Доктор Мом® (100 мл)

Производитель: Юник Фармасьютикал Лабораториз (отделение фирмы "Дж.Б.Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.")
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Комбинированные препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016477
Период регистрации: 27.11.2015 - 27.11.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Доктор МОМ ®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

мыналардан алынған құрғақ сығындылар:

Қасиетті насыбайгүл жапырақтары, ұрығы мен тамырлары …......... 1000 мг

Жалаң мия тамырлары ....................................................................... 600 мг

Ұзын куркума тарам тамырлары ........................................................ 500 мг

Дәрілік зімбір тарам тамырлары ........................................................ 100 мг

Адатода васика жапырақтары................................................................. 600 мг

Үнді алқагүлінің тамырлары, жемістері, ұрықтары ………................ 200 мг

Шоғыргүлді андыз тамырлары .......................................................... 200 мг

Кубеба бұрышы жемістері .................................................................100 мг

Терминалия белерика жемістері ......................................................... 200 мг

Барбадос алоэсінің кептірілген ұлпасынан алынған шырын ............. 500 мг

левоментол .................. ....................................................................... 60 мг

қосымша заттар: сахароза, глицерол, лимон қышқылы моногидраты, натрий бензоаты, натрий метилпарагидроксибензоаты, натрий пропилпарагидроксибензоаты, сорбин қышқылы, ананас дәмі бар зат, тазартылған су.

Сипаттамасы

Ананас иісі бар, ақшыл-қоңырдан күңгірт-қоңыр түске дейінгі шәрбат.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел симптомдарын қайтаруға арналған препараттар.

Қақырық түсіретін препараттар біріктірілімі.

АТХ коды R05СА10

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

ДОКТОР МОМ шәрбатының әсері оның компоненттерінің жиынтық әсері болып табылады, сондықтан фармакокинетикалық зерттеулер жүргізу мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

Өсімдік текті біріктірілген препарат; бронхолитикалық, муколитикалық, қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар.

Қасиетті насыбайгүлдің өз құрамына кіретін эфир майлары мен флавоноидтар есебінен қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, ауыруды басатын, ісінуге қарсы және антисептикалық әсері бар.

Жалаң мия тамырларының құрамында глицирризин, глицирризин қышқылы мен оның тұздары, флавон гликозидтері, изофлавоноидтар, стероидтар, эфир майлары бар, ол қабынуға қарсы, ауыруды басатын, қақырық түсіретін, тыныштандыратын және салқындататын әсер береді.

Ұзын куркума қабынуға қарсы және бактерияларға қарсы әсерімен сипатталады. Дәрілік зімбір – қабынуға қарсы әсерге ие. Кубеба бұрышының қабынуға қарсы әсері бар және қақырық түсіретін әсерге ие. Адатода васика – муколитикалық, қақырық түсіретін және спазмолитикалық әсерге ие.

Үнді алқагүлінің ыстықты түсіретін және қақырық түсіретін әсері бар, құрғақ жөтел кезінде жай-күйді жеңілдетуге ықпал етеді.

Шоғыргүлді андыз бактерицидті, спазмолитикалық және қақырық түсіретін әсер береді, бұл сапониндер мен эфир майының болуымен байланысты. Тер бөлінуін күшейтеді, ыстықты түсіретін қасиеті бар.

Терминалия белерика ісінуге қарсы және қақырық түсіретін әсерге ие.

Барбадос алоэсі қабынуға қарсы регенерациялайтын әсері бар. Алоэ құрамындағы полисахаридтер микроэлементтермен үйлесе отырып, иммунитет түрлендіруші қасиеттерді иеленеді.

Левоментол спазмолитикалық әсер етеді, бронх бездері секрециясын жеңіл көтермелейді, антисептикалық қасиетке ие, тыныштандыратын әсер береді және тыныс алу жолдары шырышты қабығының тітіркенуін азайтады.

Қолданылуы

  • құрғақ жөтел немесе қақырық түсуі қиын жөтелмен қатар жүретін тыныс алу жолдарының жедел және созылмалы ауруларын симптоматикалық емдеуде: фарингит, ларингит, оның ішінде «лекторлық», трахеит, бронхит

Қолдану тәсілі және дозалары

Ішке.

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға тәулігіне 3 рет 1/2 шай қасықтан (2,5 мл), 6-дан 14 жасқа дейін – тәулігіне 3 рет 1/2-1 шай қасықтан (2,5 мл - 5,0 мл).

Ересектер мен 14 жастан үлкен балаларға тәулігіне 3 рет 1-2 шай қасықтан (5,0-10,0 мл).

Емдеу курсы 2-3 аптаны құрайды.

Емдеудің ұзақтығын арттыру мен қайталау курстарын дәрігердің ұсынысы бойынша жүргізеді.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 3 жасқа дейінгі балалар

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сұйылтылған қақырықтың шығуын бұзу ықтималдығына байланысты жөтелге қарсы препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды.

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында қант бар, қант диабетімен ауыратын, сондай-ақ гипокалориялық емдәмде жүрген науқастар осыны ескерулері қажет.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүкті және бала емізетін әйелдерге қолдану тәжирбесінің болмауына байланысты, бұл топтағыларға препаратты тағайындау ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын және қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат автокөлікті басқару немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Ұсынылған дозада қолданған кезде препараттың артық дозалану жағдайы байқалмаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл немесе 150 мл препараттан алғашқы ашылуы бақыланатын алюминий немесе пластмасса қақпақпен тығындалған полиэтилентерефталаттан жасалған құтыда. 1 құтыдан полипропиленнен жасалған сыйымдылығы 15 мл өлшеуіш стақанмен жиынтықта немесе өлшеуіш жабдықсыз медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 25С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юник Фармасьютикал Лабораториз («Дж. Б. Кемикалс энд Фармасьютикалс Лтд.» фирмасының бөлімшесі)

Нилам Сентер, «Б» қанаты, 4 қабат, Хинд Сайкл Роуд, Ворли,

Мумбай – 400 030, Үндістан

Тіркеу куәлігінің ұстаушысы

«Джонсон  Джонсон» ЖШҚ, Ресей

121614, Ресей, Мәскеу, Крылатская к-сі, 17, 2 құрылым

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Қазақстан Республикасындағы «Джонсон& Джонсон» ЖШҚ филиалы

050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Тимирязев к-сі, 42, 23-А павильоны

тел./факс: +7 (727) 356-88-11, +7 (727) 356-88-19

электронды поштасы: safetyru@its.jnj.com

 

Прикрепленные файлы

900504771477976318_ru.doc 52 кб
100382811477977567_kz.doc 48 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники