Интести бактериофаг жидкий

Производитель: Биохимфарм АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие антибактериальные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-БП-5№015615
Период регистрации: 02.09.2015 - 02.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Сұйық интести бактериофагы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған сұйықтық

Құрамы

1 мл препараттың құрамында

белсенді зат:

Бактериялар фаголизаттары стерильді фильтратының қоспасы: Shigella flexneri 1, 2, 3, 4, 6 сероварлар; Shigella sonnei;

Salmonella paratyphi A; Salmonella paratyphi B; Salmonella typhimurium; Salmonella choleraesuis; Salmonella oranienburg; Salmonella enteritidis;

энтеральді аурулардың этиологиясында елеулі энтеропатогенді E. coli әртүрлі серотоптар;

Proteus;

Enterococcus;

Staphylococcus;

Pseudomonas aeruginosa;

фагының титрі 1х106 кем емес

қосымша зат: жоқ

Сипаттамасы:

Өзіне тән дәмі бар, әртүрлі қарқындылықтағы сары түсті мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы:

Жүйелі пайдалануға арналған бактерияларға қарсы препараттар.

Бактерияға қарсы басқа да препараттар

АТХ коды J 01X X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Енгізу тәсіліне қарамастан, бактериофаг препараттары қанға және лимфаға өтеді және қабыну ошағына түседі. Препараттың негізгі бөлігі несеп шығару жолдарына тазартқыш әсер ете отырып бүйрек арқылы, ал қалған бөлігі – асқазан-ішек жолы арқылы шығарылады.

Фармакодинамикасы

Бактериофаг бактериялар жасушалары жарғақшасында сіңірілетін бактериялардың спецификалық вирусы болып табылады, жасушаға енеді және оны ерітеді. Сұйық интести бактериофагы құрамына бактериялардың селективті, тек вирулентті фагтары кіреді: Shigella flexneri 1, 2, 3, 4, 6 сероварлар; Shigella sonnei; Salmonella paratyphi A; Salmonella paratyphi B; Salmonella typhimurium; Salmonella choleraesuis; Salmonella oranienburg; Salmonella enteritidis; энтеральді аурулардың этиологиясында елеулі энтеропатогенді E. coli әртүрлі серотоптар; Proteus; Enterococcus; Staphylococcus; Pseudomonas aeruginosa - бұл препараттың жоғары белсенділігі мен тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қолданылуы

Сұйық интести бактериофагы жоғарыда аталған микроорганизмдер немесе олардың үйлесуінен туындаған асқазан-ішек жолы инфекциясын емдеуге және профилактикасы үшін қолданылады. Препарат мынадай аурулар кезінде қолданылады: шигеллез, сальмонеллез, іш сүзегі, паратиф, дисбактериоз, энтероколит, инфекциялық колит, диспепсия.

Қолдану тәсілі және дозалары

Бактериофаг препаратын ұтымды қолданудың маңызды шарты қоздырғыштың фотосезімталдығын анықтау және препаратты ертерек қолдану болып табылады.

Сұйық интести бактериофагы ауыз арқылы (per os) және клизмада (per rectum) қолдануға арналған.

Препаратты аурудың алғашқы симптомдары пайда болуымен тамақтануға дейін 1 сағат бұрын, 5-10 күн бойы қабылдайды.

Барынша жоғары емдік әсеріне қол жеткізу үшін пероральді емдеу жүргізу кезінде препаратты ішекті босатқаннан кейін клизма арқылы (ректальді), күніне бір рет тағайындау ұсынылады.

Препараттың ұсынылатын дозасы:

Жасы

Per os

Per rectum (клизмамен)

6 айға дейін

5 мл х 1 рет күніне

5 мл х 1 рет күніне

6-дан 12 айға дейін

5 мл х 2 рет күніне

10 мл х 1 рет күніне

1 жастан 3 жасқа дейін

5 мл х 3 рет күніне

20 мл х 1 рет күніне

3 жастан 8 жасқа дейін

10 мл х 2-3 рет күніне

30 мл х 1 рет күніне

8 жас және одан асқан

40 мл х 2 рет күніне

  • мл х 1 рет күніне

Ішек инфекцияларының профилактикасында:

жасы

Per os

6 айға дейін

5 мл х 1 рет күніне, аптасына 3 рет

6-дан 12 айға дейін

5 мл х 1 рет күніне, аптасына 3 рет

1 жастан 3 жасқа дейін

10 мл х 1 рет күніне, аптасына 3 рет

3 жастан 8 жасқа дейін

20 мл х 1 рет күніне, аптасына 3 рет

8 жас және одан асқан

20 мл х 1 рет күніне, аптасына 3 рет

Жағымсыз әсерлері

Бактериофаг препараттары уытты емес. Сұйық интести бактериофагын қабылдаумен байланысты жағымсыз әсерлері мен реакциялары байқалмаған.

Балаларда өмірінің бірінші айларында препаратты қабылдаудың алғашқы 2 күнінде құсу, терінің бөртуі мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препараттың кез келген компонентіне аса жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Бактериофаг препараттарының басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған. Сұйық интести бактериофагы басқа дәрілік заттармен, оның ішінде бактерияларға қарсы препараттармен қолданылуы мүмкін.

Айрықша нұсқаулар

Бұлыңғырланған кезде препаратты қолдануға болмайды!

Препарат құрамында қоректік орта болуы салдарынан, препараттың бұлыңғырлануын туындататын қоршаған ортадағы бактериялардың дамуы мүмкін болғандықтан, құтыны ашқанда төмендегі ережелерді сақтау қажет:

- қолды жақсылап жуу;

- қалпақшаны құрамында спирт бар ерітіндімен өңдеу;

- тығынды ашпай, қалпақшасын алу керек;

- үстелге немесе басқа да заттарға тығынды ішкі беткейімен қоюға болмайды;

- құтыны ашық тастамау керек;

- ашылған құтыны тек тоңазытқышта сақтау керек.

Аз дозаларды пайдаланғанда (2-8 тамшы) препаратты 0,5-1 мл көлемінде стерильді еккішке тартып алу қажет.

Жоғарыда аталған ережелердің сақтау шарттары сақталғанда және бұлыңғырлануы болмағанда, ашылған құтыдағы препаратты ашқаннан кейін 24 сағат ішінде, тиісті жағдайларда сақталған кезде пайдалануға болады.

Жүктілік және лактация кезеңі

Бактериофаг препараттарын жүктілік және лактация кезеңінде қолдануға болады.

Дәрілік заттың көлік құралын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Арнайы нұсқамалар жоқ.

Артық дозалануы

Бактериофаг препараттарының артық дозалану симптомдары белгісіз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

20 мл-ден медициналық шыныдан жасалған құтыда, 4 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапта.

Сақтау шарттары

Препаратты құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 2°С - 25°С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Дәрігердің рецептісінсіз

Өндіруші

«Биохимфарм» АҚ

Мекенжайы: Готуа к-сі 3, Тбилиси 0160. Грузия,

Тел: +995 32 2 244777 / 2 244778, факс: +995 32 2 380895;

Эл-поштасы: biochimpharm@geophage.ge ; www.biochimpharm.ge

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биохимфарм» АҚ

Мекенжайы: Готуа к-сі 3, Тбилиси 0160, Грузия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР өкілдігі Алматы қ. 050012 Қазыбек би к-сі № 125 / 198 үй

телефон +7 707 723 27 72

+7 707 728 02 71

+7 727 301 81 83

электронды поштасы: mss001@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

683523591477976404_ru.doc 72.5 кб
747796071477977601_kz.doc 74 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники