Азота закись (Nitrous oxide)

МНН: Динитрогена оксид (Азота закись)
Производитель: ООО "ТД "Мед ГазСервис"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Nitrous oxide, Закись азота, комбинации
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021465
Информация о регистрации в РК: 25.06.2015 - 25.06.2020
Номер регистрации в РБ: 8710/08/13/18
Информация о регистрации в РБ: 03.10.2018 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Азоттың шала тотығы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сығылған газ

Құрамы

1 баллонның ішінде

Белсенді зат – азоттың шала тотығы 6,2 кг

Сипаттамасы

Ауадан ауырлау, сезілетін иіссіз, түссіз газ. Тұтанбайды, жануды демейді.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да жалпы анестетиктер. Азоттың шала тотығы, біріктірілімдер.

АТХ коды NO1АХ63

Фармакологиялық қасиеттер

Фармакокинетикасы

Өкпе арқылы қанға сіңеді. Организмде метаболизденбейді, плазмада ерітілген күйінде болады. Жартылай шығарылу кезеңі (Т ½) - 5-6 минут; толығымен өкпе арқылы шығарылады (өзгермеген түрінде,10-15 минуттан кейін), аздаған мөлшері – тері арқылы. Гематоэнцефалдық бөгет (ГЭБ) және плацентарлық бөгет арқылы өтуі – жоғары.

Фармакодинамикасы

Ингаляциялық анестезияға арналған дәрі. Нейрондардың жарғақшаларымен спецификалық емес өзара әрекеттеседі, афферентті импульстардың орталық жүйке жүйесіне берілуін басады, ми қыртысы- ми қыртысы астылық өзара әрекеттесуді өзгертеді. Жоғары анальгезиялық белсенділік иеленген. Аз концентрациясы масаңдық сезімін және жеңіл ұйқышылдықты туындатады.

Анальгезия сатысына газ қоспасындағы оттегінің 80% және 20% дейінгі концентрациясында 2-3 минут ішінде жетеді. Қозудың қысқа мерзімдік, бірақ жеткілікті айқын сатысынан кейін 6-8 минуттан соң, хирургиялық анестезияның 1 сатысы басталады. Демеуші жалпы анестезия оттегінің берілуінің жоғарылауымен сәйкес азоттың шала тотығының 40-50% концентрациясында. Сүйек қаңқасы бұлшықетінің жеткілікті релаксациясына бұл кезде қол жетпейді. Сондықтан азоттың шала тотығын қажетті әсерге қол жетуі үшін, ингаляциялық анестезияға арналған басқа дәрілермен және миорелаксанттармен біріктіреді. 3-5 минуттан кейін оянады. Жүректің жиырылу жиілігін арттырады, шеткергі қантамырлардың тарылуын туындатады, бассүйекішілік қысымды жоғарылатуы мүмкін, тыныс алуды бәсеңдетеді.

Қолданылуы

- терең наркоз бен миорелаксацияны талап етпейтін жалпы анестезияда ( хирургияда, оперативті гинекологияда, стоматологияда, босануда ауыруды басу үшін)

- басқа анестетиктердің (оның ішінде операциядан кейінгі кезеңде емдік анальгетикалық наркоз) наркоздық және анальгетикалық әсерін күшейту үшін, жарақаттық шокта (алдын алу)

- ауыру синдромында; жедел коронарлық жеткіліксіздікте, миокард инфарктісінде, жедел панкреатитте (басу)

- санадан айырылуды талап ететін медициналық емшаралар жүргізгенде ауыруды басу үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ингаляциялық. Азоттың шала тотығы оттегімен қосылыста (оттегінің құрамы 30% кем емес) және газбен наркозға арналған арнайы аппараттардың көмегімен ингаляциялық анестезияға арналған басқа да дәрілермен қолданылады.

Ауыру синдромын басу және алдын алу үшін емдік наркоз азоттың шала тотығының 40-70% концентрациясында жүргізіледі. Жалпы анестезияның қажетті тереңдігіне жылдам қол жеткізу үшін (кіріспе наркозы), азоттың шала тотығының концентрациясы – 70%, жалпы анестезияны демеу үшін – 40-50%; қажет болғанда– күштірек наркоздық дәрілер қосады: барбитураттар, фторотан, эфир. Азоттың шала тотығы берілгеннен кейін, оттегінің берілуін 4-5 минут ішінде (диффузиялық гипоксиядан сақтану үшін) жалғастыру керек.

Босануда ауыруды басу үшін азоттың шала тотығы (40-70%) мен оттегінің қоспасын қолданумен үзілісті аутоанальгезия әдісі қолданылады: босанатын әйел толғақтың хабаршылары пайда болғанда қоспамен тыныстай бастайды және тыныстауды толғақтың жоғары шегінде немесе оның аяқталуына қарай тоқтатады.

Санадан айырылуды талап ететін медициналық емшаралар жүргізу үшін –25-50% оттегі қоспасының ингаляциясы.

Балалар үшін доза жеке таңдалады.

Эмоциональді қозуды төмендету, жүрек айнуы және құсудың алдын алу және әсерін күшейту үшін премедикация жүргізу көрсетілімде: 1-2 мл 0,5% диазепам (5-10 мг) ерітіндісін, 2-3 мл 0,25% дроперидол (5,0-7,5 мг) ерітіндісін бұлшықет ішіне енгізу.

Жағымсыз әсерлері

Жалпы анестезияға енгізу кезінде – қарыншаүстілік аритмия, брадикардия, жүрек жеткіліксіздігінің дамуы немесе ауырлауы;

Жалпы анестезиядан шыққаннан кейін – диффузды гипоксия, наркоздан кейінгі делирий (үрей сезімі, сананың шатасуы, қозу, елестеулер, ашушаңдық, қозғалыс қозуы); жүрек айнуы, құсу, ұйқышылдық.

Ұзақ уақыт қолданғанда (2-4 күн) – сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі, лейкопения, панцитопения, тыныс алудың бәсеңдеуі, қатерлі гипертермиялық криз, операциядан кейінгі қалтырау.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- жоғары сезімталдық

- гипоксия

- жүйке жүйесінің аурулары

- созылмалы алкоголизм

- алкогольдік масаю жағдайы (қозу мен елестеулер пайда болуы мүмкін)

- өкпе аурулары

- жүктілік, лактация кезеңі

- 28 тәулікке дейінгі жаңа туғандар

Сақтықпен – бас сүйек - ми жарақаты, сыртартқысында бассүйекішілік қысымның жоғарылауы, бассүйекішілік ісіктер.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Ингаляциялық анестезияға арналған дәрілер, апиындық анальгетиктер, транквилизаторлар, нейролептиктер, антигистаминдік дәрілер әсерін күшейтеді. Амиодарон брадикардия (атропинмен қайтпайтын) және артериялық гипотензия, ксантин – аритмия қаупін жоғарылатады. Фентанил мен оның туындылары жүрек-қантамыр жүйесіне әсерін күшейтеді (жүректің минуттық көлемі мен жүректің жиырылу жиілігінің төмендеуі). Гипотензивті (әсіресе – диазоксидтің, ганглиоблокаторлардың, хлорпромазиннің, диуретиктердің) және антикоагулянтты (кумарин және индандионның туындылары) препараттардың, сондай-ақ орталық жүйке жүйесі мен тыныс алуды бәсеңдететін дәрілердің әсерін күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Артериялық қысымды, жүректің жиырылу жиілігін, жүрек ырғағын бақылау, тыныс алу және газ алмасу, дене температурасы жағдайын тексеру керек. Медицина қызметкерінде ұзақ уақыт жанасуда лейкопения даму қаупі артады. Қолдану кезінде мезгіл-мезгіл эндотрахеальді түтіктің манжетінен газды шығару ұсынылады. Эфирмен, циклопропанмен, хлорэтилмен қоспаларының белгілі концентрацияларда жарылу қаупі бар. Созылмалы алкоголизммен науқастарда жоғары концентрациялары талап етіледі.

Артық дозалануы

Симптомдары: брадикардия, аритмия, қан айналымының жеткіліксіздігі, АҚ төмендеуі, гипертониялық криз, тыныстың тарылуы, делирий, жедел гипоксия.

Емі: брадикардияда –0,3-0,6 мг атропиннің енгізілуі, аритмияларда – қандағы газдар құрамын түзету, қан айналымының жеткіліксіздігі және артериялық гипотензияда – плазманы немесе плазма алмастыратын дәрілерді енгізу, жалпы анестезияның тереңдігін азайту немесе тоқтату, гипертермиялық кризде – ингаляцияны тоқтату, оттегіні беруді жоғарылату, антипиретиктерді енгізу, су-тұздық теңгерімнің бұзылуын және метаболикалық ацидозды түзету, қажет болғанда– дантролен (1 мг/кг) к/і тамшылатып және криз симптомдары қайтқанға дейін енгізуді жалғастырады (ең жоғары қосынды доза 10 мг/кг). Криздің қайталануының алдын алу үшін операциядан кейін 1-3 тәулік ішінде дантроленді ішке немесе к/і тағайындайды (тәулігіне 4-8 мг/кг 4 бөлінген дозаларда). Тыныстың тарылуы немесе өкпенің операциядан кейінгі талапқа сай емес вентиляциясы анестетиктің дозасын төмендету қажеттігімен өзара байланысты (егер ол әзірше қолданылатын болса), тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету және өкпені жасанды желдету. Жалпы анестезиядан шыққаннан кейін делирий дамыған жағдайда апиындық анальгетиктің аз дозасын енгізеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6,20,2 кг-ден көміртекті болаттан жасалған, сыйымдылығы 10 л, бұралатын қалпағымен және қорғаныш сақинасымен, «Азоттың шала тотығы» деген қара түсті айқын жазуы бар сұр түсті баллондарда.

Қысымдағы металл баллондарда. Бұранданың үстіне тесігі бар металл қалпақша кигізілген.

Сақтау шарттары

Азоттың шала тотығымен баллондарды арнайы бөлмелерде және ашық жерлерде сақтауға болады, соңғы жағдайда олар жауын-шашыннан және күн сәулесінен қорғалуы керек, азоттың шала тотығымен баллондарды 35оС-ге дейінгі температурада сақтауға болады.

Препаратты қолданар алдында 0оС-ден төмен температурада сақталған азоттың шала тотығымен баллондарды 8-10 сағат ішінде бөлме температурасында ұстау керек.

Сақтау шарттары

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Дайындаушы-кәсіпорынмен көтерме сауда дәріханалар қоймалары желісі арқылы тек емдеу мекемелеріне босатылады.

Өндіруші

«СҮ «МедГазСервис», ЖШҚ Ресей Федерациясы

162610, Вологодск обл., Череповец қ-сы, Солтүстік тас жолы, 36

Тел: (8202) 51-55-88, Факс: (8202) 51-55-77

Тіркеу куәлігінің иесі

«Global Stom Industrial» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Global Stom Industrial» ЖШС

050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы,

Қажы Мұқан к-сі, 39 үй, 56 бөлме

Тел: 8(727) 377-77-07

 

 

Прикрепленные файлы

793867931477976423_ru.doc 56 кб
163807321477977678_kz.doc 72.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ