Соледум

Производитель: Klosterfrau Berlin GmbH
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Цинеол
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121872
Период регистрации: 10.12.2015 - 10.12.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Соледум

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішекте еритін жұмсақ капсулалар, 100 мг

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді зат: цинеол 100 мг

қосымша зат: орташа тізбекті триглицеридтер

капсуланың қабығы: желатин, кристалданбаған сұйық сорбитол, глицерол 85 %;

капсуланың қапталған қабығы: этилцеллюлоза, аммоний гидроксиді 28%, орташа тізбекті триглицеридтер, олеин қышқылы, натрий алгинаты, тазартылған стеарин қышқылы, канделил балауызы.

Сипаттамасы

Сопақша пішінді, түсі табиғи, өлшемі 3, асқазан сөлінің әсер етуіне төзімді қабығы бар мөлдір, жұмсақ желатинді капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – мөлдір, түссіз немесе эвкалиптіге тән иісі бар сары түсті майлы сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Симптомдар мен жөтелді қайтаруға арналған препараттар. Қақырық түсіретін препараттар. Цинеол.

АТХ коды R05CA13

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішу арқылы қолданылатын 1,8-цинеолдың өзіндік жоғары липофилдігі арқасында негізгі компонент эвкалипт майы ішекте жылдам сіңіріледі. Қан плазмасында 1,8-цинеолдың тұрақты концентрациясына әдетте препаратты 2–3 күн қолданғаннан кейін қол жеткізіледі. 1,8-цинеол сіңірілгеннен кейін трахеобронхиалдық жүйесіне қанмен жылдам тасымалданады, содан соң респираторлық эпителиймен бөлінеді және деммен шығатын ауамен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Цинеол Соледум белсенді заты болып табылады. Эвкалипт майының негізгі компоненті цинеол немесе эвкалиптол ретінде белгілі 1,8-цинеол болып табылады. 1,8–цинеолдың қақырық түсіретін әсері бронхтар секрециясының күшеюімен, шырыштың сұйылуымен байланысты. Тыныс алу жолдарынан шырыштың барынша жылдам көшуіне ықпал етеді. Әлсіз тыныштандыратын әсер береді.

Эвкалипт майының микробқа қарсы, қабынуға қарсы, қақырық түсіретін әсері бар.

Соледум шырышты қабық рецепторларына көтермелейтін әсер етеді, сондай-ақ әлсіз жергілікті белсенділігі бар, препарат қақырық түзілуін, оның реологиялық (тұтқырлық, созылғыштық, адгезивтік) қасиеттерін қалыпқа түсіре отырып, белсендіреді, бронхиолдардың перистальтикалық қозғалысы мен бронхтар жыпылықтағыш эпителийі моторлық функциясын қақырық шығуына ықпал ету арқылы күшейтеді.

Қолданылуы

- тұтқыр қақырық түзілуімен қатар жүретін жоғары тыныс жолдарының суық тию ауруларында.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға қолданады. 1 капсуладан тәулігіне 2–3 рет тамақтану кезінде, шайнамай, жеткілікті мөлшердегі сумен ішіп, қабылдайды. Емдеу курсының ұзақтығы 7 күн.

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес:

- жүрек айну, диарея

Сирек:

- жөтел

- жұтудың бұзылуы

- жалпы әлсіздік

- аллергиялық реакциялары (терінің қышынуы, қызаруы, беттің ісінуі, есекжем, тыныс алудың қиындауы)

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- бронх демікпесі

- көкжөтел, жалған қыспақ және тыныс алу жолдарының айқын аса жоғары сезімталдығымен қатар жүретін басқа да аурулар

- ауыр бауыр аурулары

- жүктілік және лактация кезеңі

- 12 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Жануарларға жасалған тәжірибелерде цинеол бауырда метаболиздейтін ферменттер индукциясын туындатады. Демек, цинеолдың жоғары дозада басқа дәрілік препараттар тиімділігін төмендету және/немесе олардың әсер ету ұзақтығын қысқарту ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. Алайда цинеолды дұрыс қолданғанда адамдарда мұндай әсерлері байқалмаған.

Айрықша нұсқаулар

Егер емделушінің жағдайы 7 күн ішінде жақсармаса немесе ұзақ уақыт бойы емделушіде тыныс алудың қиындауы, жоғары температура, созылмалы жөтел сияқты симптомдар басымдау болса, дереу дәрігерге қаралу керек. Балаларда препараттың қауіпсіздігі мен тиімділігі жеткілікті бағаланбаған. Эвкалипт майын қолданғаннан кейін жекелей жағдайларда апноэ (тыныс алудың тоқтап қалуы, ентігу) және балалардағы ларингоспазм (оның ішінде нәрестелерде) жайында деректер бар. Сондықтан Соледум капсулалары 12 жасқа дейінгі балаларды емдеуде қолданылмауы тиіс.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері.

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препарат артық дозаланған жағдайда АІЖ тарапынан ауыр бұзылулар (жүрек айну, абдоминальді ауыру, құсу және диарея), тыныс алудың бәсеңдеуі және ОЖЖ тарапынан симптомдар (бас ауыруы, ұйқышылдық, бас айналуы, сөйлеудің бұзылуы, кейде құрысулар) туындауы мүмкін. Ауыр улану жағдайында: әркелкі үстірт тыныс алу, коллапс және кома. Артық дозалану жағдайында сүтті және алкоголь сусындарын пайдалануға болмайды, өйткені олар Соледум капсуласының белсенді компоненттерінің қанға сіңірілуіне ықпал етеді.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 немесе 25 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

1, 2, немесе 4 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

30 °С -ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші:

Klosterfrau Berlin GmbH

Motzener Straße 41

12277 Берлин/Германия

Тіркеу куәлігінің иесі

Cassella-medGmbH&Co. KG

Gereonsmühlengasse 1

50670 Кельн/Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Astra Logistic Ltd» (Астра Логистик Лтд) ЖШҚ Қазақстан Республикасында, Орталық Азия және Кавказдағы өкілдігі. 050059,

Алматы қ., Игишев көшесі, 75.

Тел: +7(727) 3867597, 3867606, 3867599. Факс: +7(727) 3867619.

E-mail: info@alltd.kz. www.pharmaceuticals-forwarder.com. www.alltd.kz.

Прикрепленные файлы

284496251477976311_ru.doc 50.5 кб
049242781477977555_kz.doc 56.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники