Юниэнзим с МПС

Производитель: Юникем Лабораториз Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, способствующие пищеварению (в т.ч. ферментные препараты)
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014539
Период регистрации: 28.10.2015 - 28.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

МПС бар Юниэнзим

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

зеңді диастаза (1:800) 20 мг

баламалы (1:4000) 4 мг

Папаин (1х) 30 мг

Симетикон 50 мг

Белсендірілген көмір 75 мг

Никотинамид 25 мг

қосымша заттар: ядро: сусыз коллоидты кремний қостотығы, микрокристалды целлюлоза, лактоза, қараған шайыры, натрий бензоаты, желатин, тазартылған тальк, магний стеараты, натрий кармеллозасы,

қабығы: майсана майы, шеллак, кальций карбонаты, тазартылған ағаш көмірі, сусыз коллоидты кремний қостотығы, сахароза, қараған шайыры, желатин, натрий бензоаты, тазартылған тальк, карнауб балауызы, бал арасының ақ балауызы.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, бір жақ бетінде ақ түсті «UNICHEM» деген таңбасы бар, қара түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Асты қорытуға ықпал ететін препараттар (ферментті препараттарды қоса)

АТХ коды A09A

Фармакологиялық қасиеттері

МПС бар Юниэнзим құрамында диспепсияны жылдам басуға және метеоризм мен абдоминальді жайсыздықты қайтаруға арналған қажетті барлық компоненттер бар.

Негізгі құрамдасы ретінде Юниэнзимде зеңдік диастаза (α-амилаза) және папаин бар, олар организмде секрецияланатын ферменттерге қатысты қосымша ферменттер ретінде әсер етеді.

Зеңді диастаза құрамында ас қорытуды жақсартатын әртүрлі ферменттері бар зат. Көмірсулар, ақуыздар және майлар алдын ала ұсақ бөліктерге ыдырамайынша организмге сіңбейтін өте маңызды қоректік заттар болып табылады; бұл үдеріс көптеген ферменттердің жұмысымен қамтамасыз етіледі. Зеңді диастаза нақ осындай ферменттердің жеткіліксіздігінде ұсынылады; негізінен оның құрамында көмірсуға бай тағамның сіңуіне ықпал ететін α-амилаза бар.

Папаин – Юниэнзим таблеткасының басқа компоненті, ол өсімдік текті протеолитикалық фермент болып табылады. Ол папайяның (Carica Papaya) піспеген жемістерінің шырынынан алынған ферменттердің қоспасы және ауқымды протеолитикалық белсенділікке ие болып, қышқылдық және сілтілік қасиеттер танытады. Ферменттің ең жоғары белсенділігі pH мәні 5-тен 8-ге дейін болғанда байқалады.

Симетикон метеоризмнің тежегіші ретінде пайдаланылады. Ол газ көпіршіктерінің беткейлік жайылуын төмендету арқылы әсер етіп, оларды біріктіреді. Симетикон жүректің айнуын, іштің желденуін және жоғары метеоризм болған ауыруды азайтады. Ол сондай-ақ газдың ішек арқылы өту үдерісін жылдамдатады. Осылайша, бұл компонент препараттың құрамындағы ферменттерге пайдалы қосымша зат болып табылады.

Белсендірілген көмір уыттарды және газдарды сіңіретін зат ретінде қолданылады. Көмірсуларға бай тағамдар асқазан мен ішекте газдың пайда болуына әкеледі. Юниэнзимнің құрамына енген белсендірілген көмір оның ферменттермен бірігіп әсер етуін қамтамасыз етіп, іштің желденуі мен диспепсияда жеңілдік береді.

Никотинамид көмірсулардың метаболизміне коэнзим ретінде қатысады. Бұл қосылыстың жеткіліксіздігі әдетте теңдестірілмеген емдәмде және ішек микрофлорасы шамадан тыс дамыған жасы үлкен емделушілерде пайда болады. Никотинамидтің тапшылығы гипохлоргидрияға әкеп соқтыруы мүмкін, ол ас қорыту және ішектің сіңіру үдерісіне әсерін тигізеді; никотинамидтің жеткіліксіздігі нәтижесінде, осы қосылыстың да жеткіліксіздігі салдарынан, классикалық үлгі бойынша, диареяның пайда болуы негізінде жатқан механизмдердің бірі болып табылатын лактоза жақпаушылығы туындауы мүмкін.

Қолданылуы

- ұйқы безінің сыртқы секреторлық функциясы бұзылғанда (панкреатоэктомиядан кейінгі жағдай, созылмалы панкреатит) кешенді ем құрамында

- емдәмдегі бұзылудан болған диспепсияда

- метеоризмде, соның ішінде операциядан кейінгі кезеңде

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақтанудан кейін тәулігіне 1-2 рет 1 таблеткадан ішке қабылдау керек.

Юниэнзим препаратын қабылдау ұзақтығы аурудың барысына байланысты болады және оны дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

- қышыну, бет терісінің қызаруы

никотин қышқылын қабылдаумен байланысты жағымсыз әсерлер:

- ойық жара ауруының өршуі

- тері бөртпесі, шаншу сезімі, гипотензия

- бас ауыруы, глюкоза деңгейінің төмендеуі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кезкелген компонентіне асқын сезімталдық

- жедел панкреатит, созылмалы панкреатиттің өршуі

- метиониннің уға қарсы ерекше түрін ішке бір мезгілде қабылдау

- туа біткен лактаза жеткіліксіздігі, туа біткен фруктоза жақпаушылығы, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы

- ойық жара ауруының асқынуы

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Юниэнзимнің құрамына кіретін белсендірілген көмір ипекакуанның және құсуға қарсы өзге дәрілердің әсерін, оларды ішке тағайындаған кезде, азайтады. Статиндермен бір мезгілде қолданғанда миопатия немесе қаңқа бұлшықеттері жедел некрозының даму қаупі артуы мүмкін. Бұл инсулиннің немесе гипогликемиялық дәрілердің қажеттілігін арттыруы мүмкін.

Белсендірілген көмірмен қауіптілігі зор өзара әрекеттесу құрысуға қарсы дәрілерді қабылдау болып табылады. Іn vitro зерттеу колестипол мен холестирамин никотин қышқылының қол жетімділігін төмендетуі мүмкін екендігін көрсеткен, осыған байланысты өт қышқылдарын байланыстыратын никотин қышқылы мен шайырларды қабылдау арасында кем дегенде 4-6 сағат үзіліс жасау ұсынылады.

Айрықша нұсқаулар

Юниэнзимнің құрамындағы белсендірілген көмір нәжісті қара түске бояуы мүмкін, көптеген дәрілердің асқазан-ішек жолынан сіңуін азайтады, сондықтан оларды басқа препараттармен бір мезгілде қабылдамаған жөн.

Демек, Юниэнзим басқа препаратты қабылдаудан 2 сағат бұрын немесе қабылдағаннан кейін 1 сағаттан соң қолданылуы тиіс.

МПС бар Юниэнзим құрамында никотинамид бар, ол үлкен дозаларда сыртартқысында сары ауру, бауыр аурулары, қант диабеті, подагра, пептикалық ойық жарасы бар емделушілерге сақтықпен қолданылуы тиіс.

Статиндермен бір мезгілде қабылдағанда миопатия немесе қаңқа бұлшықеттерінің жедел некрозының даму қаупі артуы мүмкін. Бұл инсулиннің немесе гипогликемиялық дәрілердің қажеттілігін арттыруы мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ана үшін болжамды пайдасы ұрық немесе балаға төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда сақтықпен қолданылады.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Никотин қышқылының жоғары дозаларын қабылдағанда жүрек айну, құсу, абдоминальді ауыру, диарея, аритмиялар, фибрилляция байқалады. Алайда, бұл әсерлері өз табиғатында транзиторлық болып табылады және әдетте емдеуді жалғастырғанда жоғалып кетеді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықсыз қаптамаға салынған. 2 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

5 картон қорапшадан картон қорапқа салады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, 25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юникем Лабораториз Лимитед

Инд. Эриа, Мирут Род, Газиабад 201 003, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Юникем Лабораториз Лимитед Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ.

Жангелдин к-сі 31, «Жар-Су» бизнес орталығы

200 кеңсе «Трансатлантик Алматы» ЖШС

тел. +7 727 357-24-22(23)

 

Прикрепленные файлы

241695781477976364_ru.doc 56.5 кб
495338561477977559_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники