АЛФЛУТОП

МНН: Биоактивный концентрат мелких морских рыб
Производитель: Биотехнос С.А.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты для лечения заболеваний костно-мышечной системы
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№024143
Информация о регистрации в РК: 29.04.2024 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

АЛФЛУТОП

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі, дозалануы

Инъекцияға арналған ерітінді 0,1 мл

Фармакотерапиялық тобы

Сүйек-бұлшықет жүйесі. Сүйек-бұлшықет жүйесінің ауруларын емдеуге арналған басқа препараттар.

АТХ коды М09АX

Қолданылуы

АЛФЛУТОП дәрілік препараты ересектерде келесі жағдайларда қолданылады:

- орналасуы әр түрлі, бастапқы және салдарлы остеоартрит кезінде (оның ішінде коксартроз, гонартроз, шағын буындардың артрозы)

- остеохондрозда

- спондилезде

Қолданудың басталуына дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затына немесе қосымша заттарының кез-келгеніне аса жоғары сезімталдық

- жүктілік және бала емізу кезеңі

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Анықталған жоқ

Арнайы сақтандырулар

Препарат аутоиммундық аурулар (ревматоидтық полиартрит, шорбуынданатын спондилит, эритематоз, склеродермия) жағдайларында сақтықпен, қатаң медициналық қадағалаумен қолданылуы тиіс.

Теңіз өнімдерінің (теңіз балығы) жекелей жақпаушылығы жағдайында аллергиялық реакциялардың даму қаупі арта түседі.

Педиатрияда қолдану

Препаратты педиатрияда қолдануға болмайды.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Препаратты жүктілік немесе лактация кезінде қолдануға болмайды.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Ересектерге

Остеоартроз және остеохондроз кезінде препаратты бұлшықет ішіне терең енгізеді:

  • күніне 1 мл-ден, емделу курсы 20 инъекцияны құрайды (20 күн бойы күніне 1 инъекциядан)

немесе

  • күнара 2 мл-ден, емделу курсы 10 инъекцияны құрайды (20 күн бойы күнара 1 инъекциядан).

Көбінесе ірі буындар зақымдалған жағдайда, препаратты дәрігердің қадағалауымен, әр буынға 3 күн аралықпен 1-2 мл-ден буын ішіне енгізеді.

Барлық емдеу курсы әр буынға 5 инъекцияны құрайды.

Буын ішіне және бұлшықет ішіне енгізу әдістерін біріктіруге болады.

Емдеу курсын дәрігердің кеңесі бойынша 6 айдан соң қайталаған дұрыс.

Енгізу әдісі мен жолы

Бұлшықет ішіне. Буын ішіне.

Артық дозалану жағдайында қабылдау қажет болатын шаралар

Симптомдары: бейім пациенттерде аллергиялық реакциялар туындауы мүмкін.

Емі: препаратты тоқтату, симптоматикалық ем.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс беретін жағымсыз реакциялар сипаттамасы және осы жағдайда қабылдау керек шаралар (қажет болса) 

Жағымсыз құбылыстар ағзалар жүйелері мен даму жиілігіне сәйкес берілген: жиі – 1%-дан 10%-ға дейін; жиі емес – 0,1%-дан 1%-ға дейін; сирек – 0,01%-дан 0,1%-ға дейін; өте сирек – 0,01%-дан аз.

Сирек

- қышынумен жүретін дерматит, препарат енгізілген орындағы терінің қызаруы және ашыту сезімі

- қысқа мерзімді миалгиялар

- қан қысымының жоғарылауы

Өте сирек

- анафилаксиялық реакциялар дамуы мүмкін

Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)

- буынішілік инъекциялары кезінде ауырсыну синдромы өтпелі күшеюі мүмкін

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындағанда медициналық қызметкерге, фармацевтикалық қызметкерге немесе, дәрілік препараттар тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласу керек 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препарат құрамы

1 мл бір ампуланың ішінде

белсенді зат – 0,1 мл майда теңіз балықтарының биобелсенді концентраты,

қосымша заттар – фенол, инъекцияға арналған су 1 мл-ге дейін.

2 мл бір ампуланың ішінде

белсенді зат – 0,2 мл майда теңіз балықтарының биобелсенді концентраты,

қосымша заттар – фенол, инъекцияға арналған су 2 мл-ге дейін.

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақшыл-сарыдан ақшыл-қоңыр түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

1 мл препараттан қоңыр түсті шыны ампулаларға құйылған.

Полиэтиленнен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынады.

Әрбір пішінді ұяшықты қаптама алюминий фольгамен жабылады.

Пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

2 мл препараттан қоңыр түсті шыны ампулаларға құйылған.

Полиэтиленнен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға 5 ампуладан салынады.

Әрбір пішінді ұяшықты қаптама алюминий фольгамен жабылады.

Пішінді ұяшықты 1 қаптамадан немесе пішінді ұяшықты 2 қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде 15 ºС-ден 25 ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәліметтер

К.О. Биотехнос C.А., Горунулуй к-сі №3-5, Отопень қ., 075100, Румыния. Тeл: + 403171024 02, e-mail: office@biotehnos.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

К.О. Биотехнос C.А., Горунулуй к-сі №3-5, Отопень қ., 075100, Румыния. Тeл: + 403171024 02, e-mail: office@biotehnos.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

«БИОТЕХНОС» ЖШҚ фирмасының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі, Алматы қ., Тимирязев к-сі 42, 15-ші павильон, 3-ші қабат,

тел. 7/727/2458858, e-mail: pv_kazakhstan@biotehnos.ru

Прикрепленные файлы

1._Проект_ИМП_(ЛВ)_Алфлутоп__на_русск_._.docx 0.03 кб
2._Проект_ИМП_Алфлутоп_КАЗ(1)_.docx 0.04 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту