Корвалол® (капли для перорального применения)

МНН: Мяты перечной масло, Фенобарбитал, Этилбромизовалерианат
Производитель: Фармак ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Барбитураты в комбинации с другими препаратами
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№010411
Информация о регистрации в РК: 15.07.2021 - 15.07.2031
Номер регистрации в РБ: 2751/97/02/07/12/17
Информация о регистрации в РБ: 06.09.2017 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Корвалол®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Ішуге арналған тамшылар

Құрамы

1 мл ерітіндінің (26 тамшы) құрамында

белсенді заттар: 20 мг α-бромизовалериан қышқылының этилді эфирі 100% затқа шаққанда, 18,26 мг фенобарбитал, 1,42 мг жалбыз майы

қосымша заттар: тұрақтандырғыш, этанол (96%), тазартылған су.

Сипаттамасы

Өзіне тән иісі бар мөлдір, түссіз сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Ұйықтататын және тыныштандыратын дәрілер. Басқа препараттармен біріктірілімдегі барбитураттар

АТЖ коды N05СВ02

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағанда сіңуі тіл асты аумағында-ақ басталады, құрамдастарының биожетімділігі жоғары (60-80 %-ға жуық). Ауызда (тіл астына сіңуі) ұстаған кезде (5-10 минуттан кейін) немесе қант түйірімен қабылдағанда әсері ерекше жылдам дамиды. Әсер етуі 15-45 минут өткеннен кейін дамиды және 3-6 сағат бойы жалғасады. Бұрындары барбитур қышқылы препараттарын қабылдаған адамдарда әсер ету ұзақтығы барбитураттар ферменттер индукциясын туғызатын бауырдағы фенобарбиталдың жеделдеген метаболизмі есебінен қысқарады. Егде жастағы адамдарда және бауыр циррозына шалдыққан емделушілерде Корвалолдың® метаболизмі төмендеген, сондықтан оларда жартылай шығару кезеңі ұзарады, бұл өз кезегінде дозаны азайту мен препаратты қабылдау арасындағы аралықтарды ұзартудың қажеттілігін талап етеді.

Фармакодинамикасы

Корвалол® - тыныштандырғыш және түйілуді басатын препарат, әсері оның құрамына кіретін компоненттермен анықталады.

α-бромизовалериан қышқылының этил эфирі рефлекторлы тыныштандырғыш және түйілуді басатын әсер береді, негізінен ауыз қуысы мен мұрын жұтқыншағы рецепторларын тітіркендіруге, жүйке жүйесі орталық бөліктері рефлекторлық қозғыштығының төмендеуіне және ми қыртысы мен қыртыс астылық құрылымдар нейрондарындағы тежелу құбылыстарының күшеюіне, сондай-ақ ортаңғы қан тамырларын қозғаушы орталықтар белсенділігі мен тамырлардың тікелей тегіс бұлшықеттеріне жергілікті ауырғанды басатын әсерінің төмендеуіне себепші болады.

Фенобарбитал ортаңғы және сопақша ми ретикулярлы формациясы орталықтарының үлкен жартышарлары қыртысына белсенділендіруші әсерін басады, сол арқылы ми қыртысы мен қыртыс асты құрылымдарына қоздырғыш әсер беру легін азайтады. Белсенділендіруші әсерлердің азаюы дозасына байланысты тыныштандырғыш, транквилизациялаушы немесе ұйықтататын әсер береді.

Корвалол® жалпы артериялық қысымды төмендетіп, қан тамырлары, әсіресе жүрек қан тамырларының түйілуін басып және алдын ала отырып, қан тамырлары қозғалтқыш орталықтарына, коронарлық және шеткергі қан тамырларына қоздырғыш әсерін азайтады.

Жалбыз майы құрамында эфир майларының мөлшері көп, оның ішінде

50 % жуық ментол және 4-9 % ментол эфирлері бар. Олар ауыз қуысының «суыту» рецепторларын тітіркендіруге және тегіс бұлшықеттер түйілулерін басып, тыныштандырғыш және жеңіл өт айдайтын әсер туғыза отырып, негізінен рефлекторлы түрде жүрек пен мидың қан тамырларын кеңейтуге қабілетті. Бұрыш жалбыз майы антисептикалық, спазмолитикалық әсер ету, метеоризм құбылысын жою қабілетіне ие. Асқазан мен ішектің шырышты қабығының рецепторларын тітіркендіре отырып, ішек перистальтикасын күшейтеді.

Қолданылуы

  • жоғары ашушаңдықпен неврозда

  • ұйқысыздықта

  • вегетативті-қан тамыр дистониясында

  • жүрек-қан тамырлары жүйесі қызметінің бұзылуында (соның ішінде тахикардия)

  • ішектің түйілуінде (спазмолитикалық дәрі ретінде)

Қолдану тәсілі және дозасы

Корвалолды® тамақтануға байланыссыз күніне 2-3 рет 15-30 тамшыдан сумен (30-50 мл) немесе қант түйірімен ішке қабылдайды.

Қажет болған жағдайда (айқын тахикардия) бір жолғы дозаны 40-50 тамшыға дейін ұлғайтуға болады.

Препаратты қолданудың ұзақтығын клиникалық тиімділігі мен препаратты көтере алушылығына байланысты дәрігер белгілейді.

Жағымсыз әсерлері

- асқазан мен ішек аумағы жайсыздығы, жүрек айнуы

- ұйқышылдық, бас айналуы, зейінді шоғырландырудың төмендеуі

- аллергиялық реакциялар

- жүрек ырғағының баяулауы

Бұл құбылыстар дозаны азайтқанда қайтады.

Ұзақ уақыт қолданғанда препаратқа тәуелділіктің, «тоқтату» синдромы мен бромизм құбылыстарының пайда болуы мүмкін (орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, депрессия, апатия, ринит, конъюнктивит, акне, геморрагиялық диатез, қимыл-қозғалыстың бұзылуы, сананың шатасуы).

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне, бромға жоғары сезімталдықта

- бүйрек және/немесе бауыр қызметінің айқын бұзылуында

- бауыр порфириясында

- маскүнемдікте

- бассүйек-ми жарақаты немесе ми ауруларында

- ауыр жүрек жеткіліксіздігінде

- жүктілік және лактация кезеңінде

- 15 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттестігі

Орталық бәсеңдету түрінде әсер ететін препараттар Корвалол®-дың әсерін күшейтеді. Препараттың құрамында фенобарбитолдың болуы бауыр ферменттерін индукциялай алады, және бұл оның бауырда метаболизденетін дәрілермен бір мезгілде қолдануын жағымсыз етеді (кумарин туындылары, гризеофульвин, глюкокортикоидтар, ішу арқылы қабылданатын ұрықтануға қарсы дәрілер), олардың тиімділігі метаболизмнің анағұрлым жоғары деңгейінің нәтижесінде төмендейді. Корвалол® жергілікті жансыздандыратын, ауруды басатын және ұйықтататын дәрілердің әсерін күшейтеді, бұл барбитур қышқылы туындыларының болуымен байланысты.

Вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолданғанда оның әсері күшейеді.

Метотрексатпен бір мезгілде қолданғанда оның уыттылық әсері күшейеді.

Алкоголь препараттың әсері мен оның уыттылығын күшейтеді.

Айрықша нұсқаулар

Спиртті сусындарды бір мезгілде қолданудан аулақ болған жөн.

Препаратқа тәуелділіктің қалыптасуы мүмкін болғандықтан ұзақ уақыт қолдану ұсынылмайды.

Препаратты артериялық гипотензия кезінде абайлап тағайындаған дұрыс.

Педиатрияда қолдану

Балаларды емдеу үшін қолданудың тәжірибесі жоқ.

Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану

Жүктілік және емшек емізу кезеңінде қолдануға болмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Препарат құрамында қимыл-қозғалыс пен психомоторлық реакциялар жылдамдығының бұзылуын туғызатын 58% алкоголь көлемі, сондай-ақ фенобарбитал бар, сондықтан зейінді жұмылдыруды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын талап ететін көлік құралдарын басқару мен қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысудан бас тартқан дұрыс.

Артық дозаланғанда

Препаратты жиі немесе ұзақ қолданғанда артық дозаланудың орын алуы мүмкін, бұл оның құрамдастарының жинақталуына байланысты. Ұзақ және тұрақты қолдану тәуелділікті, абстинентті синдромды, психомоторлы қозғыштықты туғызады. Препаратты қабылдауды күрт тыю тоқтату синдромын туғызуы мүмкін.

Симптомдары: орталық жүйке жүйесінің бәсеңдеуі, сананың шатасуы, қозғыштық, бас айналуы, нистагм, атаксия, терең ұйқыға дейінгіні қоса алғандағы ұйқышылдық, броммен созылмалы уыттануы (депрессия, апатия, ринит, конъюнктивитгеморрагиялық диатез, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы).

Уланудың ауыр жағдайларында – тыныс алудың бұзылуы, тахикардия, аритмия, артериялық қысымның төмендеуі, коллапс, кома.

Емі: симптоматикалық.

Шығарылу түрі және қаптамасы

25 мл ішуге арналған тамшылар тығын-тамшылатқышпен тығындалған және алғашқы ашылуы бақыланатын тығындамалы –бұрандалы қақпақтармен күңгірт шыны құтыларда. Әр құты медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 8ºС-ден 15ºС-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл және 6 ай

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін препаратты қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«Фармак» ААҚ, Украина, 04080, Киев қ., Фрунзе к-сі, 63

Тіркеу куәлігінің иесі

«Фармак» ААҚ, Украина

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, 050034 Алматы қ., Төле би к-сі, 291-291а L 74-кеңсе

Тел/факс: +7 (727) 250 10 28, электронды пошта: Djatlova88@mail.ru

 

Сарапшы: Несипбаева Г.Қ. (11.03.12 ж)

Аударған: Никбаева К.М

20.11.2011 ж

Прикрепленные файлы

971689181477977037_ru.doc 60 кб
806738691477978213_kz.doc 65.5 кб
2751_97_02_07_12_17_p.pdf 0.47 кб
2751_97_02_07_12_17_s.pdf 0.42 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники. «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ