Умкалор® (Раствор оральный)

Производитель: ИЗО-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, применяемые при кашле и простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015530
Период регистрации: 08.10.2015 - 08.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Умкалор®

Umckalor®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған ерітінді

Құрамы

10 г (=9,75 мл) ерітіндінің құрамында

белсенді зат – Pelargonium sidoides тамырларының сұйық сығындысы (1:8 – 10) (экстрагент: этанол 11 %) 8.0 г;

қосымша зат - 85 % глицерин

Сипаттамасы

Ашық-қоңырдан қызылдау-қоңыр түске дейінгі сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Жөтел және суық тию симптомдарын қайтаруға арналған препараттар.

АТХ коды R05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Умкалор® жалпы белсенді зат деп қарастырылатын көптеген компоненттердің кешенді қоспасын білдіреді. Жекелеген заттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы мәліметтер жоқ.

Фармакодинамикасы

Умкалор® препаратында оңтүстік-африкалық Pelargonium sidoides өсімдігінің тамырынан алынған сығынды бар.

Сығындыны ішу арқылы қабылдағанда тышқандарда ауру белгілерінің (аурудың инфекциямен байланысты жүретін спецификалық емес симптомдары) азаюы байқалғанын және антиоксиданттық қасиеттері байқалғанын жануарларға жасалған зерттеулер көрсетіп отыр.

In vitro зерттеулерін жүргізгенде Умкалор® препаратының мынадай әсері расталған:

спецификалық емес қорғағыш механизмдерді көтермелеу:

  • кірпікті эпителий бүрінің тербеліс жиілігін көтермелеу.

  • интерферонның және қабынуға қарсы цитокиннің синтезін модуляциялау

  • NK-жасушасының белсенділігін ынталандыру

  • фагоцитозды, адгезивті молекулалардың экспрессиясын, хемотаксисті ынталандыру

микробтарға қарсы белсенділігі:

  • бактерияларға қарсы және вирустарға қарсы орташа тікелей белсенділік

  • өлі/тірі эпителиальді жасушаларға деген А тобының стрептококкты адгезияның күшеюі/тежелуі

  • β-лактамаза белсенділігін тежеу

цитопротекторлық қасиеттері:

  • адамның лейкоцитарлық эластазасының белсенділігін тежеу

  • антиоксиданттық қасиеттері.

Қолданылуы

Жедел және созылмалы инфекцияларда, әсіресе тыныс алу жолдарының және құлақ, тамақ және мұрын маңының инфекцияларында, мысалы, бронхитте, синуситте, тонзиллярлық баспада, ринофарингитте.

Қолдану тәсілі және дозалары

Сіздің дәрігеріңіздің басқа көрсетілімі болмағанда мынадай дозалау режимі ұсынылады:

ересектер және 12 жастан үлкен балалар:

30 тамшыдан күніне үш рет;

6-дан 12 жасқа дейінгі балалар:

20 тамшыдан күніне үш рет;

1-ден 5 жасқа дейінгі балалар:

10 тамшыдан күніне үш рет.

Тамшыны сұйықтықтың аздаған мөлшерімен таңертең, күндіз және кешке қабылдау керек.

10 тамшы ерітіндінің шамамен 0,48 мл сәйкес келеді.

Емдеу курсы 7-10 күн. Симптомдар қайтқаннан кейін аурудың қайталануының алдын алу үшін препаратты тағы да бірнеше күнге жалғастыру ұсынылады. Емдеу ұзақтығы 3 аптадан аспауы тиіс.

Егер Сіздің жағдайыңыз бір апта бойы жақсармаса, егер Сізде жоғары температура бірнеше күн бойы сақталса, бауыр функциясының бұзылу белгілері пайда болған жағдайда, сондай-ақ Сізде ентігу немесе қанды қақырық пайда болса, тез арада дәрігерге көріну керек.

Жағымсыз әсерлер

Асқазан-ішек жолы тарапынан

Жиі емес:

- асқазан-ішек бұзылыстары (асқазанның ауыруы, қыжыл, жүрек айнуы немесе диарея)

Сирек:

- жеңіл түрде қызыл иектен қан кету

Респираторлық жүйе тарапынан

Сирек:

- жеңіл түрде мұрыннан қан кету

Тері, тері асты тіндері/иммундық жүйе тарапынан

Сирек:

- аса жоғары сезімталдық реакциялары (тері бөртпелері, есекжем, терінің және шырышты қабықтың қышынуы)

Гепатобилиарлық жүйе тарапынан

Умкалор® препаратын қабылдағаннан кейін бауыр функциясы бұзылу белгілерінің пайда болуы туралы жекелеген хабарлар бар; препаратты қабылдау мен бұл әсерлердің арасындағы себеп-салдарлы байланысы анықталмаған; туындау жиілігі белгісіз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді заттарға немесе препараттың басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- қан кетуге жоғары бейімділік

- антикоагулянттарды қолдану

- бауырдың ауыр түрдегі аурулары

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- жүктілік, лактация кезеңі.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін Умкалор® препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы хабар жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Умкалор® құрамында 12% алкоголь көлемі бар. Препаратты қабылдау кезінде нұсқаулыққа сай әрбір дозамен (10-20-30 тамшы) бірге 0,05-0,10-0,15 г спирт қабылданады, бұл бауыр ауруы және церебральді ауруы бар науқастардың, маскүнемдік, эпилепсиямен ауыратындардың, жүкті, бала емізетін әйелдердің және 1 жасқа дейінгі балалардың денсаулығы үшін қауіпті болуы мүмкін.

Өсімдіктің сұйық сығындысы ұзақ уақыт бойы сақтағанда бұлыңғырлануға бейім келеді, алайда, ол дәрілік заттың тиімділігіне әсер етпейді.

Умкалор® ерітіндісі табиғи өнім болғандықтан, препараттың бұлыңғырлануы және түсі мен дәмі аздап өзгеруі мүмкін.

Жүктілік және лактация кезеңі

Умкалор® препаратын жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға қолдану тәжірибесі жеткіліксіз болғандықтан, оны жүктілік және лактация кезеңінде қолданбаған жөн.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 немесе 50 мл-ден бұралатын қақпағы бар, полиэтиленнен жасалған тамшылатқышпен жабдықталған күңгірт шыны құтыда.

1 құты қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Сақтау шарттары

30 оС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптаманың алғашқы ашылуынан кейінгі сақтау мерзімі 3 ай.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ИЗО-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ,

Германия, 76275 Эттлинген, Бунзенштрассе 6 -10

 
  • Тіркеу куәлігінің иесі

    Дойче Хомеопати-Унион ДХУ-Арцнаймиттель ГмбХ & Ко. КГ,

    Германия, 76227 Карлсруэ, Оттоштрассе 24.

    Қаптаушы ұйымның атауы

    Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ, Германия

     

 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ., Жетісу 2 ы/а, 80 үй, 54 пәтер

тел. 8 (727) 2979833

E-mail- info@alpenpharma.com

 

Прикрепленные файлы

443968471477976375_ru.doc 58 кб
106576001477977572_kz.doc 66 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники