Абамун

МНН: Абакавир
Производитель: Ципла Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Abacavir
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121919
Период регистрации: 24.12.2015 - 24.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Абамун

Халықаралық патенттелмеген атауы

Абакавир

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 300 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат - 351.39 мг абакавир сульфаты (300 мг абакавирге баламалы),

қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза, натрий крахмалының гликоляты, жүгері крахмалы, гипромеллоза, коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты,

қабықтың құрамы: опадри сары (15С52843) (гипромеллоза 3сР, гипромеллоза 6сР, титанның қостотығы Е 171, макрогол 400, темірдің сары тотығы Е172, полисорбат 80).

Сипаттамасы

Капсула сияқты пішінді, екі беті дөңес, сары түсті қабықпен қапталған, екі жағы тегіс таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Тікелей әсер ететін вирусқа қарсы препараттар. Нуклеозидтер – кері транскриптаза тежегіштері. Абакавир

АТХ коды J05AF06

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі

Препаратты ішке қабылдағаннан кейін абакавир асқазан-ішек жолдарынан тез және толық сіңеді. Ересектердегі абсолюттік биожетімділігі 83%-ды құрайды. Қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына (Т мах) жетуінің орташа уақыты 1,5 сағатқа жуықты құрайды.

Абакавирді 300 мг дозасында тәулігіне 2 рет қабылдағанда ең жоғары концентрациясы (Cmax) 3 мкг/мл жуықты құрайды, ал 12 сағаттық аралықпен қабылдауда қисық астындағы ауданның концентрация/уақыт (AUC) ара қатынасының орташа мәні 6 мкг* сағ/мл құрайды. 600 мг абакавир (2 таблетка) қабылдауда ең жоғары концентрациясы 4,26 мкг/мл жуықты құрайды, ал AUC∞ шамамен 11,95 мкг* сағ/мл тең болады.

Тамақ абакавир сіңуін баяулатады, бірақ AUC әсер етпейді, сондықтан оны тамақ ішуге байланыссыз қабылдауға болады.

Таралуы

Абакавир жұлын сұйықтығына жақсы өтеді: жұлын сұйықтығындағы және қан плазмасындағы AUC ара қатынасы 30-44 % құрайды. Абакавирді 300 мг дозада күніне екі рет қабылдағанда абакавир жұлын сұйықтығындағы орташа концентрациясына 1,5 сағаттан соң жетеді және 0,14 мкг/мл құрайды.

Дозаны күніне екі рет 600 мг дейін ұлғайтқанда абакавирдің жұлын сұйықтығындағы орташа концентрациясы уақыт өте келе артады, препаратты қабылдағаннан кейін 0,5‑1 сағаттан соң 0,13 мкг/мл құрай отырып, және 3-4 сағаттан кейін 0,74 мкг/мл дейін ұлғаяды.

Шыңдық концентрацияларына 4 сағаттан кейін ғана жетеді, бірақ бақыланатын мәні абакавирдің IC50 (тежейтін концентрациясы 50 %) 9 есе артық, ол 0,08 мкг\мл немесе 0,26 мкМ (микромоль) құрайды.

Плазма ақуыздарымен байланысуы елеусіз (49 % жуық).

Метаболизм

Абакавир негізінен бауырда метаболизденеді. Өзгермеген қосылыстар түрінде несеппен қабылданған дозасының 2%-дан азы шығарылады. Адам ағзасындағы абакавир метаболизмі көбіне алкогольдегидрогеназаның әсеріне және 5'-карбон қышқылының глюкуронидты коньюганттарын және 5'-глюкуронид түзумен байланысты. Бұл метаболиттер мөлшері қабылданған дозасының 66%-ға жуығын құрайды. Метаболиттер несеппен шығарылады.

Шығарылуы

Абакавирдің жартылай шығарылуының орташа кезеңі 1,5 сағатқа жуықты құрайды. Препаратты 300 мг дозада тәулігіне 2 рет ішке көп рет қабылдағаннан кейін, препараттың елеулі жинақталуы байқалмаған. Абакавирдің шығарылуы бауыр метаболизмі арқылы жүреді және оның метаболиттерінің соңынан несеппен шығарылуы арқылы жүзеге асады. Қабылданған дозасының 83%-ға жуығы несеппен метаболиттер және өзгермеген белсенді заттар түрінде шығарылады, қалған бөлігі нәжіспен шығарылады.

Емделушілердің кейбір топтарындағы фармакокинетика ерекшеліктері:

Бауыр функциясы бұзылуы

Абакавирдің көбіне бауырда метаболизденетінін ескере отырып, бауыр функциясының елеусіз бұзылуы бар емделушілерде (Child‑Pugh шкаласы бойынша 5-6 балл) абакавир AUC орташа 1,89 есеге, ал жартылай шығарылу кезеңі – 1,58 есеге ұлғайтылған. Бауыр функциясының елеусіз бұзылуы абакавир метаболиттерінің AUC әсер етпеді, бірақ метаболиттер түзілу жылдамдығы және элиминациясы төмендеген. Емдік әсерге қол жеткізу үшін бауыр функциясының елеусіз дәрежеде бұзылуы бар емделушілерге абакавирді 10 мл (200 мг) тәулігіне 2 рет ерітінді түрінде қабылдау керек.

Бүйрек функциясы бұзылуы

Науқастардың аталған категориясында абакавир қолданудың тәжірибесі шектеулілігіне байланысты оны бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысында тағайындауға болмайды.

Балалар

Абакавирдің балалардағы фармакокинетикалық параметрлері ересектердегі осындаймен ұқсас, алайда балалардағы плазма концентрациясының көрсеткіштері көбірек өзгергіш. Екі рет дозалау режимімен препаратты бір рет қабылдаудың салыстырмалы талдауы AUC шамасына әсерін көрсетпеді.

6 жасқа дейінгі балаларға абакавирді ішке қабылдауға арналған ерітінді түрінде тағайындау ұсынылады.

Егде емделушілер

65 жастан асқан емделушілерде абакавир фармакокинетикасы зерттелмеген.

65 жастан асқан егде емделушілерді емдегенде оларда бауыр, бүйрек және жүрек функциясы төмендеуі жиі болатынын, олардың көптеген қатарлас аурулардан зардап шегетінін және антиретровирусты дәрілермен қоса, басқа да көптеген препараттар қабылдайтынын есте ұстау керек.

Фармакодинамикасы

Абакавир кері транскриптазаның нуклеозидтік тежегіштері класына жатады. Ол зидовудинге, ламивудинге, зальцитабинге, диданозинге немесе невирапинге резистентті АИТВ-1 изоляттарын қоса, АИТВ-1 және АИТВ-2 іріктелген күшті тежегіші болып табылады. Абакавир белсенді компоненті 5-трифосфат карбовиріне дейін (ТР) жасушаішілік метаболизмге ұшырайды.

Абакавир невирапинмен және зидовудинмен біріктірілімде синергизмге ие.

Абакавирдің әсер ету механизмі АИТВ кері транскриптазасы энзимін тежеуіне негізделеді, бұл РНҚ тізбегінің үзілуіне және вирус репликациясы тоқтауына алып келеді.

Резистенттілігінің дамуы кері трансриптазаның белгілі бір кодондық аймағының (M184V, K65R, L74V және Y115F кодондары) генотиптік өзгерістерімен байланысты. Абакавир мен протеаза тежегіштері немесе кері транскриптазаның нуклеозидтік емес тежегіштері арасында айқаспалы резистенттіліктің даму ықтималдығы аз. Абакавирмен, ламивудинмен және зидовудинмен емдеудің бастапқы сатысының тиімсіздігі, негізінен тек M184V мутациясына негізделеді.

Абакавир гематоэнцефалдық бөгет арқылы өтеді және жұлын сұйықтығындағы АИТВ-1 РНҚ деңгейін төмендетеді. Басқа ретровирусқа қарсы препараттармен біріктірілгенде абакавир АИТВ жұқпасына байланысты неврологиялық асқынуларды болдырмауда белгілі бір мәнге ие болуы, сондай-ақ резистенттіліктің дамуын баяулатуы мүмкін.

Қолданылуы

- біріктірілген антиретровирустық ем құрамында адамның иммунитет тапшылығы вирусын (АИТВ –жұқпасы) емдеуде

Қолдану тәсілі және дозасы

Абамунды АИТВ –жұқпасын емдеуде тәжірибесі бар мамандар тағайындауы тиіс. Абамунды ас қабылдауға байланыссыз қолдануға болады. Таблетканы тұтас жұту ұсынылады, бірақ таблетканы тұтас жұта алмайтын емделушілер үшін оны ұсақтау, жартылай сұйық тамақтың немесе сұйықтың аздаған мөлшеріне араластырып, дереу ішу, болмаса препаратты ішке қабылдауға арналған ерітінді түрінде ішу ұсынылады.

Емдеу курсын дәрігер анықтайды.

Ересектер

Тәулігіне ұсынылатын доза 600 мг құрайды. Тәулігіне 300 мг-ден

(1 таблетка) 2 рет немесе 600 мг-ден (2 таблетка) тәулігіне 1 рет тағайындауға болады.

Бүйрек функциясы бұзылуы бар емделушілер

Дозаны арнайы таңдау талап етілмейді

Бауыр функциясы бұзылуы бар емделушілер

Бауыр функциясының елеусіз бұзылуы бар емделушілерде (Child-Pugh шкаласы бойынша 5-6 балл) Абамунды ерітінді түрінде 10 мл (200 мг) дозада күніне 2 рет қолдану ұсынылады. Орташа және ауыр дәрежелі бауыр бұзылуы бар емделушілерге Абамун тағайындауға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Төменде келтірілген қолайсыз реакциялар кездесу жиілігі бойынша топталған: өте жиі >1/10, жиі >1/100 және < 1/10, кейде > 1/1000-ден және < 1/100, сирек > 1/10000 және < 1/1000, өте сирек < 1/10000.

Жиі

- анорексия

- бас ауыруы

- жүрек айнуы, құсу, диарея

- қызба, қажығыштық, әлсіздік

- гиперлактатемия

- бөртпе (жүйелік симптомдары жоқ)

Сирек

- сүт қышқылды ацидоз

- май қатпарларының қайта таралуы / жинақталуы (жалпы семіру, дорсоцервикальді семіру (Буффало өркеші), шеткергі май қатпарларының азаюы)

- панкреатит

Өте сирек

- мультиформалы эритема, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз

Өте жоғары сезімталдық реакциялары

Өте жоғары сезімталдық симптомдары абакавир қабылдаудың аясында кез келген уақытта пайда болуы мүмкін, бірақ бұл көбіне емнің бірінші 6 аптасы ішінде болады. Аталған өте жоғары сезімталдық реакцияларының белгілері мен симптомдары төменде берілген:

- бөртпе (көбіне макуло-папулезді немесе уртикарлы)

- жүрек айнуы, құсу, диарея, іш аумағының ауыруы, ауыз қуысының шырышты қабығының ойылып жаралануы

- ентігу, жөтел, тамақ ауыруы, тамақтың жыбырлауы, тыныс алу жеткіліксіздігі, анафилаксия

- артериялық гипотония

- ісінулер

- лимфа түйіндерінің ұлғаюы

- конъюнктивит

- қызба, жалпы дімкәстік, қажығыштық

-бас ауыруы, парестезиялар

- лимфопения

- бауырдың функционалдық сынамасының көрсеткіштері жоғарылауы, бауыр жеткіліксіздігі

- миалгиялар, миолиз, артралгиялар

- креатинфосфокиназа деңгейінің артуы, креатинин деңгейінің жоғарылауы, бүйрек жеткіліксіздігі

Көптеген жағымсыз әсерлерге қатысты олардың Абавир, болмаса басқа дәрілік препараттардың әсерінен туындағаны, немесе АИТВ жұқпасының өзінің асқынуы екені түсініксіз, бірақ аталған симптомдардың кез келгені туындағанда өте жоғары сезімталдықтың реакциясы даму белгілері болуын мұқият бағалау қажет. Егер Абамун қабылдау қандай да бір аталған симптомдардың дамуына күдікке байланысты тоқтатылса, одан әрі қарай препарат қабылдауды жаңғырту туралы шешім тек дәрігердің мұқият бақылауымен тағайындалуы тиіс.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- абакавирге немесе препараттың кез келген басқа компонентіне белгілі өте жоғары сезімталдық

- бауыр функциясының орташа немесе ауыр бұзылуы

- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

- бүйрек жеткіліксіздігінің терминальді сатысы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Абамунның қатысуымен дәрілермен өзара әрекеттесу ықтималдығы төмен.

Абакавир P450 цитохромы (CYP3A4, CYP2C9 немесе CYP2D6 сияқты) ферменттерімен елеусіз метаболизденеді және бұл ферменттік жүйеге тежейтін немесе индукциялайтын әсер етпейді. Абакавирдің протеазаның антиретровирусты тежегіштерімен және P450 цитохромы ферменттік жүйесімен метаболизденетін басқа да препараттармен өзара әрекеттесу ықтималдығы аз.

Абакавирмен, зидовудин және ламивудиннің арасында клиникалық елеулі өзара әрекеттесу анықталмаған.

Қоса қолданғанда этил спирті абакавир метаболизмін өзгертеді, соның нәтижесінде Абамунның AUC шамамен 41%-ға артады. Абакавирдің қауіпсіздік бейінін ескере отырып, бұл өзгерістерді клиникалық елеусіз деуге болады. Абакавир этил спиртінің метаболизміне әсер етпейді.

Абамунды 600 мг дозада және метадонды қоса тағайындау абакавирдің ең жоғары концентрациясының (Смах) 35%-ға төмендеуіне және оның жету уақытының 1 сағ (Т max) артуына алып келеді, бұл арада AUC шамасы өзгермеген. Бұл өзгерістер зидовудин фармакокинетикасына әсер етпейді, бірақ метадонның жүйелік клиренсінің 22%-ға ұлғаюына алып келуі мүмкін. Бұл өзгерістер клиникалық елеулі емес, алайда кейде метадонның дозасын одан әрі ұлғайту талап етілуі мүмкін.

Ретиноидтар, мысалы, изотретиноин, алкогольдегидрогиназа әсерімен инактивацияланады. Абакавирмен өзара әрекеттесуі мүмкін, алайда зерттеу жүргізілмеген.

Абакавир невирапинмен және зидовудинмен біріктірілімде синергиялық әсер береді. Диданозинмен, залцитабинмен, ламивудинмен және ставудинмен біріктірілімде аддитивті әсерге ие.

Абакавирге резистентті штамдарда ламивудинге, зальцитабинге және/немесе диданозинге сезімталдық төмендеуі мүмкін, алайда зидовудинге және ставудинге сезімталдығы сақталады.

Айрықша нұсқаулар

Аса жоғары сезімталдық

Емдеуші дәрігер Абамун препаратымен ем бастар алдында емделушілерде HLA B*5701 аллелдері бар-жоғына скрининг жүргізудің маңыздылығын ескеруі тиіс. Сондай-ақ бұл препаратты бұрын қабылдаған және абакавирге толеранттығы барын көрсеткен, HLA B*5701 статусы белгісіз емделушілерде Абамун қабылдауды қайта жаңғырту алдында скрининг жүргізу ұсынылады.

HLA B*5701 аллелі тасымалдаушылығы болған жағдайда абакавир қолдану ұсынылмайды; құрамында абакавир бар препараттар қатаң медициналық бақылау жағдайында ғана және тек потенциалды пайдасы болжамды қаупінен жоғары болған жағдайда ғана тағайындалуы мүмкін.

Абамун қолданушы емделушілерде Абамун тағайындау туралы шешім қабылданарда өте жоғары сезімталдық реакциялары дамуының мүмкіндігі туралы кез келген шешім басты болып қалуы тиіс екенін есте ұстау керек. Тіпті HLA B*5701 аллелін тасымалдаушылық болмағанда да, бұрынғы клиникалық деректері негізінде өте жоғары сезімталдық реакциялары дамуын жоққа шығару мүмкін болмаған жағдайда препаратты тоқтату қажеттігін есте ұстау маңызды және болашақта өліммен аяқталудың потенциалды мүмкіндігіне байланысты құрамында абакавир бар өнімдерді тағайындамау керек.

Аса жоғары сезімталдық реакциялары Абамунмен емдеудің кез-келген сатысында дамуы мүмкін, бірақ әдетте препаратты қабылдауды бастағаннан кейін бастапқы 6 апта ішінде білінеді. Абамунды тоқтатқанда аса жоғары сезімталдық симптомдары әдетте қайтып кетеді. Емдеуді жалғастырғанда симптомдары күшейеді, бұл емделушінің өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

Емделуші HLA B*5701 статусына қарамастан, аса жоғары сезімталдықтың кез келген симптомдары дамуында бұл туралы емдеуші дәрігеріне шұғыл түрде хабарлауы тиіс. Аса жоғары сезімталдық реакциясы диагнозы расталса, Абамунды қабылдауды дереу тоқтату керек. Аса жоғары сезімталдық реакциялары дамыған жағдайда Абамунды және құрамында абакавир бар өнімдерді кейіннен ешқашан тағайындауға болмайды, өйткені ауыр деген симптомдар бірнеше сағат ішінде қайта жаңғырады және өлімге әкеп соқтыруы мүмкін.

Аса жоғары сезімталдық реакциясына күдіктенгенде, тіпті басқа диагноз болу мүмкіндігі жоққа шығарылмаса да (мысалы, тыныс алу ағзаларының аурулары, тұмау тәрізді аурулар, гастроэнтерит немесе басқа дәрілік препараттарға реакциялар) Абамун қабылдауды тоқтату қажет.

Егер Абамунмен емдеу тоқтатылған болса және оны жалғастыруға шешім қабылданса, аса жоғары сезімталдық реакциясы симптомдарының пайда болуын болдырмас үшін, препараттың тоқтатылу себептеріне мұқият талдау қажет.

Абамунды қабылдауды уақытша тоқтатқан емделушілерде аса жоғары сезімталдық диагнозы расталмаған жағдайда (бір симптомы бар) ұсынылады:

- препаратты тоқтатуға аса жоғары сезімталдық реакциясының алғышарт болуы ықтималдығын қарастыру;

- Абамунмен емдеуді қайта жаңғыртудың қаупі мен болуы мүмкін емдік әсерінің арақатынасына баға беру;

- егер Абамунмен емдеуді қайта жаңғыртуға шешім қабылданса, оны тиісінше медициналық мекемеде жүргізу керек және емделушінің жедел медициналық жәрдем алуға мүмкіндігі болуы тиіс.

Абамунды тағайындаған кезде дәрігер емделушінің аса жоғары сезімталдық реакциялары жөніндегі төмендегідей мәліметтерден хабардар екендігіне сенімді болуы тиіс:

- емделуші өмірге қауіп төндіретін немесе өлімге әкеп соқтыруы мүмкін симптомдармен білінуі мүмкін Абамунге болжамды аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы білуі тиіс, сондай-ақ HLA B*5701 аллел тасымалдаушылығы болған жағдайда аса жоғары сезімталдық реакцияларының даму қаупі артатыны туралы білуі тиіс;

- емделуші HLA B*5701 аллелі болмаған жағдайда да Абамун қабылдауға аса жоғары сезімталдық реакциялары дамуы мүмкіндігін білуі тиіс. Егер емделушіде аса жоғары сезімталдық реакцияларымен байланысты болуы мүмкін симптомдар байқалса, ол дереу емдеуші дәрігерге қаралуы тиіс;

- HLA B*5701 статусына қарамастан, Абамунге аса жоғары сезімталдығы бар емделушілер енді ешқашан Абамун немесе құрамында абакавир бар басқа препаратты қабылдамауы керек екендігін білуі тиіс;

- аса жоғары сезімталдық реакциялары дамығаннан кейін Абамунмен емделуді өз бетінше жаңғыртуын болдырмас үшін, емделуші қалған таблеткаларды дәрігерге қайтаруы керек;

- қандай да бір себептермен Абамун қабылдауды тоқтатқан емделушілер препаратты қабылдауды қайта жаңғырту алдында дәрігермен кеңесуі тиіс;

- емделушілер Абамунды қолдану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқып шығуы және қаптамаға салынатын аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы ақпарат жазылған арнайы карточканы өздерімен бірге алып жүрулері тиіс.

Сүтқышқылды ацидоз/ стеатозы бар айқын гепатомегалия

Нуклеозидтер аналогтары тобының антиретровирусты препараттарын монотерапия ретінде немесе кешенді ем құрамында Абамунды қоса қабылдаған АИТВ жұқтырған емделушілерде (көбінесе әйелдерде), сүтқышқылды ацидоз және бауырдың майлы дистрофиясымен (соның ішінде өліммен аяқталатын) гепатомегалия жағдайлары сипатталған.

Сүтті ацидоздың дамуын көрсететін клиникалық ерекшеліктерге жалпы әлсіздік, анорексия және салмақтың түсіндірілмейтін күрт жоғалуы, асқазан-ішектік және тыныс алу симптомдары (ентігу және тыныс алудың жиілеуі) жатады.

Абамунмен емдеу кезінде, әсіресе емделушілерде бауыр аурулары дамуының қауіп факторлары бар кезде сақ болу керек. Сүтқышқылды ацидоздың немесе бауыр функциясы бұзылуының (тіпті белгіленген трансаминазалар жоғарылауы байқалмаса да, гепатомегалия мен стеатозы болуы мүмкін,) клиникалық немесе зертханалық белгілері пайда болған жағдайда, Абамун қабылдауды тоқтату керек.

Тері асты майының қайта таралуы

Антиретровирусты біріктірілген ем алып жүрген емделушілердің кейбіреуінде жалпы семіздікті, дорсоцервикальді семіруді (Буффало өркеші), шеткергі май қабаттары мөлшерінің азаюын, сүт бездерінің ұлғаюын, сарысу липидтері мен қандағы глюкоза деңгейлерінің жоғарылауын қоса, май тіндерінің қайта таралуы/ жинақталуы туындайды.

Липодистрофияға қатысты жағымсыз әсерлер протеаза тежегіштері класының немесе кері транскриптазаның нуклеозидты тежегіштерінің кез келген препаратын қабылдағанда дамуы мүмкін. Алайда қолда бар деректер аталған кластың әртүрлі препараттарын қабылдағанда бұл жағымсыз әсерлердің даму қаупі бірдей еместігін айғақтайды.

Липодистрофия синдромының этиологиясы көп факторлы: мысалы, АИТВ жұқпасы сатысы, егде жас және антиретровирусты емнің ұзақтығы маңызды рөл атқарады. Емделушілерді клиникалық тексеруге май тіндерінің қайта таралуының физикалық белгілеріне баға беру жатқызылуы тиіс. Сарысу липидтері мен қандағы глюкоза деңгейлерін өлшеу керек. Липид алмасуының бұзылуларын олардың клиникалық көріністерін басшылыққа ала отырып емдеу қажет.

Иммунндық қалпына келу синдромы

Антиретровирустық емнің басында (АРЕ) күрделі иммунитет тапшылығы бар АИТВ жұқтырылған емделушілерде асимптомдық немесе қалдық шарттыпатогенді жұқпаларға қабыну реакциялары қатарлас аурулардың клиникалық симптомдарының нашарлауын туындатуы мүмкін. Әдетте АРЕ басталғаннан кейінгі бастапқы бірнеше апта немесе ай ішінде цитомегаловирусты ринит, жайылған және/немесе ошақтық микобактериялық жұқпалар және пневмоцисттік пневмония байқалған. Кез келген қабыну симптомдары уақытында анықталуы тиіс, және қажет болғанда тиісті қабынуға қарсы ем жүргізілуі тиіс. Сондай-ақ Абамун препаратын қабылдауда аутоиммундық бұзылулар (полимиозит, Джуллиан-Барре синдромы, диффуздық уытты зоб) да кездесті, дегенмен аурулардың қозу уақыты барынша ауытқымалы және Абамунмен ем бастағаннан кейін көп айлардан кейін басталуы мүмкін.

Шарттыпатогенді жұқпалар

Емделушілерде оппортунистік жұқпалар мен АИТВ жұқпасының басқа да асқынулары дамуы мүмкін. Сондықтан науқастар АИТВ жұқпасын емдеу тәжірибесі бар дәрігерлердің тұрақты бақылауында болуы тиіс.

Жұқпаның берілуі

Емделушілерді емдеудің жыныстық қатынастар немесе қан құю кезінде АИТВ-тің басқа адамдарға берілу қаупін болдырмайтынын, сондықтан емделушілер сәйкесінше сақтық шараларын сақтау тиіс екендігі туралы хабардар ету керек.

Жүрек-қантамыр аурулары

Абамун қосылған антиретровирустық емді тағайындаған кезде, жүректің коронарлық ауруының дамуын болдырмас үшін, гипертония, гиперлипидемия, қант диабеті, шылым шегу сияқты барлық қауіп факторларын төмендетуге бағытталған сақтық шаралары қолданылуы тиіс.

Дәрілік заттардың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жағымсыз әсерлерінің дамуы мүмкіндігін ескере отырып, автокөлік басқарғанда немесе жылжымалы механизмдермен жұмыс жасағанда сақ болу керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: емдік дозаларын қолдануда күтпеген жағымсыз реакциялар туралы мәлімдемелер болмаған. Абамунның жоғарырақ дозаларының әсері белгісіз.

Емі: уыттану белгілерін анықтау мақсатында және демеуші ем жүргізу қажет болғанда емделушінің жай-күйін бақылау. Абамун гемодиализ немесе перитонеальдік диализ көмегімен шығарылмайды.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Тығыздығы жоғары полиэтиленнен жасалған, пластмасса қақпақпен тығындалған және алғашқы ашу қадағаланатын құтыға құрамында 1г силикагелі бар қорапшамен бірге 60 немесе 30 таблеткадан салынған.

1 құтыдан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

30 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Ципла Лтд., Үндістан

Plot NOS.A-2, A-33 & A-37/2/2, M.I.D.C.

PATALGANGA, RAIGAT,

410220 MAHARASHTRA STATE,

Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Ципла Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Авицена – Лтд» ЖШС, Алматы қ-сы, Жангелдин к-сі, 31, 416 кеңсе

Тел./факс: (727) 278 59 20, 278 59 21, 278 59 67

e-mail: reg@avitsena.kz

Прикрепленные файлы

044956261477976300_ru.doc 102 кб
046436911477977546_kz.doc 138 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники