Акридерм (0.05 %)

МНН: Бетаметазона дипропионат
Производитель: Акрихин Химико-фармацевтический комбинат ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Betamethasone
Номер регистрации в РК: РК-ЛС-5№023316
Информация о регистрации в РК: 03.11.2022 - 03.11.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Акридерм

Халықаралық патенттелмеген атауы

Бетаметазон

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған 0,05 % жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді зат: бетаметазон дипропионаты – 0.064 г, (бетаметазонға баламалы) 0,05 г

қосымша заттар: пропилпарагидроксибензоат (нипазол) – 0.05 г, сұйық парафин (вазелин майы) – 4 г, изопропилмиристат – 1 г, вазелин – 100 г дейін.

Сипаттамасы

Ақтан сарғыш реңді ақ түске дейінгі жартылай мөлдір жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Глюкокортикостероидтар. Белсенді глюкокортикостероидтар (ІІІ топ). Бетаметазон.

АТХ коды D07АC01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препаратты емдік дозада теріге қолданған кезде белсенді заттың қанға трансдермальді сіңірілуі өте елеусіз. Окклюзиялық таңғышты қолдану, қабыну және тері аурулары бетаметазонның трансдермальді сіңірілуін арттырады, бұл жүйелі жағымсыз әсерлердің даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін.

Фармакодинамикасы

Акридерм – сыртқа қолдануға арналған глюкокортикостероид. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы, антиэкссудативті, тамырды тарылтатын, қышынуға қарсы және пролиферацияға қарсы әсер етеді. Лейкоциттердің жинақталуын, лизосомалық ферменттердің және қабынуға ошағындағы қабынуға қарсы медиаторлардың босатылуын тежейді, фагоцитозды бәсеңдетеді, қантамыр-тіндік өткізгіштікті азайтады, қабыну ісінуінің түзілуіне кедергі келтіреді.

Терінің беткейіне жаққан кезде препарат объективті симптомдардың (эритема, ісіну, лихенификация) және субъективті сезімнің айқындылығын (қышыну, тітіркену, ауыру) төмендете отырып, қабыну ошағында жылдам және күшті әсер етеді.

Қолданылуы

Глюкокортикостероидтық емге берілетін барлық типті экземалар және дерматиттерде, оның ішінде:

- атопиялық дерматит;

- фотодерматит;

- қызыл жалпақ теміреткі, қарапайым теміреткі;

- түйінді қышыма;

- дискоидты қызыл жегі;

- липоидты некробиоз, претибиальді микседема;

- эритродермия;

Препарат сондай-ақ жайылған псориазды қоспағанда бас терісі псориазы және созылмалы шектеулі қол және аяқ псориазы кезінде тиімді.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Акридерм жақпамайын терінің зақымданған аумағына жұқа қабатпен күніне 2 рет – таңертең және кешке, жеңіл ысқылай отырып жағады. Терісі тығыз аумаққа (мысалы, шынтақ, алақан және табан), сондай-ақ препарат оңай сүртілетін жерден Акридерм жақпамайын жиірек жағуға болады. Емдеудің ұзақтығы емнің тиімділігі мен көтерімділігіне байланысты болады және әдетте 4 аптадан аспайды. Жылдың ішінде емді бірнеше рет қайталауға болады. Егер клиникалық жақсару болмаса диагнозды нақтылау қажет. Балаларда және бет терісінің зақымдануы бар науқастарда емдеу курсы 5 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Әдетте, әлсіз айқын сипаты бар.

Глюкокортикостероидтарды сыртқа қолданған кезде:

- терінің қышынуы, күйдіріп-ашыту, тітіркену, терінің құрғауы,

- фолликулит, гипертрихоз, стрия,

- безеу тәрізді бөртпе («стероидты» безеулер), гипопигментация,

- периоральді дерматит, аллергиялық жанаспалы дерматит байқалуы мүмкін.

Ұзақ уақыт қолданған кезде, сондай-ақ окклюзиялық таңғышты пайдаланғанда:

- терінің мацерациясы, қайталанған инфекция, терінің атрофиясы, жергілікті гирсутизм, телеангиэктазия, терібөртпе, пурпура.

Дененің ауқымды беткейіне жаққан кезде, негізінен балаларда:

- глюкокортикостероидтардың жүйелі жағымсыз әсерлері (гипергликемия, глюкозурия, бүйрек үсті безі қыртысының функциясын қайтымды бәсеңдеуі, Иценко-Кушинг синдромының байқалуы) пайда болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- бетаметазонға немесе препараттың басқа компоненттеріне жоғары сезімталдық

- терінің туберкулезі, сифилистің тері белгілері, бактериялық, зеңдік, вирустық (желшешек, қарапайым герпес) тері аурулары

- терінің вакцинадан кейінгі реакциялары

- ашық жарақаттар, сирақтың трофикалық ойық жарасы

- розацеа, қарапайым безеу

- терінің обыры, невус, атерома, меланома

- гемангиома, ксантома, саркома

- лактация кезеңі

- 1 жасқа дейінгі балалар

Сақтықпен

Ұзақ уақыт қолданған немесе ауқымды беткейге жаққан кезде: катаракта, қант диабеті, глаукома, туберкулез кезінде.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты беттің терісіне ұзақ уақыт бойы сыртқа қолдану ұсынылмайды, себебі розацеаның, периоральді дерматиттің және безеудің дамуы мүмкін.

Емдеу курсы 5 күннен аспауы тиіс.

Акридерм жақпамайы офтальмологияда қолдануға арналмаған. Препартты көзге тигізуге болмайды. Препарат көздің шырышты қабатына тиген жағдайда катаракта, глаукома, көздің зеңдік аурулары дамуы және герпестік инфекцияның асқынуы мүмкін. Ұзақ уақыт қолданған кезде, препаратты терінің ауқымды аумағына, сондай-ақ қолтыққа және шаптың қатпарына жаққан кезде, окклюзиялық таңғышты, жөргекті пайдаланған кезде глюкокортикостероидтардың жүйелі сіңірілуі мүмкін.

1 жастан асқан балаларға препаратты тек қана қатаң көрсетілім бойынша және дәрігердің бақылауымен тағайындайды, себебі бетаметазонмен байланысты жүйелі жағымсыз әсердің дамуы мүмкін. Препаратты ауқымды беткейге және/немесе окклюзиялық таңғыштың астына қолданған кезде гипоталама-гипофизарлы-бүйрек үсті безі жүйесінің функциясын бәсеңдетуі және гиперкортицизм симптомының дамуы мүмкін, өсу гормоны шығарулының төмендеуі, бассүйек іші қысымының жоғарылуы бақылануы мүмкін.

1 жасқа дейінгі және одан асқан балаларда жақпамайды қолданған кезде емдеудің жалпы ұзақтығын шектеу және резорбция мен сіңірілудің (қыздыратын, бекітетін және окклюзиялық таңғыштар, жөргектер) күшеюіне әкелетін іс-шараларды болдырмау қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Глюкокортикостероидтарды жүкті әйелдерде сыртқа қолдану қауіпсіздігі анықталмаған; осы топтың дәрілік препараттарын жүктілік кезеңінде тағайындау ана үшін потенциальді пайда шарана үшін ықтимал қауіптен асатын жағдайда ғана ақталуы мүмкін. Жүктілік кезінде осы топтың препараттарын жоғары дозада немесе ұзақ уақыт бойы қолданбаған жөн.

Препаратты лактация кезеңінде қолдану қажет болған жағдайда емшек емізуді тоқтату керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Деректер жоқ

Артық дозалануы

Жедел артық дозалану ықтималдығы аз, дегенмен препараттың шектен тыс немесе ұзақ уақыт бойы қолданған кезде гиперкортицизм белгілерімен бірге жүретін артық дозалануы мүмкін: гипергликемия, глюкозурия, бүйрек безі үсті қыртысының функциясының бәсеңдеуі, Иценко-Кушинг синдромының байқалуы.

Емі: Симптоматикалық ем, препаратты ақырындап тоқтату. Қажет болған жағдайда электролиттік теңгерімді түзету.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 немесе 30 г-дан алюминий сықпада. 1 сықпадан қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен картон қорапшаға салынады.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Сақтау шарттары

15-тен 25°С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Босатылу шарттары

Рецепт арқылы.

Өндіруші ұйымның атауы және елі

«АКРИХИН «Химия-фармацевтикалық комбинаты» акционерлік қоғамы («АКРИХИН» АҚ), Ресей

142450, Мәскеу обл., Ногин ауд., Старая Купавна қ-сы,

Киров к-сі, 29.

Телефон/факс: +7 (495) 702-95-03.

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы

Қаптаушы ұйымның атауы және елі

«АКРИХИН «Химия-фармацевтикалық комбинаты» акционерлік қоғамы («АКРИХИН» АҚ), Ресей

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ-сы, Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81

Телефон нөмірі: 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық пошта infomed@santo.kz

Қазақстан Республикасы аумағында дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ-сы, Рашидов к-сі, 81,

Телефон нөмірі: 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электрондық пошта infomed@santo.kz

Прикрепленные файлы

Акридерм_мазь_рус.docx 0.04 кб
ИМП_Акридерм_мазь_каз.doc 0.06 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники