Акорта® (20 мг)

МНН: Розувастатин
Производитель: Фармстандарт-Томскхимфарм ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Rosuvastatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121980
Период регистрации: 15.01.2016 - 15.01.2021

Инструкция

Саудалық атауы

Акорта®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Розувастатин

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар 10 және 20 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

Белсенді зат - кальций розувастатині – 10,4 мг немесе 20,8 мг (сусыз затқа шаққанда, бұл розувастатиннің – 10,0 мг немесе 20,0 мг мөлшеріне баламалы),

қосымша заттар:

10 мг доза үшін - 89,50 мг лактоза моногидраты (сүтті қант), микрокристалды целлюлоза 29,82 мг, 10,90 мг кальций гидрофосфаты (Е 341), 7,50 мг кросповидон, 1,88 мг магний стеараты;

20 мг доза үшін - 179,00 мг лактоза моногидраты (сүтті қант), 59,64 мг микрокристалды целлюлоза, 21,80 мг кальций гидрофосфаты (Е 341), 15,00 мг кросповидон, 3,76 мг магний стеараты.

Қабығы:

10 мг доза үшін - ОПАДРАЙ II 30К240001 Қызғылт (OPADRAY II 30К240001 Pink) [2,40 мг лактоза моногидраты (сүтті қант), 1,68 мг гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), 1,413 мг титанның қостотығы, 0,48 мг триацетин (глицерил триацетаты), 0,027 мг темірдің қызыл тотығы бояғышы] 6,00 мг;

20 мг доза үшін - ОПАДРАЙ II 30К240001 Қызғылт (OPADRAY II 30К240001 Pink) [4,80 мг лактоза моногидраты (сүтті қант), 3,36 мг гипромеллоза (гидроксипропилметилцеллюлоза), 2,826 мг титанның қостотығы, 0,96 мг триацетин (глицерил триацетаты), 0,054 мг темірдің қызыл тотығы бояғышы] 12,00 мг.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екі беті дөңес ақшыл-қызғылт түстен қызғылт түске дейінгі үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар. Сындырылған жері ақтан крем түстеске дейін.

Фармакотерапиялық тобы

Гипохолестеринемиялық және гипотриглицеридемиялық препараттар. ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері. Розувастатин.

АТХ коды С10АА07

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі: абсолюттік биожетімділігі – 20 %. Ас ішу сіңу жылдамдығын төмендетеді. Ең жоғарғы концентрациясына жету уақыты (ТСmax) – ішке қабылдағаннан кейін 3-5 сағат. Плаценталық бөгет арқылы өтеді.

Таралуы: розувастатин көбінесе холестерин синтезі мен ХС-ТТЛП метаболизмінің орны болып табылатын бауырда сіңіріледі. Таралу көлемі 134 л жуық. Қан плазмасы ақуыздарымен байланысуы (көбінесе альбуминмен) – 90 %.

Метаболизмі: бауырда қабылданған дозасының 10 %-ы метаболизденеді. Розувастатин Р450 цитохромы жүйесінің ферменттері арқылы жүретін метаболизм үшін профильдік емес субстрат болып табылады. CYP2C9 розувастатин метаболизміне қатысатын негізгі изофермент болып табылады, ал CYP2C19, CYP3A4, CYP2D6 изоферменттері оның метаболизміне азғантай дәрежеде қатысады.

Айналымдағы ГМГ-КоА-редуктазаны тежейтін фармакологиялық белсенділігінің 90 %-дан астамын розувастатин, қалғанын - оның метаболиттері қамтамасыз етеді. Розувастатиннің негізгі анықталған метаболиттері N-дисметил мен лактондық метаболиттер болып табылады. N-дисметилдің белсенділігі розувастатинге қарағанда шамамен 50 %-ға аз, лактондық метаболиттері фармакологиялық тұрғыдан белсенді емес.

Шығарылуы: көбінесе өзгеріссіз күйде ішек арқылы (90 %) (сіңірілген және сіңірілмеген розувастатинді қоса); қалған бөлігі – бүйрекпен шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т1/2) шамамен 19 сағатты құрайды. Жартылай шығарылу кезеңі препараттың дозасын арттырған кезде өзгермейді. Орташа геометриялық плазмалық клиренсі шамамен 50 л/сағатты құрайды (ауытқу коэффициенті 21,7 %). ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштері жағдайындағы сияқты, розувастатиннің «бауырлық» қармау үдерісіне холестериннің жарғақшалық тасымалдағышы қатысады (органикалық аниондардың тасымалдағыш протеин С), ол розувастатиннің бауырлық элиминациясында маңызды рөл атқарады.

Розувастатиннің жүйелі экспозициясы дозасына пропорционал артады. Препаратты күн сайын қабылдаған кезде фармакокинетикалық параметрлерінде өзгерістер байқалған жоқ.

Жыныс пен жас шамасы розувастатиннің фармакокинетикасына клиникалық тұрғыдан маңызды әсер етпейді.

Этникалық топтар

Фармакокинетикалық зерттеулер розувастатиннің AUC медианасы («концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы) мен Сmax (қан плазмасындағы ең жоғарғы концентрациясы) еуропалықтармен салыстырғанда, монголоидтық нәсілді пациенттерде (жапондықтарда, қытайлықтар, филиппиндіктер, вьетнамдықтар мен корейлерде) шамамен екі есе артқанын көрсетті; ұлты үнді пациенттерде AUC пен Сmax медианасының 1, 3 есе артқаны көрсетілді. Фармакокинетикалық талдаудан еуропалықтар мен негроид нәсілінің өкілдері арасындағы фармакокинетикасында клиникалық маңызды айырмашылықтар анықталған жоқ.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің айқындығы жеңіл және орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде розувастатин немесе N-дисметилдің плазмалық концентрациясы айтарлықтай өзгермейді. Бүйректің айқын жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі (КК) <30 мл/мин) розувастатиннің плазмадағы концентрациясы дені сау еріктілердегіге қарағанда 3 есе, ал N-дисметилдің плазмадағы концентрациясы - 9 есе жоғары болды. Гемодиализдегі пациенттерде розувастатиннің плазмадағы концентрациясы дені сау еріктілерге қарағанда шамамен 50 %-ға жоғары болды.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігінің Чайлд-Пью шкаласы бойынша балы 7 және одан төмен түрлі сатылары бар пациенттерде розувастатиннің T1/2 артқаны анықталды; Чайлд-Пью шкаласы бойынша 8 және 9 балдық көрсеткіші бар 2 науқаста T1/2 осыған ұқсас Чайлд-Пью шкаласы бойынша көрсеткіштері төмендеу пациенттер үшін көрсеткіштен асып, 2 есе ұзарғаны байқалды. Препараттың бауыр функциясының айқындығы елеулі бұзылулары бар (Чайлд-Пью шкаласы бойынша 9 балдан жоғары) пациенттерде қолданылу тәжірибесі жоқ.

Генетикалық полиморфизм

ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері, соның ішінде, розувастатин, ОАТР1В1 (органикалық аниондар тасымалының полипептиді, ГМГ-КоА-редуктаза тежегішін гепатоциттердің қармауына қатысатын) және BCRP (эффлюкстік тасымалдағыш) тасымалдағыш ақуыздарымен байланысады. SLCO1B1 (ОАТР1В1) c.521СС және/немесе ABCG2 (BCRP) с.421АА генотиптерінің тасымалдағыштарында SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC генотиптерінің тасымалдағыштарымен салыстырғанда, розувастатин экспозициясының (AUC) арту қаупі бар.

Фармакодинамикасы

Розувастатин 3-гидрокси-3-метилглутарил-КоА-ны холестериннің ізашары болып табылатын мевалонатқа айналдыратын фермент - гидроксиметилглутарил-коэнзим А (ГМГ-КоА)-редуктазаның селективті бәсекелес тежегіші болып табылады. Розувастатиннің әсерінің негізгі нысанасы бауыр болып табылады, ол жерде холестерин (ХС) синтезі мен тығыздығы төмен липопротеиндердің (ТТЛП) катаболизмі жүзеге асырылады. Розувастатин гепатоциттер беткейіндегі ТТЛП рецепторларының санын көбейтіп, ТТЛП қармауы мен катаболизмін арттырады. Сонымен қатар ол бауыр жасушаларындағы тығыздығы өте төмен липопротеиндердің (ТӨТЛП) ХС синтезін тежейді, сол арқылы ТТЛП менТӨТЛП жалпы мөлшерін азайтады.

Розувастатин ТТЛП холестерині, жалпы холестерин мен триглицеридтер (ТГ) концентрациясын төмендетеді, тығыздығы жоғары липопротеиндер (ХС-ТЖЛП) холестерині концентрациясын арттырады, сондай-ақ аполипопротеин В (АпоВ), ТЖеЛП холестеринінің (ХС-ТЖЛП құрамын шегере отырып жалпы ХС концентрациясын), ХС-ТӨТЛП, ТГ-ТӨТЛП концентрациясын төмендетеді және аполипопротеин А-I (АпоА-I). Розувастатин ХС-ТТЛП/ХС-ТЖЛП арақатынасын, жалпы ХС/ХС-ТЖЛП, ХС-ТЖеЛП/ХС-ТЖЛП және АпоВ/АпоА-I концентрациясын арттырады.

Гиполипидемиялық әсері тағайындалған дозасының шамасына тікелей пропорционалды.

Емдік әсері емдеуді бастағаннан кейін 1 апта ішінде дамиды, 2 аптадан соң ең жоғарғы мүмкін болатын әсерінің 90 %-ына жетеді, ең жоғарғы емдік әсеріне әдетте 4 аптадан соң жетеді және препаратты ары қарай қабылдаған кезде.

Гиперхолестеринемиясы бар немесе гипертриглицеридемиясыз (нәсіліне, жынысына немесе жас шамасына байланыссыз) ересек пациенттерде, соның ішінде қант диабеті бар пациенттер мен отбасылық гиперхолестеринемияның тұқым қуалайтын формасы бар пациенттерде тиімді.

Аддитивтік әсері фенофибратпен (ТГ концентрациясының төмендеуіне қатысты) және липидті төмендететін дозалардағы никотин қышқылымен (тәулігіне 1 г артық) біріктірілгенде байқалады (холестерин-ТЖЛП концентрациясының жоғарылауына қатысты).

Қолданылуы

- бастапқы гиперхолестеринемияда (IIa типті, отбасылық гетерозиготалы гиперхолестеринемияны қоса) немесе аралас дислипидемияда (IIb типі) диетаға қосымша ретінде, диета мен басқа дәрі-дәрмектік емес емдеу әдістері (мысалы, дене жаттығулары, дене салмағының төмендеуі) жеткіліксіз болып шыққан жағдайда

- отбасылық гомозиготалы гиперхолестеринемияда диетаға және басқа липидті төмендететін емге қосымша ретінде (мысалы, ТТЛП-аферез), немесе, мұндай ем пациентке қолайсыз болған жағдайда

- ересек пациенттерде жалпы холестерин (ЖХС) және ХС ТТЛП деңгейлерін мақсатты деңгейлерге дейін төмендетуге арналған емнің бір бөлігі ретінде атеросклероздың үдеуін баяулату үшін диетаға қосымша ретінде

- атеросклероздық жүрек-қантамыр ауруының даму қаупі жоғары ересек пациенттерде жүрек-қантамырлық асқынулардың профилактикасында қосымша ем ретінде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратпен емдеу басталғанға дейін пациент стандартты гиполипидемиялық диета ұстануды бастауы және оны емдеу кезінде жалғастыра беруі тиіс. Препараттың дозасы емдеудің мақсаты мен емдік жауабына байланысты, липидтердің мақсатты концентрациялары бойынша қазіргі заманғы жалпыға ортақ ұсынымдарды ескере отырып, жекелей таңдалуы тиіс.

Акорта® препаратын ішке, тәуліктің кез келген уақытында, ас ішуге байланыссыз, таблетканы шайнамай және ұсақтамай, тұтастай жұтып, сумен ішіп қабылдайды.

Ұсынылатын бастапқы дозасы (егер басқаша тағайындалмаса) - бұрын ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерін қабылдамаған пациенттер үшін де, ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерімен емдеуден кейін осы препаратты қабылдауға көшкен пациенттер үшін де тәулігіне 1 рет 10 мг. Бастапқы дозасын таңдаған кезде холестерин концентрациясының жекеше мәнін басшылыққа алу және жүрек-қантамырлық асқынулардың мүмкін болатын қаупін ескеру керек, сондай-ақ жағымсыз әсерлері дамуының әлеуетті қаупіне баға беру қажет.

Қажет болған жағдайда дозасын 4 аптадан соң 20 мг дейін арттыруға болады.

Препараттың төменірек дозаларымен салыстырғанда, 40 мг дозасын қабылдаған кезде жағымсыз әсерлері дамуы мүмкіндігіне байланысты, дозасын 40 мг дейін арттыруды тек, 20 мг дозасын қабылдаған кезде емдеудің күтілген нәтижесіне қол жеткізілмеген, және дәрігердің қадағалауында болатын, ауыр гиперхолестеринемиясы бар және жүрек-қантамырлық асқынулар қаупі жоғары пациенттерде (әсіресе отбасылық гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде) ғана жүргізуге болады.

Әсіресе, препаратты 40 мг дозада қабылдайтын пациенттерді мұқият қадағалау ұсынылады. 40 мг дозасын бұрын дәрігерге қаралмаған пациенттерге тағайындау ұсынылмайды. 2-4 апталық емдеуден кейін және/немесе препараттың дозасын арттырған кезде липид алмасуының көрсеткіштерін бақылау қажет (қажет болса дозасын түзету қажет).

Препаратты 40 мг дозада қабылдайтын пациенттерде, бүйрек функциясының көрсеткіштерін бақылауға алу ұсынылады.

Егде жастағы пациенттерге дозасын түзету қажет емес.

Түрлі этникалық топтарға жататын пациенттерде фармакокинетикалық параметрлерін зерттеу кезінде, жапондықтар мен қытайлықтар арасында розувастатиннің жүйелі концентрациясының артқаны байқалды. Бұл фактіні розувастатинді пациенттердің аталған топтарына тағайындаған кезде ескеру керек. 40 мг дозадағы препаратты монголоид нәсілді пациенттерге тағайындауға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер

Ауырлығы жеңіл немесе орташа дәрежелі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде дозасын түзету қажет емес. Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз) бар пациенттерде Акорта® препаратының барлық дозаларын бірдей қолдану қарсы көрсетілімді. Бүйрек функциясының орташа бұзылулары (креатинин клиренсі 60 мл/мин) бар пациенттерге препаратты 40 мг дозада қолдануға болмайды.

Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттер

Препараттың Чайльд-Пью шкаласы бойынша 9 балдан жоғары пациенттерде қолданылу тәжірибесі болмаған. Акорта® препараты белсенді фазадағы бауыр аурулары бар пациенттерге қарсы көрсетілімді (соның ішінде, «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің тұрақты жоғарылауы, сондай-ақ «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің кез келген жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 3 есе жоғарылауы кезінде).

Генетикалық полиморфизм

SLCO1B1 (ОАТР1В1) c.521СС және ABCG2 (BCRP) с.421АА генотиптерінің тасымалдағыштарында с.SLCO1B1 c.521TT және ABCG2 c.421CC генотиптерінің тасымалдағыштарымен салыстырғанда, розувастатин экспозициясының (AUC) артқаны байқалды. c.521СС және с.421АА генотиптерін тасымалдағыш пациенттер үшін препараттың ұсынылатын ең жоғарғы дозасы тәулігіне бір рет 20 мг құрайды.

Миопатияға бейім пациенттер

Миопатияның дамуына бейімділікті көрсетуі мүмкін факторлары бар пациенттерге препаратты 40 мг дозада тағайындау қарсы көрсетілімді.

Қатарлас емдеу

Розувастатин түрлі тасымалдағыш ақуыздармен (атап айтқанда, OATP1B1 және BCRP) байланысады. Акорта® препаратын розувастатиннің қан плазмасындағы концентрациясын тасымалдағыш ақуыздармен өзара әрекеттесуінің есебінен арттыратын дәрілік препараттармен (циклоспорин сияқты, ритонавирдің атазанавирмен, лопинавирмен және/немесе типранавирмен біріктірілімін қоса, кейбір АИТВ протеазалары тежегіштерімен) бірге қолданғанда миопатия қаупі (рабдомиолизді қоса) артуы мүмкін. Ондай жағдайларда баламалы ем тағайындалуының немесе Акорта® препаратын қолданудың уақытша тоқтатылуының мүмкіндігіне баға беру керек. Егер жоғарыда көрсетілген препараттарды қолдану қажет болса, күтілетін пайдасының Акорта® препаратымен қатарлас емдеудің мүмкін болатын қаупінің арақатынасына баға беру және оның дозасын төмендету мүмкіндігін қарастыру керек.

Жағымсыз әсерлері

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін қолданғандағы сияқты, жағымсыз әсерлерінің туындау жиілігі дозаға тәуелді сипатта болады.

Жағымсыз әсерлерінің туындау жиілігі: жиі (> 1/100, < 1/10); жиі емес (> 1/1000, < 1/100); сирек (> 1/10 000, < 1/1 000); өте сирек (< 1/10 000); жиілігі белгісіз (қолда бар мәліметтер бойынша есептеу мүмкін емес).

Орталық және шеткергі жүйке жүйесі тарапынан: жиі – бас ауыруы, бас айналуы, астениялық синдром; жиі емес - үрейлену, невралгия, парестезиялар, өте сирек - полинейропатия, амнезия.

Ас қорыту жүйесі тарапынан: жиі - іштің қатуы, жүрек айнуы, іш ауыруы; сирек – «бауыр» трансаминазалары белсенділігінің қайтымды, өтпелі дозаға тәуелді жоғарылауы, панкреатит; өте сирек - диспепсия (соның ішінде диарея, метеоризм, құсу), гастроэнтерит, сарғаю, гепатит.

Тыныс алу жүйесі тарапынан: жиі - фарингит; жиі емес - ринит, синусит, бронх демікпесі, бронхит, пневмония; жиілігі белгісіз - жөтел, диспноэ.

Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан: жиі емес - стенокардия, артериялық қысымның жоғарылауы, жүрек қағуын сезіну, вазодилатация симптомдары (соның шінде тері гиперемиясы).

Тірек-қимыл жүйесі тарапынан: жиі - миалгия; жиі емес - артрит, бұлшықет гипертонус, арқаның ауыруы, аяқ-қол сүйектерінің патологиялық сынулары (зақымдануларсыз); сирек - миопатия, рабдомиолиз (бүйрек функциясының бұзылуымен бір мезгілде, 40 мг дозада препаратты қабылдау аясында); өте сирек - артралгия; жиілігі белгісіз – иммунитет түрткі болған некроздық миопатия, кейде үзілулармен асқынған тендопатиялар.

Несеп шығару жүйесі тарапынан: протеинурия (1 %-дан аз жағдайда - 10 мг және 20 мг дозалары үшін, 3 % жағдай - 40 мг дозасы үшін). Көп жағдайда протеинурия азаяды немесе емдеу үдерісінде жоғалады және бүйректің жедел ауруының туындауын немесе бұрыннан бар ауруының үдеуін білдіреді; өте сирек - гематурия.

Аллергиялық реакциялар: жиі емес – тері бөртпесі, терінің қышынуы, есекжем; сирек – ангионевроздық ісіну; жиілігі белгісіз – Стивенс - Джонсон синдромы.

Зертханалық көрсеткіштер тарапынан: қан плазмасындағы глюкоза, билирубин концентрациясының, гамма-глутамилтранспептидаза белсенділігінің, сілтілік фосфатазаның жоғарылауы. Креатинфосфокиназа (КФК) белсенділігінің дозаға тәуелді жоғарылауы розувастатинді қабылдаған пациенттердің азғантай бөлігінде байқалды. Көп жағдайларда ол елеусіз, симптомсыз және уақытша болды. КФК белсенділігі жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 5 еседен артық жоғарылаған жағдайда, емдеу уақытша тоқтатылуы тиіс.

Басқа да: жиі - 2-ші типті қант диабеті; жиі емес - анемия, кеуде қуысының ауыруы, экхимоздар, тұмаутәрізді синдром, периодонтальді абсцесс; сирек - тромбоцитопения; жиілігі белгісіз – шеткергі ісінулер, гинекомастия.

Кейбір статиндерді қолданған кезде келесі жағымсыз әсерлер туралы хабарланды: депрессия, ұйқысыздық пен қорқынышты түстерді қоса ұйқы бұзылулары, сексуальді дисфункция. Бірен-саран, әсіресе препараттарды ұзақ уақыт қолданған кезде өкпенің интерстициальді ауруы жағдайлары туралы хабарланды (Айрықша нұсауларды қараңыз).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- розувастатинге немесе препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- сарысудағы трансаминазалар белсенділігінің тұрақты түрде артуы мен қан сарысуындағы трансаминазалар белсенділігінің кез келген жоғарылауын (жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 3 еседен артық) қоса, белсенді фазадағы бауыр аурулары

- бүйрек функциясының айқын бұзылулары (креатинин клиренсі 30 мл/минуттан аз)

- миопатиялар

- циклоспоринді бір мезгілде қабылдау

- жүктілік, лактация кезеңі, контрацепцияның талапқа сай әдістердің болмауы

- миоуытты асқынулардың дамуына бейімділік

- тұқым қуалайтын галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбциясы синдромы

40 мг дозасы үшін

- ауырлық дәрежесі орташа бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 60 мл/минуттан аз)

- гипотиреоз

- розувастатиннің плазмалық концентрациясының жоғарылауына алып келуі мүмкін

- фибраттарды бір мезгілде қабылдау

- азиялық нәсілді пациенттер

- сыртартқыдағы бұлшықет аурулары

- сыртартқыдағы ГМГ–КоА – редуктазаның басқа тежегіштерін немесе фибраттарды қабылдау аясындағы миоуыттылық

- алкогольді шамадан тыс пайдалану

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа препараттарды қолданудың розувастатинге әсері

Тасымалдаушы ақуыздар тежегіштері: розувастатин кейбір тасымалдаушы ақуыздармен, атап айтқанда, OATP1B1 және BCRP-мен байланысады. Осы тасымалдағыш ақуыздардың тежегіштері болып табылатын препараттарды қатарлас қолдану розувастатиннің қан плазмасындағы концентрациясының артуымен және миопатияның даму қаупінің жоғарылауымен қатар жүруі мүмкін.

Розувастатин циклоспориннің плазмадағы концентрациясына әсер етпейді. Циклоспорин розувастатиннің әсерін күшейтеді (оның шығарылуын, AUC 7 есе, Cmax - 11 есе баяулатады).

Гемфиброзил розувастатиннің әсерін күшейтеді (оның Cmax мен AUC 2 есе арттырады). Гемфиброзил, фенофибрат және басқа фибраттар мен никотин қышқылының липидті төмендететін дозалары (тәулігіне 1 г арттық) ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бір мезгілде қолданған кезде миопатияның туындау қаупін арттырады, бұл олардың өздерінің монотерапия ретінде қолданған кезде миопатия тудыруы мүмкін екендігімен байланысты болуы мүмкін.

Фибраттармен бірге тағайындаған кезде препаратты 40 мг дозада қабылдау қарсы көрсетілімді. Гемфиброзилмен тағайындаған кезде розувастатиннің дозасы тәулігіне 10 мг аспауы тиіс.

Нақты өзара әрекеттесу механизмінің белгісіздігіне қарамастан, АИТВ протеазасы тежегіштерін бірге қабылдау розувастатин экспозициясының едәуір артуына алып келуі мүмкін. Дені сау еріктілерде 20 мг розувастатинді құрамында АИТВ протеазаларының екі тежегіші (400 мг лопинавир/100 мг ритонавир) бар біріктірілген препаратпен бір мезгілде қолданылуын фармакокинетикалық зерттеу розувастатиннің AUC(0-24) мен Cmax сәйкесінше екі есе немесе бес есеге жуық артуына алып келді. Сондықтан розувастатин мен АИТВ протеазалары тежегіштерін бір мезгілде қабылдау ұсынылмайды.

Құрамында алюминий және магний иондары бар антацидтер розувастатиннің плазмалық концентрациясының шамамен 50 %-ға төмендеуіне алып келеді (антацидтерді розувастатинді қабылдағаннан кейін 2 сағаттан соң қолдану керек, мұндай өзара әрекеттесуінің клиникалық мәні зерттелмеген). Эритромицин асқазан-ішек жолының моторикасын күшейтеді, бұл розувастатиннің әсерінің төмендеуіне алып келеді (оның AUC 20 %-ға және Сmax 30 %-ға азайтады).

In vivo және in vitro зерттеулердің нәтижелері, розувастатиннің Р450 цитохромы жүйесі изоферменттерінің тежегіші де, индукторы да болып табылмайтындығын көрсетті. Бұдан өзге, розувастатин аталған ферменттер үшін профильдік емес субстрат болып табылады. Розувастатин мен флуконазол (CYP2C9 және CYP3A4 тежегішімен) және кетоконазолдың (CYP2A6 және CYP3A4 тежегішімен) арасында клиникалық маңызды өзара әрекеттесу байқалған жоқ. Розувастатин мен итраконазолды (CYP3A4 тежегішін) бірге қолдану розувастатин AUC 28 %-ға (клиникалық тұрғыдан елеусіз) арттырады. Осылайша, Р450 цитохромы арқылы жүретін метаболизмімен байланысты өзара әрекеттесулері күтілмейді.

10 мг дозадағы розувастатин мен 10 мг дозадағы эзетимибті бір мезгілде қолдану гиперхолестеринемиясы бар пациенттерде розувастатин AUC артуымен қатар жүрді. Алайда розувастатин мен эзетимибтің жағымсыз құбылыстарды туғызуға қабілетті фармакодинамикалық өзара әрекеттесуін жоққа шығаруға болмайды.

Розувастатинді қолданудың басқа препараттарға әсері

Розувастатинмен емдеуді бастау немесе препараттың дозасын жоғарылату, К витаминінің антагонистерін (мысалы, варфарин) бір мезгілде қабылдаған пациенттерде протромбиндік уақыттың ұзаруына (халықаралық қалыптасқан қатынастың (ХҚҚ) жоғарылауына) алып келуі мүмкін. Розувастатинді тоқтату немесе оның дозасын төмендету ХҚҚ азаюына алып келуі мүмкін (мұндай жағдайларда ХҚҚ мониторингілеу ұсынылады).

Розувастатин пероральді контрацептивтердің әсерін күшейтеді (этинилэстрадиол мен норгестрел AUC сәйкесінше 26 % және 34 %-ға арттырады, мұны пероральді контрацептивтердің дозасын таңдаған кезде ескеру керек). Розувастатин мен гормонорынбасушы емді бір мезгілде қолдану жөніндегі фармакокинетикалық мәліметтер жоқ, сәйкесінше, осыған ұқсас әсерін осы үйлесімін пайдаланған кезде де жоққа шығаруға болмайды.

Розувастатиннің дигоксинмен клиникалық тұрғыдан маңызды өзара әрекеттесуі күтілмейді.

Айрықша нұсқаулар

Көбінесе шығу тегі өзекшелік протеинурия, пациенттерде розувастатиннің жоғары, әсіресе 40 мг дозаларын қабылдаған кезде байқалды, бірақ көп жағдайда ауық-ауық немесе қысқа мерзімді болды. Мұндай протеинурияның жедел бүйрек ауруының туындауын немесе бұрыннан бар ауруының өршуін білдірмейтінін көрсетті. Препаратты 40 мг дозада қабылдаған пациенттерде емдеу кезінде бүйрек функциясының көрсеткіштерін бақылау ұсынылады.

Қарқынды дене жүктемелерінен кейін немесе КФК белсенділігі артуының мүмкін болатын басқа себептері болса, КФК белсенділігін анықтауды жүргізбеу керек, бұл алынған нәтижелердің қате интерпретацияларына алып келуі мүмкін. КФК бастапқы белсенділігі жоғарғы қалып шегінен 5 есе жоғарылаған кезде 5-7 күннен кейін қайтадан өлшеу жүргізу керек. Егер қайталанған тест КФК белсенділігінің бастапқыда жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 5 еседен артық жоғарылауын растаса, емдеуді бастамаған жөн.

Рабдомиолиздің қауіп факторлары бар пациенттерде емдеудің қаупі мен болуы мүмкін пайдасының арақатынасын қарастыру және барлық емдеу курсы бойына клиникалық қадағалауды жүзеге асыру қажет.

Пациентке күтпеген жерден бұлшықет ауырулары, әсіресе дімкәстанумен және қызбамен жүретін бұлшықет әлсіздігі немесе түйілулері пайда болған жағдайлар туралы дереу дәрігерге хабарлау қажеттігін айту керек. Мұндай пациенттерде КФК белсенділігі деңгейін мониторингілеуді жүзеге асыру керек. Егер КФК белсенділігі жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 5 еседен артық жоғарыласа, немесе егер бұлшықет симптомдары күрт айқындалса және күнделікті жайсыздық туғызса (тіпті, егер КФК белсенділігі жоғарғы қалып шегімен салыстырғанда 5 есе төмен болса да), емдеу тоқтатылуы тиіс. Егер симптомдары жоғалса, және КФК белсенділігі қайта қалпына келсе, препаратты немесе ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін азғантай дозаларда пациентті мұқият қадағалай отырып қайта тағайындау туралы мәселені қарастыру керек. Рабдомиолиз симптомдары болмаған кезде КФК дағдылы мониторингі талапқа сай келмейді.

Проксимальді бұлшықеттердің тұрақты әлсіздігі түріндегі клиникалық көріністермен жүретін иммунитет түрткі болған некроздаушы миопатияның және емдеу кезінде немесе статиндерді, соның ішінде розувастатинді қабылдауды тоқтатқан кезде, қан сарысуындағы КФК белсенділігі жоғарылауының өте сирек жағдайлары байқалды. Бұлшықет және жүйке жүйелеріне қосымша зерттеулер, серологиялық зерттеулер, сондай-ақ иммунодепрессивтік дәрілермен ем жүргізу қажет болуы мүмкін.

ГМГ-КоА-редуктазаның басқа тежегіштерін фиброй қышқылының туындыларымен (гемфиброзильді қоса), циклоспоринмен, липидті төмендететін дозалардағы никотин қышқылымен (тәулігіне 1 г артық), зеңге қарсы азольдік препараттармен, АИТВ протеазалары тежегіштерімен және макролидтік антибиотиктермен бірге қабылдаған пациенттерде миозит және миопатия жағдайларының саны артқаны туралы хабарланды. Гемфиброзил кейбір ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштерімен бірге тағайындаған кезде миопатияның туындау қаупін арттырады. Осылайша, розувастатин мен гемфиброзильді бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Розувастатин мен фибраттарды немесе липидті төмендететін дозалардағы никотин қышқылын бірге қолданғанда қаупі мен мүмкін болатын пайдасының арақатынасы мұқият саралануы тиіс. Акорта® препаратын 40 мг дозада фибраттармен бірге қабылдау қарсы көрсетілімді.

Акорта® препаратын миопатия болжануына мүмкіндік беретін жедел, ауыр аурулары бар және бүйректің салдарлы жеткіліксіздігі (сепсис, артериялық гипертензия, хирургиялық араласу, жарақат, метаболизмдік синдром, құрысулар, эндокриндік бұзылулар, электролиттік бұзылулар) дамуы мүмкін пациенттерге тағайындамаған дұрыс.

Басқа ГМГ-КоА-редуктаза тежегіштері сияқты, Акорта® препаратын алкогольді шамадан тыс пайдаланатын немесе сыртартқысында бауыр ауруы бар пациенттер ерекше сақтықпен қабылдауы керек.

Емдеу басталғаннан кейін 2-4 аптадан соң және/немесе Акорта® препаратының дозасын арттырған жағдайда липид алмасу көрсеткіштерін бақылау қажет (қажет болса дозасын түзету қажет).

«Бауыр» трансаминазаларының белсенділігін емдеу басталғанға дейін және емдеу басталғаннан кейін 3 айдан соң жүргізу ұсынылады. Егер қан сарысуындағы «бауыр» трансаминазалары белсенділігі жоғарғы қалып шегінен 3 есе жоғары болса, препараттың дозасын азайту немесе қабылдауды тоқтату керек.

Көп жағдайларда протеинурия азаяды немесе емдеу үдерісінде жоғалады және бүйректің жедел ауруының туындауын немесе бұрыннан бар ауруының үдеуін білдірмейді. Гиперхолестеринемия мен гипотиреоз немесе нефроздық синдром қатар жүрген кезде негізгі аурулардың емі розувастатинмен емдеу басталғанға дейін жүргізілуі тиіс.

Препаратты АИТВ протеазалары тежегіштерімен бірге қолдану ұсынылмайды («Басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі» бөлімін қараңыз).

Кейбір статиндерді әсіресе ұзақ уақыт бойы қолданғанда, өкпенің интерстициальді ауруының бірен-саран жағдайлары туралы хабарланды. Аурудың көріністері ентігу, өнімсіз жөтел және жалпы жай-күйдің нашарлауы болып табылуы мүмкін (әлсіздік, дене салмағының азаюы және қызба). Өкпенің интерстициальді ауруына күдіктенгенде статиндермен емдеуді тоқтату керек.

Глюкоза концентрациясы 5,6-дан 6,9 ммоль/л дейінгі пациенттерде розувастатинмен емдеу 2 типті қант диабетінің даму қаупімен астасты.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Көлік құралдарын басқару және жоғары зейін шоғырландыру және психомоторлық реакция жылдамдығымен байланысты жұмыс кезінде сақтық таныту керек (емдеу кезінде бас айналуы туындауы мүмкін).

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлерінің күшеюі. Бірнеше тәуліктік дозаларын бір мезгілде қабылдаған кезде розувастатиннің фармакокинетикалық параметрлері өзгермейді.

Емі: арнайы у қайтарғысы жоқ. Симптоматикалық ем және өмірлік маңызы бар ағзалар мен жүйелердің функцияларын демеуге бағытталған шараларды жүргізу ұсынылады. Бауыр функциясы мен креатинфосфокиназа белсенділігін бақылау қажет. Гемодиализ тиімсіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті немесе жарықтан қорғайтын үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1, 2, 3 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Фармстандарт- Томскхимфарм» ААҚ, Ресей

634009, Ресей, Томск қ., Ленин д-лы, 211 үй,

тел./факс: (3822) 40-28-56,

www.pharmstd.ru

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Фармстандарт- Томскхимфарм» ААҚ, Ресей

634009, Ресей, Томск қ., Ленин д-лы, 211 үй

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдар қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

"Қарағанды фармацевтикалық кешені" ЖШС,

100009, Қазақстан Республикасы, Қарағанды қ., Ботаническая к-сі, 12 үй

тел./факс: +7 (7212) 437002

тел.: + 7 (7212) 507322

E-mail: kphk@kphk.kz

Прикрепленные файлы

341248851477976319_ru.doc 101 кб
400625331477977566_kz.doc 152 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники