Апифит® мазь с прополисом

Производитель: ПК "Фирма "Кызылмай"
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие антисептики и дезинфицирующие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№016623
Период регистрации: 14.10.2015 - 14.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

Апифит® прополис қосылған жақпамайы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Жақпамай

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді заттар: прополис 5.0 г, «Қызыл май» полифитті майы 50.0 г

қосымша заттар: сары балауыз, күнбағыс майы.

Сипаттамасы

Өзіне тән прополис иісі бар ақшыл қоңырдан қоңыр түске дейінгі біртекті жұмсақ масса.

Фармакотерапиялық тобы

Антисептиктер және басқа да зарарсыздандырғыш препараттар. АТХ коды D08АХ

Фармакологиялық қасиеттері

Прополис қабынуға қарсы және жараны жазатын қасиеттерге ие.

Апифит® прополис қосылған жақпамайының қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жараны жазатын, қышынуға қарсы және ауыруды басатын әсері бар.

Қолданылуы

Препарат ауыз қуысы мен мұрынжұтқыншақ ауруларын (ойық жаралар, пародонтопатия, гингивит) және тері зақымдануларын (жазылуы қиын ойық жаралар, трофикалық ойық жаралар, жанаспалы дерматит, нейродерматиттер, экземалар, термиялық күюлер) кешенді емдеуде симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады.

Қолдану тәсілі және дозалары

Ауыз қуысы мен мұрын аурулары кезінде шырышты қабықтарға күніне 1-2 рет жағады немесе мұрын жолдарына турунда түрінде пайдаланады.

Тері ауруларын емдеу кезінде препаратты зақымданған беткейге күніне 2-3 рет жұқалап жағу керек. Емдеу курсы аурудың сипатына қарай және дәрігер ұсынады.

Жағымсыз әсерлері

- препараттың құрамдас компоненттерге аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары жеке сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балалар практикасында ұсынылғаннан аспайтын дозаларда тағайындайды.

Жүктілік және лактация

Препаратты жүкті және бала емізетін аналарға емдік дозаларда пайдалануға болады.

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препаратты қолдану автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

15 г препараттан біріктірілген материалдан жасалған сықпаға салынған.

Әрбір сықпа медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

10 0С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріхналардан босатылу шарттары Рецептісіз

Өндіруші

«Қызыл май» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

Тіркеу куәлігінің иесі

«Қызылмай» Фирмасы» ӨК, Қазақстан Республикасы

ҚР аумағында өнім сапасына қатысты тұтынушылардың шағымын қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Қызыл май» Фирмасы» ӨК

Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Ипподром к-сі, 6

т. 382-20-27, факс 382-19-20

E mail: reception@kyzylmay.com

 

3

 

Прикрепленные файлы

448117941477976395_ru.doc 42 кб
740172341477977602_kz.doc 47 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники