Хепель Н
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
ХЕПЕЛЬ Н
Халықаралық патенттелмеген атауы
Жоқ
Дәрілік түрі
Таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді заттар:
Chelidonium majus D6 30.0 мг
Citrullus colocynthis D6 90.0 мг
Myristica fragrans D4 30.0 мг
Phosphorus D6 15.0 мг
Veratrum album D6 60.0 мг
Cinchona pubescens D3 30.0 мг
Lycopodium clavatum D3 30.0 мг
Silybum marianum D2 15.0 мг
қосымша заттар- магний стеараты.
Сипаттамасы
Ақ түстен қызыл сары-ақ түске дейін болатын, дөңгелек пішінді, беті тегіс, ойығы бар, иіссіз таблеткалар. Мезгіл-мезгіл бетінде қызыл сары теңбілдер пайда болуы мүмкін.
Фармакотерапиялық тобы
Бауыр ауруларын емдеуге арналған препараттар.
АТХ коды А05ВА
Фармакологиялық қасиеттері
Фармакокинетикасы
Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.
Фармакодинамикасы
ХЕПЕЛЬ Н – кешенді гомеопатиялық препарат. Гепатопротекторлы, спазмолитикалық, өт айдағыш, қабынуға қарсы, диареяға қарсы әсерлері бар, олар препараттың құрамына кіретін заттардың есебінен, организмнің қорғаныш күштерін белсенділендіруге және бұзылған функциясын қалыпқа келтіруге негізделеді.
Қолданылуы
- бауыр фунциясының алғашқы және екінші қайтара болған бұзылуларында
Қолдану тәсілі және дозалары
Бір реттік доза: ересектерге тіл астына 1 таблеткадан (толық сорылғанша). Бір реттік дозаны тамақтанудан 15-20 минут бұрын немесе тамақтанудан кейін 1 сағаттан соң күніне 3 рет қабылдау керек.
Ауру жедел басталған жағдайда бір реттік дозаны әрбір 15 минут сайын 2 сағат бойы қабылдау керек. Әрі қарай күніне 3 рет қабылдауға көшу керек.
Емдеу курсы жедел ағымды ауруларда – 7-14 күн, созылмалы ауруларда – 2-6 апта.
Жағымсыз әсерлері
Барлық дәрілер сияқты бұл гомеопатикалық дәрі жағымсыз әсерлерді тудыруы мүмкін. Жекелеген жағдайларда қысқа мерзімді терінің аллергиялық реакциялары туралы хабарланған.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препарат компоненттеріне, соның ішінде Carduus marianus немесе күрделі гүлділер (Asteraceae) тұқымдасына жататын өсімдіктерге, хининге жоғары сезімталдықта
- жүктілікте және лактация кезеңінде
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Кешенді гомеопатиялық препараттарды тағайындау осы ауруларда қолданылатын басқа да дәрілік заттарды пайдалануды жоққа шығармайды.
Айрықша нұсқаулар
Препаратты жасап шығарғанда лактоза пайдаланылады. Лактозаны көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар пациенттерге препаратты қабылдауға болмайды.
Анамнезде күрделі бауыр ауруы бар пациенттерге, препаратты қабылдар алдында дәрігермен кеңескен жөн.
Егер симптомдары тұрақты сақталса немесе нашарласа, дәрігерден кеңес алған жөн.
Педиатрияда қолданылуы
Осы препаратты балаларға қолдану тәжірибесі құжаттық тұрғыдан жеткілікті айғақталмағандықтан, 18 жасқа дейінгі балаларға препаратты қолдануға болмайды.
Дәрілік заттың көлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері
Белгісіз.
Артық дозалануы
Бірде-бір препараттың артық дозалану жағдайы тіркелмеген және гомеопатикалық сұйылтуға байланысты күтілмейді.
Шығарылу түрі және қаптамасы
Ақ полипропиленнен жасалған қақпағы бар ақ полипропилен контейнерге 50 таблеткадан салынған.
1 контейнерден медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.
Сақтау шарттары
Түпнұсқалық қаптамасында, 30С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
5 жыл
Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханадан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Тіркеу куәлігінің иесі
Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Д-р Рекевег-штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден, Германия
Қазақстан Республикасы аумағында: тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын; дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы және мекенжайы
«AEM Services» ЖШС
050040, ҚР, Алматы қ-сы, әл-Фараби д-лы, 75А үй, 102-103 кеңсе
aemservices@mail.ru
+7 707 798 83 83