Лома Люкс Псориасис

Производитель: Апотека Инк.
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения псориаза для системного применения
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021488
Период регистрации: 03.07.2015 - 03.07.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Лома Люкс Псориасис

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған гомеопатиялық ерітінді, 237 мл

Құрамы

1 мл препарат құрамында

белсенді заттар:

Калий бромиді D1 3.5 мг

Натрий бромиді D2 3.0 мг

Никель сульфаты D3 0.6 мг

Мырыш бромиді D4 0.025мг

Калий сульфаты D4 0.004мг

қосымша заттар: этанол 2.0%, метилпарабен 0.15%, пропилпарабен 0.03%, тазартылған су.

-

ЩЕСТВО000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000

Сипаттамасы

Мөлдір, түссіз немесе ашық көгілдір-жасыл реңге (GY7) дейінгі ерітінді. Қауыз түріндегі шөгінді болуы мүмкін

Фармакотерапиялық тобы

Жүйелі қолданылатын псориазды емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды D05BХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Қазіргі сәтте гомеопатиялық медициналық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттері туралы олардың биоақпараттық сипатына және құрамдас белсенді заттарының аздығына байланысты хабарланбады.

Фармакодинамикасы

Лома Люкс Псориасис нақты әсер ету механизмі белгісіз. Тұқым қуалайтын ферменттік ақау бар деп болжамдалады, оның себебінен организмде ауру манифестациясын туындататын иммунологиялық механизмдердің каскадын іске қосатын метаболизмдік субстраттың («псориаздық молекулалар» деп аталып жүрген) бұзылуы орын алмайды. Ақау никельге тәуелді металлоферменттік жүйенің жеткіліксіз функциясынан болады, ол тек никельмен байытылған ортада белсендіріледі және уытты емес қосылыстарға дейін «псориаздық молекулаларды» бұзады, яғни сырттан енгізілген никель ферменттік функцияның «катализдік қосқыш» рөлін орындайды.

Бромидтер әсіресе кератоциттерге қатысты антипролиферативтік әсерге ие, сондай-ақ тыныштандыратын және қышынуға қарсы әсер етеді.

Сульфаттар бактерицидтік әсер етеді.

Қолданылуы

- инверсиялық псориаз

- пустулезді псориаз

- эксфолиативті псориаз

- бет пен бастың шашты бөлігінің псориазы

- жыныс органдарының псориазы

Қолдану тәсілі және дозалары

Күніне бір рет аш қарынға ішіп қабылдайды. Препаратты қабылдағаннан кейін 1 сағат бойы тағам және сусын қабылдамаған жөн.

Доза дене массасына тәуелді және келесіні құрайды:

Дене салмағы, кг-мен Дозалары, мл-мен

22 - 45 кг

0,5 шай қасық (2,5 мл)

45 – 68 кг

1 шай қасық (5 мл)

68 – 90 кг

1 – 1,5 шай қасық (7,5 мл)

90 кг-ден аса

2 шай қасық (10,0 мл)

Емдеу курсының ұзақтығы 4-5 айды құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар. Теріде бөртпе пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың белгілі бір компоненттеріне жоғары сезімталдық

- гломерулонефрит

- жүктілік және лактация кезеңі

- 10 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Белгіленбеген

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолдану кезінде алкоголь қабылдауды және арахис және құрамында арахис бар өнімдерді тұтынуды тоқтату, ащы, тәтті, қуырылған және аллергогенді өнімдер (цитрустар, шоколад, газдалған сусындар) тұтынуды шектеу керек.

Емделуші аллергиялық реакциялар дамығанда препарат қабылдауды тоқтатып, дәрігерге қаралу керек екендігі туралы хабарланған болуы тиіс.

Препаратты қабылдағанда бір ай бойы өт айдайтын өсімдік препараттарын немесе гомеопатиялық дәрілер, сонымен қатар шүйгіншөптің және сасықшөп тұндырмаларын қабылдау ұсынылады.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге және қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсердің күшеюі.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

237 мл ерітіндіден полимер бөтелкеде. Полимер бөтелке тығынмен және қорғағыш сақинамен тығындалған. Әрбір полимер бөтелке медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтармен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25 оС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Апотека Инк., АҚШ

201 Apple Blvd.Woodbine, IA 51579 USA

Тіркеу куәлігінің иесі

Лома Люкс Лэборэториз, АҚШ

www.lomalux.com , www.lomalux.ru

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім, тауар сапасы жөніндегі шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нұр-Туған» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Алматы қ-сы, Гагарин к-сі, 292/1 үй, # 1

Tel/fax: +7 (272) 66-32-84

Прикрепленные файлы

837386281477976386_ru.doc 49 кб
307468171477977642_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники