АЗИДРАТ™ (100 мг/5 мл)

МНН: Азитромицин
Производитель: С.С.Сандоз С.Р.Л.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Azithromycin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021405
Информация о регистрации в РК: 15.06.2020 - бессрочно
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения
АЛО (Включено в Список бесплатного амбулаторного лекарственного обеспечения)
Предельная цена закупа в РК: 848.83 KZT
Предельная цена реализации в РК: 1 799.98 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

АЗИДРАТ™

Халықаралық патенттелмеген атауы

Азитромицин

Дәрілік түрі, дозалануы

Ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ 100 мг/5 мл,

200 мг/5 мл

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолдануға арналған инфекцияға қарсы препараттар. Жүйелі қолдануға арналған бактерияға қарсы препараттар. Макролидтер, линкозамидтер және стрептограминдер. Макролидтер. Азитромицин.

АТХ коды: J01FA10

Қолданылуы

Азитромицинге сезімтал микроорганизмдер туындатқан инфекциялық ауруларды емдеуде:

- созылмалы бронхиттің өршуі

- ауруханадан тыс пневмония (жеңілінен орташа ауыр түріне дейін)

- жедел бактериялық синусит

- фарингит, тонзиллит

- жедел бактериялық ортаңғы отит

- тері және жұмсақ тіндер инфекциялары

- Chlamydia trachomatis туындатқан асқынбаған генитальді инфекциялар

Бактерияларға қарсы дәрілік препараттарды тиісінше пайдалануға қатысты берілген емдік ұсыныстар қалтқысыз қадағалануы тиіс.

Қолдануды бастағанға дейін қажетті мәліметтер тізбесі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • азитромицинге, эритромицинге және макролидтер тобының басқа да антибиотиктерінің немесе кетолидтік антибиотиктерінің, кез келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық

  • бауыр және бүйрек функциясының ауыр бұзылуы

  • фруктоза жақпаушылығының, сахароза-изомальтаза тапшылығының немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромының (құрамында сахароза болғандықтан) сирек кездесетін тұқым қуалайтын түрі

  • фенилкетонурия (құрамында аспартам болғандықтан)

Қолдану кезінде қажетті сақтық шаралары

Жоғары сезімталдық

Эритромицин мен басқа да макролидтердегідей, ангионевроздық ісіну және анафилаксия (сирек жағдайларда өліммен аяқталатын), жедел жайылған экзантематоздық пустулезді (ЖЖЭП) қоса дерматологиялық реакциялар, Стивенс-Джонсон синдромы (СДС), уытты эпидермальді некролиз (УЭН) (сирек фатальді), эозинофилиямен және жүйелі симптомдармен дәрілік реакциялар (DRESS-синдром, дәрімен индукцияланған аса жоғары сезімталдық синдромы) сияқты күрделі аллергиялық реакциялар туралы хабарланды. Бұл реакциялардың кейбірі қайталану симптомдарының пайда болуына әкелді және анағұрлым ұзақ бақылауды және емдеуді талап етті.

Егер аллергиялық реакция туындаса азитромицин қолдануды тоқтатып, тиісті ем тағайындау керек. Дәрігерлер қайталанатын аллергиялық симптомдар симптоматикалық емді тоқтатқаннан кейін пайда болуы мүмкін екендігін білу керек.

Гепатоуыттылық

Бауырдың ауыр патологиясы бар пациенттерге препаратты қолдануға болмайды (шұғыл дамыған гепатиттен болған өмірге қауіп төндіретін бауыр жеткіліксіздігі даму жағдайлары анықталды). Кейбір пациенттерде, осыған дейін анамнезінде бауыр ауруы болуы мүмкін, немесе басқа гепатоуытты дәрілік заттар қолданылуы мүмкін. Бауыр функциясы бұзылуының белгілері мен симптомдары туындаған жағдайда (тез дамитын астения, сарғаю, несеп күңгірттенуі, қан кету немесе бауыр энцефалопатиясы) бауыр сынамалары және тиісті зерттеулер дереу орындалуы тиіс. Егер бауыр дисфункциясы көрінісі болса, азитромицин қолдану тоқтатылуы тиіс.

Бауырды зерттеу нәтижелері туралы хабарланды, олар нормадан өзгеше, холестатикалық сарғаю, бауыр некрозы және бауыр жеткіліксіздігі, кейбіреулері өліммен аяқталды. Егер гепатит симптомдары дамыса, азитромицин қолдануды тоқтату керек.

Инфантильді гипертрофиялық пилорлық стеноз (ИГПС)

Жаңа туған нәрестелерде азитромицинді қолданғаннан кейін (42 күнге дейін емдеу) нәрестелік гипертрофиялық пилорлық стеноз (IGPS) туралы хабарланды. Егер тамақтану кезінде құсу немесе тітіркену пайда болса, ата-аналар мен тәрбиешілерге дәрігермен байланысу туралы хабарлау керек.

Псевдомембранозды колит

Макролидті антибиотиктерді қолдану кезінде псевдомембранозды колиттің дамуы туралы хабарланды. Сондықтан бұл диагнозды азитромицинмен емдеуді бастағаннан кейін диареямен ауыратын пациенттерде ескеру керек.

Қастауыш алкалоидтарының туындылары

Эрготизм қастауыш туындыларын макролидті антибиотиктермен бірге қолданғаннан кейін пайда болды. Қастауыш алкалоидтары мен азитромициннің өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы мәліметтер жоқ. Алайда, эрготизмнің теориялық мүмкіндігіне байланысты азитромицин мен қастауыш туындыларын бірге қолдануға болмайды.

Суперинфекциялар

Кез-келген антибиотиктерді қолданғандағыдай, сезімтал емес организмдерден, соның ішінде зеңдік инфекциясынан туындаған суперинфекция белгілерін байқау ұсынылады.

Айқаспалы төзімділік

Грамм-оң микроорганизмдерде және стафилококктардың метициллинге төзімді штаммдарында айқаспалы резистенттіліктің дамуына байланысты азитромицин қолдану ұсынылмайды. Жергілікті эпидемиологияны және микроорганизмдерге сезімталдықты ескеру қажет.

Ауыр инфекциялар

Азитромицин қандағы антибиотиктің жоғары концентрациясын қажет ететін ауыр инфекцияларды емдеу үшін қолданылмайды.

Clostridium difficile байланысты диарея

Азитромицинді қоса, іс жүзінде барлық бактерияға қарсы препараттарды пайдаланғанда жеңіл диареядан өлімге соқтыратын колитке дейін ауытқуы мүмкін Clostridium difficile (CDAD) байланысты диарея дамуы мүмкін. Бактерияға қарсы дәрілермен ем ішектің қалыпты флорасын бәсеңдетеді, бұл Clostridium difficile өсуінің күшеюіне алып келеді. А және В гипертоксиндерін өндіретін Clostridium difficile штамдары CDAD дамуына ықпал етеді. Clostridium difficile штамдары өндіретін гипертоксин ауру мен өлім көрсеткіштері артуына алып келеді, өйткені бұл микроорганизмдер микробқа қарсы емге сезімтал болмауы мүмкін және колонэктомия жүргізу қажеттігіне алып келуі мүмкін. CDAD антибиотиктер қолданғаннан кейін диарея туындаған барлық пациенттерде қарастырылу керек. Аурудың анамнезін мұқият жинау керек, өйткені CDAD туындағаны туралы бактерияға қарсы дәрілер тағайындағаннан кейін 2 айдан соң хабарланды. Clostridium difficile байланысты диарея жағдайында перистальтикаға қарсы дәрілік заттар қолдануға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде (креатинин клиренсі <10мл/мин) азитромициннің жүйелік әсерінің артқаны бақыланды.

Жүрек-тамыр жүйесі

Басқа макролидтермен емдегенде «пируэт» типті пароксизмальді қарыншалық тахикардия мен жүрек аритмиясы дамуының қаупімен астасқан QT аралығының және жүрек реполяризациясы ұзаруы анықталды. Азитромициннің осылай әсер етуін жүрек реполяризациясы ұзару қаупі жоғары пациенттерде толығымен жоққа шығаруға болмайды, сондықтан келесі пациенттерге емді сақтықпен тағайындаған жөн:

  • туа біткен немесе құжаттамалық расталған QT аралығының ұзаруы;

  • қазіргі кезде QT аралығын ұзартатын ретінде белгілі басқа белсенді заттармен ем қабылдап жүрген, мысалы, ІА және ІІІ класты аритмияға қарсы дәрілер, цизаприд және терфенадин;

  • электролитті теңгерімі бұзылған, әсіресе гипокалиемия немесе гипомагниемия жағдайында;

  • клиникалық маңызды брадикардиясы, жүрек аритмиясы немесе жүректің ауыр жеткіліксіздігі бар.

Макролидтерді қолданумен байланысты жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялардың даму қаупін, эпидемиологиялық зерттеулерде ауытқымалы нәтижелер көрсетті. Кейбір қадағалау зерттеулері азитромицинді қоса, макролидтерді қолданумен байланысты аритмияның, миокард инфарктінің және жүрек-қантамырдан болуы мүмкін өлімнің сирек, қысқа мерзімді даму қаупін анықтады. Бұл нәтижелерді қарастыру азитромицинді тағайындау кезіндегі емнің басымдықтарымен салыстырылуы тиіс.

Кез келген антибиотиктерді пайдаланғандағы сияқты, зеңдік инфекцияларды қоса, сезімтал емес организмдерден туындаған асқын инфекция белгілерін бақылау ұсынылады.

Қастауыш алкалоидтары және азитромицин арасында өзара әрекеттесу мүмкіндігі туралы деректер жоқ, алайда эрготизмнің пайда болуының теориялық мүмкіндігіне байланысты азитромицин мен қастауыш туындыларын бір мезгілде тағайындамаған жөн.

Гравис миастениясы

Азитромицин қабылдаған пациенттерде миастенияның дамуы немесе гравис миастениясы симптомдарының асқыну жағдайлары анықталды.

Балалар

Балаларда Mycobacterium avium complex (MAC) туындаған инфекциялардың профилактикасы және емдеу үшін азитромициннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.

Ұзақ қолдану

Жоғарыда аталған көрсеткіштер бойынша азитромицинді ұзақ уақыт қолданған кезде қауіпсіздік пен тиімділікке қатысты тәжірибе туралы деректер жоқ. Жедел қайталанатын инфекция кезінде басқа антибиотиктермен емдеуді ескеру қажет.

Азитромицин тағайындар алдында сақтықтың төмендегі шаралары сақталуы тиіс:

Азитромицин, ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, қандағы антибиотиктердің концентрациясының жылдам және күшті жоғарылауын керек ететін ауыр инфекцияларды емдеу үшін жарамсыз. Азитромицин жеке-дара жағдайларда резистенттілік жағдайларының жиілігі 10%-ды немесе одан астамды құрайтын инфекцияларды емдегенде бірінші таңдау препараты емес.

Эритромицин А жоғары резистенттілік көрсететін жағдайларда азитромицинге және басқа антибиотиктерге әдеттегі сезімталдықтың біртіндеп өзгеруін назарда ұстау аса маңызды.

Кейбір еуропа елдерінде басқа макролидтер жағдайындағы сияқты, азитромицинге Streptococcus pneumonia резистенттілігінің жоғары (>30%) деңгейі тіркелген. Бұл нәтиже Streptococcus pneumoniae туындаған инфекцияларды емдегенде міндетті түрде ескерілуі тиіс.

Фарингит/тонзиллит

Азитромицин Streptococcus pyogenes туындаған фарингит және тонзиллитті емдегенде бірінші таңдау препараты емес. Бұл үшін, сондай-ақ жедел буындық ревматизмнің профилактикасы үшін пенициллинмен ем таңдалуы тиіс.

Синусит

Көп жағдайларда азитромицин синуситті емдеу үшін бірінші таңдау препараты болып табылмайды.

Жедел ортаңғы отит

Көп жағдайларда азитромицин жедел ортаңғы отитті емдеу үшін бірінші таңдау препараты болып табылмайды.

Тері мен жұмсақ тіндер инфекциялары

Жұмсақ тіндер инфекцияларын – Staphylococcus aureus туындататын басты қоздырғыш көп жағдайларда азитромицинге төзімді. Сондықтан жұмсақ тіндер инфекцияларын азитромицинмен емдегенде сезімталдыққа тест өткізу алдын ала шарт болуы тиіс.

Инфекция жұқтырған күйік жаралары

Инфекция жұқтырған күйік жараларын емдеу үшін азитромицин тағайындалмайды.

Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялар

Жыныс жолдары арқылы берілген асқынбаған урогенитальді инфекцияларды емдегенде бір мезгілде Treponema pallidum жұқтыруды болдырмау керек.

Неврологиялық немесе психикалық бұзылыстар

Неврологиялық немесе психикалық бұзылыстары бар пациенттерге азитромицин сақтықпен тағайындалуы тиіс.

АЗИДРАТ™ препараты, ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған ұнтақ, 100 мг/5 мл, 200 мг/5 мл құрамында аспартам бар, ол фенилаланин көзі болып табылады. Ол фенилкетонуриядан зардап шегетін пациенттерге теріс әсер етуі мүмкін.

Сахароза

АЗИДРАТ™ препаратының 100 мг/5 мл немесе 200 мг/5 мл дайындалған суспензиясының 5 мл құрамында тиісінше 3,8 г немесе 3,7 г сахароза бар. Бұны препаратты қант диабеті бар пациенттерде қолданғанда ескеру керек.

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі

Антацидттер: антацидтерді бір мезгілде қолданудың азитромицин фармакокинетикасына әсерін зерттегенде биожетімділіктің өзгеруі байқалмаған, дегенмен қан плазмасында азитромициннің ең жоғары концентрациясы 25%-ға төмендеген. Азитромицин және антацидтер қабылдайтын пациенттерге бұл дәрілік заттарды бір мезгілде қабылдауға болмайды. Азитромицинді антацид қабылдаудан бір сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін екі сағаттан соң қабылдау керек.

Цетиризин: азитромицинді 5 күн бойына 20 мг цетиризинмен бір мезгілде қолдану фармакокинетикалық өзара әрекеттесулерін және Q-T аралығының өзгерістерін туындатпады.

Диданозин (дидезоксиинозин): 1200 мг азитромицинді 400 мг диданозинмен АИТВ-оң пациенттерге бір мезгілде қолдану плацебомен салыстырғанда диданозин фармакокинетикасына әсер етпеген.

Аторвастатин: аторвастатинді (10 мг/тәулік) және азитромицинді (500 мг/ тәулік) бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы аторвастатин концентрациясының өзгерістерін туындатпаған (ГМГ-КоА-редуктаза тежеуді талдау негізінде). Алайда азитромицин және статиндер қабылдаған пациенттерден рабдомиолиз жағдайлары туралы жеке-дара мәлімдеулер алынған.

Циметидин: циметидиннің бір реттік дозасының азитромицин фармакокинетикасына әсері, азитромицинге дейін 2 сағат бұрын циметидин қолданған жағдайда азитромицин фармакокинетикасының өзгерістері анықталмады.

Эфавиренз: бір мезгілде 600 мг азитромицинді тәулігіне бір рет және 400 мг/тәулік эфавиренз 7 күн сайын қолдану қандай да бір клиникалық елеулі

фармакокинетикалық өзара әрекеттесулер туындатпаған.

Зидовудин: азитромицинді (1000 мг бір рет) бір мезгілде қолдану және 600 мг немесе 1200 мг көп рет қабылдау зидовудиннің және оның глюкуронидтерінің плазмадағы концентрациясына және бүйрек экскрециясына әсер етпеген. Алайда азитромицин қолдану шеткергі қанның мононуклеарлы жасушаларында зидовудиннің белсенді метаболитінің концентрациясы жоғарылауын туындатты. Бұл өзара әрекеттесулердің клиникалық маңызы белгісіз.

Азитромицин бауырдың Р450 цитохром жүйесімен өзара әрекеттеспейді. Азитромицин фармакокинетикалық өзара әрекеттесуге, эритромицин және басқа макролидтер сияқты, қатыспайды. Азитромицин P450 цитохромын цитохром-метаболит кешенінің көмегімен индукцияламайды немесе белсенділігін жояды.

Нелфинавир: Азитромицин (1200 мг) мен нелфинавирді (750 мг күніне 3 рет) бірге қолдану қан сарысуында азитромицин концентрациясы жоғарылауын туындатады. Нелфинавирмен азитромицинді бір мезгілде қолданғанда елеулі жағымсыз әсерлері анықталмады және дозасын түзету талап етілмейді.

Индинавир: азитромициннің 1200 мг бір реттік дозасын бір мезгілде қолдану 5 күн ішінде күніне 3 рет 800 мг тағайындалған индинавир фармакокинетикасына статистикалық нақты әсерін туындатпады.

Метилпреднизолон: азитромицин метилпреднизолон фармакокинетикасына елеулі әсер етпейді.

Мидазолам: 500 мг азитромицин мен мидазоламды 3 күн бойына бір мезгілде қолдану бір реттік 15 мг дозада мидазоламның фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына клиникалық елеулі әсер етпеген.

Силденафил: азитромициннің (500 мг күн сайын 3 күн бойына) силденафил AUC және Cmax мәндеріне немесе оның негізгі айналымдағы метаболитіне әсері дәлелденбеген.

Триазолам: азитромицинді 500 мг 1-ші күні және 250 мг 2-ші күні бір мезгілде 2-ші күні триазоламмен 0.125 мг қолдану триазоламды плацебомен қолданумен салыстырғанда триазоламның фармакокинетикалық көрсеткіштеріне елеулі әсері болуын көрсетпеді.

Карбамазепин: қан плазмасындағы карбамазепин концентрациясына және оның белсенді метаболитіне сонымен бір мезгілде азитромицин қабылдаған пациенттерде елеулі әсері анықталмады.

Триметоприм/сульфаметоксазол: триметоприм/сульфаметоксазолды (160 мг/800 мг) 7 күн бойына 1200 мг азитромицинмен бір мезгілде қолдану 7-ші күні триметопримның немесе сульфаметоксазолдың Cmax, жалпы экспозициясына немесе несеппен экскрециясына елеулі әсер етпеген.

Дигоксин (P-gp субстраттары) және колхицин: Макролидті антибиотиктерді, оның ішінде азитромицинді дигоксин және колхицин сияқты P-гликопротеин субстраттарымен бірге қолдану P-гликопротеин субстраттарының сарысулық деңгейлерінің ұлғаюына әкеледі. Сондықтан азитромицин және дигоксин сияқты P-гликопротеин субстраттарын бір мезгілде қолданғанда сарысуда P-гликопротеин субстраттары концентрациясының жоғарылау мүмкіндігін есте сақтаған жөн.

Азитромицинмен емдеу кезінде клиникалық тексерулер жүргізу және қан сарысуындағы Дигоксин деңгейін өлшеу қажет.

Эрготамин туындылары: Теориялық тұрғыда эрготизмнің даму мүмкіндігін ескере отырып, азитромицинді қастауыш туындыларымен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. Азитромицинмен және мынадай белгілі цитохром Р450 препараттарымен – метаболизм арқылы зерттеулер жүргізілген.

Азитромицин варфариннің 15 мг бір реттік дозасының антикоагулянтты әсерін енгізген кезде өзгертпейді. Кумарин типті пероральді антикоагулянттар мен азитромицинді бір мезгілде қолданғаннан кейін антикоагулянттық әсерін күшейтетіні туралы хабарланған. Салдарлы- себебі анықталмаса да, кумарин типті пероральді антикоагулянттар қабылдап жүрген пациенттерге азитромицин тағайындағанда протромбиндік уақытқа жиі мониторинг жүргізу керегін ескеру керек.

Циклоспорин: азитромицинді 3 күн бойына 500 мг дозада пероральді қабылдау, содан кейін дене салмағына қарай 10 мг/кг циклоспориннің бір реттік дозасын қабылдау циклоспориннің AUC және Cmax мәнінің нақты жоғарылағанын анықтаған. Сондықтан бұл препараттарды бір мезгілге тағайындауды қарастырғанда сақ болу керек. Егер бұндай бір мезгілде қолдану қажет болса циклоспорин деңгейіне мониторинг жүргізу керек және тиісінше дозаны түзету керек.

Флуконазол: Азитромицинді (1200 мг бір рет) бір мезгілде қолдану флуконазол (800 мг бір рет) фармакокинетикасын өзгертпеген. Азитромициннің жалпы экспозициясы және Т1/2 флуконазолмен бір мезгілде қолданғанда өзгермеген, алайда бұл арада азитромициннің Cmax (18%-ға) төмендегені анықталды, бұл арада оның клиникалық маңызы жоқ.

Нейтропения азитромицинмен және рифабутинмен бір мезгілде ем қабылдайтын пациенттерде байқалды. Нейтропенияның рифабутин қолданумен астасқанына қарамастан, азитромицин және рифабутин біріктірілімін қолдану және нейтропения арасындағы себеп-салдарлы байланысы анықталмаған.

Терфенадин: азитромицинмен және терфенадиннің өзара әрекеттесулерінің дәлелдері туралы деректер жоқ. Бұндай өзара әрекеттесулерді толық жоққа шығару мүмкін болмаған жеке-дара жағдайлар туралы хабарланған, алайда бұндай өзара әрекеттесулердің болғаны туралы бірде бір нақты дәлел болмаған. Терфенадин мен макролидтерді бір мезгілде қолданғанда аритмияны және QT аралығының ұзаруын туындату мүмкіндігі анықталды.

Теофиллин: азитромицин мен теофиллинді бір мезгілде қолданғанда азитромициннің теофиллин фармакокинетикасына ешбір әсері байқалмады. Азитромицин қабылдаған пациенттерде теофиллин деңгейі жоғарылауы мүмкін, сондықтан азитромицин мен теофиллинді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде теофиллиннің плазмадағы деңгейін мұқият бақылау керек.

Астемизол, алфентанил

Азитромицинның астемизолмен немесе алфенатилмен өзара әрекеттесулері туралы сәйкес деректер жоқ.

Эритромицинмен (макролидтік антибиотикті) берілген дәрілік заттармен олардың концентрациясы және көрсететін емдік әсері артуы сипатталған өзара әрекеттесулеріне орай азитромицинмен бір мезгілде қолданғанда сақ болу керек.

Цизаприд

Цизаприд CYP 3A4 ферментінің көмегімен бауырда метаболизденеді. Макролидтер бұл ферментті тежейтіндіктен, цизапридті бір мезгілде қолдану QT аралығының ұзаруын, қарыншалық аритмия мен пируэтті тахикардияның артуын туындатуы мүмкін.

Арнайы ескертулер

Педиатрияда қолдану

Дене салмағы 5-45 кг болатын балаларға суспензия түрінде азитромицин препараттарын тағайындау ұсынылады. Препаратты суспензия түрінде 6 айға дейінгі балаларда қолдануға қатысты деректер жоқ.

Жүктілік немесе лактация кезінде

Жүкті әйелдерде азитромицин қолданудың нәтижелері туралы тиісті бақыланатын клиникалық сынақтар деректері жоқ. Жүктілік уақытында азитромицин қолданудың қауіпсіздігі әлі расталмаған. Осыған байланысты жүктілік кезінде азитромицин анасы үшін күтілетін пайдасы шаранаға төнетін қауіптен асып түскен жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін.

АЗИДРАТ™ препараты емшек сүтіне өтеді. Азитромициннің ана сүтімен өткенде балаға қолайсыз әсері бары белгісіз болғандықтан, азитромицин қабылдау кезеңінде бала емізуді тоқтата тұру керек. Жаңа туған нәрестелердегі болуы мүмкін қолайсыз реакциялар диарея, шырышты қабаттардың зеңдік инфекциясы, сондай-ақ организмде сенситизация дамуы мүмкін. Емізу азитромицин қабылдауды аяқтағаннан кейін 2 күннен соң жаңғыртылуы мүмкін.

Емшек сүтімен қоректенетін балалардағы азитромициннің елеулі жанама әсерлері туралы деректер байқалмады. Емшекпен емізуді тоқтату, азитромицинмен емдеуден бас тарту немесе емдеуді тоқтату туралы шешім қабылдау қажет. Бұл жағдайда бала үшін емшек сүтімен емдеудің пайдасы да, әйел үшін емдік пайдасы да ескерілуі керек.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Сирек жағдайларда бас айналуы және құрысулар болуы мүмкін. Бұндай жағдайларда жоғары зейін қоюды және психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін көлік құралдарын басқарудан және басқа да аса қауіпті қызмет түрімен шұғылданудан бас тарту керек.

Қолдану жөніндегі нұсқаулар

Дозалау режимі

Салмағы 45 кг дейінгі балалар: АЗИДРАТ™ препаратын салмағы 45 кг дейінгі балаларға қолданған жөн. Жасы 6 айлыққа дейінгі балалар туралы ақпарат жоқ. Балалардың дозасы 3 күн бойы бір реттік тәуліктік доза түрінде 10 мг/кг құрайды.

Салмағы 45 кг дейінгі балалар: АЗИДРАТ™ препаратын өлшеуіш шприц пайдаланып қолданған жөн.

Шприц 0,25 мл-ден бөліктерге бөлінген, әрбір шығарылуында 10 мг азитромицин болады (АЗИДРАТ™, 200 мг/5 мл дозасы).

Шприц 0,25 мл-ден бөліктерге бөлінген, әрбір шығарылуында 5 мг азитромицин болады (АЗИДРАТ™, 100 мг/5 мл дозасы).

Балаларға препаратты салмағына байланысты тағайындайды:

АЗИДРАТ™, 100 мг/5 мл дозасы

АЗИДРАТ™, 200 мг/5 мл дозасы

Дене салмағы, кг

3 күндік ем, мл

Дене салмағы, кг

3 күндік ем, мл

10 мг/кг/тәулік

10 мг/кг/ тәулік

5 кг

2,5 мл күніне бір рет

----

-----

6 кг

3 мл күніне бір рет

----

-----

7 кг

3,5 мл күніне бір рет

----

-----

8 кг

4 мл күніне бір рет

----

-----

9 кг

4,5 мл күніне бір рет

----

-----

10 кг

5 мл күніне бір рет

10 кг

2,5 мл күніне бір рет

11 кг

5,5 мл күніне бір рет

11 кг

2,75 мл күніне бір рет

12 кг

6 мл күніне бір рет

12 кг

3 мл күніне бір рет

13 кг

6,5 мл күніне бір рет

13 кг

3,25 мл күніне бір рет

14 кг

7 мл күніне бір рет

14 кг

4 мл күніне бір рет

15-25 кг

(3-7 жас)

10 мл (200 мг азитромицин) күніне бір рет

15-25 кг

(3-7 жас)

5 мл (200 мг азитромицин) күніне бір рет

26-35 кг

(8-11 жас)

15 мл (300 мг азитромицин) күніне бір рет

26-35 кг

(8-11 жас)

7,5 мл (300 мг азитромицин) күніне бір рет

36-45 кг

(12-14 жас)

20 мл (400 мг азитромицин) күніне бір рет

36-45 кг

(12-14 жас)

10 мл (400 мг азитромицин) күніне бір рет

Стрептококкты фарингит емі үшін 3 күн бойына 10 мг/кг немесе 20 мг/кг бір реттік дозада ең жоғары тәуліктік 500 мг дозада балаларды емдегенде азитромицин тиімді болғаны анықталған. Осы екі дозаны клиникалық зерттеулерде салыстырғанда 20 мг/кг дозаны қолданғандағы бактериялардың эрадикациясы жоғары болса да, ұқсас тиімділігі анықталған.

Алайда Streptococcus pyogenes туындаған фарингитті емдеу үшін және кез келген кейінгі ревматизмдік қызбаны болдырмау үшін әдетте пенициллин бастапқы таңдау препараты болып табылады.

Жеңіл және орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі 10 - 80 мл/мин) және бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде доза түзету талап етілмейді.

АЗИДРАТ™ препаратын дайындаудың сызбасы, ішке қабылдауға арналған суспензия 100 мг/5 мл және 200 мг/5 мл доза үшін:

Ұнтақ мөлшері

Қосылатын су мөлшері

Дайындалған суспензия көлемі

Құты көлемі

17.10 г (100 мг/5 мл доза үшін)

10.5 мл

20 мл

30 мл

24.80 г (200 мг/5 мл доза үшін)

15.0 мл

30 мл

60 мл

Енгізу жолы және тәсілі

Дайындалған суспензия ішуге арналған, оны тамақ ішу кезінде қабылдауға болады. Суспензия қабылдағаннан кейін ауыз қуысындағы суспензияның қалған мөлшерін шаю және жұту үшін, сондай-ақ суспензияның сәл ащы дәмін жою үшін дереу су немесе жеміс шырынының бірнеше жұтымын ішу керек.

20 мл суспензия дайындау үшін (100 мг/5 мл доза үшін) керек:

  • құтыдағы құрғақ ұнтақты мұқият сілку керек;

  • құтының қақпағын ашып, адаптерді құтының мойнына салу керек;

  • 10.5 мл салқындатылған қайнаған суды шприцке тартып алады;

  • шприц ұшын адаптерге орналастырады;

  • шприцтен 10.5 мл су қосу керек және ақтан ақ дерлік түске дейінгі гомогенді суспензия алғанға дейін жақсылап сілку керек.

30 мл суспензия дайындау үшін (200 мг/5 мл доза үшін) керек:

  • құтыдағы құрғақ ұнтақты мұқият сілку керек;

  • құтының қақпағын ашып, адаптерді құтының мойнына салу керек;

  • 15 мл салқындатылған қайнаған суды шприцке тартып алады;

  • шприц ұшын адаптерге орналастырады;

  • шприцтен 15 мл су қосу керек және ақтан ақ дерлік түске дейінгі гомогенді суспензия алғанға дейін жақсылап сілку керек.

Ересектер, егде жастағы пациенттер және дене салмағы 45 кг астам балалар

Пациенттердің осы санатын емдеу үшін препараттың таблетка түрін қолданған жөн (мысалы, АЗИДРАТ™, үлбірлі қабықпен қапталған 250 мг немесе 500 мг таблеткалар).

Ересектер

Chlamydia trachomatis туындаған асқынбаған генитальді инфекция кезінде АЗИДРАТ™ препаратын 1000 мг дозада бір рет тағайындайды.

Қолданудың басқа көрсетілімдерінде АЗИДРАТ™ препаратын 1500 мг (келесі 3 күн бойына тәулігіне 500 мг бір рет) немесе сол дозаны (1500 мг) 5 күн ішінде қабылдауға болады: 1-ші күні 500 мг-ден, содан кейін 2-ші күннен 5 күнге дейін 250 мг-ден тағайындайды.

Ересек пациенттерді емдеу үшін, сондай-ақ басқа да қолжетімді дәрілік түрлер бар.

Егде жастағы пациенттер

Дозалау режимі ересек пациенттердегі сияқты. Ересек адамдарда осыған дейін ағымдағы проаритмогенді жай-күй болуы мүмкіндігіне байланысты жүрек аритмиясы, оның ішінде «пируэт» түрінің даму қаупіне байланысты препарат қолданғанда сақ болу керек.

Артық дозалану жағдайында қабылдануы қажет шаралар

Симптомдары: естудің қайтымды бұзылуы, алопеция, жүрек айнуы, құсу, диарея.

Емі: асқазанды шаю, белсендірілген көмір қолдану, қажет болғанда организмнің өмірлік функцияларын демеп тұруға бағытталған симптоматикалық ем.

Дәрілік препаратты қолдану тәсілін түсіндіру үшін медицина қызметкерінің кеңесіне жүгіну бойынша нұсқаулар

Дәрілік затты қолдану әдісін нақтылау үшін медициналық маманның кеңесіне жүгінген жөн.

ДП стандартты қолдану кезінде көрініс табатын жағымсыз реакциялардың сипаттамасы және осы жағдайда қабылдануы керек шаралар (қажет болса)

Өте жиі

  • диарея

Жиі

  • бас ауруы

  • құсу, іштің ауыруы, жүрек айнуы

  • лейкоциттер санының азаюы, эозинофилдер санының көбеюі, қан бикарбонаты деңгейінің төмендеуі, базофилдер санының көбеюі, моноциттер санының көбеюі, нейтрофилдер санының көбеюі

Жиі емес

  • кандидоз, вагинальды инфекциялар, саңырауқұлақ инфекциясы, бактериялық инфекция

  • фарингит, гастроэнтерит, ринит, тыныс алу жүйесінің бұзылуы, пневмония, ауыз қуысының кандидозы

  • лейкопения, нейтропения, эозинофилия түрлері

  • ангионевроздық ісіну, аса жоғары сезімталдық реакциясы

  • күйгелектік, ұйқысыздық

  • бас айналу, ұйқышылдық, дисгевзия, парестезия

  • көру қабілетінің бұзылуы

  • есту қабілетінің бұзылуы

  • жүректің жиі қағуы

  • қан кернеуі

  • ентігу, мұрыннан қан кету

  • анорексия

  • гастрит, гастроэнтерит, іш қату, сілекей бездерінің гиперсекрециясы, диспепсия, дисфагия, іштің кебуі, құрғақ ауыз, кекіру, ауыздың ойық жарасы, метеоризм

  • терінің қышуы, есекжем, дерматит, құрғақ тері, гипергидроз

  • остеоартрит, миалгия, арқаның ауыруы, мойынның ауыруы

  • дизурия, бүйрек аймағындағы ауырсыну

  • меторрагия, ұрықтың жеңілісі

  • ісіну, астения, дімкәстік, шаршағыштық, беттің ісінуі, кеуденің ауыруы, гипертермия, ауыру, шеткергі ісіну

  • АСТ және АЛТ деңгейінің жоғарылауы, қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы, қандағы мочевина деңгейінің жоғарылауы, қандағы креатинин деңгейінің жоғарылауы, қандағы калийдің қалыпты емес деңгейі, қандағы сілтілі фосфатаза деңгейінің жоғарылауы, хлорид деңгейінің жоғарылауы, глюкоза деңгейінің жоғарылауы, тромбоциттер деңгейінің жоғарылауы, гематокрит деңгейінің төмендеуі, бикарбонат деңгейінің жоғарылауы, натрийдің қалыпты емес деңгейі

  • процедурадан кейінгі асқыну

Сирек

  • қозу

  • бауыр функциясының бұзылуы, холестатикалық сарғаю

  • жедел жайылған экзантематозды пустулез (AGEP), эозинофилиямен және жүйелік симптомдармен (DRESS) дәрілік реакция, фотосезімталдық реакция

Белгісіз

  • псевдомембранозды колит

  • тромбоцитопения, гемолитикалық анемия

  • ауыр (ішінара өлімге әкелетін) анафилактикалық реакция (анафилактикалық шок)

  • озбырлық, мазасыздық, делирий (сандырақ), галлюцинация

  • естен тану, құрысулар, гипоэстезия, психомоторлық гиперактивтілік, аносмия, агевзия, паросмия, миастения грависі

  • бұлыңғыр көру

  • "пируэт" типті қарыншалық тахикардия, қарыншалық тахикардияны қоса алғанда, аритмия, электрокардиограммадағы QT аралығының ұзаруы

  • гипотензия

  • панкреатит, тіл ағаруы

  • бауыр жеткіліксіздігі, сирек жағдайларда өліммен аяқталады, фульминантты гепатит, некротикалық гепатит

  • уытты эпидермальді некролиз, мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы

  • артралгия

  • жедел бүйрек жеткіліксіздігі, интерстициалды нефрит

Mycobacterium avium кешенді алдын алу және емдеумен байланысты болуы мүмкін немесе ықтимал жағымсыз реакциялар клиникалық сынақ тәжірибесіне және постмаркетингтік бақылауға негізделген. Жағымсыз реакциялар препаратты қолдану кезінде хабарланғаннан сипаты бойынша да, жиілігі бойынша да ерекшеленеді:

Өте жиі

  • диарея, іштің ауыруы, жүрек айну, метеоризм, іштің ыңғайсыздығы, нәжіс

Жиі

  • бас ауыруы, бас айналуы, дисгевзия, парестезия

  • көрудің бұзылуы

  • кереңдік

  • қышыну, бөртпе

  • артралгия

  • шаршау

Сирек

  • гипоэстезия

  • есту қабілетінің бұзылуы, құлақтағы шуыл

  • анорексия

  • гепатиттер

  • Стивенс-Джонсон синдромы, фотосезімталдық реакциясы

  • астения, дімкәстік

- жүректің жиі қағуы

Жағымсыз дәрілік реакциялар туындаса медицина қызметкеріне, фармацевтика қызметкеріне немесе дәрілік препараттардың тиімсіздігі туралы хабарламаларды қоса, дәрілік препараттарға жағымсыз реакциялар (әсерлер) бойынша ақпараттық деректер базасына тікелей хабарласыңыз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК

http://www.ndda.kz.

Қосымша мәліметтер

Дәрілік препараттың құрамы

5 мл суспензияның құрамында

белсенді зат – 102,40 мг немесе 204,80 мг азитромицин моногидраты,

қосымша заттар: рафинадталған сахароза, сахароза ұнтағы, ксантан шайыры, гидроксипропилцеллюлоза, сусыз тринатрий фосфаты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, аспартам, кілегейлі карамель, титанның қостотығы (Е 171).

Сыртқы түрінің, иісінің, дәмінің сипаттамасы

Ақтан ақ дерлік түске дейінгі, хош иісі бар ұнтақ.

Дайындалған суспензия - ақтан ақ дерлік түске дейінгі, хош иісі, тәттіден сәл ащыға дейінгі дәмі бар, гомогенді суспензия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

17.10 г препараттан (100 мг/5 мл дозасы үшін) бірінші ашылуына бақылау сақинасы және бала ашпауы үшін қорғанышы бар бұралатын қақпақты, сыйымдылығы 30 мл тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларда және 24.80 г препараттан (200 мг/5 мл дозасы үшін) сыйымдылығы 60 мл тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған құтыларда.

Полиэтилен/полипропиленнен жасалған өлшеуіш шприцпен 1 құтыдан және медициналық қолдану жөніндегі қазақ және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Дайындалған суспензияны 30 °С-ден аспайтын температурада 5 тәуліктен асырмай сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Сақтау шарттары

30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші туралы мәлімет

Сандоз С.Р.Л., Румыния

Livezeni Street, 7A, 540472 Targu Mures, Romania

Тел./факс: + 386 1 5802111, + 386 1 5683517

e-mail: info.sandoz@sandoz.com

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

Сандоз С.Р.Л., Румыния

Livezeni Street, 7A, 540472 Targu Mures, Romania

Тел./факс: + 386 1 5802111, + 386 1 5683517

e-mail: info.sandoz@sandoz.com

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы, мекенжайы және байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта)

«Сандоз Фармасьютикалс д.д.» акционерлік қоғамының Қазақстан Республикасындағы өкілдігі,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Құрманғазы к-сі 95.

Тел.: +7 (727) 258-24-47, Факс: +7 (727) 244-26-51

e-mail: drugsafety.cis@novartis.com

Шешімі: N039945Шешім тіркелген күні: 15.06.2021Мемлекеттік орган басшысының (немесе уәкілетті тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): Байсеркин Б. С.(Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті)Осы құжат «Электронды құжат және электрондық цифрлы қол қою жөнінде» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз түріндегі құжатқа тең

Шешімі: N039945Шешім тіркелген күні: 15.06.2021Мемлекеттік орган басшысының (немесе уәкілетті тұлғаның) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): Байсеркин Б. С.(Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті)Осы құжат «Электронды құжат және электрондық цифрлы қол қою жөнінде» 2003 жылғы 7 қаңтардағы ҚРЗ 7-бабы 1-тармағына сәйкес қағаз түріндегі құжатқа тең

Прикрепленные файлы

АЗИДРАТ™_POS_листок-вкладыш_суспензия_рус.docx 0.07 кб
АЗИДРАТ™_POS_листок-вкладыш_суспензия_каз.docx 0.07 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники