Аджиколд бронхо

МНН: Адатоды сосудистой листьев экстракта жидкого, Базилика обыкновенного масло, Имбиря лекарственного корневищ экстракт, Кардамона плодов экстракта жидкого, Куркумы длинной корневищ экстракта жидкого, Паслена желтоплодного эктракта жидкого, Перца длинного плодов экстракта жидкого, Солодки корни (Лакрица деглицирризированная)
Производитель: Аджио Фармацевтикалз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019195
Информация о регистрации в РК: 04.09.2012 - 04.09.2017

Инструкция

Саудалық атауы

Аджиколд бронхо

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

5 мл препараттың құрамы, миллиграммен

Белсенді заттар

   

Тамырлық адатоты жапырағының сұйық сығындысы (Adhatoda vasika)

30.00

 

Жалаң мия тамырының сұйық сығындысы (Glycyrrhiza glabra)

20.00

 

Ұзын куркума тамырсабағының сұйық сығындысы (Curcuma longa)

10.00

 

Қасиетті райхан сұйық сығындысы

(Ocimum sanctum)

10.00

 

Дәрілік зімбір тамырсабағының сұйық сығындысы (Zingiber officinale)

10.00

 

Сары жемісті алқаның сұйық сығындысы (Solanum xanthocarpum)

5.00

 

Ұзын бұрыш жемісінің сұйық сығындысы (Piper longum)

5.00

 

Кардамон жемісінің сұйық сығындысы (Elettaria cardamomum)

5.00

 

қосымша заттар: сахароза, 70 % сорбитол ерітіндісі, гуар шайыры, ментол, пропиленгликоль, натрий бензоаты, натрий пропилпарабені, карамель, метилпарабен, лимон қышқылының моногидраты, фенхель хош иістендіргіші (тәтті аскөк), тәтті таңқурай хош иістендіргіші, тазартылған су.

Сипаттамасы

Спецификалық тәтті дәмі және өзіне тән хош иісі бар қоңыр түсті сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар. Суық тию симптомдарын жоюға арналған препараттардың басқа біріктірілімдері.

Код АТX R05X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың әсері оның компоненттерінің қосылған әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес. Барлық компоненттерін бірге маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен тексеріп отыру мүмкіндігі жоқ. Сол себепті препараттың метаболитін анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Препараттың әсері әсер етуші компоненттерінің құрамына негізделген. Аджиколд бронхо муколитикалық ( қақырықтың сұйылуына және шығарылуына ықпал етеді), ісінуге қарсы ( жоғарғы тыныс жолдары шырышты қабығының гиперемиясын және ісінуін азайтады), спазмолитикалық ( бронхтың түйілуін азайтады, тыныс жолдарының қабыну ауруларында, құрғақ жөтелде және т.б. тыныс алуды жеңілдетеді), жөтелге қарсы (әсер ету механизмі тыныс алу орталығының жоғары белсенділігін төмендетуге негізделген), қабынуға қарсы (тыныс жолдарының шырышты қабығында қабыну үдерісінің айқындылығын азайтады), седативті (психофизиологиялық реакцияларды қалыптастырады, мазасыздықты, бронхтың түйілуі кезінде жайсыздықты жояды), антигистаминдік, гипотермиялық, жергілікті антисептикалық әсер көрсетеді.

Қолданылуы

Аджиколд бронхо (симптоматикалық емдеу) жөтелмен қатарласа жүретін тыныс алу жолдарының мынадай қабыну ауруларында қолданылады:

- фарингит, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония

- көкжөтелдің бастапқы сатысында

- тыныс алу ағзаларының созылмалы ауруларында: " шылым шеккіштер бронхиті ", "лекторлық" ларингит.

Қолдану тәсілі және дозалары

Аджиколдты 3 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға – 1/2 шай қасық шәрбаттан (2,5 мл) күніне 3 рет тағайындайды. 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға – по 1/2–1 шай қасықтан (2,5 – 5мл) күніне 3 рет. Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға – по 1–2 шай қасықтан (5–10 мл) күніне 3 рет.

Емдеу курсы 2–3 апта.

Жағымсыз әсерлері

Жекелеген жағдайларда препарат компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- 3 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қандай да бір дәрілік өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Бір мезгілде көрсетілім бойынша микробтарға қарсы дәрілерді пайдалануға болады. Қант диабетімен зардап шегуші емделушілерге, Аджиколд бронхоның 5 мл (1 шай қасықта) құрамында 1,5 г қант бар екендігін ескеру қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препаратты жүктілік және емшек емізу кезеңінде пайдалану, егер анасы үшін күтілетін пайда ұрық немесе бала үшін әлеуетті қауіптен жоғары болғанда ғана мүмкін болады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етуі жөнінде хабарланбаған.

Артық дозалануы

Жекелеген жағдайларда эпигастральді аймақта жайсыздықты сезіну, жүрек айнуы, құсуы мүмкін. Емі симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Бұралып жабылатын қақпағы бар янтарлы шыныдан жасалған құтыға 100 мл препараттан құйылған.

1 құты пластмассалы өлшегіш стақанымен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілінде жазылған нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 °C –ден аспайтын температурада сақтау керек.

Мұздатып қатыруға болмайды!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші ұйымның атауы мен елі

Аджио Фармацевтикалз Лимитед, Үндістан

A—38, Нандижиот Индастриал Эстайт, Сафедпул, Курла-Андхери Роад, Мумбай- 400 072

Тел: +91-22-28518206/ 42319000

Факс: +91-22-28518204

regulatory@agio-pharma.com

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

Аджио Фармацевтикалз Лимитед, Үндістан

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Аджио Фармацевтикалз Лимитед, Үндістан

Тұтынушылардан өнімнің сапасына қатысты шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Аджио Фармацевтикалз Лимитед өкілдігі

Алматы қ, Шевченко к-сі, 118 үй, 228 кеңсе

тел: +7(727)2240402

regulatory@agio-pharma.com

Прикрепленные файлы

105474781477977086_ru.doc 51.5 кб
981632161477978260_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники