АджиКОЛД Плюс

МНН: Камфора, Рацементол, Тимол, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Аджио Фармацевтикалс Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№003098
Информация о регистрации в РК: 21.11.2012 - 21.11.2017

Инструкция

Саудалық атауы

АджиКОЛД Плюс

Халықаралық атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай, 20 г

Құрамы

Бір грамм жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: 60 мг ментол, 70 мг камфора , 30 мг эвкалипт майы, 20 мг терпентин майы, 15 мг тимол

қосымша заттар: араның ақ балауызы, бутилгидрокситолуол, бутилгидроксианизол, даршын майы, жұмсақ ақ парафин.

Сипаттамасы

Шөптің өзіне тән хош иісімен, салқындатқыш әсері бар мөлдір емес жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын қайтаруға арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері.

АТХ коды R05X

Фармакологиялық қасиеттері

Өсімдіктерден жасалған біріктірілген препарат. Қабынуға қарсы, жергілікті тітіркендіретін, қақырық түсіретін, бронхолитикалық және жөтелге қарсы әсер етеді. Шырышты қабық пен терінің рецепторларын тітіркендіре отырып, ауыруды сезінуін және қан тамырларының өткізгіштігін реттейтін энкефалиндер, эндорфиндер және басқа да пептидтердің босап шығуына ықпал етеді. Шырышты қабықтың кірпікшелі эпителийін көтермелейді, бронх шырышты қабығының сөлінісін күшейтеді, қақырықтың сұйылуы мен тыныс жолдарынан жылдам шығуына ықпал етеді.

Жергілікті тітіркендіретін әсері терідегі сезімтал жүйке ұштарының қозуынан байқалады, қанмен қамту және тіндер трофикасын жақсартуға, ауыруды бәсеңдетуге ықпал ететін жергілікті және рефлекторлы реакцияларды туындатады. Әсер ету механизмінде, сондай-ақ биологиялық белсенді заттар-аутакоидтер - кининдердің, гистаминнің, простагландиндер және басқалардың жергілікті босауы да рөл атқарады.

Шырышты қабықтар, тері және тері астылық түзілулер рецепторларының тітіркенуі ауыру сезімдерін қабылдауда зор мәні бар қан тамырлары өткізгіштігінің, жасушалық және тіндік реактивтілігінің өзгеруімен, энкефалиндер, эндорфиндер, динорфиндер мен басқа да пептидтердің босап шығуымен қатар жүреді. Кейбір «жергілікті» дәрілер қандай да бір дәрежеде сіңеді және резорбтивтік жүйелі әсер туындатып, нейромедиаторлық және иммунитеттікті қоса, әр қилы реттеуші үдерістерге әсер етуі мүмкін.

Тітіркендіруші заттардың интегралдық жергілікті-рефлекторлық әсері қолдану аймағындағы және сегментарлы орналасқан ішкі ағзалар мен бұлшықеттерде (осы ағзалардағы патологиялық үдерістерге «рұқсат ететін» әсері) тамырлардың кеңеюімен (тіндер трофикасы мен сұйықтықтың қайта ағуы жақсарады), осы ағзалардан таралатын ауыру сезімдерінің әлсіреуімен («аулақтатқыш» әсері) қатар жүреді.

Қолданылуы

  • синусит симптомдарын, бас ауыруы мен мұрынның бітелуін емдеуде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Мұрынның бітелуі, тамақтың ауыруы, жөтел, бұлшықеттегі ауырулар кезінде кеуде тұсын, мойын мен арқаны қатты ысқылап жағу қажет. Сылаудан кейін жылы жерде болу керек.

Жақпамайдың 1 шай қасығын өте ыстық суда ерітіп, күніне екі рет тыныс алу қажет. Ингаляция кезінде қыздырмайды. Ингаляция тек ересектерге ғана жасалады. Емдеу курсы дәрігердің тағайындауы бойынша.

Тек сыртқа қолдану үшін.

Жағымсыз әсерлері

- ментол мен эфир майлары жанаспалы дерматитті қоса алғанда, аса жоғары сезімталдық реакциясы дамуына әкелуі мүмкін

- ментолды, камфора мен эфир майларын ішке қабылдау жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, диарея, ұйқышылдық және комаға әкелуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің бірін көтере алмаушылық

- жүктілік және лактация

- 2 жасқа дейінгі балалар

- препаратты жағу жорамалданған орындағы тері жабындары бүтіндігінің бұзылуы немесе тері аурулары.

Айрықша нұсқаулар

Мұрын жолдарына жақпамайды енгізуге қатаң тыйым салынады.

Жұтуға және мұрын жолдарына енгізуге болмайды.

Ингаляциядан кейін екінші рет пайдалануға болмайды.

Ингаляция кезінде қыздыруға болмайды.

Артық дозалануы

Симптомдары: терінің қышуы, аллергиялық реакциялар, терінің қызаруы.

Емі. Асқазан-ішек жолын шаю. Тұзды ерітінді және ішке белсенділендірілген көмір тағайындау. Құрысулар кезінде диазепамды көктамыр ішіне баяу енгізуді немесе қажет болған жағдайда қысқа әсерлі барбитураттарды пайдалану керек.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 г бұрандалы пластик қақпағы бар пластик контейнерде. Әрбір контейнер медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Аджио Фармацевтикалс ЛТД,

Мумбай Централ, Мумбай 400008, Үндістан.

Тіркеу куәлігінің иесі

Аджио Фармацевтикалс ЛТД, Үндістан.

Қазақстан Республикасы аумағында тауар сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның атауы, заңды мекенжайы

«Биола» медициналық фармацевтикалық компаниясы, Қазақстан, Алматы қ. 050016, Қонаев к-сі, 21.

Тел.: +7 (727) 2710955, факс: +7 (727) 2590939. post@biola.kz; www.biola.kz

 

Прикрепленные файлы

996661901477976969_ru.doc 42 кб
602082821477978143_kz.doc 53.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники