Умкалор® (Таблетки)

Производитель: Др. Вильмар Швабе ГмбХ & Ко. КГ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, применяемые при кашле и простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121845
Период регистрации: 10.12.2015 - 10.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Умкалор®

Umckalor®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат: Pеlargonium sidoides тамырының кептірілген сұйық сығындысы (1:8-10) (EPs® 7630) – 20.00 мг (экстрагент этанол 11 %);

қосымша заттар: мальтодекстрин, микрокристалды целлюлоза, лактоза моногидраты, натрий кроскармеллозасы, кремнийдің тұндырылған қостотығы, магний стеараты, қабығы: гипромелоза 5 mPas, макрогол 1500, темірдің сары тотығы (Е 172), темірдің қызыл тотығы (Е 172), титанның қостотығы (Е 171), тальк, көбіктенуге қарсы эмульсия құрғақ зат**.

** мыналардан тұрады: симетикон – 92.02 %, метилцеллюлоза – 7.67 % және сорбин қышқылы – 0.31 %

Сипаттамасы

Қызылдау-қоңыр түсті үлбірлі қабықпен қапталған дөңгелек таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын жоюға арналған препараттар.

АТХ коды R05

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Умкалор® тұтастай алғанда белсенді зат ретінде қарастырылатын көптеген компоненттердің кешенді қоспасы болып табылады. Жекелеген заттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы деректер жоқ.

Фармакодинамикасы

Умкалор®препаратының құрамында оңтүстік-африкалық Pelargonium sidoides өсімдігінің тамырынан алынған сығынды бар.

Жануарларға жасалған зерттеулер сығындыны тышқандарға оральді пайдаланғанда ауру белгілерінің (инфекцияға байланысты болатын аурудың спецификалық емес симптомдары) төмендегені байқалғанын және антиоксидантты қасиеттер көрініс бергенін көрсетті.

Умкалор® препаратының in vitro зерттеу барысында келесі әсерлері расталған:

спецификалық емес қорғаныс механизмдерін көтермелеу:

- кірпікшелі эпителий түктерінің тербеліс жиілігін көтермелеу

- интерферон мен қабынуға қарсы цитокиндердің синтезін модуляциялайды

- NK-жасушалардың белсенділігін көтермелейді

- фагоцитозды, адгезивті молекулалар экспрессиясын, хемотаксисті көтермелейді;

- микробқа қарсы белсенділік:

- орташа тікелей бактерияға қарсы және вирусқа қарсы белсенділік

- А тобы стрептококктарының өлі/тірі эпителий жасушаларына қатысты адгезиясын күшейту/тежеу

- ß-лактамаза белсенділігін тежеу

цитопротективті қасиеттер:

- адамның лейкоцитарлық эластазасының белсенділігін тежеу

- антиоксидантты қасиеттер.

Қолданылуы

Жедел және созылмалы инфекциялар, әсіресе тыныс алу жолдарының және құлақ аумағының, тамақтың және мұрынның инфекциялары, мысалы, бронхит, синусит, тонзиллярлық баспа, ринофарингит.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға 1 таблеткадан күніне 3 рет (таңертең, күндіз және кешке) тағайындайды.

6 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға - 1 таблеткадан күніне 2 рет (таңертең және кешке).

Умкалор шайнамай, аздаған сұйықтық мөлшерімен қабылдау ұсынылады.

Емдеу ұзақтығы

Емдеу ұзақтығы 3 аптадан аспауы тиіс.

Симптомдар төмендегеннен кейін аурудың қайталануын алдын алу үшін тағы бірнеше күн бойы препарат қабылдауды жалғастыру ұсынылады.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес (≥1/1 000 - <1/100)

- асқазан-ішек бұзылыстары

Сирек (≥1/10 000 - <1/1 000)

- қызыл иектен немесе мұрыннан аздап қан кету

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

Умкалор® препаратын қабылдағаннан кейін бауыр функциясының бұзылу белгілерінің пайда болғаны туралы жеке хабарламалар бар; бұл әсерлер мен препаратты қолдану арасындағы себеп-салдарлық байланыстар анықталмаған; туындау жиілігі белгісіз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді затына немесе басқа компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- бауырдың күрделі аурулары

- 6 жасқа дейінгі балалар

- жүктілік, лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Осы уақытқа дейін Умкалор® препаратының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі туралы хабарламалар жоқ.

Айрықша нұсқаулар

Егер сіздің жағдайыңыз бір апта ішінде жақсармаса, егер бірнеше күн бойы сізде жоғарғы температура сақталса, бауыр функциясының бұзылу белгілері пайда болғанда, сонымен қатар, егер сізде ентігу немесе қанды қақырық пайда болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.

Препаратты сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы аурулары бар пациенттерге қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Препараттың автокөлік жүргізу және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпалы туралы деректер жоқ.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайларына қатысты мәліметтер жоқ.

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 үлбірлі қабықпен қапталған таблеткадан ПВХ/ПВДХ - үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады. 1 және 2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдерінде нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

30°С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Др. Вильмар Швабе ГмбХ&Ко КГ,

Вильмар-Швабе-Штрассе, 4

76227, Карлсруэ

Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Др. Вильмар Швабе ГмбХ&Ко КГ,

Вильмар-Швабе-Штрассе, 4

76227, Карлсруэ

Германия

Дәрілік затты қаптаушы ұйым

Др. Вильмар Швабе ГмбХ&Ко КГ.,

Вильмар-Швабе-Штрассе, 4

76227, Карлсруэ

Германия

Эксклюзивті өкілі

Альпен Фарма АГ

Берн, Швейцария

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Альпен Фарма» ЖШС

Алматы қ., Жетісу-2 ықш.ауд., 80 үй, 54 пәтер

Тел./факс + 7 727 2265306

E-mail: info. kazakhstan@alpenpharma.com

Прикрепленные файлы

612119321477976298_ru.doc 54.5 кб
462862341477977545_kz.doc 51 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники