Вел Дроп

Производитель: Алембик Фармасьютикалс Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты для лечения заболеваний глаз
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№021520
Период регистрации: 22.07.2015 - 22.07.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Вел Дроп

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Көз тамшысы

Құрамы

1 мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат кармеллозаның натрий тұзы** (натрий карбоксиметилцеллюлозасы (Цекол 2000) 5,000 мг,

қосымша заттар: оксихлоридтің тұрақты кешені***, натрий хлориді, кальций хлориді дигидраты, калий хлориді, магний хлориді гексагидраты, бор қышқылы, хлорсутек қышқылы 10 %, натрий гидроксиді 10 %, инъекцияға арналған су

Сипаттамасы

Мөлдір түссіз, сәл тұтқыр ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар.

АТХ коды S01ХА

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Адамдарда фармакокинетикасына зерттеу жүргізілмеген. Жануарларға жүргізілген зерттеулерде канцерогенділігі, мутагендігі, фертильділікке әсері немесе тератогенді әсерлері туралы деректер алынбаған.

Фармакодинамикасы

Вел Дроп жергілікті офтальмологиялық препарат. Дәрінің компоненттері фармакологиялық әсер етпейді, препараттың әсері заттардың физикалық қасиеттеріне негізделген.

Натрий карбоксиметилцеллюлозасы ылғалдандыратын әсер етеді және көз жасы үлбірінің тұрақтануына ықпал етеді, құрғақ және тітіркенген көзді майлау ретінде пайдаланылады. Көздің құрғауының негізгі себептері желден, күннен, ыстықтан/кондиционерден, компьютермен жұмыс істеуден/оқудан және кейбір дәрі-дәрмектен болуы мүмкін. Натрий карбоксиметилцеллюлозасы көз тамшысы көздің ылғалдылығын сақтайды, зақымдану мен жұқпадан қорғайды және көз құрғауының күйдіру, қышыну және көзде бөгде денені сезіну симптомдарын азайтады. Натрий карбоксиметилцеллюлоза жоғары молекулалық салмағына байланысты мөлдір қабыққа аз енеді.

Қолданылуы

- құрғауы салдарынан көздің күйдіру мен тітікенуін уақытша жеңілдету үшін, сондай-ақ кейінгі тітіркенуінен қорғайтын дәрі ретінде

- көздің аздап тітіркенуінен, оған желдің және күннің әсер етуінен немесе компьютерде ұзақ жұмыс істегенде туындайтын жайсыздықты уақытша жеңілдету үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары

1 немесе 2 тамшыдан зақымданған көзге (екі көзге) қажеттілігіне қарай тамызу керек. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Басқа жергілікті офтальмологиялық препараттармен бірге қолданғанда препараттарды қолдану арасында 10-15 минутқа жуық аралық сақталуы қажет.

Көзге немесе кез келген басқа беткейге құтының ішіндегісі ластануын болдырмас үшін тамшуырдың ұшын тигізбеген дұрыс.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті

Жиі:

  • айқын көрмеу

  • көздегі жайсыздық

  • астенопия

  • көзде бөгде денені сезіну

  • көздің қышынуы

  • көз гиперемиясы

Жиі:

  • көздің тітіркенуі

Келесі жағымсыз әсерлерінің пайда болу жиілігін деректердің жеткіліксіз болуына байланысты анықтау мүмкін емес:

Жергілікті: қабақ эритемасы, көздің ісінуі, көздің ауыруы, көзден бөліністер, қабақ жиегінде қабыршықтар түзілуі, көзден жас ағуының ұлғаюы.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық

- 18 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Вел Дроп көз тамшысы препараттының дәрілік өзара әрекеттесуіне арнайы бағалау жүргізілмеген. Препарат құрамын назарға ала отырып, дәрілермен өзара әрекеттесуінің пайда болу ықтималдығы аз.

Бірнеше жергілікті офтальмологиялық препараттарды қолданған кезде, препараттар кем дегенде 5 минут аралықпен қолданылуы тиіс.

Айрықша нұсқаулар

Офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған. Инъекцияға немесе ішке қабылдауға арналмаған.

Препаратты пайдалану кезінде бас ауыруы, көздің ауыруы, көрудің бұзылуы, көздің тітіркенуі, тұрақты қызару немесе аталған жай-күйдің нашарлауы пайда болғанда, сондай-ақ олар 3 күннен астам тұрақты байқалғанда препарат пайдалануды тоқтатып, дәрігерге көріну керек.

Препаратты балалар мен жасөспірімдерде, сондай-ақ бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі бар емделушілерде пайдаланғанда дозаны реттеудің қажеті жоқ.

Жүктілік және лактация кезеңі

Препарат компоненттері Декстран 70 және гипромеллоза көз беткейінің қорғаныш қасиеттеріне әсер етпейді және фармакологиялық белсенділігі жоқ. Бұл компоненттер іс жүзінде жүйелік қан ағысына енбейді. Вел Дроп көз тамшысы препараты жүктілік/лактация кезеңінде, егер емдеу тиімділігі ұрыққа/емшектегі балаға төнетін қауіптен асып түсетін болса, қолданылуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Басқа да көз тамшылары жағдайындағыдай, тамызғаннан кейін көрудің уақытша айқын болмауы немесе шолып көру бұзылыстары болуы мүмкін, бұл автомобиль немесе басқа да қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайда көздің көруі толық қалпына келгенше біраз уақыт күте тұрған жөн.

Артық дозалануы

Артық дозалану жағдайлары туралы хабарлар болмаған.

Жергілікті қолданғанда артық дозалану ықтималдығы аз.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Көз тамшысы 10 мл-ден пластик ампулада. 1 ампуладан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Алембик Фармасьютикелс Лимитед, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Алембик Фармасьютикелс Лимитед, Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі 137, 39 пәтер

тел/факс +7(727) 292-72-75

Прикрепленные файлы

099122381477976404_ru.doc 48 кб
556467951477977606_kz.doc 54 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники