Алоэ экстракт жидкий
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Алоэның сұйық сығындысы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Инъекцияға арналған 1 мл ерітінді
Құрамы
1 мл ерітіндінің құрамында
белсенді зат – құрғақ алоэ сығындысын тотығуымен есептегенде 1,5 мг
қосымша заттар: натрий хлориді, инъкцияға арналған су.
Сипаттамасы
Әлсіз өзіне тән исі бар ашық-сарыдан қоңыр-қызыл түске дейінгі сұйықтық.
(Ескерту: дәрілік затта сақталғанда шөгінді түзетін жүзіндінің болуына жол беріледі ол ампуланы шайқағанда біртекті жүзіндіге өзгереді).
Фармакотерапиялық тобы
Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және зат алмасуды емдеуге арналған басқа да препараттар. Асқазан-ішек жолдарының ауруларын және зат алмасуды емдеуге арналған әртүрлі басқа да препараттар.
АТХ коды А16АХ
Фармакологиялық қасиеттері
Инъекцияға арналған Алоэ сығындысы алмасу үдерісін реттейтін дәрілерге, табиғи тектегі биогендік стимуляторлар тобына жатады. Препарат организмнің физиологиялық функциясын жоғарылата отырып, зат алмасуын стимуляциялайды, тіндердің регенерация үдерістерін жеделдетеді, организмнің жалпы спецификалық емес төзімділігін жоғарылатады. Әлсіз микробтарға қарсы белсенділікке ие, гранулоциттердің қорғағыш функциясын стимуляциялайды.
Қолданылуы
Кешенді ем құрамында:
- өршу сатысындағы емес асқазан – ішек жолдарының ауруларында (асқазан мен 12 елі ішектің ойық жара ауруы)
- созылмалы бронхитте, пневмонияда
- трофикалық ойық жараларда
- аднекситте, эндометритте.
Қолдану тәсілі және дозалары
Ересектерге тері астына күн сайын 1 мл-ден енгізеді (ең жоғарғы тәуліктік дозасы – 3-4 мл). Емдеу курсы - 20 - 30 инъекция, қажет болғанда 2-3 айдан кейін қайталауға болады.
Жағымсыз әсерлері
- аллергическиялық реакциялар (тері бөртпесі, қышыну)
- артериялық қысымның жоғарылауы
- гипертермия
- диарея, іштің ауыруы
- етеккірлік қан кетудің күшеюі, кіші жамбас ағзаларында қан кернеуін сезіну
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
- жүктілік
- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- артериялық гипертензия
- метроррагия
- геморрой
- цистит
- асқазан-ішек жолы ағзаларының жедел қабыну аурулары
- қан түкіру
- холелитиаз
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Препаратты ұзақ қолданғанда организмде калий деңгейі азаюы мүмкін бұл жүрек гликозидтері мен аритмияға қарсы препараттардың әсерінің күшеюіне ықпал етуі ықтимал. Алоэ мен тиазидтік диуретиктерді, ілмектік диуретиктерді, қызыл мия препараттарын, кортикостероидтарды бір мезгілде қолданғанда калий тапшылығының даму қаупі жоғарылайды.
Алоэ іш жүргізетін дәрілердің және қан түзілуін стимуляциялайтын препараттардың әсерін жоғарылатады.
Айрықша нұсқаулар
Тері астына енгізгенде инъекция жасалған жерде ауырсыну пайда болуы ықтимал. Дәрілік затта сақталғанда шөгінді түзетін жүзіндінің болуына жол беріледі ол ампуланы шайқағанда біртекті жүзіндіге өзгереді. Жасы үлкен емделушілерде сақтықпен қолдану керек.
Лактация кезеңі
Лактация кезеңінде препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде талапқа сай және қатаң бақыланатын зерттеулер жүргізілмеген. Бала емізетін аналарды препаратпен емдеу қажеттілігінде бала емізуді тоқтату керек.
Көлік құралдарын жүргізу және қауіпті механикалық жабдықтарды басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі
Препаратпен емдеу кезеңінде көлік құралдарын жүргізу және әлеуетті қауіпті механизмдерді басқаруда сақтық таныту керек.
Артық дозалануы
Анықталмаған
Шығарылу түрі және қаптамасы
1 мл-ден шыныдан жасалған ампулаларда. Ампуланы ашуға арналған скарификаторымен немесе пышағымен бірге картоннан жасалған қорапқа 10 ампуладан салынған. Қорапқа офсеттік қағаздан немесе көпбояулы баспаға арналған қағаздан жасалған заттаңбалық-бандероль жапсырады. Қораптар медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдегі нұсқаулықпен бірге топтық ыдысқа салынған. Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдегі нұсқаулықтар саны қаптамалар санына сәйкес болуы керек.
Сындыру сақинасы немесе сындыру нүктесі және кертігі бар ампулаларды қолданған жағдайда ампуланы ашуға арналған скарификатор немесе пышақ салынбайды.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
3 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецепт арқылы
Өндіруші
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,
Беларусь Республикасы, Минск облысы, Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64, тел/факс 8-(10375177)734043.
Тіркеу куәлігінің иесі
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы
«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27,
тел/факс 8-(10375177)734043.
электрондық поштасы market@borimed.com