Иммуностим спаг. Пекана

Производитель: ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие лекарственные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021524
Период регистрации: 21.07.2015 - 21.07.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Иммуностим спаг. Пекана

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішілетін тамшылар, 50 мл, 100 мл

Құрамы

1г (= 1.03 мл = 31 тамшы)

10 грамм препараттың құрамында:

Ailanthus altissima D3

1.20 г

Argentum nitricum D6

1.20 г

Cinchona pubescens (China) spag. Peka D8

1.20 г

Lachesis muta D12

1.20 г

Vincetoxicum hirundinaria D6

1.20 г

Echinacea spag. Peka D12

1.40 г

Marrubium vulgare D6

1.60 г

Nasturtium officinale D6

1.00 г

қосымша заттар: тазартылған су, этанол 22 % к.

Сипаттамасы

Иіссіз, этанол дәмі бар түссіз мөлдір сұйықтық.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да емдік өнімдер. Басқа да дәрілік препараттар.

АТХ коды V03АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препарат біріктірілген болып саналады, сондықтан кинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Препарат уытсыздандыру, қабынуға қарсы әсер етеді, иммунитет жүйесін көтермелейді. Спецификалық емес қорғаныш факторларын белсендіреді, гомеопатиялық сұйылтылған препараттың организмге бірлескен әсері есебінен организм функциясын қалпына келтіреді және қалыпқа түсіреді.

Рецептураның жекелеген компоненттерінің қысқаша сипаттамасы.

Ailanthus altissima (Ailanthus glandulosa) қызба және әлсіздікпен қатар жүретін жәншау типті ұзаққа созылатын сипаттағы жұқпалар кезінде тиімді. Осындай әсерді бактерицидті қасиеттерді иеленген (D7 дейін) Argentum nitricum де береді.

Cinchona succirubra (China) бас ауыруымен, кейде қабынған шырышты қабықтың қан ағуымен қатар жүретін бронхит, көкжөтел, гастрит, холецистит, ревматизмдік полиартрит салдарынан болатын қызба жағдайында, әлсіздік және астения кезінде тиімді.

Echinacea иммунитет төмендеген жағдайда лейкоциттерге көтермелейтін әсер етеді, сондай-ақ тоқ ішектің, бүйректің қызметін белсендіріп, сонысымен уытсыздануға ықпал етеді.

Lachesis muta тыныс алу жолдарының респираторлық ауруларында, риниттерде қолданылады. Акне, белдемелік теміреткі кезінде тиімді.

Marrubium vulgare (Marrubium album) - лимфа жүйесіне әсер ететін дәрілік өсімдік. Тыныс алу ағзалары аурулары, бауыр функциясының бұзылуы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы кезінде тағайындалады.

Nasturtium officinale (Nasturtium aquaticum)өсімдік құрамында бензил-гликозид болады, антисептикалық әсері бар, сондай-ақ несеп шығару жүйесі мүшелеріне жазатын әсер береді.

Vincetoxicum officinale – суық тиюден полиомиелитке дейінгі әртүрлі жұқпаларды емдеуге арналған өсімдіктен алынатын ерекше дәрі. Сондай-ақ уытсызандыратын әсері бар.

Қолданылуы

- шығу тегі әртүрлі вирустық немесе бактериялық жұқпалар жағдайында иммунды жүйені белсендіруде

Иммуностим спаг. Пекана балаларға 1 жастан бастап пайдаланылуы мүмкін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер және 12 жастан асқан жасөспірімдер: күніне 3 рет 20 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

2 – 12 жастағы балалар: күніне 3 рет 10 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, пероральді.

1 - 2 жастағы нәрестелер: күніне 3 рет 5 тамшыдан, суда сұйылтылған, тамақтануға дейін, ішу арқылы.

Алдыңғы дозасын өткізіп алсаңыз, екі еселенген дозаны пайдаланбаңыз.

Жедел жағдайларда 10 тамшыдан күні бойы 6 - 8 рет, суда сұйылтып, тамақтануға дейін, ішу арқылы қабылдау керек.

Әдеттегі емдеу ұзақтығы 7 – 10 күн.

Ауру симптомдары жоғалғаннан кейін асқынудың алдын алу үшін препаратты тәулігіне 2 рет қабылдауды тағы 3 – 7 күн бойы жалғастыру ұсынылады.

Күз-қыс кезеңінде алдын алу мақсатында бір реттік дозаны күніне 1 рет (таңертең немесе кешке) қабылдау ұсынылады.

Жағдайыңыз нашарлап кетсе немесе 7 күн ішінде жақсара бастамаса, дәрігерге көріну керек.

Жағымсыз әсерлері

Осы кезге дейін Иммуностим спаг. Пекана қолданғанда ешқандай жағымсыз әсерлері анықталмаған.

Аллергиялық реакциялардың алғашқы белгілері болғанда Иммуностим спаг. Пекананы қолдануды тоқтату қажет.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- белсенді ингредиенттердің біріне немесе қосымша заттардың біріне жоғары сезімталдық

- 1 жасқа дейінгі балаларға

- Иммуностим спаг. Пекана препаратының бір реттік дозасы (5 – 20 тамшы) құрамында 29 – 115 мг этанол бар, сондықтан препарат маскүнемдікпен зардап шегетіндер үшін зиянды. Бауыр, эпилепсия аурулары бар науқастарға сақтықпен тағайындау керек.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Басқа дәрілік препараттармен өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулар

Ерітіндінің бұлыңғырлануы препарат тиімділігіне әсер етпейді.

Гомеопатиялық препаратты бастапқы қабылдау кезінде аурудың бұрын болған симптомдары қысқа уақыт аралығы ішінде (бастапқы реакция) күшеюі мүмкін. Онда препарат қабылдауды тоқтату керек. Бастапқы реакция қарқындылығы азайған жағдайда, препарат қабылдауды қайта бастауға болады. Ауру симптомдары қайталап күшейгенде препарат қабылдауды тоқтату қажет.

Гомеопатиялық дәрімен ұзақ емдеудің кез келгенін гомеопатияда тәжірибесі бар дәрігер бақылауы тиіс, өйткені бақылаусыз пайдалану жағымсыз дәрі-дәрмектік симптомдарға (жаңа белгілер) әкелуі мүмкін.

Жүктілік немесе лактация кезеңінде

Иммуностим спаг. Пекана гомеопатиялық дәрілік препаратын жүктілік немесе бала емізу кезінде қолданардың алдында емдеуші дәрігермен кеңесу қажет.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етуі анықталмаған.

Алкоголь құрамы 22 % к. болатынын ескеру қажет.

Артық дозалануы

Препараттың артық дозалану жағдайлары сипатталмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл немесе 100 мл препараттан түссіз тамшылатқышы мен алғашқы ашылуы бақыланатын полипропиленнен жасалған бұрандалы қақпағы бар III типті гидролитикалық коңыр шыны құтыға салынған.

Құты медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25ºС-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Құтыны алғаш ашқаннан кейін – 12 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші ұйым

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ

Райффейсенштрассе 15, D-88353 Кисслегг, Германия

Тел. 0049-7563/91160, факс 0049-7563/2862, e-mail: info@pekana.com

Тіркеу куәлігінің иесі

ПЕКАНА Натурхейльмиттель ГмбХ , Германия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттардың сапасына қатысты шағымдарды (ұсыныстарды) қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Фирма «Санжар» ЖШС

Алматы қ. 050057, Айманов к-сі 206, о. 33 - 34, тел: 248-33-02

e-mail: info@sanzharpharma.kz

 

Прикрепленные файлы

303830691477976414_ru.doc 56 кб
691011831477977614_kz.doc 63.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники