияны тоқтатудан кейін тез басылады және әрбір келесі инфузияда немесе препаратты одан баяуырақ енгізгенде (инфузия ұзақтығы 2 сағаттан артық) дамымауы мүмкін.

Бұдан бөлек, премедикация көмегімен де инфузиямен байланысты реакциялар дамуынан сақтануға болады. Дегенмен де, инфузиямен байланысты ауыр реакциялар АмБизом™ препаратын қолдануды толық тоқтатуды талап етуі мүмкін.

Бүйрекке әсері

Амфотерицин В стандартты түрін вена ішіне қабылдайтын пациенттердің көпшілігінде препараттың айқындық дәрежесі әртүрлі нефроуытты әсері білінді.

Фосфордың бар-жоғына химиялық талдаулар жасау кезіндегі өзара ықпалы

Қан сарысуында фосфор зерттеуінің жалған-оң нәтижелері PHOSm сандық талдауын пайдаланумен (мысалы, Synchron LX20 қоса, Beckman Coulter анализаторларында пайдаланылған) АмБизом™ препаратын қабылдап жүрген пациенттердің үлгілер талдауында туындауы мүмкін. Бұл сандық талдау адамның сарысу, плазма немесе несеп үлгілерінде органикалық емес фосфорды сандық анықтауға арналған.

Күмәнді жағымсыз реакциялары туралы туралы есеп беру

Дәрілік затты тіркеуден кейінгі күмәнді жағымсыз реакциялар туралы есеп берудің маңызы зор және және дәрілік заттың пайдасы/қаупі арақатынасына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді. Денсаулық сақтау саласы қызметкерлері мен тұтынушылардан кез келген күмәнді жағымсыз реакциялар туралы Ұлттық есеп беру жүйесі арқылы хабарлап отыруы сұралады.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • емдеуші дәрігердің пікірі бойынша, пациенттің жай-күйі өміріне қатер төндіретін, ал АмБизом™ препаратымен емнен басқа баламалы емдеу нұсқалары болмайтын жағдайлардан тыс, белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • жержаңғаққа немесе сояға аллергия,

  • 1 айға дейінгі балаларға,

  • фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактозаның мальабсорбция синдромы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

АмБизом™ препаратымен өзара әрекеттесу арнайы зерттеулері зерттелмеген. Алайда, төменде көрсетілген препараттар B амфотерицинімен өзара әрекеттесуі белгілі және АмБизом™ препаратымен өзара әрекеттесуі мүмкін.

Нефроуыттылығы белгілі дәрілік заттар

АмБизом™ препаратын басқа нефроуытты препараттармен (мысалы, циклоспорин, аминогликозидтер және пентамидин) бір мезгілде қолдану кейбір пациенттерде дәрілік нефроуыттылықтың көрініс беру қаупін арттыруы мүмкін.

АмБизом™ препаратын басқа нефроуытты дәрілік заттармен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде бүйрек функциясын жүйелі бақылау ұсынылады.

Глюкокортикостероидтар, кортикотропин (АКТГ) және диуретиктер

Кортикостероидтар, АКТГ және диуретиктерді (ілмекті және тиазидті) бір мезгілде қолдану гипокалемия айқындылығын күшейтуі мүмкін.

Оймақгүл гликозидтер

АмБизом™ препараты индукциялаған гипокалиемия оймақгүлдің уыттылығын күшейтуі мүмкін.

Миорелаксанттар

АмБизом™ препаратымен индукцияланған гипокалиемия миорелаксанттардың (мысалы, тубокурарин) кураре тәрізді әсерін күшейтуі мүмкін.

Зеңге қарсы препараттар

Флуцитозинмен бір мезгілде қолдану жасушалармен қармалуын болжамды күшейту және/немесе оның бүйрекпен экскрециясын бұзу арқылы флуцитозин уыттылығын арттыруы мүмкін.

Ісікке қарсы препараттар

Ісікке қарсы препараттарды бір мезгілде қолдану бүйрек нефроуыттылығының, бронх түйілуі мен гипотензия дамуының көрініс беру қаупін арттыруы мүмкін. Ісікке қарсы препараттарды қатарлас қолдану сақтық шарасын қадағалауды талап етеді.

Лейкоцитарлық масса құю

Амфотерицин B (натрий дезоксихолаты кешені түрінде) қабылдаған пациенттерде лейкоцитарлық масса құю кезінде немесе одан кейін тез арада жедел өкпе уыттылығы жағдайлары сипатталған. АмБизом™ препаратын енгізу мен лейкоцитарлық массаны құю арасында барынша мүмкін ұзақтықта үзіліс жасауды қадағалау, сондай-ақ өкпе функциясын бақылау ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Осы препаратты тек терілік және серологиялық оң талдаулар болғанда зең инфекциясының жалпы клиникалық симптомсыз түрлерін емдеу үшін қолдануға болмайды.

АмБизом™ препараты антибиотиктермен емді қолданудан кейін 96 сағат бойы басылмайтын, тоқтамайтын қызбалы жай-күй – нейтропениясы бар пациенттерде шығу тегі белгісіз қызбаны (ШБҚ) емдеуге арналған. Пациенттердің осы қауымында ШБҚ жүйелі микоз инфекциясы бар екенін өте жиі көрсетеді. АмБизом™ препаратымен болуы мүмкін ШБҚ қоздырғыштарын емдеуді бастар алдында жалпы вирустық, паразиттік немесе микобактериялық инфекцияларды жоққа шығару керек.

Анафилаксия және анафилаксиялық реакциялар

АмБизом™ препаратының инфузиясы кезінде анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар туралы хабарланған. Осы реакциялар дамыған жағдайда идиосинкразиялық анафилаксиялық реакциялардың даму мүмкіндігін бағалау және енгізілетін дозаны азайта түсу үшін препараттың тест дозасын бастапқы енгізу ұсынылады. Ауыр анафилаксиялық/анафилактоидты реакция дамыған жағдайда осы пациентте әріқарай АмБизом™ препаратын қолдану мүмкіндігінсіз инфузияны дереу тоқтату керек.

Инфузияға реакциялар

АмБизом™ препаратын қоса, құрамында амфотерицин B бар препараттарды енгізу кезінде инфузиямен байланысты басқа ауыр реакциялар дамуы мүмкін.

Инфузиямен байланысты реакциялар, әдетте, күрделі болмайтындықтан, АмБизом™ препаратын қабылдайтын пациенттерде профилактика үшін де, осы реакцияларды емдеу үшін де белгілі бір сақтану шаралары қабылдануы тиіс. Препаратты енгізу жылдамдығының төмендеуі (2 сағаттан аса инфузия ұзақтығы) немесе дифенгидрамин, парацетамол, петидин және/немесе гидрокортизонның стандартты дозаларын қолдану аталған реакциялардың дамуынан тиімді сақтандырады немесе оларды басуға ықпал етеді.

Бүйрекке әсері

Липосомалық В амфотерицинінің, әсіресе, нефроуыттылық көрініс бергенде амфотерицин B стандартты дәрілік түрінен уыттылығының аз екені дәлелденді; алайда, соның ішінде бүйрек тарапынан болатын дәрілік жағымсыз реакциялар бәрібір туындауы мүмкін.

Тәулігіне 3 мг/кг дозадағы АмБизом™ препаратының және одан жоғары дозаларының (тәулігіне 5, 6 немесе 10 мг/кг) салыстырмалы зерттеу нәтижелері сарысу креатининінің, гипокалиемия мен гипомагниемияның арту жиілігі жоғары дозаларын қолдану аясында жоғары күйде байқалды.

Қан сарысуындағы электролиттер, әсіресе, калий және магний мөлшерін, сондай-ақ бүйрек, бауыр және қан түзу функциясын зертханалық бағалауды жүйелі жүргізген жөн. Бұл қатарлас нефроуытты дәрілік заттар қабылдайтын пациенттер үшін ерекше маңызды. АмБизом™ препаратымен емделу кезіндегі жоғары гипокалиемия қаупі салдарынан организмде калий мөлшерін тиісінше толықтыру қажет болуы мүмкін. Бүйрек функциясының клиникалық мәнді төмендеуі немесе басқа параметрлерінің нашарлауы жағдайында АмБизом™ препаратымен емдеуді тоқтату немесе үзіп тастау, дозасын азайту мүмкіндігін қарастыру керек.

Өкпеге әсері

Лейкоцитарлық масса құю кезінде немесе одан кейін тез арада амфотерицин B (натрий дезоксихолаты кешені түрінде) қабылдайтын пациенттерде жедел өкпе уыттылығы туралы мәліметтер бар. Бұл жағдайда инфузиялар арасындағы үзілісті ұзағырақ кезеңге ұзарту және өкпе функциясын бақылау ұсынылады.

Диабеті бар пациенттер

Қант диабеті бар пациенттерді емдегенде АмБизом™ препаратының әр құтысы ішінде шамамен 900 мг сахароза бар екенін ескеру қажет.

Гемодиализ қабылдап жүрген пациенттер

Гемодиализ емшарасы немесе сүзілістен өткізу қажет болатын пациенттерді емдегенде АмБизом™ препаратының дозасын өзгерту қажет емес, дегенмен де, оны емшара кезінде енгізбеген жөн.

АмБизом™ препаратын фруктоза жақпаушылығы, глюкоза және галактозаның мальабсорбция синдромы немесе сахароза-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек тұқым қуалайтын бұзылулары бар пациенттерге тағайындауға болмайды.

Осы дәрілік препарат құрамында бір құтысында 1 ммоль-ден аз натрий (23 мг) бар, яғни, іс жүзінде натрийсіз.

Фертильділік, жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

АмБизом™ препаратын жүкті әйелдерде қолданудың қауіпсіздігі анықталмаған. АмБизом™ препаратын жүктілік кезінде, егер болуы мүмкін пайдасы ана мен шаранаға төнетін зор қауіптерден асып түсетін жағдайда ғана, қолдану керек. Жүкті әйелдерде жүйелі зең инфекцияларын емдеу шаранаға айқын әсер етусіз амфотерицин B стандартты дәрілік түрімен жүргізілген, бірақ жүктілік кезіндегі АмБизом™ препаратын қолдану қауіпсіздігі туралы қорытындылар жасауға клиникалық тәжірибесі жеткіліксіз.

Бала емізу кезеңі

АмБизом™ препаратының адамның емшек сүтіне өтуі белгісіз. АмБизом™ препаратын қолдану кезінде емшекпен қоректендіру шешімін сәбиге төнетін зор қауіпті, сондай-ақ сәби үшін емшек ему артықшылықтары мен ана үшін АмБизом™ препаратымен емдеу артықшылықтарын ескерумен қабылдау керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету деректері жоқ. АмБизом™ препаратының жағымсыз әсерлерінің кейбіреуі көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне ықпал етуі мүмкін.

Артық дозалануы

Симптомдары: жедел артық дозалану салдарынан болатын АмБизом™ препаратының уыттылығы анықталмаған.

Емі: артық дозалану жағдайында препарат енгізуді дереу тоқтату керек. Бүйрек және бауыр функциясын, қан сарысуындағы электролиттер концентрациясын және гематологиялық статусты қоса, пациенттің клиникалық жай-күйін мұқият бақылау қажет. Гемодиализ немесе перитонеальді диализ, АмБизом™ препаратының шығарылуына ықпал етпейді.

Пациенттердің айрықша топтары (балаларды қоса):

Айрықша топтар бойынша қосымша ақпараттар жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Флип-офф типті алмалы-салмалы пластик қақпақшамен және алюминий тығыздағышы бар бутилкаучук тығынмен жабылған І типті шыныдан жасалған көлемі 20 мл мөлдір құтыларда 1,33 г лиофилизацияланған брикет немесе ұнтақтан.

Медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге 10 құтыдан немесе 10 сүзгіден картон қорапта.

Сақтау шарттары

Лиофилизацияланған брикет немесе ұнтақ.

25 ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Инъекцияға арналған суды пайдаланып қалпына келтірілген препаратты сақтау шарттары.

АмБизом™ препараты консерванттарсыз бір реттік дозадағы стерильді лиофилизацияланған брикет немесе ұнтақ түрінде болады. Осылайша, микробиологиялық көзқарас тұрғысынан, препаратты қалпына келтіруден кейін тікелей пайдалану қажет. Егер препарат қалпына келтіруден кейін бірден пайдаланылмаса, пайдалануға дейін препаратты сақтау мерзімдері мен шарттары үшін жауапкершілік пайдаланушыға жүктеледі. Препаратты қалыпқа келтіру мен сұйылту бақыланатын және валидацияланған асептикалық шарттармен жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, әдетте, сақтау мерзімі 2-8°C тұсында 24 сағаттан асырылмайды.

Егер қалыпқа келтіру мен сұйылту бақыланатын және валидацияланған асептикалық жағдайларда жүргізілсе, сақтау шарттары мен ұзақтығын айқындау үшін келесі деректерді пайдалануға болады.

Шыны құтылар: 25 ± 2°C тұсында 24 сағат (қоршаған орта жарығының әсер етуімен).

Шыны құтылар: 2-8°C тұсында 7 күнге дейін.

Полипропилен шприцтер: 2-8°C тұсында 7 күнге дейін.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Инъекцияға арналған суды пайдаланып қалпына келтірілген, ал артынан декстрозада сұйылтылған препаратты сақтау шарттары

Химиялық және физикалық тұрақтылығы төменде көрсетілген ПВХ немесе полиолефин инфузиялық қалталарында сұйылту ортасы ретінде декстроза ерітінділері пайдаланылатын сақтау шарттарында көріністелді.

 2 кесте

Инъекцияға арналған суды пайдаланып қалпына келтірілген,

ал артынан декстрозада сұйылтылған препарат тұрақтылығы

Декстроза ерітіндісі

Сұйылту

Амфотерицин В концентрациясы, мг/мл

2-8°C тұсында ең ұзақ сақтау мерзімі

25±2°C тұсында ең ұзақ сақтау мерзімі

5%

1 : 2

2.0

7 күн

48 сағат

5%

1 : 8

0.5

7 күн

48 сағат

5%

1 : 20

0.2

4 күн

24 сағат

10%

1 : 2

2.0

48 сағат

72 сағат

20%

1 : 2

2.0

48 сағат

72 сағат

Пациентке келесіде енгізу үшін жартылай пайдаланылған құтының ішіндегісін сақтауға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші

Гилеад Сайенсиз, Инк., 650 Клиффсайд Драйв, Сан Димас СА 91773, АҚШ.

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Гилеад Сайенсиз Айреленд ЮС, Карригтохилл, Корк графcтвосы, T45 DP77 Ирландия

Қаптаушы

Гилеад Сайенсиз Айэленд ЮС, Ирландия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«ВИВА ФАРМ» ЖШС, Қазақстан, 050030, Алматы, Дегдар к-сі, 33,

тел.: +7 727 383 74 63, факс: +7 727 383 74 56, E-mail: pv@vivapharm.kz

Прикрепленные файлы

АмБизом_рус.docx 0.09 кб
АмБизом,_каз.doc 0.19 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники