Аллергозан® (таблетки, 25 мг)

МНН: Хлоропирамин
Производитель: СОФАРМА АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Chloropyramine
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011297
Информация о регистрации в РК: 16.11.2018 - бессрочно
Номер регистрации в РБ: 8400/07/12/17
Информация о регистрации в РБ: 04.10.2017 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора
ЕД (Включено в Список ЛС в рамках ГОБМП, подлежащих закупу у Единого дистрибьютора)
Предельная цена закупа в РК: 21.61 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

АЛЛЕРГОЗАН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Хлоропирамин

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат 25 мг хлоропирамин гидрохлориді бар,

қосымша заттар: лактоза моногидраты, бидай крахмалы, микрокристалды целлюлоза (101 типі), натрий кармеллозасы, тальк, магний стеараты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы,

қабықтың құрамы: негізгі бутилметакрилат сополимері, полисорбат 80, желатин; шашыратып кептірілген гуммиарабик; тальк, титанның қостотығы (Е171), сахароза, макрогол 6000, глицерол.

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі жақ беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған, беткейі жылтыр, дұрыс формалы таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелік әсер ететін антигистаминдік препараттар. Орнын басушы этилендиаминдер. Хлоропирамин.

ATХ коды R06AC03

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі

Пероральді түрде қолданғанда асқазан-ішек жолынан тез және түгел сіңеді. Ең жоғары концентрацияға 1-2 сағаттан кейін жетеді.

Таралуы

Енгізілу жолына қарамай-ақ, хлоропирамин организмде біркелкі таралады, гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді, онда Н1-рецепторлармен байланысады. Хлоропираминнің қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы 7,9% құрайды. Байланысуының жоғарғы шегі pH 6,8-7,4 кезінде байқалды.

Метаболизмі

Бауырда метаболизденеді.

Шығарылуы

Бүйректер арқылы негізінен белсенді емес метаболиттер түрінде шығарылады.

Хлоропираминнің шығарылуы балаларда ересектерден жылдамырақ болуы мүмкін.

Бүйрек қызметі бұзылғанда хлоропираминнің шығарылуы азаюы мүмкін.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінде хлоропирамин метаболизмінің төмендеуіне байланысты препарат дозасын түзету қажет.

Фармакодинамикасы

Хлоропирамин – этилендиамин туындысы, Н1-гистаминдік рецепторлардың классикалық („ескі” немесе алғашқы буындық) блокаторы.

Хлоропирамин гистаминнің әсерінен болған вазодилатацияны, қантамырлардың жоғары өткізгіштігін және тіндердің ісінуін жояды. Антигистаминдік әсерімен қатар, хлоропираминнің антихолинергиялық қасиеттері бар және оны жүйелік қолданғанда ауыздың шырышты қабығының құрғауы, іш қату, көрудің бұзылуы және көзішілік қысымның жоғарылауы, несептің іркілуі сияқты жағымсыз мускариндік әсерлерді тудыруы мүмкін. Гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және орталық жүйке жүйесінде Н1-рецепторлармен байланысады. Осының нәтижесінде седативтік әсерлері, басқа Н1-рецепторларының антагонистерін қолданған кездегідей, ұйқышылдық, әлсіздік сезімі және шаршау, бас айналу болуы мүмкін. Құсуға қарсы әлсіз әсер береді.

Парентеральді түрде қолданғанда хлоропираминнің әсері тез басталады.

Пероральді түрде қолданғаннан кейін әсері 15-30 минут өткен соң басталады, ең жоғары емдік әсерге 1 сағаттан соң жетеді, әсер ету ұзақтығы 3-6 сағатты құрайды.

Қолданылуы

Симптоматикалық ем

- маусымдық аллергиялық ринитте, конъюнктивитте

- есекжемде, қышытатын дерматозда, жанаспалы дерматитте, жәндіктер шаққанда, дермографизмде

- дәрілік және тағамдық аллергияда

Пероральді түрде қолданғанда хлоропирамин айқын седативтік әсер беретіндігін ескеру қажет.

Қолдану тәсілі және дозалары

Таблеткаларды тамақтану кезінде бүтіндей сумен ішіп қабылдайды.

Дозалануы

Ересектерге және 14 жастан асқан жасөспірімдерге: күніне 3-4 рет 1 таблеткадан (25 мг).

Ең жоғары тәуліктік дозасы дене салмағының әр кг-на шаққанда 2 мг құрайды. Анафилактикалық шокта немесе жедел және ауыр аллергиялық реакцияларда емдеуді инъекцияға арналған ерітіндіні көктамыр ішіне баяу енгізуден басталуы тиіс, содан кейін бұлшықет ішіне енгізуге, оның артынан алғашқы мүмкін болған жағдайда пероральді қолдануға көшуге болады.

Егде жастағы емделушілерде (65 жастан асқан) және жүдеу науқастарда дәрілік препаратты қолданғанда, жағымсыз әсерлеріне қатысты антигистаминдік препараттарға жоғары сезімталдықтың білінуіне байланысты, аса сақ болу қажет етіледі.

Бауыр қызметі бұзылғанда, препараттың белсенді компонентінің метаболизмі бауыр ауруында төмендейтініне байланысты, дозаны төмендету қажет етіледі.

Бүйрек қызметі бұзылғанда препаратты қабылдау режимін өзгерту және, белсенді компоненті бүйректер арқылы шығарылатындықтан, дозаны төмендету қажет етілуі мүмкін.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы симптомдардың типіне және айқындылығына байланысты.

Алғашқы 2-3 күнде АЛЛЕРГОЗАН® тиімсіз болған жағдайда басқа топтарға жататын препараттарды қолдану жөніндегі мәселені қарастыру қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз әсерлері ағзалар тобы және жиілігі бойынша берілген. Жиілігі былайша анықталады: өте жиі (≥ 1/10), жиі (≥ 1/100 – <1/10), жиі емес (≥ 1/1 000 – <1/100), сирек (≥ 1/10 000 – <1/1 000), өте сирек (< 1/10 000), жиілігі белгісіз (қолда бар деректер негізінде баға беруге келмейді)

Хлоропираминді пероральді түрде қолданғанда келесі жағымсыз әсерлер болуы мүмкін:

Сирек:

– ұйқышылдық, әлсіздік, енжарлық, шаршау, бас айналу, атаксия, тремор, құрысулар, бас ауыру, эйфория, энцефалопатия, әдеттен тыс реакциялар (қатты қозғыштық, күйгелектік, тітіркенгіштік, ұйқысыздық), балаларда және егде жастағы науқастарда өте жиі және көбірек білінеді

– көрудің бұлдырауы, көзішілік қысымның жоғарылауы және глаукома ұстамасы

– аритмия, тахикардия, гипотензия

– несептің бөлініп шығуының қиындауы, несептің іркілуі

– лейкопения, агранулоцитоз, гемолитикалық анемия, қанның басқа да дискразиялары

Өте сирек:

– эпигастрия аймағында жайсыздық, ауыз ішінің құрғауы, жүректің айнуы, құсу, іш қату, диарея, анорексия немесе тәбеттің күшеюі, асқазанның ауыруы

– фотосенсибилизация

Жиілігі белгісіз

– аллергиялық реакциялар

– миопатия

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне, этилендиаминнің, хлоропираминнің басқа да туындыларына асқын сезімталдық

  • демікпе ұстамасы

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • пилородуоденальді стеноз

  • қант диабеті

  • тұқым қуалайтын лактоза, фруктоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сукраза-изомальтаза жеткіліксіздігі және т.б. (Айрықша нұсқаулар тарауын қараңыз)

  • асқазанның және он екі елі ішектің ойық жара ауруының асқыну сатысы

  • жабық бұрышты глаукома

  • 14 жасқа дейінгі балалар

  • қуықасты безінің гипертрофиясы.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Хлоропираминді жүйелік қолданғанда клиникалық маңызы бар бірқатар дәрілік өзара әрекеттесулер болуы мүмкін.

Фармакодинамикалық дәрілік өзара әрекеттесулер

Хлоропирамин орталық жүйке жүйесін тежейтін басқа да дәрілік заттардың (седативтік, ұйықтататын дәрілер, наркозға арналған дәрілер, транквилизаторлар, симпатолитиктер, анксиолитиктер, есірткілік анальгетиктер) әсерін потенциялауы мүмкін.

Оны басқа антигистаминдік дәрілік препараттармен бір мезгілде қолдану олардың жағымсыз әсерлерінің өзара потенциялануына әкелуі мүмкін.

Үшциклдік антидепрессанттар хлоропираминнің седативтік әсерін және атропинге ұқсас жағымсыз әсерлерін потенциялауы мүмкін.

Атропинді, атропинге ұқсас әсер ететін дәрілік препараттарды және хлоропираминді бір мезгілде қолданғанда несептің іркілуі, іш қату, ауыз ішінің құрғауы сияқты жағымсыз әсерлердің пайда болу қаупі артады.

Кофеинді немесе фенаминді хлоропираминмен бір мезгілде қолдану оның ОЖЖ-ге әсерінің азаюына немесе жойылуына әкеледі.

Хлоропираминді МАО тежегіштерімен бір мезгілде қолдану жағымсыз әсерлерін күшейтуі мүмкін. Осындай қауіпті болдырмау үшін, моноаминоксидаза тежегіштерін қолдануды тоқтатқаннан кейін екі апталық аралық жасау қажет.

Алкоголь хлоропираминнің орталық жүйке жүйесіне депрессивтік әсерін күшейтеді.

Отоуытты дәрілік препараттардың уытты әсерлері хлоропираминмен бүркемеленуі мүмкін.

Антигистаминдік препараттарды қолданған кезде аллергендерді анықтау үшін тері сынамасын жүргізгенде реакциялар тежелуі мүмкін, сондықтан оларды дәрілік препараттармен емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше күн бойы жүргізбеген жөн.

Фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесулер

Хлоропираминнің фармакокинетикалық дәрілік өзара әрекеттесулері жөнінде деректер жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Атропинге ұқсас әсерінің болуына байланысты, хлоропираминді гипертиреозы, жүрек-қантамыр аурулары, бауыр аурулары бар емделушілерге абайлап қолданған жөн.

Хлоропираминмен пероральді түрде емдегенде гастроэзофагеальді рефлюкс ауруының симптомдары күшеюі мүмкін.

Хлоропираминді пероральді түрде қолданғанда отоуытты дәрілік препараттардың уыттық симптомдары бүркемеленуі мүмкін.

Хлоропираминнің орталық жүйке жүйесін төмендететін әсерлері алкогольмен күшеюі мүмкін, сондықтан оны дәрілік препаратпен емдеу кезінде қолданбаған жөн.

Антигистаминдік препараттармен емдеген кезде, сирек болса да, гематологиялық бұзылуларды (лейкопения, агранулоцитоз, тромбоцитопения, гемолитикалық анемия) байқауға болады. Дене температурасының түсініксіз жоғарылауы, ларингит, тамақтың қызаруы, сарғаю, бозару, теріастылық қан тебулер, күтпеген қан кетулер, қан көрінісінің өзгерулері пайда болғанда хлоропираминмен емдеуді дереу тоқтатқан жөн.

Дәрілік препараттар құрамында қосымша зат ретінде лактоза бар. Галактоза жақпаушылығы, Лапп лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар емделушілер бұл дәрілік препаратты қабылдамауы тиіс. Дәрілік препаратта бидай крахмалы бар. Бидай крахмалында глютеннің қалдық іздері ғана болуы мүмкін және целиакиясы бар адамдар үшін қауіпсіз деп саналады.

Таблетканы жауып тұрған қабықтың құрамында сахароза бар. Фруктоза жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сукраз-изомальтаза жеткіліксіздігі сияқты сирек тұқым қуалайтын проблемалары бар емделушілер бұл дәрілік препаратты қолданбауы тиіс.

Егде жастағыларға қолданылуы

Хлоропираминмен 65 жастан асқан емделушілерге пероральді немесе инъекциялық ем жүргізгенде бас айналу, седация және гипотензия пайда болуы мүмкін.

Педиатрияда қолданылуы

Хлоропираминмен жасөспірімдерді емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі тиіс, өйткені оларда хлоропираминнің атропинге ұқсас қозу әсерлері өте айқын білінеді.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік

Жүктілік кезінде хлоропираминмен ем жүргізуге болмайды.

Емшек емізу

Емшек емізу кезінде хлоропираминмен ем жүргізуге болмайды. Емшек емізіп жүрген әйелдерді хлоропираминмен емдеу қажет болған жағдайда, емшек емізуді тоқтатқан жөн.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

АЛЛЕРГОЗАН® жүйелік қолданылғанда көлікті басқару және қозғалыстағы механизмдермен жұмыс жасау қабілетіне орташа дәрежеде ықпалын тигізеді.

АЛЛЕРГОЗАНды® пероральді немесе инъекциоялық түрде қолданғанда ұйқышылдық, үйлесімнің бұзылуы және реакциялардың баяулауы пайда болуы мүмкін. Егер көлік жүргізушілерді және машина операторларын АЛЛЕРГОЗАНмен® емдеу қажет болса, олар зейінді жұмылдыруды және реакция шапшаңдығын қажет ететін қызмет түрлерін тоқтата тұруы керек.

Артық дозалануы

Хлоропираминді жүйелік қолданған кездегі артық дозалану симптомдары

Балаларда: мидриаз, гиперемия, гипертермия, үйлесімнің бұзылуы, мазасыздық, қозу, елестеулер, құрысулар, тахикардия, кома.

Ересектерде: бас айналу, ұйқышылдық, рефлекстердің және зейіннің белсенділігінің басылуы, кома байқалады; психомоторды қозу, құрысулар, сирек гипертермия және тері гиперемиясы болуы мүмкін.

Емі

Өзіне тән арнайы у қайтарғысы жоқ. Симптоматикалық ем жүргізіледі: асқазанды шаю, хлоропираминді пероральді түрде қолданғанда белсенділендірілген көмір, су-тұз ерітінділерін қолдану, тыныс алу және жүрек-қантамырлық реанимация жүргізу керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Поливинилхлоридті қатты, түссіз, мөлдір үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 20 таблеткадан.

Пішінді ұяшықты 1 қаптама медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге бір жағы пигментпен жабылған картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, құрғақ және жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

„Софарма” АҚ

Илиенский тас жолы к-сі 16

1220 София, Болгария

Тіркеу куәлігінің иесі

„Софарма” АҚ, Болгария

Тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Алматы қаласындағы «Софарма» АҚ саудалық өкілдігі, Қазақстан, 050036, «Мамыр 4» ы/а, 190 үй.

Телефон нөмірі: 7 (727) 380 01 03, 380 01 37, 380 01 42 (ішкі 108)

Факс нөмірі: 7 (727) 381 63 86

Электронды поштасы: info@sopharma.kz

 

Прикрепленные файлы

640068491477976809_ru.doc 82.5 кб
687276041477977966_kz.doc 83.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ