Траумель С (Мазь)

Производитель: Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016216
Период регистрации: 30.12.2015 - 30.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Траумель С

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Құрамы

100 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар - Arnica montana D3 1,500 г, Calendula officinalis Ø 0,450 г, Hamamelis virginiana Ø 0,450 г, Echinacea Ø 0,150 г, Echinacea purpurea Ø 0,150 г, Chamomilla recutita Ø 0,150 г, Symphytum officinale D4 0,100 г, Bellis perennis Ø 0,100 г, Hypericum perforatum D6 0,090 г, Achillea millefolium Ø 0,090 г, Aconitum napellus D1 0,050 г, Atropa bella-donna D1 0,050 г, Mercurius solubilis Hahnemanni D6 0,040 г, Hepar sulfuris D6 0,025 г,

қосымша заттар: эмульгацияланған цетoстеaрилді спирт (А типі), сұйық парафин, жұмсақ ақ парафин, тазартылған су, 96% спирт 94% спиртке (м/м) сәйкес келеді

Сипаттамасы

Ақтан қызғылт-ақ түске дейінгі жұмсақ жақпамай; ашыған иісі сезілмеуі тиіс.

Фармакотерапиялық тобы

Тірек-қимыл аппараты ауруларын жергілікті емдеуге арналған басқа да препараттар. Басқа да препараттар.

АТХ коды  М02АХ10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Препарат қабынуға қарсы, ауыруды басатын, эксудатқа қарсы, геморрагияға қарсы, көктамырларды сергітетін,  иммунитетті көтермелеуші және репаративті әсері бар. Препараттың әсері гомеопатиялық сұйылтуларда препараттың құрамына кіретін өсімдік және минерал тектес заттар есебінен организмнің қорғаушы күші мен бұзылған функцияларын қалпына келтіруін белсендіруге негізделеді. Кальций және Aconitum және Arnica сияқты өсімдік тектес компоненттер қантамырлардың қабырғаларын нығайтады, ісінуді және жалқықтардың түзілуін азайтады. Сынаптың гомеопатиялық дозасы қабыну дәрежесін азайтады. Aconitum, Arnica, Hamamelis, Hypericum, Millefolium, Bellis perennis жарақат кезіндегі қан кетуді тоқтатады және гематомалар түзілуіне кедергі болады. Aconitum, Arnica және Hypericum бір мезгілде Chamomilla, Atropa belladonna-мен бірге ауыруды басатын әсер етеді. Hepar sulfur және Arnica, Calendula, Echinaca және Symphytum сияқты өсімдік компоненттері зат алмасу үдерісін белсендіреді және регенерацияны жақсартады, иммунитетті жоғарылатады.

Траумель С рецептурасының жекелеген компоненттерін пайдалануға көрсеткіштердің қысқаша сипаттамасы:

Arnica montana D3 - Қан кету, көктамыр іркілісі, жүктемеден кейінгі миалгия; артериялық және көктамыр тамырлары аурулары. Кез келген жарақат, контузия. Септикалық жағдай: іріңді инфекциялар профилактикасы. Бұлшықетті сергітетін дәрі.

Calendula officinalis, МТ - Тез жазылмайтын жаралар, ойық жаралар, соғылым жыртылған жарақат, үсу және тері күйіктері. Сау грануляциялар қалыптасуына және бастапқы тартылып жазылуының жылдамдауына ықпал етеді. Қан тоқтататын дәрі.

Hamamelis virginiana МТ - Көктамырлардың варикоздық кеңеюі, геморрой, тері мен шырышты қабықтардан қан кету. Көктамыр қабырғасына (босаңсыған) әсер етеді. Операциядан кейінгі кезеңде ауыруды басады.

Achillea millefolium МТ - Әртүрлі типті қан кету, құрысу кезіндегі ауыру. Қысылған жарық. Ұзақ уақытқа созылған қызба синдромы. Түйрей шаншып ауыру.

Atropa bella-donna D1 – Қызбалық, әсіресе тері мен буындар қабынуларында. Ауыспалы ревматизм ауырулары, аяқ-қолдың тартылып-дірілдеуі. Түйілулер.

Aconitum napellus D1 – Жедел қабыну аурулары, қызба; ауыру сезімімен білінетін жүйке аурулары. Серозды қабықтардың және бұлшықеттердің зақымдануы (қабынуы).

Mercurius solubilis Hahnemanni D6 - Іріңдеудің кез келген түріне бейімділік. Айқын ауырумен білінетін сүйектердің зақымдануы.

Hepar sulfuris D6 – Тері мен шырышты қабықтардың қабынуы және іріңдеуі.

Chamomilla recutita, МТ - Қатты ауыру, қозу жағдайы, депрессия. Ұйып қалумен қатар жүретін адам төзгісіз ауыру. Люмбаго. Мойын бұлшықеті сіресуі.

Symphytum officinale D4 – Эпителизацияны жылдамдатады. Синовиальді қабықтың, сіңірдің зақымдануы. Барлық буындарға әсер етеді. Сынғаннан кейін сүйектердің бітпеуінде. Сүйекқабының шаншып ауыруы және ауырушаңдығы.

Bellis perennis МТ - Қантамырларының тегіс бұлшықеттеріне әсер етеді. Қан кету, қан құйылу. Созылу, соғылу. Сыздауық. Экссудация, іркіліс, ісіну. Бұлшықеттің, әсіресе шамадан тыс жүктемеден кейін ауыруы. Көктамырлық іркілу. Жарақаттар, әсіресе терең жатқан тіндерде.

Echinacea МТ - Оқшауланған зақымданулар кезінде жергілікті иммунитетті арттыру. Сепсис симптомдары. Тілме қабынуы және іріңді ойық жара. Сыздауық. Гангрена.

Echinacea purpurea МТ Оқшауланған зақымданулар кезінде жергілікті иммунитетті арттыру.

Hypericum perforatum D6 – Жүйкенің, әсіресе қол және аяқ саусақтарының зақымдануы. Өте қатты ауырушаңдық. Операциядан кейінгі ауырғанды едәуір жеңілдетеді.

Қолданылуы

- спорттық және тұрмыстық жарақаттарда (созылу, буынның шығуы, гематома, гемартроз, сынулар)

- тірек-қимыл аппаратының қабыну, микрожарақаттық және дегенеративтік үдерісінде (тендовагинит, иық-жауырындық периартрит, бурсит, жамбас-сан артриті, тізе буындары және саусақ пен табан буындары)

- қабыну үдерістері: теріде, бет-жақ аппаратында (периодонтит, іріңді пародонтит, гингивит, тістің шығуы)

- ісінуде және ісуде

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге және туғаннан бастап балаларға жақпамайды жарақат немесе қабынған жерге жұқалап тәулігіне 2-3 рет жағады. Жедел жарақат кезінде -тәулігіне 5-6 ретке дейін. Сондай-ақ жақпамайды таңғыштың астына жеңіл қимылмен ысқылауға немесе таңғыш астына жағуға болады. Фонофорезбен енгізуге болады. Емдеу курсы 2-4 апта.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың қандай да бір компонентіне терінің аллергиялық реакциялары (қызару, ісіну және қышыну)

Мұндай жағдайда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белсенді немесе қосымша компоненттерінің біріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа да дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Жақпамайды үлкен бөліктерге ұзақ уақытқа немесе тікелей ашық жараларға жағуға болмайды.

Педиатрияда қолдану

Препаратты балаларға туылған күнінен бастап пайдалануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде пайдалануға қатысты клиникалық мәліметтер жоқ.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Анықталмаған.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 г препараттан бұрандалы полипропилен қалпақшалары, ішкі лакты жабыны бар алюминий сықпаға салынған.

1 сықпадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Сықпаны сыртқы картон қорапта 15˚С-ден 30˚С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Өндіруші

«Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ», Германия

Д-р Рекевег-Штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ», Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«AEM Services» ЖШС

050060, ҚР, Алматы, Әл-Фараби д-лы, 101, 62 пәтер

aemservices@mail.ru

+7 707 798 83 83

 

Прикрепленные файлы

009548811477976311_ru.doc 51.5 кб
420233781477977555_kz.doc 62.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники