Беллс, растительные пастилки от кашля (с клубничным вкусом)

Производитель: Новомед Фарма Прайвет Лимитед
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014365
Период регистрации: 15.09.2015 - 15.09.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Беллс жөтелге қарсы өсімдік пастилкалары

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Құлпынай дәмі бар пастилкалар

Құрамы

Бір пастилканың құрамында

белсенді заттар: қызыл мия тамырларынан алынған қою сығынды /Glycyrrhiza Glabra/(5:1); дәрілік зімбір тамырсабақтарынан алынған қою сығынды /Zingiber Officinale/ (10:1) немесе (20:1); дәрілік эмбилика жемістерінен алынған қою сығынды /Emblica Officinalis/ (4:1); ментол.

қосымша заттар: сахароза, сұйық глюкоза, тазартылған су, глицерин, лимон қышқылы (моногидрат), метилпарабен, пропилпарабен, Ponceau 4R (Е124) бояғышы, құлпынай дәмдік қоспасы.

Сипаттамасы

Құлпынай дәмі бар пастилкалар: қызыл түсті дөңгелек жайпақ пастилкалар.

Пастилкаларда ауа көпіршіктерінің болуына және шеттерінің тегіс болмауына жол беріледі.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию және жөтел белгілерін жоюға арналған препараттар. Суық тию белгілерін жоюға арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері.

АТХ коды R05X

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Жөтелге қарсы өсімдік пастилкалары Беллс препаратының әсері олардың компоненттерінің біріктірілген әсері болып табылады, сондықтан кинетикалық бақылаулар жүргізу мүмкін емес. Препарат компоненттері маркерлердің немесе биологиялық зерттеулердің көмегімен бір мезгілде бақыланбайды. Осы себептен препарат метаболиттері анықталмайды.

Фармакодинамикасы

Әсері олардың компоненттерінің қасиеттеріне байланысты біріктірілген фитопрепарат. Препараттың қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар.

Қызыл мия сығындысы (Glycyrrhiza glabra) қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, ауыруды басатын, тыныштандыратын және спазмолитикалық әсерге ие.

Дәрілік зімбір сығындысы (Zingiber officinale) қабынуға қарсы және аллергияға қарсы әсері бар.

Дәрілік эмблика сығындысы (Emblica officinalis) қабынуға қарсы және ыстықты түсіретін әсерге ие.

Ментол ауыруды басатын, спазмолитикалық, әсерді аулақтатын және тыныштандыратын әсерге ие.

Қолданылуы

Құрғақ жөтелмен қатар жүретін тыныс жолдарының жоғары бөлігінің жедел және созылмалы ауруларын белгілеріне қарай емдеу:

  • фарингитте

  • ларингитте (оның ішінде кәсіби «лекторлық» ларингит)

  • трахеитте

  • бронхитте.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер мен 6 жастан асқан балаларға әрбір 2-3 сағат сайын 1 пастилкадан тағайындайды. Пастилкаларды ауызда баяу сору керек. Ең жоғары тәуліктік доза 10 пастилканы құрайды. Емдеу курсы 5-7 күнді құрайды.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препараттың кез келген компоненттеріне жоғары сезімталдық

  • 6 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қазіргі уақытқа дейін жөтелге қарсы өсімдік пастилкалары Беллс препаратының басқадай дәрілік заттармен клиникалық мәнді өзара әрекеттесуі анықталмаған.

Айрықша нұсқаулары

Көрсетілімдері бойынша микробқа қарсы дәрілер бір мезгілде қолданылуы мүмкін.

Жөтелге қарсы өсімдік пастилкалары Беллс препаратын басқа да бронхолитикалық препараттармен бірге сақтықпен қолдану керек.

Препаратты қант диабетімен ауыратын науқастарға, сондай-ақ гипокалориялық емдәмде жүрген адамдарға тағайындаған кезде Беллс жөтелге қарсы өсімдік пастилкаларының бір пастилкасының құрамында 1,75 г сахароза бар екенін ескеру керек.

Жүктілік және лактация

Жүктілік кезінде және лактация кезеңінде препаратты қолдану тек ана үшін болжанған пайда ұрық пен балаға деген әлеуетті қауіптен артқан жағдайда ғана мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін Беллс жөтелге қарсы өсімдік пастилкаларының артық дозалануы туралы хабарланбаған.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Алюминий фольгадан жасалған стриптерде 4 пастилкадан. 4 немесе 5 стриптен медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапқа салынған.

Полиэтиленді жеке қаптамада 1 пастилкадан. Осындай 200 пастилкадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге алғаш ашылуы бақыланатын пластмасса банкада. Банкаға қағаздан жасалған заттаңба жапсырылған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 18-ден 25 оС-ге дейінгі температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды!

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

Новомед Фарма Прайвет Лимитед (Novomed Pharma Private Limited) Үндістан

114 Bldg.№8, Jogani Industrial Complex, Chunabhatti, Sion, Mumbai - 400022, India

Тіркеу куәлігі иесінің атауы мен елі

«Авицена-ЛТД» ЖШС, Қазақстан

Қаптаушы ұйымның атауы мен елі

Новомед Фарма Прайвет Лимитед (Novomed Pharma Private Limited) Үндістан

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Авицена-ЛТД» ЖШС

050002, Алматы қ-сы, Жангильдин к-сі, 31, 416 кеңсе

тел./факс: +7727 3572387 /88/ 89

e-mail: reg@avitsena.kz

 

Прикрепленные файлы

989509711477976381_ru.doc 48.5 кб
826805601477977578_kz.doc 59.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники