Аджисепт® классический

МНН: Амилметакрезол, Дихлорбензиловый спирт
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№011580
Информация о регистрации в РК: 27.01.2022 - 27.01.2032

Инструкция

Саудалық атауы

Аджисепт® классикалық

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған пастилкалар

Құрамы

Бір пастилканың құрамында

белсенді заттар:

2,4-дихлорбензил спирті…….1,20 мг

амилметакрезол……………………0,60 мг,

қосымша заттар: қант, сұйық глюкоза, сусыз лимон қышқылы, ментол, Понсо 4R бояғышы (Е124), кармозин бояғышы (Е122), анис майы, бұрыш жалбызының майы, тазартылған су.

Сипаттамасы

Дөңгелек, екi бетi дөңес, анис және жалбыз иісі бар таңқурай-қызыл түсті пастилкалар; карамель массасының ішінде елеусіз ауа көпіршіктерінің болуына, бояуы біртекті емес және жиектерінің тегіс болмауына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Басқа да препараттар.

АТХ коды R02АА20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жүйелік сіңірілуі төмен болғандықтан фармакокинетикасы туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Ауыз қуысында және жұтқыншақта жергілікті пайдалануға арналған біріктірілген антисептикалық препарат. Препараттың белсенді компоненттері жергілікті антисептикалық әсер туғызады. Препарат жоғарғы тыныс алу жолдарының тітіркену симптомдарын басады, шырышты қабыққа деконгестивті әсер етеді, мұрынның бітуін азайтады, тамақтың тітіркенуі мен ауыруын жеңілдетеді.

Әсер ету механизмі микроб жасушалары ақуыздарының коагуляциясымен, сондай-ақ жасуша жарғақшалары липидтерімен өзара әрекеттесуімен байланысты, бұл қоздырғыштарға қарсы тиімділігін анықтайды. Грамоң және грамтеріс микроорганизмдердің кең ауқымына қатысты белсенді, сондай-ақ антимикоздық әсері бар.

Қолданылуы

Кешендi ем құрамында:

- ауыз қуысының және жұтқыншақтың жұқпалы-қабынбалы ауруларында.

Қолдану тәсілдері және дозалары

Ересектерге: әрбір 2 сағат сайын 1 пастилкадан қолданылады. Ең жоғарғы тәуліктік доза – 8 пастилка.

Пастилкаларды толық ерігенше сору керек.

Емдеу курсы 7 күннен аспауы тиіс.

Жағымсыз әсерлері

Сирек: аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Аджисепт® классикалық препаратының басқа топтағы дәрілік препараттармен клиникалық елеулі өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Қант диабеті бар емделушiлер Аджисепт® классикалық препаратын қабылдау кезінде әрбір пастилканың құрамында қант бар екенін ескерулері керек.

Бір немесе бірнеше қабылдауды өткізіп алған жағдайда дозаны арттыруға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезінде Аджисепт® классикалық препаратын дәрігердің бақылаумен қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралдарына немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автомобиль жүргізу және техникамен жұмыс жасау қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Жүйелік сіңірілуі төмен болғандықтан артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 пастилкадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамада.

4 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салады

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Аджио Фармацевтикалз Лтд.»,

А-38, Найджиот Индастрис Эстейт, Курла-Андхери Роуд, Сейфдпул, Мумбаи 400 072, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Аджио Фармацевтикалз Лтд.»

А-38, Найджиот Индастрис Эстейт, Курла-Андхери Роуд, Сейфдпул, Мумбаи 400 072, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында шағымдарды/ұсыныстарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы.

«Биола» Медициналық фармацевтикалық компаниясы

Қазақстан, Алматы қ-сы 050002, Бұзырбаев к-сі, 13.

Тел: +7 (727) 382 30 71, факс: +7 (727) 382 30 75. post@biola.kz; www.biola.kz

 

Прикрепленные файлы

010422141477976883_ru.doc 45 кб
390290861477978049_kz.doc 46 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники