Витрум® Юниор

Производитель: Юнифарм, Инк
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Поливитамины с другими минеральными веществами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№015019

Инструкция

Саудалық атауы

Витрум® Юниор

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шайнайтын таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар:

А витамині (ретинол ацетаты)

5000

ХБ1

D3 витамині (холекальциферол)

400

ХБ2

Е витамині (альфа токоферол ацетаты)

30

ХБ3

С витамині (аскорбин қышқылы)

300

мг

В1 витамині (тиамин мононитраты)

1.5

мг

В2 витамині (рибофлавин)

1.7

мг

В6 витамині (пиридоксин гидрохлориді)

2.0

мг

Никотинамид

20.0

мг

В12 витамині (цианокобаламин)

6.0

мкг

К1 витамині (фитоменадион)

10.0

мкг

Биотин

45.0

мкг

Фолий қышқылы

400.0

мкг

Кальций пантотенаты

10.0

мг

Кальций (кальций карбонаты)

160.0

мг

Магний (магний тотығы)

40.0

мг

Темір (темір фумараты)

18.0

мг

Мыс (мыс тотығы)

2.0

мг

Мырыш (мырыш тотығы)

15 .0

мг

Марганец (марганец сульфаты)

1.0

мг

Хром (хром хлориді)

20.0

мкг

Молибден (натрий молибдаты)

20.0

мкг

Фосфор (кальций гидрофосфаты)

50.0

мг

Йод (калий йодиді)

 

150.0

мкг

1 – 5000 ХБ А витамині 1.72 мг ретинолға баламалы

2 – 400 ХБ D3 витамині 10 мкг холекальциферолға баламалы

3 – 30 ХБ Е витамині 30 мг альфа токоферол ацетатына баламалы

қосымша заттар: сорбитол, сахароза, стеарин қышқылы, кремнийдің қостотығы, магний стеараты, микрокристалды целлюлоза, лимон қышқылы, аспартам, апельсин хош иістендіргіші, ананас хош иістендіргіші.

Сипаттамасы

Дөңгелек, жалпақ, жиегі кертілген, бір жағында бөлу сызығымен ақшыл және күңгірт теңбілдері бар, жемістің жеңіл иісімен, ашық сұрдан күңгірт сұр түске дейінгі таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Басқа да минералды заттары бар поливитаминдер.

АТХ коды А11АА03

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың фармакологиялық әсері оның құрамына кіретін ингредиенттердің қасиеттерімен анықталады.

Теңестірілген витаминдер мен минералдардың кешені балалар мен жасөспірімдердің иммунитетін жоғарылатуға, дені сау болып өсуі мен ақыл-ойының дамуына ықпал етеді. Арнайы таңдалған дозалары баланың витаминдер, макро- және микроэлементтерге деген күнделікті қажеттілігіне сай.

Фармакокинетикасы

Сіңірілуі, метаболизмі, таралуы және шығарылуы Витрум® Юниор препаратының құрамына кіретін жеке компоненттердің қасиеттеріне сәйкес келеді. Маркерлердің немесе биозерттеулердің көмегімен компоненттерінің барлығын бірге тексеру мүмкін емес, сондықтан кинетикалық бақылау жүргізу мүмкіндігі жоқ, осы себепті препараттың метаболиттерін анықтау мүмкін емес.

Фармакодинамикасы

А витамині ақуыздар, липидтер, полисахаридтер синтезіне қатысады; терінің, шырышты қабықтың, сондай-ақ көру мүшелерінің қалыпты функциясын қамтамасыз етеді.

D3 витамині кальций мен фосфор теңгерімін демеуде маңызды рөл атқарады. D3 витаминінің тапшылығы балаларда рахит дамуына әкеледі.

Е витамині табиғи антиоксидант болып табылады. Жоғары қан ұйығыштықты қайтарады және шеткері қан айналымына жағымды әсер етеді. Ақуыздар (коллаген, жиырылғыш ақуыздар), гемоглобин,

Q коэнзиміне, гонадотропты гормондар биосинтезіне, тіннің тыныс алуына, тіндік метаболизмнің басқа да маңызды үдерістеріне қатысады, эритроциттер гемолизінің алдын алады, жоғары өткізгіштік пен қылтамырлар жарылуына кедергі болады.

С витамині тотығу-қабыну үдерістерін реттеуде маңызды рөл атқарады, коллаген синтезін қамтамасыз етеді, фолий қышқылы метаболизміне, липидтер мен ақуыздар синтезіне, қан ұю және регенерациясына қатысады, стероидты гормондардың түзілуін көтермелейді, қылтамырлар өткізгіштігін қалпына келтіреді, инфекцияға организмнің төзімділігін арттырады, қабыну реакцияларын азайтады; оның жинақталуына ықпал ете отырып, асқазан-ішек жолынан темірдің сіңуін жақсартады.

В тобының витаминдері организмде зат алмасудың әрқилы түрлерін реттейтін ферменттердің түзілуіне қатысады.

В1 витамині кофермент ретінде көмірсудың алмасуына, жүйке жүйесінің жұмыс істеуіне қатысады.

В2 витамині жасушаның тыныс алу және көру катализаторы болып табылады; ДНҚ қалыптасуында маңызды рөл атқарады, тіндердің (оның ішінде тері жасушаларының) регенерациясы үдерістеріне ықпал етеді.

В6 витамині кофермент ретінде амин қышқылдары мен ақуыздар метаболизміне, нейромедиаторлар синтезіне қатысады.

В12 витамині фолий қышқылымен бірге нуклеотидтер синтезіне қатысады, жүйке қабығы эритроциттері мен жасушаларының қалыптасуына қатысады, организмнің өсуіне қажетті паренхиматозды мүшелер жасушаларының майлы қайта өсуіне кедергі болады.

Никотинамид тіндік тыныс алу үдерісіне, көмірсу мен липидтер метаболизміне қатысады. Қан тамырларын холестериннің жағымсыз әсер етуінен қорғайды.

К1 витамині қан ұю жүйесінің компоненті болып табылады, қан ұю үдерісін қалыпқа келтіруге ықпал етеді.

Биотин көмірсулар және майлы қышқылдар метаболизмінде маңызды рөл атқарады. Фермент кешендері қалыптасуына қатысады, карбоксилаза коферменті болып табылады.

Фолий қышқылы қан жасушаларының қалыпты түзілуі үшін қажет, эритропоэзді көтермелейді, амин қышқылдары синтезіне қатысады.

Кальций пантотенаты майлы қышқылдар метаболизміне қатысады, липидті алмасуды қалыпқа түсіреді және организмде тотығу-тотықсыздану үдерісін белсендіреді, эпителий мен эндотелийдің құрылуына және регенерациясына ықпал етеді.

Кальций сүйек тіні мен тістің қалыптасуына, қан ұюына, жүйке импульстерінің берілуіне, қаңқа және тегіс бұлшықеттердің жиырылуына қатысады, тұрақты жүрек қызметін демеу үшін қажет. Ол сондай-ақ темірдің сіңірілуіне ықпал етеді.

Магний ақуыздар, майлар және көмірсулар метаболизмі үшін өмірлік маңызды мәні бар және энергияға айналу үдерісіне қатысады. Нейрондар қозғыштығын және бұлшықетке жүйке импульстерінің берілуін төмендетеді, кофактор ретінде көптеген ферменттік реакцияларға қатысады.

Темір гемоглобин молекуласының бөлігі болып табылады, организмде оттегінің тасымалдануына қатысады, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады, эритропоэзді көтермелейді.

Мыс темір, ақуыз синтезі, тіндік тыныс алу, қан түзілуі, иммунды реакциялар метаболизміне қатысады. Метаболизмдік реакцияларға қатысатын ферменттер құрамына кіреді.

Мырыш қаңқаның дұрыс қалыптасуы және инсулинді қоса алғанда, кейбір гормондар құрамына кіретін тіндердің регенерациясы үшін қажет, нуклеин қышқылдары, ақуыздар, майлар, көмірсулар, майлы қышқылдар метаболизміне қатысады.

Марганец сүйек тіндерінің, бұлшықет рефлексінің дамуына әсер етеді, жадыны жақсартады, жүйке қозғыштығын төмендетеді, кофактор ретінде көптеген ферменттік реакцияларға қатысады.

Хром инсулин кофакторы болып табылады. Инсулинді кешенмен қосылуын жеңілдете отырып, құрамында никотин қышқылы, глицин, глютамин қышқылы және цистеин бар инсулинді рецепторларымен кешен түзеді. Майлы қышқылдардың түзілуіне және көмірсулардың ассимилияциясына қатысатын ферменттерді белсендіреді.

Молибден тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады, ферментті кофактор ретінде әсер етуі мүмкін. Анемияның дамуына кедергі келтіреді.

Фосфор метаболизмдік үдерістерде, энергетикалық алмасуларда, сүйек тіні қалыптасуына, өсу үдерістерінде маңызды рөл атқарады. Ол ми қызметіне, қаңқа және жүрек бұлшықеті қызметіне, гормондар және ферменттер қатарының түзілуіне қатысады.

Йод қалқанша без функциясына әсері етеді, қанда холестерин мен бета-липопротеидтердің концентрациясын төмендетеді.

Қолданылуы

  • қарқынды өсу, дене және ақыл-ойға жүктемелердің артуы кезеңінде балалардағы гиповитаминоздың және макро- мен микроэлементтер жеткіліксіздігінің профилактикасында және емінде

  • ауруды өткергеннен кейін сауығу кезеңінде

  • теңестірілмеген немесе толыққанды тамақтанбауда, тәбеттің төмендеуінде

Қолдану тәсілі және дозалары

Тамақтанғаннан кейін, таблетканы шайнап, ішке қабылдау керек.

7 жастан асқан балаларға – күніне 1 таблеткадан.

Емдеу курсы 1 ай. Қайталау курсы дәрігердің кеңесімен.

Жағымсыз әсерлері

  • аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

  • А және D гипервитаминозы

  • тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы

  • фенилкетонурия

  • 7 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Құрамында ұқсас витаминдер, минералдар және темір бар препараттармен бір мезгілде қабылдағанда артық дозаланудың туындау қаупі күшейеді.

Витрум® Юниор препаратының құрамында темір және кальций бар, сондықтан тетрациклиндер тобындағы антибиотиктерді және микробқа қарсы дәрілер – фторхинолон туындыларын бір мезгілде қолданғанда соңғылардың АІЖ-дан сіңірілуі баяулайды.

Витрум® Юниор препаратының құрамына кіретін С витамині фармакологиялық әсерін және сульфаниламидтер тобына жататын микробқа қарсы дәрілердің жағымсыз әсерлерін күшейтеді.

Құрамында алюминий, кальций, магний, сондай-ақ колестирамин бар антацидты препараттармен бір мезгілде қолданғанда Витрум® Юниор препаратының құрамына кіретін темірдің сіңірілуі төмендейді.

Витрум® Юниор препаратын және тиазидті диуретиктерді бір мезгілде қолданғанда асқын кальциемияның даму қаупі жоғарылайды.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты көрсетілген дозадан арттырмау керек.

Артық дозалануын болдырмас үшін басқа ұқсас поливитаминді-минералды кешендермен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Несептің қарқында сары түске боялуы мүмкін, нәжістің күңгірт түске боялуы қауіпті емес, бұл препараттың құрамында, сәйкесінше рибофлавин мен темірдің болуына байланысты.

Артық дозалануы

Ұсынылған дозалары мен емдеу ұзақтығы сақталғанда артық дозалану құбылысы сипатталмаған.

Кездейсоқ артық дозаланған жағдайда дереу дәрігерге көрініңіз.

Симптомдары: жүрек айну, әлсіздік, көрудің бұзылуы, асқазан-ішек бұзылыстары.

Емі: асқазанды шаю, ішке белсендірілген көмір қабылдау, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

30 немесе 60 шайнайтын таблеткадан полиэтиленнен жасалған құтыда, сол материалдан жасалған бұрандалы қақпағы мен фольгадан жасалған қорғаныш клапаны бар.

Құтыға заттаңба жапсырылады және полиэтилен үлбірмен тартып орайды.

1 құтыдан қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге түрлі түсті қосымша бетпен жабдықталған картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10–30 °С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Юнифарм, Инк., АҚШ

Тіркеу куәлігінің иесі

Юнифарм, Инк., АҚШ

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйым

«ЮНИФАРМ, ИНК.» (АҚШ) Қазақстан Республикасындағы өкілдігі Алматы қ., Наурызбай батыр к-сі 17, 106 кеңсе

тел.: +7 (727) 244-50-04, факс: +7 (727) 244-50-06

info@unipharm.kz

Прикрепленные файлы

888208721477976220_ru.doc 76.5 кб
474244601477977485_kz.doc 91 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники