Облепиховые с Кызылмай®

Производитель: ФитОлеум ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Противовоспалительные препараты для интравагинального применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021578
Период регистрации: 14.08.2015 - 14.08.2018

Инструкция

Саудалық атауы

Шырғанақ Қызылмай® қосылған Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суппозиторийлер

 

Құрамы

қосымша заттар: какао майы, сары балауыз, бентонит

Сипаттамасы

Қызғылт сарыдан қоңыр сары түске дейінгі, ұшы сүйір, көлденең қимасында біртектес. Тоңазытқышта сақтаған жағдайда бөлме температурасында жоғалып кететін балауыздың кристалдары пайда болады.

Фармакотерапиялық тобы

Қынап ішіне қолдануға арналған қабынуға қарсы препараттар

АТХ коды G02CC

Фармакологиялық қасиеттері

Шырғанақ майы мен Қызыл май® полифитті майы - өсімдік тектес заттар. препараттың белсенді субстанциясы болып табылады. Шырғанақ майы құрамына каротиноидтар, С, Е, К, В1, В2, В3, В6, В9 витаминдері, алма және шараптас қышқылдары, қант, иік заттар, кверцетин флавоноиды, фитонцидтер, пектиндер, кумариндер кіреді. Қабынуға қарсы, бактерицидті қасиеттерге ие, ауыруды басатын және жараны жазатын әсері бар, Терінің және шырышты қабықтардың репаративті үдерістерін ынталандырады, зақымданған тіндердің қалпына келуін жеделдетеді. Қызыл май® полифитті майының әсері оның компоненттерінің біріккен әсері болып табылады. Биологиялық белсенді заттардың кешенінің құрамына кіретін 7 дәрілік өсімдік (негізінен сапонинді гликозидтер – глицирризин, сондай-ақ, эфир майлары, пептидтер, витаминдер мен минералдар) қабынуға қарсы, бактерияларға қарсы, жараны жазатын, регенерациялайтын әсері бар. Суппозиторий құрамына кіретін «Қызыл май®» полифитті майы мен шырғанақ майының кешені қабынуға қарсы, регенерациялайтын, жараны жазатын әсерін арттырады.

.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

  • гинекологиялық ауруларда – жатыр мойнының эрозиясында, кольпиттерде, вагиниттерде, эндоцервиттерде;

  • урологиялық ауруларда – циститтерде, простатитте;

  • проктологиялық ауруларда – геморройда, анустың жарылуында, колиттерде, энтероколиттерде, проктиттерде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийлер қынаптық және ректальдік түрде қолданылады.

Аурудың дәрежесіне қарай 1 суппозиторийден күніне 1-2 рет тағайындайды. Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

- сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз көріністер мен басқа әсерлер байқалған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекeттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдануы

Препаратты балалар практикасында қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүктілік және бала емізетін әйелдерге пайдалануға болады.

Препаратты автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

С түріндегі ақшыл-сары түсті поливинилхлорид/полиэтиленнен (ПВХ/ПЭ) жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 5 суппозиторийден салынған. Екі пішінді ұяшықты қаптамалар медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапқа салынған. Қолдану жөніндегі нұсқаулық мәтінін тікелей қорапқа салуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, + 18 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы обл., Есік қ., Маметова к-сі, 25

тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 297-27-01, 8 (727) 297-29-36, 8 (72775) 7-25-18

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы:

«ФитОлеум» ЖШС

050037, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 163 «а»

тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 8 (727) 297-27-01, 8 (727) 297-29-36

e-mail: fitoleum@mail.ru, www.fitoleum.kz

 

 

 

Прикрепленные файлы

509117661477976407_ru.doc 51 кб
443191061477977609_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники