Аджанта Стамина

Производитель: Аджанта Фарма Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения нарушений эрекции
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021233
Период регистрации: 05.03.2015 - 05.03.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Аджанта Стамина

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: 32 мг силажет, 10 мг банг басма, 48,75 мг ашвагандха 5:1 Т.Р. (Withania Somnifera), 25 мг джайфал 6:1 D.P. (Myristica Fragrans), 10 мг кавач 15:1 D.P. (Mucuna Pruriens)

қосымша заттар: метилпарагидроксибензоат, микрокристалды целлюлоза, лактоза, кремнийдің коллоидты қостотығы, изопропил спиртіˡ

қабығы: метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий лаурилсульфаты, тазартылған су, желатин.

1 – ақырғы өнімде болмайды

Сипаттамасы

«0» мөлшердегі, мөлдір түссіз қатты желатинді капсулалар. Капсуланың құрамында – қара қоңыр немесе ашық қара қоңыр түсті ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Урологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттар. Спазмолитиктерді қоса, урологиялық ауруларды емдеуге арналған басқа препараттар.

Эрекция бұзылуын емдеуге арналған препараттар.

АТХ коды G04BE

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың фармакокинетикасы зерттелмеген.

Фармакодинамикасы

Препарат жыныстық қозуды жоғарылату үшін қолданылатын табиғатта кездесетін минералдар мен шөп сығындыларының қоспасы болып табылады.

Дәрілік өсімдіктер сығындыларының құрамында бар белсенді заттар және препарат құрамына кіретін минералдар дененің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіруге ықпал етіп, жыныстық потенцияны жоғарылатады.

Силажет сергітетін, иммунитет көтермелеуші дәрі, жыныстық бұзылуға шалдыққанда қолданылады.

Банг басма жалпы денсаулықты нығайту әсері бар, жыныстық құмарлықты күшейтеді.

Ашвагандха жыныстық қозуды күшейтеді және жүйке жүйесін нығайтады.

Оның жоғары биологиялық белсенділігін құрамында фитостероидтер, лигниндер, флаваногликозидтердің, сондай-ақ витанлоидтар (сомниферин және витанон) деп аталатын ерекше азотты қосылыстардың болуымен байланыстырады. Ашвагандха құрамында бар фитостеролдар өзінің химиялық табиғаты жағынан тестостеронның құрылымына ұқсайды. Олар сперматозоидтар белсенділігі мен тіршілікке қабілеттілігіне қажетті қуық асты және ұрық бездері экскретінің бөлінісін көтермелейді.

Джайфал стимуциялаушы, жел айдайтын зат ретінде, сонымен қатар жыныстық құмарлықты күшейтетін зат ретінде қолданылады.

Кавач тестостерон деңгейін арттыруға ықпал етеді, жыныстық функцияны жақсарту үшін ұсынылады.

Қолданылуы

- эрекцияның бұзылуы (гормондық жыныстық бұзылулар жағдайларын қоспағанда)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге ішке қабылдауға тағайындайды. Тәулігіне 1 - 2 капсуладан сумен бірге, мүмкіндігінше болжамды жыныстық актіден 4 сағат бұрын қабылдайды.

Ең жоғарғы тәуліктік дозасы 2 капсуладан, бір реттік дозасы 1 капсуладан.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

- құсу, іш өту, асқазанның ойық жарасы

- қалқанша без гормонының деңгейінің жоғарылауы (ашвагандха)

- гипогликемия

- бас ауыруы

- сандырақ

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдықта

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- асқазан және 12 елі ішектің ойық жарасы аурулары

- егде жас (70 жас және одан үлкен)

- бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі

- жыныстық мүшенің органикалық зақымдануы

- неврологиялық бұзылыстар

- туа біткен лактаза жетіспеушілігі, глюкоза-галактозаның аз сіңірілуі, фруктозаны тұқым қуалайтын көтере алмаушылық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Препаратты басқа да препараттармен біріктіре қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі зерттелмеген, сондықтан басқа препараттармен қолдану ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты жүрек-қан тамырлары аурулары кезінде қолданбаған жөн. Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен әйелдерде қолдануға арналмаған.

Қалқанша бездің аутоиммундық ауруы бар науқастарға сақтыкпен қолдану керек.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Дәрілік заттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, автокөлік басқарғанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: бас ауыруы, сандырақ, сананың шатасуы, гипогликемия, елестеулер.Емі: препаратты тоқтату және симптоматикалық ем тағайындау керек.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 капсуладан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 3 пішінді ұяшықты қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салады.

Сақтау шарты

Жарықтан қорғалған жерде, 30 °С- ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Аджанта Фарма Лимитед»

Аджанта Хаус, Чаркоп,

Кандивли (В), Мумбай 400067, Үндістан

Тіркеу куәлігі иесінің атауы және елі

«Аджанта Фарма Лимитед», Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050009, Алматы қ., Аносов к-сі, 54/28 (Төле би көш. қиылысы)

Тел/факс: + 7(727) 241-45-73, 277-51-46.

E - mail:   aplkazak@mail.ru

Прикрепленные файлы

400602791477976532_ru.doc 46 кб
183231931477977695_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники