Алфагин (капсулы)

МНН: Женьшень, Люцерны посевной листьев экстракт густой, Пажитника греческого семян экстракт густой, Эмблики лекарственной плодов экстракт густой
Производитель: Хербион Пакистан Пвт. Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Общетонизирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004026
Информация о регистрации в РК: 09.12.2021 - 09.12.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Алфагин

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар:

дәрілік эмблика жемістерінің қою сығындысы 200.0 мг

егістік жоңышқа жапырақтарының қою сығындысы 100.0 мг

грек бойдана тұқымдарының қою сығындысы 100.0 мг

сібір женьшені тамырларының қою сығындысы 50.0 мг

қосымша заттар: жүгері крахмалы, кальций гидрофосфаты, микрокристалды целлюлоза.

капсула қабығының құрамы: желатин, тазартылған су, титанның қостотығы (Е 171), бриллиантты көк бояғыш № 1, қызыл бояғыш № 28, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий лаурилсульфаты.

Сипаттамасы

Капсулаларының корпусы мен қалпақшасында «ALFAGIN» жазуы бар № 0 өлшемді, күлгін түсті қатты желатинді капсулалар.

Капсулалардың ішіндегісі – күңгірт қоңыр түсті аморфты ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Жалпы сергітетін препараттар

АТХ коды А13А

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі асқазан-ішек жолында жүреді.Алфагин препаратының әсер етуі оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес; барлық компоненттерді бірге маркерлердің немесе биологиялық зерттеулер көмегімен анықтап отыру мүмкіндігі жоқ. Осы себептерден препарат метаболиттерін де анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Алфагин – кешенді өсімдік препараты, оның әсері құрамына кіретін өсімдіктерге негізделген.

Дәрілік эмблика құрамында С, В1, В2 витаминдері, микроэлементтер, кальций, фосфор, темір, пектин бар. Биологиялық белсенді, табиғи С витаминінің көп мөлшері антиоксиданттық қасиеттеріне негіз болады (бос радикалдардың тежегіші болып табылады). Тәбетті қоздырады, ас қорытуды жақсартады, эритропоэзды, ақуыздардың биосинтезін көтермелейді, шығу тегі мезенхималық тіндердің – сүйек дентині мен коллагеннің дұрыс репродукциясында ықпал етеді. Иммуномодуляциялаушы әсері бар.

Егістік жоңышқа құрамында метионинге бай жеңіл қорытылатын ақуыз, сапониндер, фолий қышқылы, A, C, D, E, K, B1, B6, B12 витаминдері, микроэлементтер бар. Тұз қышқылы мен пепсиннің өндірілуін күшейту арқылы тәбетті көтермелейді. Әсіресе суық тию жұқпалы аурулардың алдын алуда жалпы нығайтатын әсер береді. Стреске төзімділікті арттырады, қажу мен депрессия кезінде көмектеседі. Сапониндер атеросклероздың дамуының алдын ала отырып, қандағы жоғарылаған холестерин құрамының төмендеуіне ықпал етеді, жүрек-қантамыр жүйесін нығайтады. Жоңышқа хлорофилдерге бай, олар шығу тегі әртүрлі анемияларды емдеуге мүмкіндік береді.

Грек бойданасы құрамында алкалоидтар (холин, тригонеллин), аминқышқылдары (лизин, лецитин, гистидин), гликозидтік сапониндер (диосгенин, тигогенин), витаминдер (каротин, В1, С), минералдар – күкірт, кальций, фосфор, едәуір мөлшерде органикалық жеңіл қорытылатын түрдегі темір бар. Ас қорытуды жақсарта отырып, жалпы панкреатикалық сөліністі көтермелейді. Жалпы нығайтатын және сергітетін қасиеттері бар, ағзаның дене күшін қалпына келтіреді. Гемоглобин деңгейінің жоғарылауына ықпал етеді.

Сібір женьшені құрамында гликозидтер болып табылатын (элеутерозидтер A, B, C, D, E деп аталатын) физиологиялық белсенді заттар бар, құрамында бұдан өзге кумарин туындылары, аралин алкалоидтары, сирингорезинол, изофраксидин, қатар жүретін заттар – эфир майы, шайыр, крахмал, полисахаридтер, липидтер, шайырлар, пектиндік заттар, витаминдер, микроэлементтер бар. Айқын көтермелегіш және сергіткіш әсері бар. Ми тіндерінің микроайналымын (қан айналымын) жақсарта отырып, ақыл-ой еңбегіне қабілеттілікті көтермелейді. Липидтерді аз жұмсаудың есебінен, фосфорилденумен және бұлшықеттердегі АТФ теңгерімінің жақсы сақталуымен астасқан бұлшықет еңбегіне қабілеттілікті арттырады. Көмірсу-фосфор алмасуына оң ықпалын тигізе отырып, қандағы қант құрамын төмендетеді (диабеттің жеңіл түрінде). Қантамыр кеңейтетін әсеріне және қантамырлардың ішкі қабығында зат алмасу үдерісін қалпына келтіруге байланысты жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсерін тигізеді, атеросклероздық түйіндақтардың түзілуінің алдын алады.

Алфагин – өсімдік препараты, ОЖЖ-ға көтермелегіш әсер береді, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеттілікті арттырады. Сергітетін әсері бар, жүйкенің ширығуын, шаршау мен қажуды төмендетеді. Адаптогендік қасиеттерінің арқасында, Алфагин ағзаның ішкі және сыртқы стресс факторларына қарсы тұру қабілетін көтермелейді. Иммунитетті нығайтады, тәбетті арттырады, бастан өткерген аурудан соң хал-жайды жақсы сезінуді жақсартады.

Жалпы нығайтқыш және антиоксиданттық қасиеттері бар.

Қолданылуы

- астениялық жағдайлар

- қажу, жұмысқа қабілеттіліктің артуына қажеттілік

- иммунитеттің төмендеуі, жиі суық тию

- жүйке жүйесінің тозуы, ваготонустық тип бойынша вегетотамырлық дистония

- химиотерапияда, сәулемен емдеуде, созылмалы уыттануда уытты әсерді төмендету қажет болғанда

- науқастарды реабилитациялау жүргізгендегі демеуші ем

- анорексия, тәбеттің төмендеуі, дене салмағының тапшылығы

Қолдану тәсілі мен дозалары

Күніне екі рет тамақтан соң бір капсуладан.

Қабылдау уақыты – таңертең және түсте.

Емдеу курсы - 30 күн.

Жағымсыз әсерлері

- препарат компоненттеріне аллергиялық реакция

- артериялық қан қысымының жоғарылауы

- ұйқының (Алфагинді түнге қабылдағанда) бұзылуы

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жекелей жоғары сезімталдық

- жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының өршу жағдайы

- артериялық гипертензия

- жасөспірімдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бластомаға қарсы дәрілердің уыттылығын азайтады.

Андрогендер мен анаболикалық стероидтардың әсерін қуаттандырады.

Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілердің әсер ету ұзақтығын қысқартады.

Айрықша нұсқаулар

Препараттың сергіткіштік әсерін ескере отырып, препаратты күннің екінші жартысында қабылдамаған дұрыс.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде қолдану тәжірибесі болмағандықтан препаратты бұл кезеңде қолдану ұсынылмайды,

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдер мен машиналарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі мен қаптамасы

20 капсуладан бұралатын пластмасса қақпағы бар пластмасса құтыларда. Капсулалары бар құтыларға ылғал жұтқышы бар қапшықша салынады, бос кеңістік гигроскопиялы медициналық мақтамен толтырылады.

Құтыны мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Хербион Пәкістан Пвт Лтд,

Коранги өнеркәсіптік аймағы, 30/28

Карачи қ-сы, Пәкістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Хербион Пәкістан Пвт Лтд, Пәкістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фармация Юниверсал» ЖШС

Алматы қ-сы, Чаплин/Халиуллин к-сі 71/66

Тел: 234-48-53, 234-44-88

Факс: 234-41-77

 

Прикрепленные файлы

875849291477977103_ru.doc 49.5 кб
149940911477978266_kz.doc 55 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники