Аккофил (Филграстим)

МНН: Филграстим
Производитель: Интас Фармасьютикалс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Filgrastim
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№025969
Информация о регистрации в РК: 23.08.2022 - 23.08.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Аккофил

Халықаралық патенттелмеген атауы

Филграстим

Дәрілік түрі, дозасы

Тері астына енгізуге және инфузияға арналған ерітінді, 300 мкг/0.5 мл

Фармакотерапиялық тобы

Антинеопластикалық және иммуномодуциялайтын препараттар. Иммуностимуляторлар. Иммуностимуляторлар. Колония стимуляциялайтын факторлар. Филграстим.

АТХ коды L03AA02

Қолданылуы

- Қатерлі жаңа түзілімге байланысты цитоуытты химиотерапия алатын пациенттерде нейтропения ұзақтығын және фебрильді нейтропенияның пайда болу жиілігін қысқарту (созылмалы миелолейкоз және миелодисплазиялық синдромдарды қоспағанда) үшін, кейіннен сүйек кемігі трансплантациясына ұласатын миелоаблативті ем алатын пациенттерде нейтропенияның ұзақтығын қысқарту үшін, бұл ұзақ ауыр нейтропения қаупінің жоғары факторы болып саналады.

Аккофил тиімділігі мен қауіпсіздігін балалар мен ересектерде цитоуытты химиотерапия жүргізу кезінде салыстыруға болады

- Шеткері дің жасушаларын (ҚШДЖ) мобилизациялау

- Филграстрим ауыр туа біткен, мерзімді немесе нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС) 0.5 × 109/л идиопатиялық нейтропениясы бар және анамнезінде ауыр немесе қайталамалы инфекциялары бар пациенттерге (балаларға немесе ересектерге) нейтрофилдердің санын арттыруға бағытталған ұзаққа созылатын емде, инфекциялық асқынулар жиілігін төмендету және ұзақтығын қысқарту үшін көрсетілген

- нейтропенияны бақылаудың басқа шаралары бактериялық инфекциялар қаупін төмендетуде жеткіліксіз болатын пациенттерде, АИТВ инфекциясының толық сатысында, персистирленетін нейтропенияда (нейтрофилдердің абсолютті саны 1 × 109/л және одан аз).

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді затқа немесе кез келген басқа қосымша заттарға жоғары сезімталдық

- жүктілік және лактация кезеңі

- миелодисплазиялық синдром (МДС) және созылмалы миелолейкоз

- фруктозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы (құрамында сорбитол бар)

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Аккофилді белгіленген дозалау режимдерінен тыс цитоуытты химиотерапияның дозасын арттыру үшін тағайындамаған жөн.

Аккофилді лейкемия дамыған немесе лейкемияның даму симптомдары бар ауыр туа біткен нейтропениясы бар пациенттерге тағайындамаған жөн.

Аса жоғары сезімталдық

Аккофил қабылдайтын пациенттерде бастапқы немесе кейінгі емдеу кезінде болатын анафилаксиялық реакцияларды қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланды. Клиникалық маңызды аса жоғары сезімталдығы бар пациенттердің Аккофил қабылдауын тоқтату қажет. Аккофилді анамнезінде филграстимге немесе пегфилграстимге аса жоғары сезімталдығы бар пациенттерге тағайындауға болмайды.

Тыныс алу мүшелеріне әсері

Тыныс алу мүшелеріне жағымсыз әсер етудің сирек жағдайлары, атап айтқанда, арГ-КСФ қолдану аясында интерстициальді пневмонияның дамуы туралы хабарламалар бар. Өкпенің инфильтративті ауруын немесе пневмонияны жақында бастан өткерген пациенттердің қаупі жоғары болуы мүмкін. Өкпенің инфильтративті зақымдануымен және үдемелі тыныс алу жеткіліксіздігінің белгілерімен бірге жөтел, дене температурасының жоғарылауы және ентігу сияқты симптомдардың пайда болуы рентгенологиялық зерттеу кезінде жедел респираторлық дистресс-синдромның (ЖРДС) болуын болжауға мүмкіндік береді. ЖРДС анықталған жағдайда, Аккофил қабылдауды тоқтатады және тиісті емдеуді тағайындайды.

Гломерулонефрит

Филграстиммен немесе пегфилграстиммен емдеу кезінде пациенттерде гломерулонефрит даму жағдайлары тіркелген. Жалпы, гломерулонефриттің даму жағдайлары дозаны төмендету немесе филграстим немесе пегфилграстимді қолдануды тоқтату жолымен шешіледі. Несепті талдау мониторингі ұсынылады.

Капиллярлардың жоғары өткізгіштік синдромы

арГ-КСФ қабылдағаннан кейін өмірге қауіп төндіретін және гипотензиямен, гипоальбуминемиямен, ісінумен және қанның қоюлануымен сипатталатын, капиллярлардың жоғары өткізгіштігінің даму жағдайлары туралы хабарланды. Капиллярлардың жоғары өткізгіштігі анықталған пациенттер мұқият бақылануы және интенсивті ем қажеттілігін қамтуы мүмкін, стандартты симптоматикалық ем қабылдауы керек.

Спленомегалия және көкбауырдың жарылуы

Негізінен, спленомегалияның симптомсыз жағдайлары туралы, сондай-ақ дені сау донорларда және филграстим қабылдаған пациенттерде көкбауыр жарылуының сирек жағдайлары туралы мәліметтер бар. Көкбауыр жарылуының кейбір жағдайлары өліммен аяқталған. Осыған байланысты көкбауырдың көлемін мұқият бақылау қажет (клиникалық тексеру кезінде және УДЗ әдісімен). Донорларда және/немесе пациенттерде іш қуысының жоғарғы сол жақ бөлігінде немесе иықтың жоғарғы бөлігінде ауырсыну пайда болғанда көкбауырдың жарылу қаупін ескеру керек. Аккофил дозасын азайту көкбауыр мөлшерінің ұлғаюын баяулатады немесе тоқтатады; пациенттердің 3%-да спленэктомияны өткізу қажеттілігі туындауы мүмкін. Клиникалық тексеру кезінде көкбауырдың мөлшерін үнемі бақылау қажет.

Қатерлі жасушалардың өсуі

АрГ-КСФ миелоидты жасушалардың in vitro өсуін стимуляциялауы мүмкін. Миелодисплазиялық синдром немесе созылмалы миелолейкоз Миелодисплазиялық синдромы (МДС) және созылмалы миелолейкозы бар пациенттерде Аккофил қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, сондықтан бұл аурулар кезінде оны қолдану ұсынылмайды. Емдеу алдында созылмалы миелолейкоз мен жедел миелолейкоздың бласт-трансформациясы арасында мұқият сараланған диагноз қою қажет.

Жедел миелоцитарлық лейкоз

Екінші жедел миелоцитарлық лейкозы (ЖМЛ) бар пациенттер үшін Аккофилдің қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректер шектеулі болғандықтан, Аккофилді сақтықпен тағайындау керек. Қалыпты цитогенетикалық бейіні [t(8; 21), t(15; 17) және inv(16)] 55 жасқа дейінгі ЖМЛ бар пациенттерге алғаш тағайындалған Аккофилдің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Тромбоцитопения

Филграстим қабылдаған пациенттерде тромбоцитопенияның даму жағдайлары туралы хабарланды. Тромбоциттер санын, әсіресе филграстиммен емдеудің алғашқы бірнеше аптасында мұқият бақылау керек.

Лейкоцитоз

Қандағы лейкоциттер саны дене салмағының 0.3 млн.бірл./кг (0.0003 мг/кг) артық Аккофил тәуліктік дозасын алған онкологиялық науқастардың 5% - нан кем дегенде 100×109/л-ге жетеді немесе одан асады. Ауырлық дәрежесі лейкоцитоздың дамуына тікелей байланысты қандай да бір жағымсыз әсерлер туралы мәліметтер жоқ. Дегенмен, ауыр лейкоцитозбен байланысты ықтимал қауіпті ескере отырып, Аккофил препаратымен емдеу кезінде лейкоциттер санын үнемі бақылау қажет. Егер лейкоциттердің саны күтілетін надирге жеткеннен кейін 50×109/л-дан асып кетсе, Аккофил қолдануды дереу тоқтату керек. Егер Аккофил ҚШДЖ мобилизациялау үшін қолданылса, лейкоциттердің саны > 70×109/л-ға дейін ұлғайған кезде дозаны тоқтату немесе қысқарту қажет.

Иммуногендігі

Барлық терапевтік протеиндердегідей иммуногендіктің даму қаупі бар. Аккофилға антиденелерді генерациялау қарқыны жалпы төмен. Антиденелердің байланыстырылуы барлық биологиялық препараттарда болады, бірақ қазіргі уақытта бұл белсенділікті бейтараптандыруға байланысты емес. Айрықша нұсқаулар және қатарлас аурулар кезіндегі сақтық шаралары.

Аортит

Сау адамдардар мен онкологиялық науқастарға G-CSF енгізгеннен кейін аортит туралы хабарлады. Сезілген белгілерге безгек, іштің ауыруы, дімкәстік, арқадағы ауырсыну және қабыну маркерлерінің жоғарылауы кірді (мысалы, с-реактивті ақуыз және лейкоциттер саны). Көптеген жағдайларда аортит компьютерлік томография арқылы анықталды және әдетте GCSF тоқтатылғаннан кейін шешілді.

Орақ жасушалы анемия кезіндегі айрықша нұсқаулар

Орақ жасушалы ауруы бар пациенттерде жедел гемолиздік криз (өзгерген жасушалар санының артуы), кейде өліммен аяқталатын жағдайлар байқалған. Дәрігерлер орақ жасушалы ауруға шалдыққан пациенттерге филграстимді сақтықпен тағайындау керек.

Остеопороз

Қатарлас сүйек патологиясы және остеопорозы бар пациенттерге Аккофил ұзақ (6 айдан астам) қолданғанда сүйек тінінің тығыздығын үнемі бақылау ұсынылады.

Онкологиялық науқастардағы ерекше сақтық шаралары

Филграстимді белгіленген дозалау режимдерінен тыс цитоуытты химиотерапияның дозасын арттыру үшін тағайындамаған жөн.

Өткізілетін химиотерапияның дозасын арттыруға байланысты қауіп

Химиотерапиялық препараттардың жоғары дозасын алатын қатерлі жаңа түзілімдері бар пациенттерді емдеу кезінде ерекше сақ болу керек, аурудың нәтижесіне жоғары дозаларды қолданудың маңызды қосымша әсері расталмағандықтан, жүрек-қан тамырлары жүйесіне, тыныс алу мүшелеріне, жүйке жүйесіне және теріге анағұрлым айқын уытты әсер ету ықтималдығы жоғары.

Химиотерапияның эритроциттер мен тромбоциттерге әсері

Аккофилмен ем жүргізу миелосупрессиялық химиотерапиямен байланысты тромбоцитопения мен анемияны жоққа шығармайды. Химиотерапиялық препараттардың анағұрлым жоғары дозаларын қолданған жағдайда (мысалы, тағайындалған схемаларға сәйкес толық дозалар) ауыр тромбоцитопения мен анемия қаупі артады. Қанның клиникалық талдауының көрсеткіштерін: гематокрит пен тромбоциттердің санын үнемі бақылау ұсынылады. Ауыр тромбоцитопенияны туындатуы мүмкін бір компонентті немесе біріктірілімдегі химиотерапиялық дәрілерді қолдану кезінде ерекше сақтық таныту керек. Филграстим-мобилизацияланған ҚШДЖ-ны пайдалану миелосупрессиялық немесе миелоаблативті химиотерапиямен байланысты тромбоцитопенияның ауырлық дәрежесін және ұзақтығын азайтқаны көрсетілді.

Басқа сақтандыру шаралары

Миелоидты ізашар жасушалардың саны айтарлықтай аздаған пациенттерде Аккофил тиімділігі зерттелмеген.

Аккофил нейтрофилдердің ізашар жасушаларына әсер ету арқылы нейтрофилдердің санын арттырады. Сондықтан, ізашар жасушалардың саны төмендеген пациенттерде (мысалы, қарқынды сәуле еммен немесе химиотерапиямен емдеу нәтижесінде не сүйек кемігін ісік жасушаларымен инфильтрациялау салдарынан) түзілетін нейтрофилдердің саны төмен болуы мүмкін.

Кейіннен трансплантациялаумен жоғары дозада химиотерапия алатын пациенттерде жүрек-қан тамырлары бұзылыстары, оның ішінде вена-окклюзиялық аурулар мен сұйықтық көлемінің бұзылуын қоса алғандағы жағдайлары туралы хабарланған.

Сүйек кемігін аллогенді трансплантациялаудан кейін арГ-КСФ алған пациенттерде «қожайынға қарсы трансплантат» реакциясының дамуы және өліммен аяқталған жағдайлар туралы деректер бар.

Өсу факторымен жүргізілген емге жауап ретінде сүйек кемігінің гемопоэздік белсенділігінің артуы сүйек кемігі сцинтиграфиясының өтпелі оң нәтижелеріне байланысты болды. Мұны сүйек кемігі сцинтиграфиясының нәтижелерін түсіндіру кезінде ескерілуі керек.

Дені сау донорларда және онкологиялық науқастарда арГ-КСФ қабылдағаннан кейін аортит жағдайлары туралы хабарланды. Симптомдар қызбаны, іштің ауыруын, дімкәстікті, арқа ауруын және қабыну маркерлері санының артуын (мысалы, С-реактивті ақуыз, ақ қан денешіктері/лейкоциттер) қамтиды. Әдетте, аортиттер компьютерлік томография көмегімен диагностикаланып, арГ-КСФ-дан бас тартылған соң, жоққа шығарылды.

Қанның шеткері дің жасушаларын (ҚШДЖ) аллогенді трансплантациясының алдында донорлардың ерекше сақтық шаралары Мобилизация

Пациенттердің бір популяциясы шегінде мобилизацияның ұсынылған екі әдісін (тек Аккофил немесе миелосупрессивті химиотерапиямен бірге) салыстыру мақсатында перспективалы рандомизацияланған зерттеулер жүргізілмеген. Жекелеген пациенттер мен CD34 жасушаларының зертханалық талдаулары арасындағы айырмашылық дәрежесі әртүрлі зерттеулер арасында тікелей салыстыруды қиындатады. Сондықтан оңтайлы әдісті ұсыну қиын. Мобилизация әдісін жеке пациентті емдеудің жалпы мақсаттарын ескере отырып, таңдау керек.

Цитоуытты дәрілермен алдыңғы емдеу

Бұрын қарқынды миелосупрессивті ем жүргізілген пациенттерде ҚШДЖ санының ұсынылатын ең төменгі деңгейге (≥2×106 CD34+ жасушалар/кг) дейін артуы немесе тромбоциттерді қалпына келтіру жылдамдығы жоғарылауы мүмкін. Кейбір цитоуытты дәрілер гемопоэздің ізашар жасушаларына қатысты ерекше уыттылыққа ие және олардың мобилизациясына теріс әсер етуі мүмкін. Ізашар жасушалардың мобилизациясы алдында мелфалан, карбоплатин немесе кармустин секілді цитоуытты дәрілерді ұзақ уақыт бойы қолдану нәтижелердің нашарлауына әкеп соғуы мүмкін. Алайда, Аккофилмен мелфаланды, карбоплатинді немесе кармустинді бір мезгілде қолдану ҚШДЖ мобилизациясы кезінде тиімді. Егер ҚШДЖ-ның трансплантациясы жоспарланса, пациентті емдеудің бастапқы сатысында дің жасушаларын мобилизациялау ұсынылады. Химиотерапиялық дәрілерді жоғары дозада қолданғанға дейін осындай пациенттерде белсендірілген ізашар жасушалардың санына ерекше назар аударған жөн. Егер мобилизация нәтижелері жоғарыда келтірілген критерийлерге сәйкес жеткіліксіз болса, ізашар жасушаларды пайдалануды талап етпейтін баламалы емдеу әдістерін қолдануды қарастыру керек.

Қанның шеткері дің жасушаларының санын бағалау

Аккофилді қолдану аясында пациенттерде мобилизацияланған ҚШДЖ санын бағалау кезінде сандық анықтау әдісіне ерекше назар аударған жөн. CD34+ жасушалардың саны бойынша ағынды-цитометриялық талдау нәтижелері таңдалған әдіске байланысты ерекшеленеді, ал алынған нәтижелерді санға талдау жүргізу кезінде сақтықпен түсіндіру керек.

Статистикалық талдау реинфузияға енгізілген CD34+ жасушалар саны мен химиотерапиялық дәрілердің жоғары дозаларын қолданғаннан кейін тромбоциттер санының қалпына келу жылдамдығы арасында күрделі, бірақ тұрақты өзара байланыс бар екенін көрсетті. Ең аз саны >2×106 CDgh+ жасушалар/кг гематологиялық көрсеткіштердің жеткілікті қалпына келуіне алып келеді және жарияланған деректер негізінде ұсынылады. Көрсетілген мәннен асып түсетін CD34+ жасушалардың саны жылдам қалыпқа келтірумен қатар жүреді; егер жасушалардың саны осы деңгейге жетпесе, қан көрсеткіштерінің қалпына келуі баяу жүреді.

ҚШДЖ аллогенді трансплантациясын жүргізер алдында дені сау донорлардағы ерекше сақтық шаралары

ҚШДЖ мобилизациясының дені сау донорлар үшін тікелей клиникалық нәтижесі жоқ және тек дің жасушаларын аллогенді трансплантациясы мақсатында жүргізілуі мүмкін. ҚШДЖ мобилизациясы гематологиялық көрсеткіштерге және инфекциялық аурулардың болуына ерекше назар аудара отырып, дің жасушалардың донорлығы бойынша стандартты клиникалық және зертханалық өлшемдерге сәйкес келетін донорларға ғана тағайындалуы мүмкін. 16 жасқа дейінгі және 60 жастан асқан дені сау донорларда Аккофилді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген. Аккофил тағайындалғаннан және лейкаферез жүргізілгеннен кейін өтпелі тромбоцитопения (тромбоциттердің саны <100×109/л) донорлардың 35% - ында байқалады. Олардың ішінде лейкаферез жүргізгеннен кейін тромбоциттер саны <50×109/л болатын тромбоцитопенияның 2 жағдайы байқалды. Егер лейкаферез сеансын біреуден артық жүргізу талап етілсе, әсіресе тромбоциттер саны 100×109/л-дан кем донорлардың жағдайын мұқият бақылау керек; әдетте, нейтрофилдер саны 75×109/л-ға дейін болғанда аферез ұсынылмайды. Лейкаферез антикоагулянттарды қабылдайтын немесе гемостаз бұзылыстары бар донорларға жүргізілмеуі керек. Егер лейкоциттер саны >70×109/л ұлғайған болса, қолданылатын Аккофил дозасын тоқтату немесе азайту керек. ҚШДЖ мобилизациясы үшін арГ-КСФ алатын донорларда оларды қалыпқа келтіргенге дейін қанның клиникалық талдауының барлық көрсеткіштерін үнемі бақылап отыру керек. арГ-КСФ қолданған дені сау донорларда өтпелі цитогенетикалық өзгерістер жағдайлары байқалды. Осы көріністердің маңыздылығы белгісіз. Дегенмен, донорларда қатерлі миелоидты клонның даму қаупін жоққа шығаруға болмайды. Аферез емшарасын жүргізетін медициналық орталықтарға алыс кезеңде Аккофилді қолдану қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу мақсатында кемінде 10 жыл бойы дің жасушалары донорларының жай-күйін жүйелі бақылауды жүзеге асыру ұсынылады.

Реципиенттерден аллогенді ҚШДЖ-ны мобилизациялау кезінде алынған филграстиммен стимуляциялау кезіндегі ерекше сақтық шаралары

Қолда бар деректерге сәйкес, ҚШДЖ аллогенді трансплантаттың иммунологиялық өзара әрекеттесуі сүйек кемігін трансплантациялаумен салыстырғанда «қожайынға қарсы трансплантант» жедел және созылмалы реакциясының даму қаупімен байланысты болуы мүмкін.

Ауыр созылмалы нейтропения (АСН) кезіндегі ерекше сақтық шаралары

Филграстимді лейкемияны дамытатын немесе лейкемияның даму белгілері бар ауыр туа біткен нейтропенияға шалдыққан пациенттерге енгізуге болмайды.

Қан жасушаларының саны

Тромбоциттер санын, әсіресе Аккофилмен ем жүргізілетін алғашқы аптада қатаң бақылау қажет. Егер пациентте тромбоцитопения анықталса және тромбоциттердің саны ұзақ уақыт бойы 100 000/мм3-тен аз болса, Аккофилді қысқа мерзімді тоқтату немесе оның дозасын азайту туралы мәселені қараған жөн.

Анемияны және миелоидты ізашарлардың қысқа мерзімді ұлғаюын қоса алғанда, қан жасушаларының басқа да өзгерістері орын алады, олар қан жасушаларының санын мұқият бақылауды талап етеді.

Лейкоздың немесе миелодисплазиялық синдромның дамуы

АСН уақытылы диагностикасын жүзеге асыру және бұл диагнозды апластикалық анемия, миелодисплазия және миелолейкоз сияқты қан түзу жүйесінің басқа бұзылуларынан ажырату қажет. Емдеу басталғанға дейін лейкоцитарлы формула мен тромбоциттер санын анықтай отырып, жалпы клиникалық талдау жүргізу, сүйек кемігінің морфологиясы мен кариотипін анықтау керек.

Клиникалық зерттеулер кезінде аз мөлшерде (шамамен 3%) Аккофил алған АСН пациенттерде МДС немесе лейкоз байқалды. Бұл нәтижелер туа біткен нейтропениясы бар пациенттерді бақылау кезінде ғана алынған. МДС және лейкоз-бұл АСН ең жиі асқынулары және олардың Аккофилмен жүргізілетін еммен байланысы анықталмаған. Бастапқы өзгермеген цитогенетикалық көрсеткіштері бар пациенттердің шамамен 12%-да қайта тексеру кезінде өзгерістерді, оның ішінде 7 жұпта хромосомадағы моносомияны анықтады. Егер АСН бар пациентте цитогенетикалық бұзылулар байқалса, Аккофилдан емдеуді жалғастырудан болатын қауіп пен пайда дәрежесінің арақатынасын мұқият бағалау қажет; Аккофил қолдануды МДС немесе лейкоз дамыған жағдайда тоқтату керек. Қазіргі уақытта АСН бар пациенттерде Аккофилді ұзақ қолдану цитогенетикалық бұзылуларды, МДС немесе лейкоз дамуын қоздырады ма, мұнысы белгісіз. Сүйек кемігіне морфологиялық және цитогенетикалық зерттеулер жүргізу ұсынылады (шамамен әрбір 12 ай сайын). Вирустық инфекциялар сияқты транзиттік нейтропенияның себептерін жоққа шығару қажет.

Басқа сақтандыру шаралары

Вирустық нейтропенияны қоса алғанда, нейтропенияның даму жағдайлары жоққа шығарылуы тиіс. Пациенттердің аздаған санында гематурия/протеинурия байқалды. Бұл көріністерді болдырмау үшін несептің жалпы талдауын үнемі бақылап отыру керек. Көкбауырдың ұлғаюы Аккофилді қолдануға байланысты ықтимал әсер болып табылады. Клиникалық тексеру кезінде көкбауырдың мөлшерін үнемі бақылау қажет.

Жаңа туған нәрестелерде және аутоиммунды нейтропениясы бар пациенттерде Аккофилді қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

АИТВ бар пациенттерде ерекше сақтық шаралары

Қан жасушаларының саны

Нейтрофилдердің абсолютті санын (НАС), әсіресе Аккофил қолданудың алғашқы аптасында қатаң бақылау қажет. Кейбір пациенттерде Аккофил бастапқы дозасында НАС өте жылдам және айтарлықтай жоғарылауы мүмкін. Препаратты қолданудың алғашқы 2-3 күн ішінде күнделікті НАС-ты өлшеу ұсынылады. Кейіннен НАС-ты алғашқы 2 апта ішінде аптасына кемінде екі рет, содан кейін әр апта сайын немесе аптасына бір рет демеуші емнің бүкіл курсы бойынша тексеру керек. Аккофилді 30 млн.бірл./тәул (0.300 мг/тәул) дозада қолданудағы үзіліс кезінде пациентте емдеу кезінде НАС-тың айтарлықтай ауытқуы байқалуы мүмкін. Ең төменгі НАС-ты (надир) анықтау мақсатында Аккофилді әрбір қолданар алдында жалпы қан талдауын бақылау ұсынылады.

Миелосупрессивті дәрілік заттардың жоғары дозаларын қолдануға негізделген қауіп

Аккофил миелосупрессивті дәрілік заттарды қолдану аясында тромбоцитопения мен анемияның дамуын болдырмау үшін қолданылмайды. Жоғары дозаларды немесе бір мезгілде бірнеше миелосупрессивті дәрілік заттарды Аккофилмен жүргізілетін еммен бірге қолданған жағдайда тромбоцитопения мен анемияның даму қаупі артады. Кеңейтілген қан талдауын тұрақты бақылау ұсынылады.

Инфекциялар немесе ісік түзілімдері салдарынан миелосупрессияның дамуы

Нейтропения микобактериялық кешен сияқты қоздырғыштардан туындаған оппортунистік инфекциялар кезінде сүйек кемігінің зақымдануымен немесе қатерлі жаңа түзілімдермен, мысалы, лимфомамен байланысты болуы мүмкін. Қабыну тектес сүйек кемігінің инфильтративті зақымдануы немесе қатерлі жаңа түзілілім анықталған кезде нейтропенияны емдеу үшін Аккофил препаратын бір мезгілде қолдану арқылы диагностикаланған аурулардың тиісті емін тағайындау қажет. Инфекциялық генезді сүйек кемігінің зақымдануынан немесе ісікті жаңа түзілімдерден туындаған нейтропенияны емдеу кезінде Аккофилді қолдану тиімділігі анықталмаған.

Латекске сезімтал пациенттер

Алдын ала толтырылған шприц инесінің алмалы-салмалы қалпақшасының құрамында табиғи резеңке каучуктың туындысы бар. Қазіргі уақытқа дейін табиғи латекс иненің алмалы-салмалы қалпақшасынан табылмаған. Дегенмен де, латекске сезімтал пациенттерде алдын ала толтырылған шприцтегі инъекцияға арналған Аккофил ерітіндісін қолдану зерттелмеген, сондықтан да толық жоққа шығару мүмкін болмайтын аса жоғары сезімталдық реакциясының зор қаупі бар.

Қосымша заттар

Аккофил құрамында сорбитол (Е420) бар. Фруктозаға көтере алмаушылық проблемалары бар сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттерге қолдануға болмайды.

Бұл препараттың бір дозасында натрий мөлшері 1 ммольден аз (0,035 мг), яғни іс жүзінде «натрийден бос».

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Миелосупрессиялық цитоуытты химиотерапиялық дәрілер сияқты, Аккофил қолданудың сол күнгі қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. Миелосупрессиялық цитоуытты химиотерапияға тез бөлінетін миелоидты жасушалардың сезімтал болуына орай, осы химиотерапиялық дәрілерді енгізуге дейін және одан кейін 24 сағаттық аралықта Аккофилді тағайындау ұсынылмайды. Бір мезгілде Аккофил мен 5-фторурацил қолданылғанда нейтропения ауырлығы күшеюі мүмкін.

Клиникалық зерттеулерде басқа гемопоэздік өсу факторларымен және цитокиндермен болжамды өзара әрекеттесуі әлі зерттелмеген.

Литийдің нейтрофилдер босап шығуын стимуляциялайтынын ескерсек, Аккофил әсері күшеюі мүмкін. Бұл өзара әрекеттесу зерттелмеген, бірақ оның жағымсыз зардаптары туралы мәліметтер жоқ.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Нейробластомасы бар, орта жасы 2,6 жас (1.2 жастан бастап – 9.4 жасқа дейін) 15 пациент араларында болған онкологиялық науқастарға миелосупрессиялық химиотерапия (циклофосфамид, цисплатин, доксорубицин, этопозид) тағайындалып, кейіннен 10 күн бойы филграстим күніне 5, 10 немесе 15 мкг/кг дозаларда (n= 5/доза) тері астына енгізілді. Химиотерапиядан кейінгі балалардағы филграстимнің фармакокинетикасы жасына байланысты филграстимнің фармакокинетикасында ешқандай айырмашылықты болжамай, салмағымен келісілген дозаны алатын онкологиялық ересектердегіге ұқсас болды. Онкологиялық науқастардың осы тобында филграстимнің жақсы жағымдылығы байқалды.

Филграстим қауіпсіздігі мен тиімділігі АСН бар балаларда анықталды. АСН емі кезінде филграстим қауіпсіздігі мен тиімділігін бағалау үшін 3 фазада жүргізілген клиникалық зерттеулерде орта жасы 12 жастағы (7 айлықтан бастап 16 жасқа дейінгі) 123 пациенттің жағдайы зерттелді. Олардың ішінде 12 пациенттің жасы 7 айлықтан бастап 2 жасқа дейін, 49 пациенттің жасы 2-ден 12 жасқа дейін және 9 пациенттің жасы 12-ден 16 жасқа дейін болды. Қосымша ақпаратты өзінде клиникалық зерттеулердегі пациенттердің ұзақ мерзімді мониторингі мен тікелей постмаркетингтік зерттеулерге енгізілген қосымша пациенттерден алынған ақпаратты қамтитын АСН постмаркетингтік зерттеуінен алуға болады. Зерттеуге қатысқан 731 пациенттен 429 пациент 18 жасқа дейінгілер (0,9 жастан бастап – 17 жасқа дейін) болды.

Кейінгі постмаркетингтік зерттеудің ұзақ мерзімді деректері 5 жылға дейінгі кезең ішінде филграстиммен ем алған пациенттердің бойы мен салмағына теріс ықпалдың жоқ екенін көрсетеді. 1,5 жыл бойы 3 фазаның клиникалық зерттеуінде болған пациенттер жөнінде қолда бар шектеулі деректер жыныстық жетілу өзгерістерін немесе эндокриндік жүйе функциясының бұзылуларын көрсетпейді.

Жүктілік немесе лактация

Аккофил жүкті әйелдерге тағайындағанда ана үшін күтілетін емдік әсерді шарана үшін ықтимал қаупімен салыстыра отырып, пайда-тәуекел арақатынасын мұқият бағалаған жөн. Аккофил жүкті әйелдерге тағайындау ұсынылмайды.

Филграстим немесе оның метаболиттері емшек сүтіне өтетіні анықталмаған. Сондықтан, лактация кезеңінде Аккофил тағайындау қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.

Көлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу қабілетіне әсер ету мүмкіндігі туралы мәліметтер

Филграстим көлік құралын басқару және механизмдерді басқару қабілетіне шамалы әсер етуі мүмкін. Филграстимді қолданғаннан кейін бас айналуы мүмкін.

Қолдану бойынша ұсынымдар

Аккофилмен емдеу қажетті диагностикалық мүмкіндіктер бар болғанда, гранулоцитарлы колония стимуляциялайтын фактор қолдану тәжірибесі бар онкология-гематология орталығының мамандарымен өзара бірлестікте жүргізілуі тиіс.

Мобилизация және аферез емшаралары осы салада тиісті жұмыс тәжірибесі және гемопоэздің жасуша-ізашарларына қажетті мониторинг жасау мүмкіндігі бар онкология-гематология орталығының мамандарымен өзара бірлестікте жүргізілуі тиіс.

Дозалау режимі

Цитоуытты химиотерапия

Аккофилдің ұсынылатын тәуліктік дозасы тәулігіне 0.5 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 5 мкг/кг) құрайды. Препараттың алғашқы дозасын цитоуытты химиотерапия курсынан кейін 24 сағат өткен соң барып енгізген жөн.

Аккофил клиникалық қан талдауында жалпы нейтрофилдер саны күтілетін надирден асатын және қалыпты мәндерге жететін кезге дейін күн сайын енгізіледі. Қатерлі ісіктер, лимфомалар және лимфолейкоз себебімен цитоуытты химиотерапиядан кейін көрсетілген мәндерге жеткенше, емдеу ұзақтығы 14 күнге дейінді құрайды. Жедел миелоидты лейкоздың индукциялық және консолидациялық емінен кейін емдеу мерзімдері едәуір ұзаруы (38 күнге дейін) мүмкін және қолданылған цитоуытты химиотерапия түріне, дозасына және сызбасына байланысты белгіленеді.

Цитоуытты химиотерапия алатын пациенттерде нейтрофилдер санының өткінші көбеюі, әдетте, Аккофилмен емдеуді бастаған соң 1-2 күн өткенде байқалады. Дегенмен де, тұрақты емдік әсерге жету үшін Аккофилмен емдеуді нейтрофилдердің саны күтілетін надирден асып кететін және қалыпты мәндерге жететін кезге дейін жалғастыру қажет. Нейтрофилдердің саны надир арқылы өтіп кеткенше Аккофилмен емдеуді мерзімінен бұрын тоқтату ұсынылмайды.

Енгізу әдісі мен жолы: Аккофил тәулігіне бір рет теріастылық инъекциялар түрінде немесе алдын ала 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылтып, тәулігіне бір рет 30 минут бойы вена ішіне инфузиялар түрінде енгізіледі. Көп жағдайда тері астына енгізу жолы дұрыс боп саналады. Бір реттік дозаны вена ішіне енгізгенде Аккофил әсерінің ұзақтығы қысқаруы мүмкін. Аккофил дозаларын көп реттік қолдануға қатысты осы деректердің клиникалық мәні анықталмаған. Енгізу әдісін таңдау нақты клиникалық жағдайдың ерекшеліктеріне байланысты және әрбір пациент үшін жеке анықталады.

Сүйек кемігінің трансплантациясына ұласатын миелоаблативті ем алатын пациенттер

Ұсынылатын Аккофил бастапқы дозасы тәулігіне 1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 10 мкг/кг) құрайды. Алғашқы Аккофил дозасын цитоуытты химиотерапияны жүргізген соң кемінде 24 сағат өткеннен кейін және сүйек кемігі трансплантациясынан кейін кем дегенде 24 сағаттан соң енгізген жөн.

Дозаны түзету: нейтрофилдер (надир) санын барынша азайтқан соң тәуліктік Аккофил дозасын нейтрофилдер санының өзгеруіне байланысты келесі үлгіде түзету қажет:

Нейтрофилдердің абсолютті саны (НАС)

Аккофил дозасын түзету

Қатарынан 3 күн бойы НАС > 1 ×109

Дозаны тәулігіне 0.5 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 5 мкг/кг) дейін азайту

Артынан келесі 3 күн қатарынан егер НАС > 1 ×109/л болса

Аккофилді тоқтату

Егер емделу кезінде НАС <1 ×109/л-ге дейін төмендесе, Аккофил дозасын жоғарыда берілген сызбаға сәйкес қайта арттырады

Енгізу әдісі мен жолы: Аккофилді 30-минуттық немесе 24-сағаттық вена ішіне инфузия немесе тері астына енгізуге болады. Аккофилді 20 мл 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылту керек.

Қанның шеткері дің жасушаларын (ҚШДЖ) мобилизациялау

ҚШДЖ аутологиялық трансплантациясына ұласатын миелосупрессиялық немесе миелоаблативті ем алатын пациенттер

Аккофилді монотерапия ретінде қолданылғанда ҚШДЖ мобилизациялау үшін ұсынылатын доза қатарынан 5-7 күн бойы тәулігіне 1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 10 мкг/кг) құрайды. 5-ші және 6-шы күні лейкаферездің 1-2 сеансы жүргізіледі. Кейбір жағдайларда лейкаферездің 1 сеансы қосымша жүргізіледі. Аккофил дозасын лейкаферез аяқталғанша өзгертуге болмайды.

Енгізу әдісі мен жолы: Аккофилді 24 сағат бойы ұзақ вена ішіне инфузия түрінде немесе тері астына инъекция түрінде енгізеді. Аккофилді 20 мл 5% глюкоза ерітіндісінде сұйылту керек.

Миелосупрессиялық химиотерапиядан кейін ҚШДЖ мобилизациялау үшін ұсынылатын Аккофил дозасы химиотерапия курсы аяқталған соң бірінші күннен бастап және нейтрофилдердің саны күтілетін надирден өткенше және қалып шегіне жеткенше, күн сайын тәулігіне 0.5 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 5 мкг/кг) құрайды. НАС <0.5 ×109/л-ден >5 × 109/л-ге дейін артатын кезең ішінде лейкаферез жүргізген жөн. Қарқынды химиотерапия алмаған пациенттерге 1 лейкаферез сеансы жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда лейкаферездің қосымша сеанстарын жүргізу ұсынылады.

Енгізу әдісі мен жолы: Аккофил тері астына инъекциялар түрінде енгізіледі.

ҚШДЖ аллогенді трансплантациясы алдындағы дені сау донорлар

Дені сау донорларда ҚШДЖ аллогенді трансплантациясы алдында ҚШДЖ мобилизациялау үшін ұсынылатын Аккофил дозасы 4-5 күн қатарынан тері астына тәулігіне 1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 10 мкг/кг) құрайды. Лейкаферез 5-ші күннен бастап жүргізіледі және реципиенттің дене салмағының кг 4×106 CD34+ жасушалар алу мақсатында, қажет болса, 6-шы күнге дейін жалғасады.

Енгізу әдісі мен жолы: Аккофил тері астына инъекциялар түрінде енгізіледі.

Ауыр созылмалы нейтропения (АСН)

Енгізу әдісі мен жолы: Аккофил тері астына инъекциялар түрінде енгізіледі.

Туа біткен нейтропения

Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне 1.2 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 12 мкг/кг) бір рет немесе бөлшектелген дозалармен.

Идиопатиялық және мерзімді нейтропения

Ұсынылатын бастапқы доза – тәулігіне 0.5 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 5 мкг/кг) бір рет немесе бөлшектелген дозалармен.

Аккофил дозасын таңдау

Аккофил нейтрофилдер санының көрсеткіші 1.5×109/л-ге жеткенше және тұрақты жоғарылағанша, күнделікті енгізіледі. Емдік әсерге жетуден кейін осы деңгей сақталу үшін тиімді ең төмен доза белгіленеді. Нейтрофилдердің керекті санын сақтау үшін ұзақ уақыт күн сайын Аккофил енгізу қажет болады.

1-2 апта ем алғаннан кейін бастапқы дозаны екі еселеуге немесе ем тиімділігіне қарай жартысына азайтуға болады. Кейіннен әр 1-2 аптада 1.5×109/л-ден 10×109/л-ға дейінгі аралықта нейтрофилдердің орташа санын сақтау үшін дозаны түзету әркімде жеке жүргізіледі. Ауыр инфекциялары бар пациенттерде дозаны жылдам арттыру схемасын қолдануға болады. Емдеуге оң жауап берген пациенттердің 97% - да тәулігіне 24 мкг/кг-ға дейін дозаларды тағайындағанда толық емдік әсері байқалады. АТН бар пациенттерде тәулігіне дене салмағына 2.4 млн. ӘБ/кг-ден (24 мкг/кг/тәулік) көп дозаларда тағайындалғанда Аккофилдің ұзақ мерзімді қауіпсіздігі анықталмаған.

АИТВ-инфекция

Енгізу әдісі мен жолы: Аккофил тері астына инъекциялар түрінде енгізіледі.

Нейтрофилдер санының қалыпқа келуі

Аккофилдің бастапқы ұсынылатын дозасы тәулігіне 0.1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 1 мкг/кг) құрап, нейтрофилдер саны (НАС > 2×109/л) дейін қалыпқа келгенше, доза барынша тәулігіне 0.4 млн. ӘБ/кг-ға дейін арттырылады.

Нейтрофилдер санының қалыпқа келуі әдетте 2 күннен кейін келеді. Сирек жағдайларда (пациенттердің <10%) нейтрофилдер санын қалыпқа келтіру үшін Аккофил дозасын тәулігіне 1 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 10 мкг/кг) дейін арттыруға болады.

Нейтрофилдердің қалыпты санын сақтау

Реверсивті нейтропенияға жеткеннен кейін нейтрофилдердің қалыпты саны сақталу үшін тиімді ең төмен доза белгіленуі тиіс. Тәулігіне 30 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 300 мкг/кг) дозалаумен кезектестіру үшін бастапқы дозаны түзету ұсынылады. Әрі қарай нейтрофилдердің > 2,0х109/л санын сақтау үшін пациенттегі НАС бойынша анықталатын дозаны түзету қажет болуы мүмкін. Клиникалық зерттеулерде > 2.0х109/л НАС сақталу үшін аптасына 1-7 күн бойы тәулігіне 30 млн. ӘБ/кг (тәулігіне 300 мкг/кг) дозалануы қажет болды, орташа жиілікпен доза аптасына 3 күн енгізіледі. Ұзақ қолдану > 2.0х109/л НАС сақталуын талап етуі мүмкін.

Пациенттердің ерекше топтары

Бүйрек/бауыр функциясы бұзылған пациенттер

Бүйрек немесе бауыр жеткіліксіздігі ауыр пациенттерде дозаны түзету қажет емес, өйткені олардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық көрсеткіштері дені сау еріктілердегісіне ұқсас.

АТН (ауыр туа біткен, мерзімді және идиопатиялық нейтропения) және қатерлі жаңа түзілімдері бар балалар

АТН сынағында зерттелген пациенттердің 65%-ы 18 жасқа дейінгі пациенттер болды. Осы жас тобы үшін емдеудің тиімділігі айқын болды, топта туа біткен нейтропениясы бар пациенттердің көпшілігі қамтылды. АТН себебімен ем алған балалардағы қауіпсіздік бейіндерінде айырмашылықтар байқалмаған.

Клиникалық зерттеулер деректері цитоуытты химиотерапия алған ересектерде де, балаларда да Аккофил қауіпсіздігі мен тиімділігінің бірдей екенін көрсетеді.

Балаларға арналған дозалау бойынша ұсыныстар миелосупрессивті цитоуытты химиотерапия алатын ересектер үшін бірдей.

Егде жастағы пациенттер

Клиникалық зерттеулерде егде жастағы пациенттердің шектеулі санына байланысты, егде жастағы пациенттерде Аккофил қолдану жөнінде ерекше нұсқаулар жоқ. Пациенттердің осы санатында қосымша зерттеулер жүргізілмеген.

Енгізуге дейін сұйылту

Аккофилді 5% (50 мг/мл) глюкоза ерітіндісінде сұйылту керек.

Сұйылту тура енгізер алдында атқарылады, алайда 0,2 млн. ӘБ/мл-ден аз (2 мкг/мл) соңғы концентрацияға дейін сұйылту ұсынылмайды.

1,5 млн. ӘБ/мл-ден аз (15 мкг/мл) концентрацияларда сұйылтқанда 2 мг/мл концентрациясына жеткенше, қосымша адам сарысулық альбуминін қосу қажет. Мысалы: 20 мл ерітінді көлеміне және 30 млн. ӘБ-ден аз (300 мкг) жалпы Аккофил дозасына жету үшін 0,2 мл 20% адам сарысулық альбумині ерітіндісін (200 мг/мл, Еуропалық Фармакопея) қосымша қосу қажет.

Аккофилді 5% (50 мг/мл) глюкоза ерітіндісімен сұйылтқан кезде шынымен және поливинилхлорид, полиолефин (полипропилен мен полиэтилен сополимері) және полипропилен қамтылатын әртүрлі пластмассалармен үйлесімді. Аккофилді 5% глюкоза ерітіндісін қоспағанда, натрий хлоридінің ерітіндісімен және басқа дәрілік заттармен сұйылтуға болмайды.

Ине сақтандырғышы бар алдын ала толтырылған шприцті пайдалану

Ине сақтандырғышы инъекциядан кейін инемен жарақаттанбау үшін инені жабады. Бұл шприцтің қалыпты жұмысына әсер етпейді. Поршень штогын басып, енгізгеннен кейін шприцтің ішіндегі барлық дәрінің шығып кеткеніне көз жеткізу үшін оны қатты басыңыз. Инъекцияның соңына дейін теріні ақырын ұстап тұрыңыз. Шприцті қозғалтпай ұстаңыз және бас бармағыңызды поршень штогының басынан баяу көтеріңіз. Поршеньдік шток бас бармақпен бірге жоғары қозғалуы керек. Ине серіппе арқылы сақтандырғышқа жылжытылады.

Әр шприц бір рет қолдануға ғана арналған және ашылған соң дереу пайдаланылуы тиіс. Егер ерітінді дереу пайдаланылмаған жағдайда пайдаланушыға сақтау ұзақтығы және шарттары үшін жауапкершілік жүктеледі.

Инъекцияны дербес енгізу бойынша нұсқаулар

Бұл бөлімде Аккофил препаратының инъекциясын қалай жасау керектігі туралы ақпарат бар. Инъекцияны дәрігер немесе медбике/мейіргер Сізді тиісті емшараға үйреткен жағдайда ғана орындау керек. Аккофил препараты бар шприц инені қорғайтын арнайы құрылғымен немесе онсыз ұсынылуы мүмкін. Дәрігер немесе медбике/мейіргер Сізге тиісті түрдегі шприцпен қалай жұмыс істейтінін көрсетеді. Егер Сіз инъекцияны қалай жасау керектігін білмесеңіз немесе сұрақтарыңыз пайда болса, дәрігеріңізден немесе медбикеден/мейіргерден көмек сұраңыз.

  • Қолыңызды жуыңыз.

  • Бір шприцті қаптамадан шығарып, инъекцияға арналған иненің қорғаныш қақпағын шешіңіз. Шприцке градуирленген сақиналар жазылған, бұл қажет болған жағдайда, препараттың бір бөлігін ғана енгізуге мүмкіндік береді. Шкаланың әрбір бөлінуі 0,1 мл көлеміне сәйкес келеді. Егер дозаны ішінара енгізу қажет болса, инъекцияның алдында ерітіндінің қажетсіз бөлігін алып тастаңыз.

  • Инъекция орнындағы теріні спирттік сүрткімен тазалаңыз.

  • Теріні үлкен және сұқ саусақпен қысып, қатпар қалыптастырыңыз.

  • Инені теріге тез және сенімді қозғалыспен енгізіңіз. Дәрігердің ұсынымдарына сәйкес Аккофил ерітіндісін енгізіңіз. Егер Сізде емшараға байланысты күмән туындаса, дәрігерге немесе фармацевтке хабарласыңыз.

  • Инені арнайы қорғау құрылғысыз алдын ала толтырылған шприц

  • Теріні қысқан күйінде ұстап тұрып, поршеньге баяу және біркелкі басыңыз.

  • Сұйықтықты енгізгеннен кейін инені шығарып, теріні босатыңыз.

  • Пайдаланылған шприцті утилизациялау контейнеріне салыңыз. Әрбір шприц тек бір инъекция үшін қолданыла алады.

  • Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

    Аккофилмен артық дозалану салдары анықталмаған. Аккофилмен жүргізілген емді тоқтату әдетте 1-2 күн ішінде айналымдағы нейтрофилдердің 50%-дық төмендеуіне әкеледі, қалыпты деңгейге 1-7 күннен кейін қайта келеді.

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкеріне кеңес беру үшін жүгіну бойынша ұсынымдар

    Дәрілік препаратты қолдану тәсілінің түсіндірмесін алу үшін кеңес алу үшін медициналық қызметкерге жүгіну ұсынылған.

    Дәрілік препаратты стандартты қолдану кезінде пайда болатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және бұл жағдайда қабылдануы тиіс шаралар (қажет болған жағдайда)

    Қауіпсіздік бейінінің түйіндемесі

    Филграстиммен емдеу кезінде туындауы мүмкін анағұрлым күрделі жағымсыз әсерлер: анафилаксиялық реакцияны, тыныс алу мүшелері тарапынан елеулі жағымсыз әсерлерді (интерстициальді пневмонияны және ЖРДС қоса алғанда), капиллярлардың жоғары өткізгіштік синдромын, көкбауырдың ауыр спленомегалиясын/жарылуын, АСН бар пациенттерде миелодисплазиялық синдромға немесе лейкемияға трансформациялауды, сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясын немесе шеткері дің жасушаларының трансплантациясын алған пациенттерде трансплантатты қабылдамау реакциясын (GvHD) және орақ жасушалы анемиясы бар пациенттерде орақ жасушаларының кризін қамтиды.

    Гипертермия, сүйек-бұлшықет ауруы (сүйек ауруы, арқа ауруы, артралгия, миалгия, аяқ-қолдың ауруы, сүйек-бұлшықет ауруы, кеуде бұлшықет-қаңқа ауруы, мойын ауруы), анемия, құсу және жүрек айнуы сияқты жағымсыз әсерлер туралы анағұрлым жиі хабарланған.

    Клиникалық зерттеулер кезінде онкологиялық науқастарда кездесетін жағымсыз әсерлердің арасында бұлшықет-қаңқаның ауыруы тіркелген, пациенттердің 10% - да әлсіз және орташа және 3% - да күшті.

    Өте жиі

    • тромбоцитопения, анемия e

    • бас ауруы a

    • диарея a,e, құсу a, e , жүрек айнуыa

    • таздану a

    • бұлшықет-қаңқа ауруы c

    • қажу a

    • шырышты қабықтың қабынуы а

    • пирексия

    Жиі

    • сепсис

    • бронхит

    • жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциясы, несеп шығару жолдарының инфекциясы

    • спленомегалия а, гемоглобин деңгейінің төмендеуі e

    • тәбеттің төмендеуі e

    • қандағы лактатдегидрогеназаның жоғары мөлшері

    • ұйқысыздық

    • бас айналу

    • гипестезия

    • парестезия

    • гипертензия

    • гипотензия

    • қан түкіру

    • ентігу

    • жөтел а

    • ауыз қуысы мен тамақ ауруы а, е, мұрыннан қан кету

    • ауыз қуысының ауыруы

    • іш қату e

    • гепатомегалия, қандағы сілтілік фосфатаза деңгейінің жоғарылауы

    • бөртпе a

    • эритема

    • бұлшықеттің түйілуі

    • дизурия, гематурия

    • кеуденің ауруы а, ауыру а

    • астения а, дімкәстік е, шеткері ісіну е

    • трансфузиялық реакция e

    Жиі емес

    • лейкоцитоз a

    • жоғары сезімталдық, дәрілік препаратқа жоғары сезімталдық а «қожайын қарсы трансплантат» реакциясы b

    • гиперурикемия, қандағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы

    • вена окклюзиялық ауру d

    • ересектердің респираторлық дистресс-синдромы а, тыныс алудың бұзылуы а, өкпенің ісінуі а, өкпеден қан кету, өкпенің интерстициальді ауруыа, өкпенің инфильтрациясы a, гипоксия

    • аспартатаминотрансфераза деңгейінің жоғарылауы

    • гамма-глутамилтрансфераза деңгейінің жоғарылауы

    • макулопапулезді бөртпелер

    • остеопороз

    • протеинурия

    • инъекция орнындағы реакция

    Сирек

    • көкбауырдың жарылуы а

    • орақ жасушалы анемия кризі

    • анафилаксиялық реакция

    • қандағы глюкозаның төмен мөлшеріa, пирофосфаттар жиналуынан туындаған хондрокальциноз, сұйықтық көлемінің бұзылуы

    • аортит

    • капиллярлардың тесілу синдромы а

    • тері васкулиті a, Свит синдромы (жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз)

    • сүйек тығыздығының төмендеуі, ревматоидты артриттің өршуі

    • гломерулонефрит, несептің патологиялық өзгерістері

    a «Жекелеген жағымсыз әсерлердің сипаттамасы» бөлімін қараңыз.

    b Сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясынан кейін пациенттерде «қожайынға қарсы трансплантант» реакциясының дамуы және өліммен аяқталған жағдайлар туралы деректер бар (с бөлімі).

    c Сүйектің ауруы, арқаның, буындардың, бұлшықеттердің, аяқ-қолдың ауыруы, бұлшықет-қаңқа ауруы, кеуденің қаңқа-бұлшықет ауруы, мойын ауруы кіреді.

    d Жағдайлар постмаркетингтік кезеңде сүйек кемігінің трансплантациясын немесе ҚШДЖ мобилизациясын алатын пациенттерде тіркелді.

    e Плацебо тобымен салыстырғанда филграстим қабылдайтын және фондық қатерлі жаңа түзілімдер немесе цитоуытты химиотерапия туындатқан салдарға байланысты пациенттерде жиі кездесетін жағымсыз реакциялар.

    Жекелеген жағымсыз әсерлердің сипаттамасы

    «Қожайынға қарсы трансплантат» реакциясы

    «Қожайынға қарсы трансплантант» реакциясының даму жағдайлары және сүйек кемігінің аллогенді трансплантациясынан кейін арГ-КСФ қабылдаған пациенттерде өлім жағдайлары туралы есептер келіп түсті.

    Капиллярлардың жоғары өткізгіштік синдромы

    арГ-КСФ пайдалану кезінде капиллярлар өткізгіштігінің жоғарылау синдромының жағдайлары. Олар, әдетте, бірнеше химиотерапиялық құралдарды қабылдайтын немесе бұрын қабылдаған ауыр қатерлі жаңа түзілімдері мен капилсепсисі бар пациенттерде пайда болды.

    Рандомизацияланған, плацебо бақыланатын клиникалық зерттеулерде филграстим цитотоксикалық химиотерапиямен байланысты жағымсыз әсерлер жиілігін арттырмады. Осы клиникалық зерттеулерде филграстим/химиотерапия және плацебо/химиотерапиямен емделген онкологиялық науқастарда бірдей жиілікте байқалған жағымсыз құбылыстарға жүрек айну мен құсу, шаш түсу, диарея, тез шаршағыштық, анорексия, мукозит, бас ауруы, жөтел, терінің бөртпесі, кеудеде ауырсыну, жалпы әлсіздік , тамақ ауруы, іш қату және ауырсыну жатады.

    Тері васкулиті

    Постмаркетингтік кезеңде Аккофил қабылдаған пациенттерде тері васкулиті тіркелді. Аккофил алатын пациенттерде васкулиттің даму механизмі белгісіз. Ұзақ мерзімді қолданғанда АСН бар пациенттердің 2% - да тері васкулиті тіркелді.

    Свит синдромы

    Филграстиммен ем қабылдаған пациенттерде Свит синдромы (жедел фебрильді нейтрофильді дерматоз) жағдайлары туралы хабарланды.

    Тыныс алу мүшелеріне әсері

    Клиникалық зерттеулер мен постмаркетингтік кезең аралығында өкпенің интерстициальді ауруларын, өкпенің ісінуін және кейбір жағдайларда тыныс алудың бұзылуымен немесе жедел респираторлық дистресс-синдромымен (ARDS) өкпенің инфильтрациясын қоса алғанда, өкпеде жағымсыз әсерлер тіркелді.

    Спленомегалия және көкбауырдың жарылуы

    Аккофил тағайындалғаннан кейін көкбауырдың спленомегалиясы мен жарылуы жағдайлары туралы хабарланған. Көкбауыр жарылуының кейбір жағдайлары өлімге әкеп соққан.

    Аса жоғары сезімталдық

    Анафилаксияны, бөртпені, аллергиялық бөртпені, ангионевроздық аллергиялық ісінуді, тыныс алудың қиындағанын және емдеудің бастапқы немесе кейінгі сатысындағы артериялық қысымның төмендегенін қоса алғанда, жоғары сезімталдық реакциялары клиникалық зерттеулер кезінде және постмаркетингтік кезең уақытында тіркелген. Жалпы, вена ішіне енгізгеннен кейін хабарлар жиі келіп түсті. Кейбір жағдайларда, симптомдар Аккофилді қолдануды сынамалы жаңарту кезінде қайталанды, осының негізінде себеп-салдарлық байланыс туралы болжауға болады. Егер айтарлықтай аллергиялық реакция дамыса, Аккофил қолдануды тоқтату керек.

    Жалған подагра

    Аккофилді қолданғаннан кейін онкологиялық науқастарда жалған подагра жағдайы тіркелді.

    Лейкоцитоз

    Лейкоцитоз (лейкоциттер>50x109/л) донорлардың 41%-ында, ал уақытша тромбоцитопения (тромбоциттер <100x109/л) донорлардың 35%-ында Аккофил лейкаферезін қолданғаннан кейін тіркелген.

    Балалар

    Балалардағы клиникалық зерттеулер деректері Аккофил қауіпсіздігі мен тиімділігі цитоуытты химиотерапия алатын ересектер мен балаларда ұқсас екенін көрсетеді, сондықтан ересектер мен балаларда Аккофил фармакокинетикасында айырмашылықтар жоқ. Жалғыз жағымсыз әсері-бұлшықет-қаңқаның ауыруы, бұл ересектердегі осындай әсерден өзгеше емес.

    Аккофилдің балаларды емдеуде одан әрі бағалау үшін деректер саны жеткіліксіз.

    Егде жастағы пациенттер

    Цитоуытты химиотерапия алатын (>18 жас) жас ересек пациенттермен салыстырғанда 65 жастан асқан пациенттер арасында қауіпсіздікте немесе тиімділікте жалпы айырмашылықтар жоқ. Сондай-ақ клиникалық зерттеулер кезінде егде және жас ересек пациенттер арасында айырмашылықтар анықталмаған. Басқа бекітілген айғақтарды емдеуде балаларда Аккофилді қолдануды бағалау үшін деректердің жеткіліксіз саны бар.

    АСН бар балалар

    Аккофил қабылдаған созылмалы нейтропениясы ауыр балаларда сүйек тіні мен остеопороз тығыздығының төмендеу жағдайлары тіркелді. Клиникалық сынақтар деректерінің негізінде жиілік жиі бағаланады.

    Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаған кезде медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей жүгіну қажет

    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды ұлттық сараптау орталығы» ШЖҚ РМК

    http://www.ndda.kz

    Қосымша мәліметтер

    Дәрілік препараттың құрамы

    1 шприцтің құрамы (0,5 мл)1

    белсенді зат – филграстим (rHu G-CSF)2 0.30 мг

    қосымша заттар: мұзды сірке қышқылы, натрий гидроксиді, D-сорбитол, полисорбат, инъекцияға арналған су.

    1 Препаратты енгізу кезінде алынатын 0.5 мл көлемді қамтамасыз ету үшін шприцтің ішінде толтырылуы 0.06 мл (мақсатты толтыру көлемі 0.56 мл)

    2 Recombinant Human Granulocyte-Colony Stimulating Factor - Адам гранулоциттерінің колонияларын стимуляциялайтын рекомбинантты фактор

    Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

    Мөлдір түссіз сұйықтық.

    Шығарылу түрі және қаптамасы

    0,5 мл препаратты алдын-ала толтырылған, құрамында бекітілген ине бар түссіз бейтарап боросиликат шыныдан(I тип) тұратын цилиндр, резеңке плунжер және инеге арналған қос қорғаныс қақпағы (іші қара термопластикалық эластомерден, ал сырты полипропиленнен жасалған) бар сыйымдылығы 1 мл шприцке салынады.

    Алдын ала толтырылған 1 шприцтен ПВХ үлбірден және қағаздан немесе термодәнекер пергаминнен жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынады. Өздігінен жабысатын қағаздан жасалған заттаңба пішінді ұяшықты қаптамаға желімденеді.

    1, 3, 5, 7 немесе 10 пішінді ұяшықты қаптама медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

    Сақтау мерзімі

    3 жыл

    Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

    Сақтау шарттары

    2-8оС температурада сақтау керек.

    Сұйылтылған ерітінді 2°C-ден 8°C-ге дейінгі температурада 24 сағат бойы тұрақты.

    Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

    Мұздату температурасының кездейсоқ бір рет әсер етуі Аккофил тұрақтылығына кері әсер етпейді.

    Егер бұл әрекет 24 сағаттан астам уақытқа созылған болса немесе бірнеше рет мұздатылған болса, Аккофил пайдалануға БОЛМАЙДЫ.

    Сақтау мерзімі барысында және амбулаторлық пайдалану кезінде пациент өнімді тоңазытқыштан шығарып, бөлме температурасында (25°C-ден аспайтын) 15 күнге дейінгі бір мерзімде сақтауына болады. Осы мерзім өткеннен кейін өнімді тоңазытқышқа қайта салмай, утилизациялау керек.

    Дәріханалардан босатылу шарттары

    Рецепт арқылы

    Өндіруші туралы мәліметтер

    Intas Pharmaceuticals Limited

    Plot No: 423/P/А, Sarkhej Bavla Highway, Village Moraiya, Taluka Sanand, Gujarat, 382213, Ахмедабад, Үндістан

    телефон: + 91 2717-661298

    Электронды пошта: Birendra_Singh@intaspharma.com

    Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

    Accord Healthcare Polska Sp. z o.o.

    7 Tasmowa st., Warsaw, 02-677, Польша

    телефон/факс: +48 22 577 28 00

    электронды пошта: ra_query@accord-healthcare.com

    Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасы жөніндегі шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электронды пошта)

    «Saa Pharma» ЖШС,

    050010, Алматы қ., Достық длы, 38, № 705 кеңсе, KDC Бизнес орталығы,

    Тел.: +7 (727) 345 10 12, ұялы тел.: +7 (701) 922-60-63

    Электронды пошта: info@saapharma.kz

    Прикрепленные файлы

    Аккофил_ЛВ_(каз)_финал_01.08_.2023_.docx 0.09 кб
    Проект_ЛВ_-_Аккофил_(русс)_финал_01.08_.2023_.docx 0.08 кб

    Отправить прикрепленные файлы на почту

    Источники

    Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники