Адивит

МНН: Аскорбиновая кислота, Витамин E, Декспантенол, Колекальциферол, Никотинамид, Пиридоксин, Ретинол, Рибофлавин, Тиамин
Производитель: Абди Ибрахим Глобал Фарм ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-0№009638

Инструкция

Саудалық атауы

Адивит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

30 мл, 100 мл шәрбат

Құрамы

Бір өлшегіш қасықта (5 мл)

белсенді заттар:

ретинол пальмитаты (А дәрумені) 1500 ХБ

тиамин гидрохлориді (В1 дәрумені) 1 мг

рибофлавин-5-фосфат натрийі (В2 дәрумені) 1,2 мг

пиридоксин гидрохлориді (В6 дәрумені) 2 мг

никотинамид (РР дәрумені) 7 мг

дексапонтенол (D-Пантенол) 3 мг

кристалданған аскорбин қышқылы (С дәрумені) 25 мг

холекальциферол (D3 дәрумені) 400 ХБ

α-Токоферол ацетаты (Е дәрумені) 5 мг,

қосымша заттар:

сахароза, кремофор RH 40, натрий сахарині, метилпарабен, пропилпарабен, динатрий эдетаты, глицерин, натрий бензоаты, апельсин эссенциясы, тазартылған су

Сипаттамасы

Апельсин дәмі бар, сары, мөлдір шәрбат

Фармакотерапиялық тобы

Полидәрумендер.

АТХ коды А11ВА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Адивит препаратының әсері –оның құрамындағы компоненттердің бірлескен әсері, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкін емес; компоненттердің барлығы бірге маркерлермен немесе биозерттеулер көмегімен зерттелуі мүмкін емес.

Дәрумендер асқазан ішек жолында, әсіресе он екі елі және аш ішекте сіңеді, бауырда биотрансформацияға ұшырайды, несеппен және нәжіспен шығарылады.

Ретинолдың сіңуі панкреатиндік липазалар, ақуыздар және майлардың болуын талап етеді.

Алкоголь В тобының дәрумендерінің сіңуін тежейді.

С дәруменінің сіңуі жоғары дозаларды қабылдағанда төмендеуі мүмкін.

D3 дәрумені D2 дәруменіне қарағанда үлкен дозаларда жылдамырақ сіңеді.

Токоферолдың сіңуі өт тұздарының, майлардың болуын және ұйқы безі функциясының қалыпты болуын талап етеді.

Фармакодинамикасы

Адивит - біріктірілген полидәруменді препарат, оның әсері құрамына кіретін компоненттердің тиімділігімен шартталған. Балалардың өсуі мен дамуының қарқынды кезі – ерте жастағы кезінде қолдануға ұсынылады.

Ретинол (А дәрумені) ақуыздардың, липидтердің, мукополисахаридтердің синтезіне қатысады; терінің, шырышты қабықтың, сондай-ақ көру мүшелерінің қалыпты функциясын қамтамасыз етеді.

Колекальциферолдың (D3 дәрумені) организмде кальций мен фосфордың тепе-теңдігін ұстап тұруда маңызды рөлі бар.

D3 дәруменінің тапшылығы балаларда рахит ауруының дамуына алып келеді және ересектерде (остеопорозды) сүйек тініндегі кальций құрамының төмендеуін туғызады.

В тобы дәрумендері организмдегі зат алмасу үдерісін реттейтін әртүрлі ферменттер түзуге қатысады.

Токоферол (Е дәрумені) табиғи антиоксидант болып табылады. Қан ұюының жоғарылығының алдын алады, шеткері қан айналымына жағымды әсер етеді. Гемоглобин мен ақуыз синтезіне, жасуша өсуінің үдерісіне, жүрек, қан тамырлары, жыныс бездері, қаңқа бұлшық еттерінің функциясына қатысады.

Аскорбин қышқылы (С дәрумені) бірқатар белсенді заттардың тотығуына, жалғағыш тіндердегі алмасуды реттеуге, көмірсу алмасуына, қанның ұюы мен тіндердің регенерациясына қатысады, стероидты гормондар түзілуін көтермелейді, капиллярлардың өткізгіштігін қалыпты етеді.

С дәрумені организмнің инфекцияларға төзімділігін күшейтеді, қабыну реакцияларын төмендетеді.

Никотинамид (PP) тыныс алу функциясы электрондарының тасымалдану реакцияларында ко-ферментінің рөлін атқарады.

D-Пантенол майлардың, ақуыздардың және көмірсулардың метаболизміне қажетті А ко-ферментінің компоненті болып табылады.

Сироптың жағымды дәмі бар.

Қолданылуы

- дәрумендерге аса мұқтаждықпен бірге жүретін күйлерде: дене және ақыл-ой жүктемесі жоғары кездерде, мерзімдік авитаминозда, алиментарлы дәрумен жеткіліксіздігінде және арнайы диета сақтауда, жарақаттану мен операциялық араласуларда, жүктілік және лактация кезеңінде, оның ішінде жүктілердің гестозды жағдайында

- ауырып сауыққаннан кейінгі кезеңде (инфекцияларда, созылмалы аурулардың асқынуында), шаршау, әлсіздік, салмақ жоғалту кезеңдерінде

- химиятерапиялық дәрілер қабылдағанда

- балалардағы неврологиялық ауруларда (БЦС, ишемиялық гипоксиялық энцефалопатия, ишемиялық жарақаттық энцефалопатия, невриттер) біріктірілген ем құрамында

- ретинопатияда

- іріңді дерматиттерде

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақ уақытында немесе тамақтан кейін күніне 1 рет ішуге арналған шәрбат. Шәрбатты шайға немесе жеміс шырынына қосуға болады.

3 айлықтан 1 жасқа дейінгі балаларға күнделікті 5 мл-ден (1 өлшегіш қасық),

1-жастан 5 жасқа дейінгі балаларға күнделікті 7,5 мл-ден (1,5 өлшегіш қасық),

5-жастан жоғары және ересектерге күнделікті 10 мл-ден (2 өлшегіш қасық),

Жүкті және емшек емізетін әйелдерге күнделікті 10 мл-ден (2 өлшегіш қасық)

Препаратты қабылдаудың ұзақтығы жеке анықталады, бірақ әдетте 1-ден 2 айға дейінгі курстық ұзақтықпен жылына бірнеше рет.

Жағымсыз әсері

Препаратты ұсынылған дозада қолданғанда жағымсыз әсерлері айқындалмаған.

Болуы мүмкін

- аллергиялық реакциялар (тері бөртпесі, гиперемия)

- шырышты қабықтың ойық жаралары

- естен тану

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат ингредиенттерінің кез-келгеніне жоғары сезімталдықта

- леводопамен бір уақытта қабылдауға

- көру жүйкесінің тұқым қуалайтын атрофиясында

- қант диабетінде

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

А дәрумені құрамында ретиноид бар азық-түлікпен жағымсыз әсерлердің артуына алып келеді

Барбитураттар мен құрысуға қарсы дәрілер D дәруменінің әсерін төмендетуі мүмкін.

Никотинамид (РР) ганглиобөгегіштерінің гипотензиялық әсерін күшейтуі мүмкін.

Рибовлавин (В2 дәрумені) уробилиноген мен Эрлих реактивімен талдауда несепті сары түске бояп, қате нәтижеге алып келуі мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Құрамында дәрумендер мен минералдар бар басқа препараттармен бір мезгілде қабылдауға артық дозалау болмас үшін ұсынылмайды.

Препаратты жоғары дозаларда және ұзақ уақыт бойы қабылдау гипервитаминоз тудыруы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік кезеңінде және емшекпен емізу уақытында қолдануға қарсы көрсетілім жоқ.

Жүктілік кезеңінде тератогенді әсері болу мүмкіндігіне орай А дәруменінің жоғары дозасын алудан аулақ болу керек.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған

Артық дозалануы

Көрсетілімдер мен ұсынылған дозалар бойынша қабылдағанда артық дозалану мүмкіндігі тым аз, өйткені препарат құрамындағы дәрумендер балаларға бейімделген.

Артық дозалану жоғары дозаны біліп қабылдаудан болса да, білмей қабылдаудан туындаса да дәрілік зат организм шығарылады және демеуші ем қолданылады.

Артық дозалану симптомдары: салмақ қосудың тоқтауы, асқа тәбетінің нашарлауы, ашушаңдық, ұйқы бұзылуы, жиі несеп бөлу, терінің құрғауы, қабыршықтануы, қышыну мазасыздығы.

Емі: белсенділендірілген көмір, асқазанды шаю, симптоматикалық терапия.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Препарат 30 мл немесе 100 мл-ден полиэтиленді бұралатын қақпағы бар күңгірт шыны құтыға салынады. Жиынтықта өлшегіш қасығымен бір құтыдан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханадан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ABDI IBRAHIM», Түркия

Тіркеу куәлігінің иесі

«ABDI IBRAHIM», Түркия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім  сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын және дәрілік зат қауіпсіздігінің тіркеуден кейінгі қадағалануына жауапты ұйымның  мекенжайы

«Абди Ибрахим Глобал Фарм» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы обл., Іле ауд., Өндірістік аймақ 282, тел. +7 727 309 74 07, факс +7 727 309 74 14, e-mail: info@aigp.kz

 

 

5

 

Прикрепленные файлы

716840251477976290_ru.doc 56.5 кб
351224901477977480_kz.doc 64.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники