Биопассит

Производитель: Мултани Фармасьютикалс Лтд
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие препараты для лечения заболеваний нервной системы
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121683
Период регистрации: 14.10.2015 - 14.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Биопассит

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Шәрбат, 100 мл

Құрамы

100 мл шәрбаттың құрамында

белсенді заттар:

Жүрек жапырақты тиноспора сығындысы (Tinospora cordifolia) 7.75 г

Ұйықтататын витания сығындысы (Withania somnifera) 7.75 г

Терминалия арджуна сығындысы (Terminalia arjuna) 7.75 г

Шашақты Древогубец сығындысы (Celastrus paniculatus) 7.75 г

Үнділік нард сығындысы (Nardostachis jatamansi) 7.75 г

Азиялық центелла сығындысы (Centella asiatica) 7.75 г

Жалаң мия сығындысы (Glycyrrhiza glabra) 4.00 г

Адатода васика сығындысы (Adhadota vasica) 4.00 г,

қосымша заттар:

этанол, сахароза, метилпарагидроксибензоат, пропилпарагидроксибензоат, натрий бензоаты, карамель бояғышы (Е150а), лимон қышқылы моногидраты,

тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі және тәтті дәмі бар қоңыр түсті шәрбат тәрізді сұйықтық, шөгінді болуына жол беріледі

Фармакотерапиялық тобы

Жүйке жүйесі ауруларын емдеуге арналған басқа да препараттар

АТХ коды N07Х

Фармакологиялық қасиеттері

Биопассит – аюрведалық препарат, тітіркену, үрей, шаршау, қорқу, ұйқысыздық және бас ауыруымен қатар жүретін неврастения кезінде тиімді әсер ететін дәрілік өсімдіктердің теңгерімді үйлесімін білдіреді. Препараттың әсері оның құрамына кіретін сығындылардың жиынтық әсеріне негізделген:

Жүрек жапырақты тиноспораның (Tinospora cordifolia, Guduchi) обладает адаптогенді, радиопротекторлық әсері бар, ми жасушаларын гипоксиядан қорғайды. Тиноспора глюкозаға төзімділікті жақсартады, қанда жоғары қант деңгейін төмендетеді және оның әсері инсулиннің әсеріне ұқсас. Сондай-ақ антиоксидантты әсерін байқатады және липидтер деңгейін төмендетеді.

Терминалия арджуна қабығының (Terminalia arjuna, Arjuna) құрамында 15% глюкотанин қышқылын қоса, таниндер, айқын антиоксидантты әсері бар биофлавоноидтер, гликозидтер мен сілтілі хлоридтер іздері бар, қабықтың құрамында көп мөлшерде кальций тұздары, аздап магний мен алюминий тұздары, тамырлар қабырғаларын нығайтатын 12% пирокатехиндер, органикалық қышқылдар, өсімдіктің диурездік қасиеттеріне жауап беретін сапонин тритерпид және фитостеролдар болады. Терминалия арджунаның қабығы тұтқыр зат болып табылады, жүректің жұмысын көтермелейді және сергітетін әсері бар. Әсер ету механизмі өсімдік құрамындағы гликозидтермен және флавоноидтармен байланысты болуы мүмкін.

Шашақты Древогубец (Celastrus paniculatus. Jyotismati) үнді халық медицинасында есте сақтау қабілеті, ұйқы бұзылғанда, эпилепсия кезінде кең қолданады. Осы өсімдіктің антиоксидантты қасиеттері, оның ішінде нейродегенеративті аурулар кезінде нейропротекторлы әсерінің болатыны эксперимент жүзінде расталған. Древогубецтің де, препарат құрамына кіретін басқа да өсімдіктің, ұйықтататын витания (Withania somnifera, Ashwagandha) антиоксиданттық қасиеттерін стресске қарсы, иммунитет модулдеуші, жадыны жақсартушы қасиеттері түсіндіре алады. Есте сақтауға қабілеттілікті жақсартады, оның ішінде амнезия кезінде, сондай-ақ стресс, инсульт кезінде нейропротекторлық, миокард инфарктісінде – кардиопротекторлық әсер береді.

Ұйықтататын витания тамыры тану және есте сақтау үдерістерінде маңызды рөл атқаратын гипоталамустың қызметін белсендіреді.

Үнділік Нард тамыры (Nardostachis jatamansi, Jatamansi) шүйгіншөп тұқымдастығына жатады. Ұйқысыздық пен ашушаңдықты басады, құрысуға қарсы қасиеті бар. Нейропротекторлық әсер береді және жергілікті ми ишемиясында тиімді.

Азиялық центелла шөбінің (Centella asiatica, Madukparni or brahmi) құрамында гликозидтер бар: индоцентеллозид, брахмозид, брахминозид, азиатикозид, танкунизид және изотанкунизид. Транквилизаторлық, анаболикалық, протозойға қарсы және түйілуді басатын қасиеттері бар. Жадыны, зейін қоюды және ақыл-ой қабілеттерін жақсартуға ықпал етеді. Интеллекті жоғарылатады, жадыны жақсартады, иммундық жүйені нығайтады.

Жалаң мия тамыры (Glycyrrhiza glabra): негізгі компонент – глицирризин, антиоксидантты белсенділігі бар, құрамында формононетин, сондай-ақ глаброн, неоликвиритин және гиспаглабридиндер А және В сиқты фитоэстрогендер, изофлавондар болады. Шырышты қабықтың тітіркенуін азайтады, иммундық жүйені нығайтады, организмнің инфекцияларға қарсылыстығын жақсартады.

Тармақты ададота (Adhadota vassica, Vasa) - спазмолитикалық, несеп айдайтын, жалпы нығайтатын, қабынуға қарсы, ауыруды басатын, қақырық түсіретін және демікпеге қарсы дәрі, тыныштандыратын әсер береді.

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • ашушаңдық, үрей, шаршау, қорқу, ұйқысыздық және бас ауыруымен қатар жүретін неврастения және неврастениялық реакцияларда

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге: 2 шай қасық (10 мл) күніне 2 рет.

Емдеу курсы – 10-14 күн.

Жағымсыз әсерлері

- жүрек айну, құсу, түйілу, іш қату, диарея

- бас айналу, ұйқышылдық, шаршау сезімі

- аллергиялық реакциялар.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- эпилепсия

- маскүнемдікпен зардап шегуетін емделушілер

- бауыр ауруы бар науқастар

- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

ОЖЖ бәсеңдету әсерін беретін дәрілік заттардың, сондай-ақ этанолдың ықпалын күшейтеді.

 

Айрықша нұсқаулар

Препарат құрамында сахароза болғандықтан, қант диабеті бар науқастар сақ болуы қажет. Биопассит шәрбатының құрамында 7% (к/к) этанол бар. Емдеу кезінде алкоголь сусындарын қабылдамаған жөн.

Препарат құрамында парабендер кіреді, соның салдарынан осы дәрілік затты қабылдау аллергиялық, оның ішінде баяу типті реакциялар дамуына түрткі болуы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын жүргізуге немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратпен емдеу кезінде сақ болу керек, көлік құралын басқарудан және жоғары зейін қою мен психомоторлық реакциялар жылдамдығын қажет ететін қауіптілігі зор қызмет түрлерінен тартына тұру қажет.

Артық дозалануы

Болуы мүмкін: ұйқышылдық, шаршау сезімі, препараттың басқа да жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі: асқазанды шаю, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

100 мл препараттан төсемі бар және алғашқы ашылуы бақыланатын бұрандалы алюминий қақпақпен тығындалған күңгірт шыны құтыда. Құтыға өздігінен желімделетін заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалаған жерде, 25ºC-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Мултани Фармасьютикалс Лтд.

C-100, Окхла Индастриал Эреа, Фейз-1, Нью-Дели-110 020, Үндістан

Тіркеу куәлігінің иесі

Мултани Фармасьютикалс Лтд., Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы «Биомедикейр (Үндістан) Пвт. Лтд»,

Алматы қ., Төле би к-сі, 284, 3 пәтер

тел. 8 (727) 2980920

Прикрепленные файлы

307934141477976410_ru.doc 63 кб
693022531477977617_kz.doc 61.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники