Алпитоз 4.5

МНН: Пиперациллин, Тазобактам
Производитель: Alchemy Medicine Private Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Пиперациллин в комбинации с ингибиторами бета-лактамаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122019
Период регистрации: 21.01.2016 - 21.01.2021
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 2 335.43 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Алпитоз-4.5

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көктамыр ішіне инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған 4.5 г ұнтақ

Құрамы

1 құтының ішінде

белсенді зат - натрий пиперациллині 4.1700 (4.0 г пиперациллинге баламалы), натрий тазобактамы 0.5366 (0.5 г тазобактамға баламалы).

Сипаттамасы

Ақ немесе ақ дерлік кристаллды ұнтақ

Фармакотерапиялық тобы

Бактерияларға қарсы бета-лактамды препараттар. Пенициллиндер бета-лактамаз тежегіштерімен біріктірілімде. Пиперациллиндер бета-лактамаз тежегіштерімен біріктірілімде.

АТХ коды J01CR05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі. 4 г/0.5 г дозаны көктамыр ішіне енгізгеннен кейін пиперациллин мен тазобактам плазмадағы шектік концентрацияларына іс жүзінде бірден жетеді және 30 минут ішінде тиісінше 298 мкг/мл және 34 мкг/мл құрайды.

Таралуы. Пиперациллин мен тазобактам плазма ақуыздарымен 30%-ға байланысады. Ақуыздардың пиперациллинмен немесе тазобактаммен байланысуы басқа қосылыстардың болуына байланысты емес. Тазобактам метаболитінің плазма ақуыздарымен байланысуы елеусіз.

Пиперациллин/тазобактам асқазан-ішек жолының шырышты қабығын, өт қалтасын, өкпені, өт пен сүйекті қоса, организмнің тіндері мен сұйықтықтарына кеңінен таралады.

Метаболизмі. Пиперациллин онша белсенді емес метаболит дезэтиллі түзе отырып метаболизденеді. Тазобактам белсенді емес деп саналатын бір метаболитті түзе отырып метаболизденеді.

Шығарылуы. Пиперациллин мен тазобактам шумақтық сүзілу және өзекшелік секреция арқылы бүйрекпен шығарылады.

Пиперациллин өзгермеген күйде жылдам шығарылады, енгізілген дозаның 68%-ы несеппен шығарылады. Тазобактам мен оның метаболиті негізінен бүйрекпен шығарылады. Енгізілген дозаның 80%-ы өзгермеген күйде, қалған бөлігі жеке метаболит ретінде шығарылады. Пиперациллин, тазобактам және пиперациллин дезэтилі де өтпен шығарылады.

Көктамыр ішіне енгізген кезде препараттың жартылай шығарылу кезеңі дозаға және құю ұзақтығына байланыссыз 0.7-ден 1.2 сағатқа дейінді құрайды. Пиперациллин мен тазобактамның жартылай шығарылу кезеңі бүйректік клиренс шамасын төмендеткенде артады.

Пиперациллин мен тазобактамның жартылай шығарылу кезеңі креатинин клиренсі төмендегенде артады. Креатинин клиренсі 20 мл/мин төмен болғанда жартылай шығарылу кезеңі бүйрек функциясы қалыпты пациенттермен салыстырғанда пиперациллин үшін екі есеге және тазобактам үшін төрт есеге артады.

Гемодиализ пиперациллин/тазобактамның 30%-дан 50%-ға дейінгісін және қосымша тазобактам метаболиті ретінде тазобактам дозасының 5%-ын шығарады. Перитонеальді диализ пиперациллин мен тазобактам дозасының тиісінше шамамен 6% және 21% шығарады, бұл ретте тазобактам дозасының 18%-ға дейінгісі тазобактам метаболиті ретінде шығарылады.

Пиперациллин мен тазобактамның жартылай шығарылу кезеңі дені сау пациенттермен салыстырғанда бауыр циррозы бар пациенттерде тиісінше шамамен 25% және 18%-ға жоғарылайды.

Фармакодинамикасы

Алпитоз- біріктірілген бактерияға қарсы препарат.

Пиперациллин – әсер ету ауқымы кең бактерицидтік жартылай синтетикалық антибиотик, микроорганизмдердің жасушалық жақтауы синтезін бәсеңдетеді.

Тазобактам – пенициллиндер мен цефалоспориндерге (соның ішінде ІІІ буынды цефалоспориндерге) төзімділігінің себебі болып табылатын бета-лактамазалар тежегіші (соның ішінде плазма тәрізді және хромосомалық).

Тазобактам пиперациллиннің әсер ету ауқымын кеңейтеді, соның арқасында пиперациллин пециллинге жекелей төзімділігі бар бактерияларды өндіретін көптеген бета-лактамазаларға қарсы белсенді.

Алпитоз мына грамоң аэробтық бактерияларға қатысты белсенді: Enterococcus spp. (Enterococcus faecalis, Enterococcus faecium), Listeria monocytogenes, Staphylococcus spp. (Staphylococcus aureus, коагулаза-теріс, метициллинге сезімтал штаммдар, Staphylococcus штаммдары), Streptococcus spp. (соның ішінде Streptococcus pneumoniae, Streptococcus pyogenes, Streptococcus agalactiae), Viridans group streptococci, Corynebacterium jeikeium; грамтеріс аэробты бактериялар: Citrobacter koseri, Haemophilus influenzae, Moraxella catarrhalis, Proteus mirabilis, Acinetobacter baumannii, Burkholderia cepacia, Citrobacter freundii, Enterobacter, Escherichia coli, Klebsiella pneumoniae, Morganella morganii, Proteus vulgaris штаммдары, Providencia, Pseudomonas aeruginosa штаммдары, Serratia штаммдары, Legionella, Stenotrophomonas maltophilia штаммдары; грамоң анаэробты бактериялар: Clostridium штаммдары, Eubacterium штаммдары, Peptostreptococcus штаммдары; грамтеріс анаэробты бактериялар: Bacteroides fragilis тобы, Fusobacterium штаммдары, Porphyrornonas штаммдары, Prevotella штаммдары; басқа да микроорганизмдер: Chlamydophilia pneumonia, Mycoplasma pneumonia

Қолданылуы

- төменгі тыныс алу жолдарының инфекцияларында

- несеп шығару жүйесінің инфекцияларында (асқынған және асқынбаған)

- құрсақ қуысы ағзаларының инфекцияларында

- тері және жұмсақ тін инфекцияларында

- бактериялық септицемияда

  • интраабдоминальді инфекцияларда

  • нейтропениямен ауыратын науқастарда бактериялық инфекцияда

- сүйек және буын инфекцияларында

- аэробтық және анаэробтық микроорганизмдер туғызған аралас инфекцияларда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Алпитозды баяу көктамырішілік инъекциялау (3-5 минут бойы) немесе инфузиялау (20-30 минут бойы) арқылы енгізуге болады.

Ересектер және 12 жастан асқан балалар: Бүйрек функциясы қалыпты ересектер және 12 жастан асқан балалар үшін әдеттегі көктамырішілік доза әр 8 сағат сайын 4 г пиперациллин/0.5 г тазобактамды құрайды. Жалпы тәуліктік доза ауырлық дәрежесіне және инфекцияның орнына байланысты және әр 6,8 және 12 сағат сайын енгізілетін 2 г пиперациллиннен/0.25 г тазобактамнан 4 г пиперациллинге/0.5 г тазобактамға дейін құбылуы мүмкін.

Нейтропениясы бар пациенттер (ересектер мен 12 жастан асқан балалар): Бүйрек функциясы қалыпты ересектер және балалар үшін нейтропениясы бар пациенттерде әдеттегі көктамырішілік дозасы аминогликозидпен үйлесімде 30 минуттық құю ретінде әр 8 сағат сайын 4.5 г Алпитозды құрайды. Жалпы тәуліктік доза ауырлық дәрежесіне және инфекцияның орнына байланысты және 6 немесе 8 сағат сайын енгізілетін 2.25-тен 4.5 г Алпитозға дейін құбылып отыруы мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: көктамырішілік доза бүйрек жеткіліксіздігінің ауырлық дәрежесіне байланысты төмендегідей түзетіледі:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Пиперациллин/тазобактамның ұсынылатын дозасы

> 40

Дозаны түзету қажет емес

20-40

әр 8 сағат сайын 4 г пиперациллин/ 0.5 г тазобактам

< 20

әр 12 сағат сайын 4 г пиперациллин/ 0.5 г тазобактам

Гемодиализдегі пациенттер үшін 2 г пиперациллин/0.25 г тазобактамның бір қосымша дозасын диализдің әр сеансынан кейін енгізеді, себебі гемодиализ 4 сағатта 30%-50% пиперациллинді шығарады.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер: дозаны түзету қажет емес.

Пациент балалар (2-ден 12 жасқа дейін): Бүйрек функциясы қалыпты балаларға ұсынылатын доза дене салмағының кг-не әр 8 сағат сайын 100 мг пиперациллинді/12.5 мг тазобактамды құрайды. Жалпы тәуліктік доза ауырлық дәрежесіне және инфекцияның орнына байланысты және дене салмағының әр кг-не әр 6 немесе 8 сағат сайын енгізілетін 80 мг пиперациллиннен/10 мг тазобактамнан 100 мг пиперациллинге/12.5 мг тазобактамға дейін құбылып отыруы мүмкін. Ең жоғарғы тәуліктік доза 4 г пиперациллин/ 0.5 г тазобактамнан аспауы тиіс.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар балаларға препаратты төмендегідей тағайындайды:

Креатинин клиренсі (мл/мин)

Пиперациллин/тазобактамның ұсынылатын дозасы

> 50

Дозаны түзету қажет емес

≤ 50

Дене салмағының әр кг-не әр 8 сағат сайын 70 мг пиперациллин/ 8,75 мг тазобактам

Гемодиализдегі балалар үшін дене салмағының әр кг-не 40 мг пиперациллин/5 мг тазобактамның бір қосымша дозасын диализдің әр сеансынан кейін енгізеді.

2 жастан кіші балаларға препаратты тағайындау ұсынылмайды.

Емдеу ұзақтығы көрсетілімдер көп болғанда орта есеппен 5-тен 14-ке дейін күнді құрайды. Алайда емдеу ұзақтығы инфекцияның ауырлық дәрежесіне, ауру қоздырғыштарына, сондай-ақ аурудың клиникалық және бактериологиялық ағымына байланысты.

Препарат ерітіндісін дайындау және енгізу ережесі

Құтының ішіндегісін (4.5 г препарат) препарат толық ерігенге дейін (5 – 10 минут) тоқтатпай араластырып отырып, 20 мл еріткіште ерітеді.

Көктамыр ішіне енгізу үшін ерітінді дайындау үшін еріткіштер ретінде 0.9% натрий хлориді ерітіндісін, 5% глюкоза ерітіндісін, инъекцияға арналған стерильді суды (препараттың 1 дозасын сұйылту үшін ең жоғары ұсынылатын көлем – 50 мл).

Көктамырішілік инфузиялар үшін алынған ерітіндіні әрі қарай көрсетілген ерітінділердің бірінің 50 - 150 мл-де немесе 6% декстран ерітіндісінде, 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде немесе лактат бар Рингер ерітіндісінде (Хартман ерітіндісі), немесе ацетат/малат Рингер ерітіндісінде ерітеді.

Жағымсыз әсерлері

Жиі

- жүрек айнуы, құсу, диарея, макулопапулезді бөртпені қоса, бөртпе

Жиі емес

  • тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения

  • бас ауыруы, ұйқысыздық

  • гипотензия, тромбофлебит, флебит

  • ашушаңдық, стоматит, іш қату, диспепсия

  • аланин-аминотрансфераза, аспартат-аминотрансфераза деңгейлерінің жоғарылауы

  • прурит, уртикарлық бөртпе

  • қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы

  • пирексия, инъекция орнындағы реакция

  • кандидоздық асқын инфекция

сирек

- анемия, гемолитикалық анемия, гемморагиялық бөртпе, мұрыннан қан кету, қан кету уақытының ұлғаюы, эозинофилия

- анафилаксиялық/анафилактоидты реакция (соның ішінде шок)

- терінің қызаруы

- жалған жарғақшалы колит, құрсақ қуысының ауыруы

- гепатит, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, қандағы сілтілік фосфатаза , гамма-глутамилтранспептидаза деңгейінің жоғарылауы

- полиморфтық эритема, буллездік дерматит, экзантема

- артралгия, миалгия

- бүйрек жеткіліксіздігі, тубулоинтерстициальді нефрит

- қалтырау

Өте сирек

- агранулоцитоз, панцитопения, тромбопластин түзілу уақытының және белсенділігінің жоғарылауы, протромбин уақытының ұзаруы, Кумбс оң сынамасы, тромбоцитемия

- гипокалиемия, қандағы глюкозаның төмендеуі, қандағы альбуминнің төмендеуі, қандағы жалпы ақуыздың төмендеуі

- уытты эпидермальді некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы

- қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- пенициллиндерге, цефалоспориндерге, бета-лактамдық антибиотиктердің басқа да тежегіштеріне жоғары сезімталдық

- сыртартқыдағы ауыр қан кету

- муковисцидоз

- жалған жарғақшалы энтероколит

- инфекциялық мононуклеоз

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 20 мл/мин төмен)

- бір мезгілде антикоагулянттарды қабылдау

- 2 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Кураре тәрізді деполяризацияламайтын дәрілер: Пиперациллин векурониймен бір мезгілде пайдаланғанда векуронийдің нейробұлшықеттік блокадасының ұзаруына ықпал етуі мүмкін. Әсер ету механизмдері ұқсас болғандықтан, деполяризацияламайтын бұлшықет релаксанттары туғызатын нейробұлшықеттік блокада пиперациллин әсерінен ұзаруы мүмкін екендігі болжануда.

Пероральді антикоагулянттар: гепаринді, пероральді антикоагулянттарды және тромбоциттер функциясын қоса, қан ұю жүйесіне әсер етуі мүмкін басқа да дәрілерді бір мезгілде қолданғанда қан ұю жүйесіне өте жиі бақылау жүргізу қажет.

Метотрексат: Пиперациллин метотрексаттың шығарылуын төмендетуі мүмкін. Сондықтан пациенттердегі қан сарысуындағы метотрексат деңгейлерін препараттың уытты әсерін болдырмау үшін бақылап отыру қажет.

Пробенецид: Басқа пенициллиндер сияқты пробенецид пен пиперациллин/тазобактамды бір мезгілде енгізу пиперациллин мен тазобактам үшін бүйректік клиренстің жартылай ыдырау және төмендеу кезеңінің артуын туғызады. Дегенмен, екі заттың да шектік концентрациялары плазмада өзгермейді.

Аминогликозидтер: Пиперациллин, өз бетінше де, тазобактаммен бірге де, бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде және бүйрек жеткіліксіздігінің елеусіз немесе орташа дәрежесі бар пациенттерде тобрамицин фармакокинетикасын айтарлықтай өзгертпейді. Пиперациллин, тазобактам және М1 метаболит фармакокинетикасы тобрамицинді енгізгеннен кейін айтарлықтай өзгерген жоқ. Бүйрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесі бар пациенттерде пиперациллин әсеріне байланысты тобрамицин мен гентамицин белсенділігінің бәсеңдеуі байқалған.

Ванкомицин: пиперациллинмен/тазобактаммен және ванкомицинмен ешқандай фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер байқалған жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты сыртартқысында аллергиялық реакциялары бар пациенттерде сақтықпен қолданады. Орташа немесе ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде доза режимін түзету ұсынылады. Күрделі және кейде өлімге әкелетін аса жоғары сезімталдық реакцияларының анафилаксиялық/анафилактоидты жағдайлары (шокты қоса) пиперацилин/тазобактамды қоса, пенициллиндер қолданумен ем қабылдайтын науқастарда тіркелген. Бұл реакциялар пенициллинге аса жоғары сезімталдығы бар адамдарда немесе бірнеше аллергендерге сезімталдығы бар адамдарда ықтималдығы зор.

Алпитоз қабылдаған пациенттерде күрделі тері реакциялары, мысалы, Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз байқалған. Егер пациентте тері бөртпесі дамыса, оның жай-күйін мұқият бақылап отыру қажет және егер бөртпе үдей түссе, Алпитозбен емдеуді тоқтату қажет.

Антибиотиктер туғызған жалған жарғақшалы колит өмірге қауіп төндіретін ауыр, тұрақты диарея түрінде көрініс беруі мүмкін. Жалған жарғақшалы колит симптомдары бактерияға қарсы емдеу барысында немесе одан кейін басталуы мүмкін. Бұл жағдайларда Алпитоз қабылдауды тоқтату керек.

Алпитозбен емдеу асқын инфекциялар туғызуы мүмкін төзімді организмдердің пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Бета-лактамдық антибиотиктер, соның ішінде пиперациллин қабылдаған кейбір пациенттерде қан кету байқалған. Бұл реакциялар кейде коагуляция сынамаларының нәтижелері бойынша анықталған бұзылулармен, мысалы, қан ұю уақытының, тромбоциттер агрегациясының, протромбин уақытының бұзылуымен байланысты болған. Көбінесе мұндай бұзылулар бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде байқалған. Қан кету туындағанда препаратты қабылдауды тоқтату қажет және тиісті ем бастау керек.

Әсіресе, ұзақ емдеген кезде лейкопения және нейтропения туындауы мүмкін, сондықтан гематопоэздік функцияны мезгіл-мезгіл бағалап отыру қажет.

Алпитоз құрамында натрий бар, бұны натрийді шектеулі мөлшерде қолданатын пациенттерге препаратты тағайындағанда ескеру қажет.

Калийдің төмен деңгейі бар пациенттерде немесе бір мезгілде калий деңгейін төмендететін медициналық препараттар қабылдайтын пациенттерде гипокалиемия туындауы мүмкін; мұндай пациенттер үшін электролиттер деңгейін мезгіл-мезгіл анықтап отыру ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Орталық жүйке жүйесі тарапынан патологиялық әсерлері даму мүмкіндігін ескере отырып, сақ болу қажет.

Артық дозалануы

Симптомдары: қозу, құрысулар, жүрек айнуы, құсу, іш өту.

Емі: препаратты қабылдауды тоқтату, симптоматикалық, соның ішінде эпилепсияға қарсы препараттарды, гемодиализ немесе перитонеальді диализ тағайындау. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алғашқы ашылуын бақылауға арналған қорғағыш пластмасса қақпағы бар алюминий қалпақшамен қаусырылған және резеңке тығынмен тығындалған, сыйымдылығы 30 мл түссіз шыны құтыға препарат 4.5 г-ден салынған. Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылған.

1 құты медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Alchemy Medicine Private Limited, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

«Тачголд» ЖШС, Қазақстан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнімнің сапасы бойынша шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ., Фурманов к-сі 174б, 3 қабат, 4 бөлме, тел.: 8-727-272-21-75

E-mail: singhalok3006@gmail.com

 

Прикрепленные файлы

421551631477976306_ru.doc 76.5 кб
392586211477977551_kz.doc 101.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники