Алопекси® 2%

Инструкция
-
русский
-
қазақша
Саудалық атауы
Алопекси® 2%
Халықаралық патенттелмеген атауы
Миноксидил
Дәрілік түрі
Сыртқа қолдануға арналған ерітінді, 60 мл
Құрамы
100 мл препараттың құрамында
белсенді зат – 2,0 г миноксидил,
қосымша заттар: γ-циклодекстрин, пропиленгликоль, 96% этил спирті, тазартылған су.
Сипаттамасы
Мөлдір түссіз немесе сәл сарғыш түсті сұйықтық.
Фармакотерапиялық тобы
Тері ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар. Миноксидил.
АТХ коды D11AX01
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Жергілікті қолдану нәтижесінде миноксидил аздап сіңіріледі: қолданылған дозаның орта есеппен 1.4%-ы (0.3-тен 4.5%-ға дейіні) қан айналымының жалпы жүйесіне түседі.
Сонымен, 1 мл 2%-ерітінді дозасын пайдаланғаннан кейін (теріге 20 мг миноксидил түседі) сіңірілген миноксидилдің мөлшері 0.28 мг-ге жуықты құрайды.
Салыстыру үшін, миноксидилді пероральді түрде қолданғанда (гипертензияның кейбір түрлерін емдеу үшін), ол асқазан-ішек жолында іс-жүзінде толық сіңеді. Сондай-ақ ауырлығы жеңіл және орташа дәрежедегі гипертензиясы бар пациенттерде клиникалық тұрғыдан маңызды гемодинамикалық әсерді туындататын көктамыр ішіне енгізілетін миноксидилдің ең төмен дозасы 6.86 мг құрайтыны айғақталды.
Фармакокинетикалық зерттеу нәтижелері миноксидилді жергілікті қолданғанда сіңірілуінің жоғарылауына мүмкіндік беретін келесі негізгі үш фактордың бар екендігін көрсетеді:
- пайдаланылатын доза мөлшерінің артуы,
- препаратты қолдану жиілігінің жоғарылауы,
- эпидермистің мүйізгекті қабатының қорғаныш функциясының төмендеуі.
Сіңірілуінің артуы қанығу әсерінің нәтижесінде тез шектеледі.
Жергілікті қолданудан кейін миноксидилдің сіңірілуіне пациенттің жынысы, УК сәуленің әсері, дымқылдандыратын дәрілерді бір мезгілде қолдану, окклюзия (мысалы: парик кию), еріткіштің булану әсері (фенді пайдалану), препаратты қолдану аймағы ықпалын тигізген жоқ.
Жергілікті қолданудан кейін сарысудағы миноксидил деңгейлері трансдермальді сіңірілуінің қарқындылығына байланысты болады. Сыртқа қолдануды тоқтатқаннан кейін сіңірілген миноксидилдің шамамен 95%-ы 4 күн ішінде шығарылады. Сіңірілген миноксидилдің сыртқа қолданғаннан кейінгі биотрансформациясы толығымен зерттелмеген.
Фармакодинамикасы
Жергілікті қолданған кезде, андрогендік алопециясы бар кейбір пациенттерде миноксидил in vitro және in vivo кератиноциттердің өсуін, сондай-ақ шаштың өсуін стимуляциялайды. Бұл өсу препаратты пайдаланғаннан кейін шамамен 4 (немесе одан көбірек) айдан соң байқалады және әртүрлі адамда әрқалай көрініс береді.
Емдеуді тоқтатқаннан кейін қайталап өсу тоқтап қалады, және 3-4 ай ішінде бастапқы қалпына оралады.
Препараттың әсер етуінің дәл механизмі белгісіз. Бақыланатын клиникалық сынақтар кезінде артериялық қысымы қалыпты және жоғарылаған пациенттерде миноксидилді жергілікті қолдану миноксидилдің сіңірілуімен байланысты жүйелік көріністерді туындатқан жоқ.
Қолданылуы
Алопекси 2% препараты еркектерде және әйелдерде андрогендік алопецияны емдеуге (шаш жабынын қалпына келтіруге) және шаштың түсу үдерісін тұрақтандыруға арналған.
Қолдану тәсілі және дозалары
Сыртқа қолдануға арналған.
ТЕК ЕРЕСЕКТЕР ҮШІН.
1 мл препаратты тәулігіне екі рет бас терісіне жағыңыз және зақымданған аймақтың ортасынан бастап сылап-сипалаңыз.
Жалпы күндік доза 2 мл-ден аспауы тиіс.
Зақымданған жердің барлық аймағына ерітіндіні саусақ ұштарымен жағыңыз.
Препаратты жағуға дейін және жағудан кейін қолды мұқият жуып-шайыңыз.
Қолданар алдында шаш пен бас терісінің әбден құрғағанына көз жеткізіңіз.
Бөліктелген тамшуырларды қолдану:
Бөліктелген тамшуыр