Альбуцид-DF® (30%)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Альбуцид-DF®
Халықаралық патенттелмеген атауы
Сульфацетамид
Дәрілік түрі
20 % , 30 % 5 мл, 10 мл, 15 мл көз тамшы дәрісі
Құрамы
1 мл препараттың құрамында
белсенді зат – натрий сульфацетамиді – 0,2 г, 0,3 г
қосымша заттар: натрий тиосульфаты, 1 М хлорсутек қышқылының ерітіндісі, инъекцияға арналған су
Сипаттамасы
Түссіз немесе аздап сарғыш түсті мөлдір сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Микробтарға қарсы препараттар. Сульфонамидтер.
АТХ коды S01AВ04
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолданған кезде мөлдір қабықтағы сульфаниламидтің Сmax (шамамен 3 мг/мл), алдыңғы камераның ылғалында (шамамен 0,5 мг/мл) және нұрлы қабықта (шамамен 0,1 мг/мл) аппликациядан кейін алғашқы 30 минутта жетеді. Кейбір мөлшері (0,5 мг/мл аз) 3-4 сағат бойы көз алмасы тіндерінде сақталады. Мөлдір қабық эпителийі зақымданған кезде сульфаниламидтің пенетрациясы күшейеді.
Фармакодинамикасы
Альбуцид-DF® - кең ауқымды әсер ететін сульфаниламидті бактерияға қарсы препарат. Бактериостатикалық әсері бар, грамоң және грамтеріс кокктар, Escherichia coli, Shigella spp, Vibrio cholera, Clostridium perfringens, Bacillus anthracis, Corynebacterium diphtheriae, Yersinia pestis, Chlamydia spp, Actinomyces israelii, Toxoplasma gondii қатысты белсенді. Препараттың әсер ету механизмі парааминобензой қышқылымен (ПАБҚ) бәсекелес антагонизміне дигидроптероатсинтетазаны бәскелес бәсеңдетумен байланысты, ол пуринді және пиримидинді негіздемелердің синтезі үшін қажетті тетрагидрофолий қышқылдың синтезінің бұзылуына әкеп соқтырады. Оның салдарынан бактериялық жасушалардың нуклеинді қышқылдарының (ДНҚ және РНҚ) синтезі бұзылады да, олардың көбеюі тежеледі.
Қолданылуы
- мөлдір қабықтың іріңді ойық жараларында
- жұқпалы конъюнктивиттерде
- блефариттерде
- жаңа туылған нәрестелерде және ересектердегі көздің соз ауруларының алдын алуда және емдеу үшін
- жаңа туылған нәрестелерде бленнореяның алдын алу үшін
- көздегі жарақаттан және операциядан кейінгі іріңді асқынулардың алдын алу үшін
Қолдану тәсілі және дозалары
Көздің жұқпалы ауруларының алдын алу және емдуеу үшін:
- ересектерге Альбуцид-DF® 30 % ерітіндісін тәулігіне 1-2 тамшыдан 2-3 рет көзге тамызады, жедел іріңді-қабынбалы үдерістер жоғалғаннан кейін 1-2 тамшыдан күніне 3 рет тамызады.
- 1 жастан асқан балаларға Альбуцид- DF®20% ерітіндісін тәулігіне 1-2 тамшыдан 4-5 рет қолданады, жедел іріңді-қабынбалы үдерістер жоғалғаннан кейін 1-2 тамшыдан күніне 3 рет тамызады.
Емдеу курсы 5-7 күн.
Жаңа туылған нәрестелерде бленнореяның алдын алу үшін туғаннан кейін әр көзге 2 тамшыдан препараттың 20 % ерітіндісін, одан кейін әр 2 сағат сайын 2 тамшыдан тамызады.
Жағымсыз әсерлері
- қызару, ашып ауыру, жас ағу
- қышыну, қабақтың ісінуі
- қысқа уақыттық шымылдатып ашыту
- жергілікті аллергиялық реакциялар
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- натрий сульфацетамидке және препараттың қосымша заттарына жоғарғы сезімталдық
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Альбуцид-DF® бактериостатикалық әсері төмендейтіндіктен новокаинмен, дикаинмен, анестезинмен бірге қолданбау керек.
Дифенин, ПАСК, салицилаттар Альбуцид-DF® уыттылығын күшейтеді; тікелей әсер етпейтін антикоагулянттармен қолданғанда соңғыларының арнайы белсенділігі артады. Альбуцид-DF® жергілікті қолданғанда күміс тұздарымен үйлесімсіз.
Айрықша нұсқаулар
Тамызу кезінде тамшылатқыш-құтылардың ұшы басқа заттармен немесе беткейлермен жанаспау керек. Тамызғаннан кейін тамшылатқыш-құтылардың қалпақшасын тығыздап жабу керек!
Тіндердің тітіркенуі пайда болғанда концентрациясы төмен ерітінділерді тағайындайды.
Фуросемидке, тиазидті диуретиктерге (гидрохлортиазидтерге), сульфонилмочевина туындыларына (глибенкламидке), карбоангидраза тежегіштеріне (диакарбқа) сезімталдығы жоғары емделушілер Альбуцид-DF® жоғары сезімтал болуы мүмкін.
Жүктілік және лактация кезеңі
Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде анаға деген пайда бала және ұрыққа болуы мүмкін қауіптен аспайтын болса ғана қолдануға болады.
Препараттың көлік құралын басқару немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі
Көлік құралдарын және қауіпті механизмдерді басқарғанда жағымсыз әсерлерін ескере отырып, препаратты абайлап қолдану керек.
Артық дозалануы
Препараттың артық дозалануы туралы деректер жоқ.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Алғаш ашылуы бақыланатын қалпақшалармен тығындалған пластик тамшылатқыш-құтыларда 5 мл, 10 мл немесе 15 мл препараттан. Бір құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 15ºС-ден 25ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Құты ашылғаннан кейінгі препараттың қолданылу кезеңі - 10 тәулік
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел.: (727)253-03-88
Тіркеу куәлігінің иесі
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан
Тұтынушылардан өнім сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:
«DOSFARM» ЖШС, Қазақстан, 050034, Алматы қ-сы, Чаплыгин к-сі, 3, тел./факс: (727) 253-07-07, 253-03-88,
электронды поштасы: dosfarm@dosfarn.kz
4