Вибуркол Н

Производитель: Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014772
Период регистрации: 19.11.2015 - 19.11.2020

Инструкция

Саудалық атауы

ВИБУРКОЛ Н

Халықаралық паттентелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Суппозиторий

Құрамы

Бір суппозиторийдің құрамында

белсенді заттар: Atropa bella-donna D2 1,1 мг, Calcium carbonicum Hahnemanni D8 4,4 мг, Chamomilla recutita D1 1,1 мг, Plantago major D3 1,1 мг, Pulsatilla pratensis D2 2,2 мг,

қосымша зат - қатты май.

Сипаттамасы

Пішіні торпеда тәрізді, беті тегіс, өзіне тән әлсіз ащы иісі бар, ақтан ақ-сары түске дейінгі (піл сүйегі түстес) суппозиторийлер. Сақтау барысында бетінде ақ майлы қатпар пайда болуы мүмкін.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын жоюға арналған басқа да біріктірілген препараттар.

АТХ коды R05X

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Гомеопатиялық препараттардың фармакокинетикалық қасиеттерін зерттеу мүмкіндігі жоқ.

Фармакодинамикасы

Вибуркол – жасы кіші балаларға арналған өсімдік текті кешенді гомеопатиялық дәрі. Препараттың қабынуға қарсы, тыныштандыратын, ауыруды басатын және спазмолитикалық әсері бар, организмнің өзін-өзін қорғайтын және реттейтін механизмдерін жылдам және ұзақ уақыт бойы белсендіреді. Қабынудың ауырумен, жалпы қозумен және жоғары температурамен айқын жүруінде Вибуркол жағдайды жеңілдетуге және барлық симптомдар айқындылығын төмендетуге көмектеседі. Қабыну симптомдарын бөгемейді, оның ағымын биологиялық шекке қайтарады. Вибуркол иммундық жүйенің нормалы жұмысының қалпына келуіне ықпал етеді, оның ішінде жедел қабынудың созылмалыға айналуына кедергі етеді.

Қолданылуы

- мазасыздық, ұйқысыздық, жылауықтық оның ішінде тіс жарған кезде симптоматикалық емдеуге арналған

- балалардың диспепсиялық бұзылыстарын, әсіресе метеоризм кезінде симптоматикалық емдеуге арналған

Қолдану тәсілі және дозалары

Балалар үшін бір реттік дозасы – ректальді 1 суппозиторийден.

Балаларға өмірінің алғашқы күнінен бастап және Вибурколдың ең жоғары дозасы – күніне 1 свечадан. 6 жасқа дейінгі балаларға 1-2 свечадан, 6-дан 12 жасқа дейінгі балаларға - 1-3 свечадан, 12 жастан асқан балаларға 1-4 свечадан. Емдеу ұзақтығын дәрігер анықтайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Егер ауру симптомдары сақталса, не керісінше денсаулық жағдайы нашарлап кетсе, дәрігерге қаралу керек.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

6 суппозиторийден поливинилхлоридті /полиэтиленді/ үлбірден жасалған пішінді қаптамада. 2 пішінді қаптамадан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

25 °C-ден аспайтын температурада сыртқы картон қаптамасында сақтау керек.

Суппозиторийді жылытуға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ», Германия 

Д-р Рекевег-Штрассе 2-4, 76532 Баден-Баден

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Биологише Хайльмиттель Хеель ГмбХ», Германия 

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«АЕМ Services» ЖШС

050060, ҚР, Алматы, Әл-Фараби д-лы, 101, 62 пәтер

aemservices@mail.ru

+7 707 798 83 83  

Прикрепленные файлы

760349701477976328_ru.doc 42 кб
901329341477977583_kz.doc 47.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники