Алтейка Артериум

МНН: Алтея лекарственного корни
Производитель: Галичфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Althea root
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№004603
Информация о регистрации в РК: 03.12.2021 - 03.12.2031

Инструкция

Саудалық атауы

Алтейка Артериум

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат, 100 және 200 мл

Құрамы

100 мл препараттың құрамында

белсенді зат: полисахаридтер құрамының 20% шаққанда жалбызтікен

тамырының құрғақ сығындысы – 0,15 г;

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат (Е 218), пропилпарагидроксибензоат (Е 216), 96% этанол, қант-түйіршік, тазартылған су

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар сарғыш-қоңырдан қызғылт-қоңыр түске дейінгі шәрбат тәрізді сұйықтық. Сақтау кезінде шөгіндінің болуына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Жөтелді және суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Жалбызтікен тамыры.

АТХ коды R05С А05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы. Зерттелмеген

Фармакодинамикасы. Жалбызтікен тамыры сығындысының негізіндегі шәрбат, құрамына әсер етуші зат негізінде полисахарид, сондай-ақ пектиндер, аминқышқылдар, крахмал және басқалары кіретін кешенді өсімдік препараты болып табылады. Препарат бронхосекреторлық, қақырық түсіретін және бүркемелейтін әсер етеді. Асқазанның шырышты қабығының рецепторларына аздап тітіркендіргіш әсер етеді, бронх және сілекей бездерінің сөлінісін рефлекторлы ынталандырады. Қақырықтың түзілуін, оның реологиялық қасиеттерін (тұтқырлығын, серпімділігін, адгезивтілігін) қалпына келтіре отырып белсендіреді, қақырықтың шығуына ықпал етіп бронхиолдардың перистальтикалық қозғалысын және бронхтың жыпылықтағыш эпителийінің моторлық қызметін күшейтеді. Препараттың өсімдік тектес полисахаридті шырышы асқазанның шырышты қабығын бүркемелей отырып, цитопротекторлы және қабынуға қарсы әсер тудырады, тіндердің регенерациясына ықпал етеді. Асқазан сөлінісін азайтады. Гастропротекторлық әсері асқазан сөлінің қышқылдылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым күштірек және ұзағырақ болады.

Қолданылуы

Тыныс жолдарының жедел және созылмалы аурулары: ларингит, трахеит, бронхит, бронх демікпесі кезінде кешенді ем құрамында

Қолдану тәсілі және дозалары

Қолданар алдында шайқау керек. Препаратты тамақтануға дейін тағайындайды: ересектерге шәрбаттың 1 ас қасығын тәулігіне 4-6 рет.

6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға препараттың 2 шай қасығын (10 мл) тәулігіне 4-6 рет тағайындайды.

2-ден 6 жасқа дейін – 5 мл шәрбаттан тәулігіне 4-6 рет.

6 жасқа дейінгі балаларға алдын ала шәрбаттың 5 мл бір реттік дозасын 10-15 мл (2-3 шай қасық) қайнаған суда сұйылту керек.

Емдеу курсының ұзақтығы емнің тиімділігіне байланысты жеке белгіленеді, бұл әдетте 7-14 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 2 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жалбызтікен шәрбатын қабынуға қарсы стероидты емес препараттармен бір мезгілде олардың гепатоуытты әсері күшеюі мүмкіндігіне байланысты қолданбаған дұрыс.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті кезінде сақтықпен қолдану керек.

Балалар

Препараттың құрамында 2% спирт бар (1 мл шәрбатта – 0,02 мл спирт), сондықтан 6 жасқа дейінгі балаларға қолданар алдында препаратты қайнаған сумен сұйылтады.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік және бала емізу кезеңінде препаратты қолдану тәжірибесі туралы ақпараттар жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдермен басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлік басқару және басқа да механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер етпейді, бірақ препарат құрамында 96 % этанол бар екендігін ескерген жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары белгісіз

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл алюминий қалпақшалармен жабылған шыны банкілерге немесе құтыларға немесе полимер қақпақтармен жабылған полимер құтыларға немесе 200 мл препараттан аллюминий қақпашалармен жабылған құтыларға немесе полимер қақпақтармен жабылған полимер құтыларға құйылған. 1 банкіден немесе 1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулық және дозатормен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамада, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Ашқаннан кейін 4-8ºС температурада 14 тәуліктен асырмай сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Галичфарм» АҚ

Украина, 79024, Львов қ. , Опрышковская к-сі, 6/8.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Галичфарм» АҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасындағы “Артериум” корпорациясының өкілдігі

050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 97 үй, 3 подъезд, «54» кеңсе

Тел/факс: 8(727)315-82-09; 8(727)315-82-10; Е-mail: Almaty@arterium.ua

Прикрепленные файлы

674432301477977163_ru.doc 59.5 кб
935452031477978326_kz.doc 65.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники