Аллопуринол-ЭГИС (300 мг)

МНН: Аллопуринол
Производитель: ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ЗАВОД ЭГИС ЗАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Allopurinol
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№122060
Период регистрации: 16.02.2016 - 16.02.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Аллопуринол-ЭГИС

Халықаралық патенттелмеген атауы

Аллопуринол

Дәрілік түрі

Таблеткалар 100мг, 300 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: аллопуринол 100 мг, 300 мг

қосымша заттар:

лактоза моногидраты, картоп крахмалы, повидон К-25, тальк, магний стеараты, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі) (100 мг доза үшін)

микрокристалды целлюлоза, натрий карбоксиметилкрахмалы (А типі) желатин, кремнийдің коллоидты сусыз қостотығы, магний стеараты, (300 мг доза үшін)

Сипаттамасы

Ақ немесе сұрғыш-ақ түсті, бір жағында ойығы мен сызығы және екінші жағында ойылып жазылған Е әрпі мен 351 саны бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек, жайпақ таблеткалар (100 мг доза үшін)

Ақ немесе сұрғыш-ақ түсті, бір жағында ойығы мен сызығы және екінші жағында ойылып жазылған Е әрпі мен 352 саны бар, иіссіз немесе иіссіз дерлік, дөңгелек, жайпақ таблеткалар (300 мг доза үшін)

Фармакотерапиялық тобы

Подаграға қарсы препараттар. Несеп қышқылы синтезінің тежегіштері. Аллопуринол.

АТХ коды M04AA01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Аллопуринол пероральді қабылдағанда белсенді. Ол асқазан-ішек жолының жоғары бөлімдерінен жылдам сіңеді. Аллопуринол қан плазмасында ішке қабылдағаннан кейін 30-60 минуттан соң анықталады. Аллопуринолдың биожетімділігі 67%-дан 90%-ға дейін ауытқиды. Аллопуринол және оның метаболиті — оксипуринолдың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына қабылдағаннан кейін сәйкесінше 1,5 және 3–5 сағатта жетеді. Содан кейін аллопуринолдың концентрациясы жылдам төмендейді. Қабылдағаннан кейін 6 сағаттан соң қан плазмасында препараттың тек іздік концентрациясы анықталады. Оксипуринолдың қан плазмасындағы деңгейі айтарлықтай баяу төмендейді. Аллопуринол қан плазмасы ақуыздарымен байланыспайды деуге болады, сондықтан ақуыздармен байланысу деңгейінің өзгеруі препарат клиренсіне айтарлықтай әсер етпеуі керек. Аллопуринолдың болжамды таралу көлемі 1,6 л/кг жуқты құрайды, ол препараттың тіндермен жеткілікті жақсы жұтылуын білдіреді. Аллопуринолдың организмнің әртүрлі тіндеріндегі мөлшері зерттелген жоқ, әйтсе де аллопуринол мен оксипуринолдың ең жоғары концентрациясы бауырда және ішектің шырышты қабығында жинақталады, ол жерде ксантиноксидазаның жоғары белсенділігі тіркеледі. Аллопуринолдың негізгі метаболиті оксипуринол болып табылады. Аллопуринолдың басқа метаболиттеріне аллопуринол-рибозид және оксипуринол-7-рибозид жатады. Қабылданған дозаның 20% нәжіспен өзгермеген түрінде шығарылады. Аллопуринол ксантиноксидаза және альдегидоксидазаның әсерімен оксипуринол түзіп метаболизденеді, ол аллопуринолдың шығарылуының негізгі жолы болып табылады. Тәуліктік дозаның 10% жуығы өзгермеген аллопуринол түрінде бүйректің шумақтық сүзіліс аппаратымен экскрецияланады. Аллопуринолдың плазмадағы жартылай шығарылу кезеңі 0,5 – 1,5 сағат құрайды.

Оксипуринол аллопуринолмен салыстырғанда ксантиноксидазаның күшті тежегіші емес, әйтсе де оның жартылай шығарылу кезеңі айтарлықтай жоғары 13-тен 30 сағат. Осы қасиеттерінің арқасында, аллопуринолдың бір реттік тәуліктік дозасын қабылдағаннан кейін ксантиноксидаза белсенділігінің тиімді бәсеңдеуі 24 сағат ішінде демеліп тұрады. Қалыпты бүйрек функциясында қан плазмасындағы оксипуринол баяу тепе-тең концентрациясына жеткенше жоғарылады. Аллопуринолды тәулігіне 300 мг дозада қабылдаудан кейін, аллопуринолдың қан плазмасындағы концентрациясы әдетте 5-10 мг/л құрайды. Оксипуринол бүйректермен өзгермеген түрінде шығарылады, әйтсе де өзекшелік реабсорбцияға байланысты ол ұзақ жартылай шығарылу кезеңіне ие. Аллопуринолдың жартылай шығарылу кезеңі 1-2 сағат құрайды, ал оксипуринолдың жартылай шығарылу кезеңі 13-тен 30 сағатқа дейін ауытқиды.

Осындай айтарлықтай айырмашылықтар, зерттеу құрылымындағы және/немесе пациенттердің креатинин клиренсіндегі айырмашылықтармен байланысты болуы мүмкін.

Пациенттердің айрықша тобы

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттер

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде аллопуринол мен оксипуринолдың шығарылуы айтарлықтай баяулауы мүмкін, ол ұзақ уақыт емдегенде осы қосылыстардың қан плазмасындағы концентрациясының өсуіне әкеледі. Бүйрек функциясының бұзылуымен және креатинин клиренсі 10-20 мл/мин пациенттерде тәулігіне 300 мг дозада аллопуринолмен ұзақ уақыт емдегеннен кейін оксипуринолдың қан плазмасындағы концентрациясы шамамен 30 мг/л құрайды. Оксипуринолдың осындай концентрациясы тәулігіне 600 мг дозада аллопуринолмен емдеу аясында бүйрек функциясы қалыпты пациенттерде анықталуы мүмкін. Яғни, бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерді емдеуде аллопуринолдың дозасын төмендету керек.

Егде жастағы пациенттер

Егде жастағы пациенттерде аллопуринолдың фармакокинетикалық қасиеттерінің айтарлықтай өзгеруі болжамды. Қатар жүретін бүйрек патологиясымен пациенттерден басқаларында.

Фармакодинамикасы

Аллопуринол гипоксантиннің құрылымдық аналогы болып табылады. Аллопуринол, сондай-ақ оның негізгі белсенді метаболиті - оксипуринол, гипоксантинның ксантинге, және ксантиннің несеп қышқылына айналуын қамтамасыз ететін фермент- ксантиноксидазаны тежейді. Аллопуринол несеп қышқылының қан сарысуындағы, сондай-ақ несептегі концентрациясын азайтады. Осылайша ол несеп қышқылы кристаллдарының тіндердегі жинақталуының алдын алады және (немесе) олардың еруіне ықпал етеді.

Гиперурикемиямен кейбір пациенттерде (бірақ барлығында емес) пуриндер катаболизмінің бәсеңдеуінен басқа, ксантин мен гипоксантиннің көп мөлшері пуриндік негіздер қайта түзілуі үшін қол жетімді болады, ол гипоксантин-гуанин фосфорибозил-трансфераза ферментінің бәсеңдеуі арқылы кері байланыс механизмі бойынша пуриндердің de novo биосинтезінің бәсеңдеуіне әкеледі.

Аллопуринолдың басқа метаболиттері – аллопуринол-рибозид және оксипуринол-7 рибозид.

Аллопуринол осы қосылыстардың расталған жинақталуында (мысалы, подагра, тері тофустары, нефролитиаз) немесе олардың жинақталуының болжамды клиникалық қаупінде (мысалы, қатерлі жаңа түзілулерді емдеу жедел несепқышқылды нефропатия дамуымен асқынуы мүмкін) несеп қышқылы мен оның тұздарының (ураттар) түзілуін бәсеңдету үшін қолданылады.

Қолданылуы

- несеп қышқылы мен оның тұздарының жинақталуымен қатар жүретін клиникалық жағдайларда:

  • идиопатиялық подагра;

  • несептас ауруы (ураттардың түзілуімен);

  • жедел несепқышқылды нефропатия;

  • гиперурикемия кенеттен немесе цитоуытты ем жүргізгеннен кейін пайда болса жасушалық популяцияның жаңғыруының жоғары жылдамдығымен ісік аурулары және миелопролиферативті аурулар;

  • несеп қышқылы тұздарының гиперпродукциясымен қатар жүретін белгілі ферменттік бұзылыстар, мысалы, гипоксантин-гуанин-фосфорибозилтрансфераза жеткіліксіздігі (Леш-Нихен синдромын қоса), глюкозо-6-фосфатаза жеткіліксіздігі (гликогеноздарды қоса), фосфорибозил-пирофосфатсинтетазаның жоғары белсенділігі, фосфорибозил-пирофосфат-амидотрансферазаның жоғары белсенділігі, аденин-фосфорибозилтрансфераза жеткіліксіздігі.

- аденин-фосфорибозилтрансферазаның төмен белсенділігіне байланысты 2,8-дигидроксиаденинді (2,8-ДГА) конкременттердің түзілуімен қатар жүретін несептас ауруын емдеуде,

- гиперурикозурия аясында аралас кальций-оксалатты конкременттердің түзілуімен қатар жүретін қайталанатын несептас ауруында сұйықтықты көп қабылдау, диета және басқа әдістер тиімсіз болғанда профилактикалау мен емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты қатаң дәрігердің тағайындауымен қабылдау керек!

Ішке қабылдауға арналған таблеткалар. Аллопуринол-ЭГИС препаратын судың көп мөлшерімен іше отырып тамақтан кейін қабылдау керек. Аллопуринол әдетте жақсы көтерімді, әсіресе тамақтан кейін қабылдағанда. 300 мг асатын тәуліктік дозаларда пациенттерде асқазан-ішек жолы тарапынан шағымдар пайда болуы мүмкін, сондықтан осындай дозаларды бірнеше қабылдауға бөлу керек.

Ересектер:

Жағымды әсерлер даму қаупін төмендету үшін емді тәулігіне бір рет 100 мг бастапқы дозадан бастау керек.

Қажет болғанда, егер қан сарысуындағы несеп қышқылының деңгейі жеткіліксіз төмендесе, бастапқы дозаны күткен әсерге қол жеткенше біртіндеп 100 мг жоғарылатады.

Аллопуринол-ЭГИС препаратының дозасын жоғарылатқанда әрбір 1-3 аптада қан сарысуындағы несеп қышқылының концентрациясын анықтау керек.

Препарат дозасын таңдағанда келесі дозалау режимін қолдану ұсынылады:

- аурудың жеңіл ағымында тәулігіне 100-200 мг

- орташа ауыр ағымында тәулігіне 300-600 мг

- ауыр ағымында тәулігіне 700-900 мг.

Егер дозаны есептеуде пациенттің дене салмағына қарау керек болса, онда Аллопуринол-ЭГИС дозасы тәулігіне 2-ден 10 мг/кг дейінді құрауы керек.

15 жастан кіші балалар мен жасөспірімдер

10-нан 15-ке дейінгі жаста – тәулігіне 10-20 мг/кг тағайындайды. Ең жоғары тәуліктің доза - 400 мг.

Аллопуринол қатерлі онкологиялық ауруларда (әсіресе лейкемияда) және кейбір ферменттік бұзылыстарда (мысалы, Леш-Найхан синдромы) балаларды емдеуде қолданылады.

Егде жастағы пациенттер

Нақты деректер болмаған жағдайда несеп қышқылының қан сарысуындағы концентрациясының айтарлықтай төмендеуін қамтамасыз ететін ең төмен тиімді доза қабылдау керек.

Бүйрек функциясың бұзылуы және кейбір басқа да жағдайларда пациенттер үшін препарат дозасын таңдаудағы ұсыныстарға айрықша назар аудару керек.

Бүйрек функциясының бұзылуы

Аллопуринол мен оның метаболиттері организмнен бүйректермен шығарылатын болғандықтан, бүйрек функциясының бұзылуы препараттың және оның метаболиттерінің кейіннен осы қосылыстардың қан плазмасынан жартылай шығарылу кезеңінің ұзаруымен организмде іркілуіне әкелуі мүмкін.

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде Аллопуринол-ЭГИС препаратын тәулігіне 100 мг аспайтын дозада қабылдау немесе бір күннен асатын аралықта 100 мг-ден бір реттік дозасын қолдану ұсынылады.

Егер оксипуринолдың қан плазмасындағы концентрациясын бақылауға мүмкіндік болса, онда Аллопуринол-ЭГИС дозасын оксипуринолдың қан плазмасындағы деңгейі 100 мкмоль/л (15,2 мг/л) төмен болатындай таңдау керек.

Аллопуринол мен оның метаболиттері организмнен гемодиализде шығарылады. Егер гемодиализ сеанстары аптасына 2-3 рет жүргізілсе, онда емнің баламалы режимі – 300-400 мг Аллопуринол-ЭГИС препаратын гемодиализ сеансы аяқталғаннан кейін қабылдауға (гемодиализ сеансының арасында препарат қабылдамайды) ауысудың қажеттігін анықтау мақсатқа сай.

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде Аллопуринол-ЭГИС препаратын тиазидті диуретиктермен бір мезгілде қолдану ерекше сақтықты талап етеді. Бұл жағдайда аллопуринолды бүйрек функциясын мұқият мониторингілеумен ең төмен тиімді дозада қолдану керек.

Бауыр функциясының бұзылуы

Бауыр функциясының бұзылуында препарат дозасын төмендету керек. Емнің ерте кезеңінде бауыр функциясы зертханалық көрсеткіштерін мониторингілеуді жүргізу ұсынылады.

Несеп қышқылы тұздарының алмасуының күшеюімен қатар жүретін жағдайлар (мысалы, ісік аурулары, Леш-Нихен синдромы)

Цитоуытты препараттармен емді бастар алдында осыған дейін болған гиперурикемия және (немесе) гиперурикозурияны Аллопуринол-ЭГИС препаратының көмегімен түзету ұсынылады. Нәтижесінде несеп қышқылы және оның тұздарының ерігіштігі артатын, оңтайлы диурезді демеуге, сондай-ақ несепті сілтілендіруге ықпал ететін баламалы гидратацияның маңызы зор.

Аллопуринол-ЭГИС препаратының дозасы ұсынылған дозалар диапазонының төменгі шегіне жуық болуы керек.

Егер бүйрек функциясының бұзылуы жедел несепқышқылды нефропатиялар немесе басқа бүйрек патологиясының дамуымен өзара байланысты болса, онда емді «Бүйрек функциясының бұзылуы» бөлімінде көрсетілген ұсынымдарға сай жалғастыру керек.

Аталған шаралар аурудың ағымын асқындыратын ксантин және/немесе несеп қышқылының жинақталу қаупін азайтуы мүмкін.

Мониторингілеуге қатысты ұсынымдар

Препараттың оңтайлы дозасын анықтау үшін қан сарысуындағы несеп қышқылы тұздары концентрациясын, сондай-ақ несептегі несеп қышқылы мен ураттардың деңгейін мезгіл-мезгіл анықтау керек.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері

Олардың жиілігі дозаға тәуелді және препарат монотерапия түрінде немесе басқа препараттармен жиілікте тағайындалуына байланысты ауытқуы мүмкін.

Жиі ( >1/100 <1/10 дейін)

- бөртпе

Жиі емес ( >1/1000 <1/100 дейін)

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

- бауыр функциональді сынамаларының нәтижелерінің өзгеруі

- құсу, жүрек айнуы, диарея

Сирек (>1/10000 < 1/1000 дейін)

- гепатит (некроздық және гранулематозды түрлерін қоса)

- тері тарапынан ауыр реакциялар (Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермальді некролиз (УЭН))

Өте сирек (<1/10000)

- фурункулез

- агранулоцитоз, апластикалық анемия, тромбоцитопения, гранулоцитоз, лейкопения, лейкоцитоз, эозинофилия және тек эритроциттерге қатысты аплазия

- ангиоиммунобластты Т-жасушалы лимфома

- қант диабеті, гиперлипидемия

- депрессия

- кома, салдану, атаксия, шеткергі нейропатия, парестезиялар, ұйқышылдық, бас ауыруы, дәм сезудің бұрмалануы

- катаракта, көрудің бұзылуы, макулярлық өзгерістер

- бас айналуы (вертиго)

- стенокардия, брадикардия

- артериялық гипертензия

- қайталанатын қанды құсу, стоматит, стеаторея, дефекация жиілігінің өзгеруі

- ангионевроздық өзгеру, оқшауланған дәрі-дәрмектік бөрту, алопеция, шаш түсінің өзгеруі

- миалгия

- гематурия, уремия

- ерлердің белсіздігі, эректильді дисфункция, гинекомастия

- ісіну, жалпы дімкәстік, жалпы әлсіздік, қызба

Жиілігі белгісіз (бар деректер бойынша анықтау мүмкін емес).

- несептас ауруы

- іштің ауыруы

Өте сирек әсіресе бүйрек және/немесе бауыр функциясының бұзылуымен тұлғаларда тромбоцитопения, агранулоцитоз және апластикалық анемия туралы, хабарлар түсті, ол осы топтағы пациенттерде ерекше сақ болу керектігін білдіреді. Эпидермистің ажырауымен тері реакциясын, қызба, лимфаденопатия, артралгия және (немесе) эозинофилияны (оның ішінде Стивенс-Джонсон синдромы және уытты эпидермальді некролиз) қоса, аса жоғары сезімталдықтың ауыр реакциялары. Гепатит, бүйректің зақымдануы, жедел холангит, ксантинді конкременттер және өте сирек жағдайларда құрысуларды қоса қатар жүретін васкулит немесе тін тарапынан реакциялар әртүрлі біліністерге ие болуы мүмкін. Өте сирек анафилаксиялық шоктың дамуы байқалды. Ауыр жағымсыз реакциялар дамыған жағдайда Аллопуринол-ЭГИС препаратын қабылдауды дереу тоқтату керек және жаңғыртуға болмайды. Кейінге қалдырылған мультиорганды аса жоғары сезімталдықта (дәрілерге аса жоғары сезімталдық синдромы /DRESS/ ретінде белгілі) әртүрлі біріктірілімде келесі симптомдар дамуы мүмкін: қызба, тері бөртпесі, васкулит, лимфаденопатия, псевдолимфома, артралгия, лейкопения, эозинофилия, гепато-спленомегалия, бауырдың функционалдық тестілері нәтижесінің өзгеруі, жоғалып кететін өт арналарының синдромы (бауырішілік өт арналарының ыдырауы немесе жоғалуы). Басқа ағзалар тарапынан бұзылыстар (мысалы, бауыр, бүйрек, өкпе, ұйқы безі, миокард және тоқ ішек) болуы мүмкін. Осындай реакциялар дамыған жағдайда емнің кез келген кезеңінде, Аллопуринол-ЭГИС қабылдауды дереу тоқтату керек және жаңғыртуға болмайды. Аллолпуринол-ЭГИС препаратын аса жоғары сезімталдық синдромы және СДС/УЭН пациенттерге қайта тағайындауға болмайды. Кортикостероидтар аса жоғары сезімталдық реакциясында тері реакциясын емдеу үшін қолданылуы мүмкін. Аса жоғары сезімталдықтың жайылған реакциялары бүйрек және (немесе) бауыр функциясының бұзылуымен пациенттерде дамыған, әсіресе өліммен аяқталған жағдайларда. Ангиоиммунобласты Т-жасушалы лимфома өте сирек жайылған лимфаденопатияға қатысты лимфотүйіндер биопсиясынан кейін диагностикаланды. Ангиоиммунобластты лимфаденопатия қайтымды сипат иеленген және аллопуринолмен емді тоқтатқаннан кейін қайталады. Бұрын жүргізілген клиникалық зерттеулерде жүрек айнуы мен құсу байқалды, әйтсе де кейінгі бақылаулар осы реакциялардың клиникалық мәні жоғын және оларды Аллопуринол-ЭГИС препаратын астан кейін тағайындаумен сақтануға болатынын растады. Бауыр функциясының бұзылуы жайылған аса жоғары сезімталдықтың айқын белгілерінсіз дамуы мүмкін. Аллопуринол қабылдайтын пациенттерде тері тарапынан жағымсыз реакциялар кеңірек таралған. Препаратпен емдеу аясында осы реакциялар кез келген уақытта дамуы мүмкін. Тері реакциялары қышынумен, макулопапулезді және қабыршақты бөртумен білінуі мүмкін. Кейбір жағдайларда пурпура дамуы мүмкін. Сирек жағдайларда терінің эксфолиативті зақымдануы байқалады (СДС/УЭН).

Осындай реакциялар дамығанда аллопуринолмен емді дереу тоқтату керек. Егер тері тарапынан реакциялар жеңіл сипат иеленсе, онда осы өзгерістер жоғалғаннан кейін аллопуринолды төмен дозада қабылдауды (мысалы, тәулігіне 50 мг) жаңғыртуға болады. Кейіннен дозаны біртіндеп жоғарылатуға болады. Тері реакциялары қайталанғанда аллопуринолмен емді тоқтату керек және басқа жаңғыртуға болмайды, өйткені препаратты ары қарай қабылдау ауыр аса жоғары реакциялардың дамуына әкелуі мүмкін. Егер СДС/УЭН немесе аса жоғары сезімталдықтың басқа реакцияларын жоққа шығаруға болмаса ауыр немесе фатальді реакциялардың даму қаупіне байланысты аллопуринолмен емдеуді жаңғыртуға БОЛМАЙДЫ.

СДС/УЭН клиникалық диагнозы дұрыс шешім қабылдау үшін негіз болады. Егер осындай реакциялар жүргізілетін ем барысында пайда болса, аллопуринолмен емді қайталап тағайындау мүмкіндігінсіз аллопуринолды дереу тоқтату керек.

Аллопуринолмен емдеу аясында қызба жекелей де сондай-ақ жайылған аса жоғары сезімталдық реакциясы симптомдарымен біріктірілімде де дамыған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- әсер етуші затына немесе компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

6-меркаптопурин мен азатиоприн

Азатиоприн 6-меркаптопурин түзілуімен метаболизденеді, ол ксантиноксидаза ферментімен белсенсіздендіріледі. 6-меркаптопуринмен немесе азатиопринмен ем аллопуринолмен бірге тағайындалған жағдайда пациенттерге 6-меркаптопурин немесе азатиоприннің әдеттегі дозасының тек төрттен бірін тағайындау керек, өйткені ксантиноксидазаның белсенділігінің бәсеңдеуі осы қосылыстардың әсер ету ұзақтығын арттырады.

Видарабин (аденин арабинозид)

Аллопуринол-ЭГИС препаратымен бір мезгілде қолданғанда видарабиннің жартылай шығарылу кезеңі артады. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда емнің күшті уытты әсеріне қатысты айрықша сақтық шараларын сақтау керек.

Салицилаттар және урикозуриялық дәрілер

Аллопуринолдың негізгі белсенді метаболиті бүйректермен несеп қышқылының тұздарымен шығарылатын оксипуринол болып табылады.

Сондықтан пробенецид секілді урикозуриялық белсенділікпен дәрілік препараттар немесе салицилаттардың жоғары дозалары оксипуринолдың шығарылуын күшейтуі мүмкін.

Өз кезегінде оксипуринолдың күшейтілген шығарылуы аллопуринолдың емдік әсерінің азаюымен қатар жүреді, әйтсе де өзара әрекеттесудің осы түрінің маңыздылығын әрбір жағдайда жекелей бағалау керек.

Аллопуринол мен хлорпропамидті бір мезгілде қолданғанда өзекшелік экскреция кезеңінде аллопуринол мен хлорпропамид өзара бәсекелесетін болғандықтан бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде ұзақ гипогликемия қаупі артады.

Хлорпропамид

Өзекшелік экскреция кезеңінде аллопуринол мен хлорпропамид өзара бәсекелесетін болғандықтан, аллопуринол мен хлорпропамидті бір мезгілде қолданғанда бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде ұзаққа созылған гипогликемия даму қаупі артады.

Кумарин туындылары антикоагулянттар

Аллопуринолмен бір мезгілде қолданғанда варфарин және кумарин туындыларының басқа антикоагулянттары әсерінің күшеюі байқалды. Осыған байланысты осы препараттармен қатар жүретін ем қабылдайтын пациенттерде жағдайын мұқият бақылау керек.

Фенитоин

Аллопуринол фенитоинның бауырдағы тотығуын басуға қабілетті, әйтсе де осы өзара әрекеттесудің клиникалық мәні анықталған жоқ.

Теофиллин

Аллопуринолдың теофиллиннің метаболизмін бәсеңдететіні белгілі.

Осы өзара әрекеттесуді теофиллиннің адам организмінде биотрансформациясы үдерісіне ксантиноксидазаның қатысуымен түсіндіруге болады. Теофиллиннің қан сарысуындағы концентрациясын аллопуринолмен қатар емдеудің басында, сондай-ақ соңғысының дозасы жоғарылауында бақылау керек.

Ампициллин мен амоксициллин

Ампициллин немесе амоксициллин және аллопуринолды бір мезгілде қабылдаған пациенттерде осындай қатар жүретін ем қабылдаған пациенттермен салыстырғанда тері тарапынан реакцияның даму жиілігінің артуы тіркелді. Дәрілік өзара әрекеттесудің осы түрінің себебі әзірше анықталмаған. Әйтсе де, аллопуринол қабылдайтын пациенттерге ампициллин мен амоксициллиннің орнына басқа антибактериальді препараттар тағайындау ұсынылады.

Циклофосфамид, доксорубицин, блеомицин, прокарбазин, мехлорэтамин

Ісік ауруларымен (лейкемиядан басқа) және аллопуринол қабылдайтын пациенттерде циклофосфамидпен және басқа цитоуытты препараттармен сүйек кемігі қызметінің күшейтілген бәсеңдеуі байқалды. Әйтсе де, бақыланатын зерттеу нәтижелеріне сәйкес циклофосфамид, доксорубицин, блеомицин, прокарбазин мен (немесе) мехлорэтамин (хлорметин гидрохлориді) қабылдайтын пациенттердің қатысуымен аллопуринолмен қатар жүретін ем осы цитоуытты препараттардың уытты әсерін күшейткен жоқ.

Циклоспорин

Кейбір хабарларға сәйкес, циклоспориннің қан плазмасындағы концентрациясы аллопуринолмен қатар емдеу аясында артуы мүмкін. Осы препараттарды бір мезгілде қолданғанда циклоспориннің уыттылығының күшею мүмкіндігін ескеру керек.

Диданозин

Дені сау еріктілер мен аллопуринолмен қатар емдеу аясында (тәулігіне 300 м) диданозин қабылдайтын АИТВ-инфекцияланған пациенттерде, диданозиннің Cmax (препараттың қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясы) және AUC (концентрация-уақыт қисығы астындағы аудан) шамамен 2 есе жоғарылауы байқалды. Бұл кезде диданозиннің жартылай шығарылу кезеңі өзгермейді. Әдетте осы дәрілік препараттарды бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Егер қатар жүретін емсіз болмайтын болса, диданозиннің дозасын төмендету және пациенттің жағдайын мұқият бақылау қажет болуы мүмкін.

АӨФ тежегіштері

АӨФт аллопуринолмен бір мезгілде қолдану лейкопения даму қаупінің артуымен қатар жүреді, осылайша, осы препараттарды сақтықпен біріктіру керек.

Тиазидті диуретиктер

Қан сарысуында ураттар мен плазма оксипуринолының жоғарылауына әкелетін аллопуринол мен фуросемид арасындағы өзара әрекеттесу туралы хабарланды.

Бүйрек функциясының бұзылуымен пациенттерде аллопуринолды әсіресе тиазидті диуретиктермен бір мезгілде қолданғанда аса жоғары сезімталдық реакциясының даму қаупінің артуы туралы хабарланды.

Айрықша нұсқаулар

Аллопуринол-ЭГИС препаратымен емдегенде Стивенс-Джонсон синдромы (СДС) және уытты эпидермальді некролиз (УЭН) секілді тері тарапынан өмірге қауіп төндіретін реакцияның дамуы туралы хабарланды.

Пациенттерді осы жағдайлардың симптомдары мен белгілері туралы ескерту және тері тарапынан реакциялардың дамуы туралы мұқият бақылау жүргізу керек. ССД және ТЭН даму мүмкіндігі емнің бастапқы апталарында жоғарырақ.

Тері бөртпесі немесе аса жоғары сезімталдық реакциялары (жиі күлбіреуіктер немесе шырыштардың зақымдануымен қатар жүретін өршімелі тері бөртпесі) пайда болғанда Аллопуринол-ЭГИС препаратымен емді дереу тоқтату керек. ССД және ТЭН емдеу олар ерте диагностикаланғанда және күдікті дәрілік заттарды дереу тоқтатқанда ең тиімдісі болып табылады, осы препараттарды жедел тоқтату ең жақсы прогноз болып саналады. Егер пациентте Аллопуринол-ЭГИС препаратын қабылдаумен өзара байланысты ССД немесе ТЭН дамыса, онда Аллопуринол-ЭГИС таблеткаларын қайтадан тағайындауға болмайды.

ССД және ТЭН аса жоғары сезімталдық синдромы

Аллопуринолға аса жоғары сезімталдық реакциясының манифестациясы макулопапулезді экзантеманы, дәрілік аса жоғары сезімталдық синдромын (DRESS) және СДС/УЭН қоса әртүрлі болуы мүмкін. Бұл реакциялар клиникалық диагноз болып табылады және олардың клиникалық біліністері сәйкес шаралар қабылдау үшін негіз болып табылады.

Аллопуринол-ЭГИС препаратымен емді тері бөртпесі немесе аса жоғары сезімталдық реакциясының басқа біліністерінде дереу тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдық синдромымен және СДС/УЭН пациенттерде емді жаңғыртуға болмайды. Кортикостероидтар аса жоғары сезімталдықта тері реакцияларын емдеу үшін қолданылуы мүмкін.

Бүйрек функциясының созылмалы бұзылуында

Бір мезгілде диуретиктер, әсіресе тиазидтер қабылдайтын, бүйрек функциясының созылмалы бұзылуымен пациенттерде аллопуринолды, оның ішінде СДС/УЭН де қабылдаумен байланысты аса жоғары сезімталдық реакциясының дамуына қатысты үлкен қауіп бар.

Аса жоғары сезімталдық синдромын немесе СДС/УЭН дамуын мұқият қадағалау керек. Пациенттерге осындай симптомдардың алғашқы білінісінде емді дереу тоқтату және басқа қабылдауға болмайды.

Аллель HLA-B*5801

HLA-B*5801 аллелдерінің болуы аллопуринолмен туындаған СДС/УЭН даму қаупінің факторы болып табылатыны (және, бәлкім басқа аса жоғары сезімталдық реакцияларының) анықталған, оны Хань қытайлықтар, тайландықтар, кореялықтар, жапондықтар және еуропалықтар популяциясындағы жағдай-бақылау типті ретроспективті фармакогенездік зерттеулер нәтижесі білдіреді.

HLA-B*5801 аллелінің болу жиілігі тек 1-2% жапондықтар, солтүстік еуропалықтар және еуропа тектес американдықтар ғана HLA-B*5801 аллелінің тасымалдаушысы болғанда, қытайлықтардың Хань популяциясында және шығу тегі африкалық және үнді тұлғаларда 20-30% жетуі мүмкін,

Аллопуринолмен емді бастағанға дейін осы аллельге генотиптеуді қолдану мүмкіндігін саралау талапқа сай болып табылады. Егер пациенттің HLA-B*5801 тасымалдаушысы екендігі анықталса, онда аллопуринолды тек егер емнің басқа әдістері болмаса және емнің пайдасы болуы мүмкін қаупінен басым болса ғана ғана тағайындау керек.

HLA-B*5801 аллелінің тасымалдаушысы болып табылмайтын пациенттерде СДС/УЭН дамуының аздаған қаупі бар. Клиникалық СДС/УЭН диагнозы және басқа да аса жоғары сезімталдық реакциялары емдік шешім қабылдау үшін негіз болады. Егер осындай реакциялар емдеу аясында кез келген уақытта дамыса, аллопуринолды емді жаңғырту мүмкіндігінсіз дереу тоқтату керек. Кортикостероидтар аса жоғары сезімталдықта тері реакцияларын емдеу үшін қолданылуы мүмкін.

Бүйрек немесе бауыр функциясының бұзылуымен пациенттерді емдеуде аллопуринолдың дозасын төмендету керек. Артериялық гипертензия немесе жүрек жеткіліксіздігімен байланысты ем қабылдайтын пациенттерде (мысалы, диуретиктер немесе АПФ тежегіштерін қабылдайтын пациенттер) бүйрек функциясының қатар жүретін бұзылуы байқалуы мүмкін, сондықтан пациенттердің осы тобында аллопуринолды сақтықпен қолдану керек.

Симптомсыз гиперурикемия

Өздігінен аллопуринол-ЭГИС препаратын қолдануға көрсетілім болып табылмайды. Осындай жағдайларда пациенттердің жағдайының жақсаруына гиперурикемияның негізгі себебін қайтарумен қатар диетаны және сұйықтықтар қабылдауды өзгерту арқылы қол жеткізуге болады.

Подаграның жедел ұстамасы

Аллопуринолды подаграның жедел ұстамасын толық қайтарғанша қолдануға болмайды, өйткені ол аурудың қосымша асқынуына түрткі болуы мүмкін.

Осыған ұқсас урикозуриялық дәрілермен ем аллопуринолмен емнің басында подагралық артриттің жедел ұстамасына түрткі болуы мүмкін. Осы асқынудан аулақ болу үшін, сәйкес қабынуға қарсы препараттармен немесе колхицинмен аллопуринол тағайындағанға дейін кем дегенде бір ай ішінде профилактикалық ем жүргізу ұсынылады.

Ұсынылған дозалар, сақтандырулар және сақтандыру шаралары туралы деректерді сәйкес әдебиетте табуға болады.

Егер подаграның жедел ұстамасы аллопуринолмен емдеу аясында дамыса, онда препаратты қабылдауды сол дозада жалғастыру, ал ұстаманы емдеу үшін сәйкес келетін қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер тағайындау керек.

Ксантиннің жзинақталуы

Ураттардың түзілуі айтарлықтай жоғарылаған жағдайда (мысалы, қатерлі ісік және сәйкес ісікке қарсы ем, Леш-Найхан синдромы), ксантиннің несептегі абсолютті концентрациясы тек сирек жағдайда ксантиннің несеп жолдарының тіндерінде жинақталуына ықпал ететін деңгейлерге жетуі мүмкін. Ксантиннің тіндерде жинақталу мүмкіндігін талапқа сай гидратация нәтижесінде жоққа шығаруға болады, ол несептің оңтайлы сұйылтылуымен қамтамасыз етеді.

Несеп қышқылындағы конкременттердің әсері.

Аллопуринолмен талапқа сай ем несеп қышқылындағы ірі конкременттердің еруіне және соның салдарынан осы конкременттердің несепағарға кептеліп қалуының төмендеу мүмкіндігіне әкелуі мүмкін.

Гемохроматоз

Аллопуринолдың подаграны емдеуде негізгі әсері ксантиноксидаза ферменті белсенділігінің бәсеңдеуі болып табылады. Ксантиноксидаза бауырда жинақталған темірдің құрамының азаюына және шығарылуына қатысуы мүмкін. Гемохроматозбен пациенттерде аллопуринолмен емдеу қауіпсіздігін білдіретін зерттеулер жүргізілген жоқ. Гемохроматозбен пациенттерге, сондай-ақ олардың қандас туыстарына аллопуринолды сақтықпен тағайындау керек.

100 мг Аллопуринол-ЭГИС таблеткаларының құрамында лактоза бар.

100 мг Аллопуринол-ЭГИС препаратының әр таблеткасының құрамында - 50 мг лактоза бар. Галактозаны көтере алмаушылық, лактаза тапшылығы немесе глюкозо-галактоза мальабсорбциясы секілді сирек кездесетін туа біткен аурулармен пациенттерге осы препаратты қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бұл препарат нақты жағымсыз әсерлерсіз көптеген жылдар бойы кең қолданылғанмен жүктілік кезінде аллопуринолмен емдеу қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіз.

Жүктілік кезінде препаратты қабылдаумен салыстырғанда, төндіретін қауіптілігі аздау баламалы ем жоқ болғанда және препарат қабылдаумен салыстырғанда ауру анасы мен ұрық үшін үлкен қауіп төндіргенде Аллопуринол-ЭГИС препаратын қолдануға болмайды.

Бар хабарларға сәйкес, аллопуринол мен оксипуринол емшек сүтімен бөлініп шығады. Аллопуринолды тәулігіне 300 мг дозада қабылдайтын әйелдерде аллопуринол мен оксипуринолдың емшек сүтіндегі концентрациясы, сәйкесінше, 1,4 мг/л және 53,7 мг/л. Әйтсе де, аллопуринол мен оның метаболиттерінің емшекпен қоректендірілудегі сәбилерге әсері туралы деректер жоқ. Осылайша, Аллопуринол-ЭГИС таблеткасының препараты емшекпен қоректендіру кезінде ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Аллопуринолмен емдеу аясында көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал етуі мүмкін ұйқышылдық, бас айналуы (вертиго) және атаксия секілді жағымсыз реакциялардың дамуы байқалды.

Аллопуринол-ЭГИС препаратын қабылдайтын пациенттерге аллопуринол осы қабілеттерге жағымсыз әсер етпейтініне көз жеткенше көлік құралдарын және механизмдерді басқаруға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу, диарея, бас айналу 20 г аллопуринол қабылдаған пациенттерде байқалды.

Жағымсыз әсерлерінің дамуынсыз 22.5 г аллопуринолды қабылдау туралы хабарлар бар. Ауыр артық дозалану ксантиноксидаза белсенділігінің айтарлықтай бәсеңдеуіне әкелуі мүмкін. Өздігінен осы әсер жағымсыз реакциялармен қатар жүрмеуі керек.

Қатар емге, әсіресе 6-меркаптопуринмен және (немесе) азатиопринмен емдеуге әсері қамтылмайды.

Емі: өзіне тән арнайы у қайтарғысы белгісіз. Оңтайлы диурезді демейтін талапқа сай гидратация аллопуринол мен оның туындысының несеппен шығарылуына ықпал етеді. Клиникалық көрсетілімдер болғанда гемодиализ көрсетілімде.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 (300 мг доза үшін) және 50 (100 мг доза үшін) таблеткадан шыны құтыларға арналған қатпарлы амортизатормен жабдықталған және алғашқы ашылуы бақыланатын полиэтилен қақпақпен тығындалған қоңыр шыныдан жасалған құтыларда. 1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшада.

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

30 °С- ден аспайтын температурада (100 мг доза үшін).

25 °С-ден аспайтын температурада (300 мг доза үшін)

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«ЭГИС ФАРМАЦЕВТИЧЕСКИЙ ЗАУЫТЫ» ЖАҚ

1106 БУДАПЕШТ, Керестури к-сі, 30-38 Венгрия

Телефон: (36-1) 803-5555, факс: (36-1) 803-5529

Тіркеу куәлігінің иесі

«ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ, Венгрия

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы туралы түскен шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

ҚР-дағы «ЭГИС Фармацевтикалық зауыты» ЖАҚ өкілдігі

050060, Алматы қаласы, Жароков көшесі, 286 Г

тел: + 7 (727) 247 63 34, +7 (727) 247 63 33, факс: + 7 (727) 247 61 41,

e-mail: egis@egis.kz

Прикрепленные файлы

921757671477976280_ru.doc 103 кб
370222561477977466_kz.doc 142 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники