Пио бактериофаг жидкий

Производитель: Биохимфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие антибактериальные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№015616
Период регистрации: 02.09.2015 - 02.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Сұйық пио бактериофагы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге, жергілікті және сыртқа қолдануға арналған сұйықтық

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат:

Бактериялар фаголизаттары стерильді фильтратының қоспасы: Staphylococcus,

Streptococcus,

Escherichia coli.

Proteus,

Pseudomonas aeruginosa,

фагының титрі 1х106 кем емес;

қосымша зат: жоқ

Сипаттамасы

Өзіне тән дәмі бар, әртүрлі қарқындылықтағы сары түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы:

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияларға қарсы препараттар.

Бактерияға қарсы басқа да препараттар

АТХ коды J 01XX

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Енгізу тәсіліне қарамастан, бактериофаг препараттары қанға және лимфаға өтеді және қабыну ошағына түседі. Препараттың негізгі бөлігі несеп шығару жолдарына тазартқыш әсер ете отырып бүйрек арқылы, ал қалған бөлігі – асқазан-ішек жолы арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бактериофаг гомологиялық бактериялар жасушаларының жарғақшасында сіңірілетін бактериялардың спецификалық вирусы болып табылады, жасушаға енеді және оны ерітеді. Сұйық пио бактериофагы құрамына бактериялардың селективті, тек вирулентті фагтары кіреді: Streptococcus, Staphylococcus, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus, бұл препараттың жоғары белсенділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

Streptococcus, Staphylococcus, Escherichia coli, Pseudomonas aeruginosa, Proteus бактериялары түрткі болған іріңді-қабыну ауруларын емдеу және профилактикасында

- лор-мүшелері және тыныс алу жолдары инфекцияларында (мұрын қойнауы, ортаңғы құлақтың қабынуы, баспа, фарингит, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония, плеврит)

  • хирургиялық инфекцияларда (іріңді жаралар, күйік, абсцесс, флегмона, фурункул, карбункул, гидроаденит, панариций, парапроктит, мастит, бурсит, остеомиелит)

  • урогенитальді инфекцияларда (уретрит, цистит, пиелонефрит, кольпит, эндометрит, сальпингоофорит)

  • асқазан-ішек жолы инфекцияларында (стоматит, парадонтит, холецистит, энтероколит, ішек дисбактериозы)

  • жайылған септис ауруларында

  • жаңа туған нәрестелердің іріңді-қабыну ауруларында (омфалит, пиодермия, конъюнктивит, сепсис)

  • хирургиялық манипуляциялар мен операциялар кезінде іріңді асқынулардың профилактикасы үшін жаңадан болған жараларды өңдеуде

  • жедел респираторлық-вирустық аурулар кезінде бактериялық асқынулардың профилактикасында

Қолдану тәсілі және дозалары

Бактериофаг препаратын ұтымды қолданудың маңызды шарты қоздырғыштың фотосезімталдығын анықтау және препаратты ертерек қолдану болып табылады. Препарат аурудың алғашқы сатысында және зақымданған ошаққа тікелей қолданғанда ерекше тиімді.

Сұйық пио бактериофагы ішке (ауыз арқылы, клизма түрінде), жергілікті (шаю, бүрку, сулағыш түрінде), қуысқа енгізу үшін ( жара, абсцесс, құрсақ, плевральді қуыс, флегмона, мұрын, мұрын қойнаулары, ортаңғы құлақ, қуық, жатыр, қынап) тағайындайды.

Жергілікті зақымданған іріңді-қабыну ауруларын емдеу үшін Сұйық пио бактериофагы бір мезгілде: жергілікті, сонымен қатар ішке қабылдау үшін (per os) тағайындалады. Препаратпен емдеу курсының ұзақтығы 5-тен 10 күнге дейін.

Дозалануы зақымданған жердің көлеміне байланысты жеке анықталады. Пункция жасау арқылы іріңді алғаннан кейін препарат ошақ қуысына енгізіледі. Енгізілетін препараттың мөлшері алынған іріңнің көлемінен бірнеше есе аз болу керек.

Келесі күндері дренаждың көмегімен препарат жұқтырылған қуысқа енгізіледі.

Емшара 3-5 күн бойы күніне 1 рет жүргізіледі.

  • Цистит, пиелонефрит, уретрит кезінде препарат ішке қолданылады. Егер қуық қуысы немесе бүйрек түбегі дренаждалған болса, бактериофагты қуыққа күніне 20-30 мл-ден және бүйрек түбегіне 5-10 мл-ден 2 рет енгізеді.

  • Іріңді-қабыну гинекологиялық ауруларда препарат қынап қуысына, жатырға күнделікті 5-10 мл дозада, бір рет енгізіледі.

  • Құлақ, тамақ, мұрын іріңді-қабыну аурулары кезінде препарат 2-10 мл дозада күніне 1-3 рет жергілікті енгізіледі. Бактериофаг шаю, жуу, тамызу, суланған турунда енгізу үшін (оларды I сағатқа қалдыра отырып) пайдаланады. Іріңді Тонзиллитті емдеу үшін препарат шаюға қолданылады және бір мезгілде per os тағайындалады.

  • Стоматиттер және созылмалы жайылған парадонтиттерді емдеу кезінде препарат ауыз қуысын шаю түрінде 10-20 мл дозада күніне 3-4 рет қолданады, сондай-ақ парадонтальді қалтаға пиобактериофаг сіңдірілген турунданы 5-10 минутқа қояды.

  • Ішек ауруларының түрлері, ішкі ағзалар аурулары, дисбактериоз кезінде Сұйық пио бактериофагы ауыз арқылы немесе клизмада қолданылады. Препарат ашқарынға, тамаққа дейін 1 сағат бұрын ішуге беріледі.

Клизма түрінде ішекті босатқаннан кейін, кешке ұйықтар алдында күніне 1 рет тағайындайды.

Препараттың ұсынылатын дозасы

Жасы

ауыз арқылы

клизмада

6 айға дейін

5 мл х 1 рет күніне

10 мл х 1 рет күніне

6-дан 12 айға дейін

5 мл х 2 рет күніне

10 мл х 1 рет күніне

1 жастан 3 жасқа дейін

5 мл х 3 рет күніне

20 мл х 1 рет күніне

3 жастан 8 жасқа дейін

10 мл х 2-3 рет күніне

30 мл х 1 рет күніне

8 жас және одан асқан

20 мл х 2-3 рет күніне

  • мл х 1 рет күніне

Профилактикалық пайдалануға арналған дәрілік заттардың дозасын дәрігер анықтайды.

Ескерту

Егер Пио бактериофагы препаратын қолданғанға дейін емдеуге химиялық антисептиктер қолданылған болса, онда жараны стерильді натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісімен мұқият шаю керек.

Жағымсыз әсерлері

Бактериофаг препараттары уытты емес. Сұйық пио бактериофагын қабылдаумен байланысты жағымсыз әсерлері мен реакциялары байқалмаған.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Құтыдағы препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бактериофаг препараттарының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған. Сұйық пио бактериофагы басқа дәрілік заттармен, оның ішінде бактерияларға қарсы препараттармен қолданылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Бұлыңғырланған кезде препаратты қолдануға болмайды!

Препарат құрамында қоректік орта болуы салдарынан, препараттың бұлыңғырлануын туындататын қоршаған ортадағы бактериялардың дамуы мүмкін болғандықтан, құтыны ашқанда төмендегі ережелерді сақтау қажет:

- қолды жақсылап жуу;

- қалпақшаны құрамында спирт бар ерітіндімен өңдеу;

- тығынды ашпай, қалпақшасын алу керек;

- үстелге немесе басқа да заттарға тығынды ішкі беткейімен қоюға болмайды;

- құтыны ашық тастамау керек;

- ашылған құтыны тек тоңазытқышта сақтау керек.

Аз дозаларды пайдаланғанда (2-8 тамшы) препаратты 0,5-1 мл көлемінде стерильді еккішке тартып алу қажет.

Жоғарыда аталған ережелердің сақтау шарттары сақталғанда және бұлыңғырлануы болмағанда, ашылған құтыдағы препаратты ашқаннан кейін 24 сағат ішінде, тиісті жағдайларда сақталған кезде пайдалануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бактериофаг препараттарын жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Арнайы нұсқамалар жоқ.

Артық дозалануы

Бактериофаг препараттарының артық дозалану симптомдары белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мл-ден медициналық шыныдан жасалған құтыда, 4 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

Препаратты құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2°С - 25°С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Дәрігердің рецептісінсіз

Өндіруші

«Биохимфарм» АҚ

Мекенжайы: Готуа к-сі 3, Тбилиси 0160. Грузия,

Тел: +995 32 2 244777 / 2 244778, факс: +995 32 2 380895;

Эл-поштасы: biochimpharm@geophage.ge ; www.biochimpharm.ge

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биохимфарм» АҚ

Мекенжайы: Готуа к-сі 3, Тбилиси 0160, Грузия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі Алматы қ. 050012 Қазыбек би к-сі № 125 / 198 үй

телефон +7 707 723 27 72

+7 707 728 02 71

+7 727 301 81 83

электронды поштасы: mss001@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

014293871477976405_ru.doc 74.5 кб
231523951477977602_kz.doc 83 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники