Ибупрофен №10 (200 мг, Борисовский завод медицинских препаратов ОАО)

МНН: Ибупрофен
Производитель: Борисовский завод медицинских препаратов ОАО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Ibuprofen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№019771
Информация о регистрации в РК: 15.02.2018 - 15.02.2023
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 60.9 KZT
Предельная цена реализации в РК: 77.65 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Ибупрофен

Халықаралық патенттелмеген атауы

Ибупрофен

Дәрілік түрі

Қабықпен қапталған 200 мг таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – ибупрофен 200 мг;

қосымша заттар: картоп крахмалы, магний стеараты, кальций стеараты, повидон, опадрай ΙΙ (құрамында ішінара гидролизденген поливинил спирті бар, тальк, макрогол 3350, лецитин, титанның қостотығы (E 171)).

Сипаттамасы

Дөңгелек пішінді, екі беті дөңес, ақ түсті қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы стероидты емес және ревматизмге қарсы дәрілер. Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Пропион қышқылының туындылары. Ибупрофен

АТХ коды M01AE01

Фармакологилық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Ішке қабылдағаннан кейін ибупрофеннің биожетімділігі 80% құрайды. Аш қарынға ішке қабылдағаннан кейін қан плазмасындағы ең жоғары концентрациясына 0,45-1 сағаттан кейін, тамақтан кейін қабылдағанда - 2,0-2,5 сағаттан кейін жетеді. Синовиальдік сұйықтықтағы барынша жоғары концентрациясына 3 сағат өткенде жетеді. Ибупрофеннің қан плазмасындағы емдік концентрациясы 10 – 50 мкг/мл, уытты – 100 – 700 мкг/мл құрайды. Белсенді емес 3 метаболиттерді түзе отырып, бауырда метаболизденеді. Ибупрофеннің биологиялық белсенділігі S-энантиомермен байланысты. Сіңгеннен кейін фармакологиялық тұрғыда белсенді емес R-түрдің 60% жуығы белсенді S -түрге баяу айналады.

Қанда ибупрофен плазма ақуыздарымен қайтымды (90-99% жуық) байланысады. Ибупрофен буын қуыстарына баяу өтеді, синовиальдік сұйықтықта іркіледі. Ибупрофеннің синовиальді сұйықтықтағы концентрациясы плазмадағыдан жоғары. Таралу көлемі 0,1 л/кг құрайды.

Енгізілген дозаның 60-90% бүйрек арқылы метаболиттер түрінде несеппен шығарылады, аз дәрежеде өтпен шығарылады. Өзгермеген ибупрофеннің экскрециясы 1% азды құрайды. Ибупрофеннің жартылай шығарылу кезеңі 2-2,5 сағатты, жалпы клиренсі 0,750,20 мл/мин/кг құрайды.

Егде емделушілерде ибупрофеннің фармакокинетикасы өзгермейді.

Фармакодинамикасы

Ибупрофен – бұл қабынуға қарсы стероидты емес дәрі (ҚҚСД). Қабынуға қарсы, ауыруды басатын және ыстықты түсіретін әсер етеді.

Әсер ету механизмі циклоокигеназа-1 және 2 белсенділігін таңдап тежеуге негізделген, ол простагландин синтезінің бәсеңдеуіне әкеледі және қабыну медиаторының босап шығуына кедергі етеді. Нәтижесінде ибупрофен қабынуға байланысты ауыру, ісіну және температураның жоғарылауын азайтады.

Қолданылуы

- әртүрлі этиологиядағы ауыру синдромында: тамақтың ауыруы, бас ауыруы, бас сақинасы, тіс ауыруы, невралгия, сүйек-буын және бұлшықет ауыруы, операциядан кейін ауыруларда, жарақаттан кейінгі ауырулар, альгодисменорея

- тұмау, «суық тию» және басқа жұқпалы-қабыну ауруларындағы қызба синдромында

- буын мен омыртқаның қабыну және дегенеративті ауруларында (оның ішінде ревматоидты артрит, шорбуынданған спондилит).

Қолдану тәсілі мен дозалары

Таблеткаларды (шайнамай) тамақ қабылдау кезінде немесе тамақтан кейін қабылдайды.

Ересектер мен 12 жастан асқан балалар үшін ибупрофен тәулігіне 3–4 рет 200 мг-ден тағайындалады. Ересектерде тез емдік әсерге қол жеткізу үшін дозаны тәулігіне 3 рет 400 мг-ға (2 таблетка) дейін арттыруға болады.

24 сағат ішінде 6 таблеткадан артық қабылдауға болмайды.

Таблеткаларды қабылдау аралығы 6 сағаттан кем емес, ең жоғары тәуліктік доза 1200 мг.

Егер препаратты 2–3 күн қабылдағанда симптомдары сақталса, емдеуді тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Жағымсыз әсерлері

Ибупрофен препаратын 2–3 күн ішінде қабылдағанда жағымсыз әсерлері іс жүзінде байқалмайды.Ұзақ уақыт қабылдағанда келесі жағымсыз әсерлері пайда болуы мүмкін:

  • бас ауыруы, бас айналуы, ұйқысыздық, қозу, ұйқышылдық, депрессия, сананың шатасуы, галлюцинациялар

  • жүрек айнуы, эпигастриядағы жайсыздық сезімі мен ауыру, абдоминальді ауырулар

  • құсу, қыжыл, диарея, іш қату, метеоризм

  • бронхтүйілуі, ентігу

  • тері бөртпесі, қышыма, есекжем

  • асқазан-ішек жолдарының (кейбір жағдайларда тесілу және қан кетумен асқынады) эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы, тітіркену, ауыз қуысы шырышты қабатының құрғақтығы немесе ауыз қуысының ауыруы, қызыл иек шырышты қабатының ойылуы, афтозды стоматит, анорексия, панкреатит, гепатит

  • жүрек жеткіліксіздігі, артериялық қысымның (АҚ) жоғарылауы, тахикардия

  • асептикалық менингит (жиі аутоимунды аурулармен емделушілерде)

  • Квинке ісінуі, анафилактоидты реакциялар, анафилактикалық шок, қызба, мультиформалы экссудативті эритема (оның ішінде Стивенс–Джонсон синдромы), уытты эпидермальді некролиз (Лайелл синдромы), эозинофилия, аллергиялық ринит

  • анемия (оның ішінде гемолитикалық, апластикалық), тромбоцитопения және тромбоцитопениялық пурпура, агранулоцитоз, лейкопения

  • нефротикалық синдром (ісінулер), жедел бүйрек жеткіліксіздігі, аллергиялық нефрит, полиурия, цистит

  • естудің төмендеуі, құлақтағы шуыл немесе зыңыл, көру жүйкесінің қайтымды уытты невриті, көрудің бұлыңғырлануы немесе диплопия, көздегі құрғақтық және тітіркену, конъюктива және қабақтың ісінуі (шығу тегі аллергиялық), скотома

  • қатты терлеу

Жоғары дозада ұзақ уақыт қолданғанда асқазан–ішек жолдары шырышты қабатының ойық жаралануы, қан кету (асқазан–ішектік, қызыл иектік, жатырлық, геморроидальді), көрудің бұзылуы (түрлі-түсті көрудің бұзылуы, скотома, амблиопия).

Жағымсыз әсерлері пайда болғанда препаратты қабылдауды тоқтату және дәрігерге қаралу керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы;

  • ибупрофенге жоғары сезімталдық;

асқазан-ішек жолдарының өршу сатысындағы эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы;

  • асқазан-ішектік және басқа да қан кетулер;

  • «аспириндік» демікпе және «аспириндік» триада;

  • геморрагиялық диатез (Виллебранд ауруы, тромбоцитопениялық пурпура, телеангиоэктазия), гипопротромбинемия, гемофилия;

  • қолқаның ыдыраған аневризмасы;

  • портальдік гипертензия;

  • К витаминінің тапшылығы;

  • жүктілік және лактация кезеңі

  • көру жүйкесінің аурулары, скотома, амблиопия, түрлі-түсті көрудің бұзылуы;

  • артериялық гипертензия, NYHA бойынша III-IV сатыдағы жүрек жеткіліксіздігі;

  • вестибулярлық аппараттың патологиясы, естудің төмендеуі;

  • ауыр бүйрек және бауыр жеткіліксіздігі;

  • 12 жасқа дейінгі балаларға.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер ангиотензин-өзгертуші ферменттердің тежегіштері, бета-блокаторлар және несеп айдағыш дәрілер секілді гипертензияға қарсы дәрілердің әсерін төмендетуі мүмкін.

Диуретиктер стероидты емес қабынуға қарсы дәрілердің нефроуыттылық қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер жүрек жеткіліксіздігін, шумақтық сүзіліс жылдамдығының төмендеуін және жүрек гликозидтерінің плазмалық концентрациясының жоғарылауын ушықтыруы мүмкін.

Холестирамин ибупрофенмен бір мезгілде тағайындағанда ибупрофеннің асқазан-ішек жолдарында сіңірілуін азайтуы мүмкін.

Литий тұздарымен бір мезгілде тағайындау литийдің шығарылуының төмендеуіне әкеледі.

Қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер метотрексаттың өзекшелік сөлінісін тежеуі және метотрексат клиренсін төмендетуі мүмкін.

Циклоспорин: нефроуыттылықтың жоғары қаупі.

Мифепристон: дәрілік заттың тиімділігінің төмендеуі, іс жүзінде стероидты емес қабынуға қарсы дәрілердің простагландинге қарсы әсеріне байланысты жүруі мүмкін. Шектеулі деректер көрсеткендей, қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді простагландинді енгізген күні бірге енгізу мифепристон немесе простагландиннің жатыр мойнының жетілуіне әсеріне жағымсыз әсер етпейді және жүктілікті дәрімен үзудің клиникалық тиімділігін төмендетпейді.

Басқа анальгетиктер және циклооксигеназа-2 селективті тежегіштері: екі немесе одан да көп стероидты емес қабынуға қарсы дәрілерді, оның ішінде ЦОГ-2 тежегіштерін бір мезгілде қолдануға болмайды, өйткені бұл жағымсыз әсерлер даму қаупін жоғарылатуы мүмкін.

Ацетилсалицил қышқылы: ибупрофен мен аспиринді жағымсыз әсерлерінің, оның ішінде, асқазан-ішек ойық жарасы немесе қан кетулер қаупінің жоғарылау мүмкіндігіне байланысты бір мезгілде қолдануға болмайды.

Тәжірибе деректері бойынша ибупрофен олар бір мезгілде дозаланғанда ацетилсалицил қышқылының төмен дозасының тромбоциттер агрегациясына әсерін бәсеңдетуі мүмкін.

Антикоагулянттар: ҚҚСП варфарин секілді антикоагулянттардың әсерін күшейтуі мүмкін.

Фторхинолондар: ҚҚСП және хинолондарды бір мезгілде қабылдаған емделушілерде құрысудың даму қаупі жоғарылауы мүмкін.

Сульфонилмочевина туындылары: ибупрофен сульфонилмочевина препараттарының гипогликемиялық әсерін күшейтуі мүмкін.

Антиагреганттар және серотонинді кері қармаудың селективті тежегіші (СКҚСТ): ҚҚСП-мен бірге қабылдағанда асқазан-ішектік қан кету қаупі жоғары.

Такролимус: такролимуспен бір мезгілде қолданғанда ибупрофеннің нефроуытты қаупі жоғарылауы мүмкін.

Зидовудин: зидовудинмен бір мезгілде қолданғанда гематологиялық уыттылық қаупі жоғары.

Аминогликозидтер: ҚҚСП аминогликозидтердің шығарылуын төмендетуі мүмкін.

Өсімдік сығындылары: гинкго билоба ҚҚСП-мен бірге қабылдағанда қан кету қаупін жоғарылатуы мүмкін.

CYP2C9 тежегіштері: ибупрофенді CYP2C9 тежегіштерімен бір мезгілде қолдану ибупрофеннің (CYP2C9 субстраты) әсер ету уақытын ұзартуы мүмкін. Ибупрофенді вориконазол және флуконазолмен (CYP2C9 тежегіштерімен) бір мезгілде тағайындау, ибупрофеннің әсер ету уақытының шамамен 80-нен 100%-ға дейін ұзаруына әкеледі. Күшті CYP2C9 тежегіштерімен бір мезгілде тағайындағанда, әсіресе ибупрофеннің вориконазол және флуконазолмен бірге жоғары дозасын қабылдағанда ибупрофеннің дозасын азайту керек.

Айрықша нұсқаулар

Емделу кезінде этанолды қолдануға болмайды.

Шие және қарақат шырыны, қант шәрбаты ибупрофеннің сіңу жылдамдығын жоғарылатады.

Асқазан-ішек жолдары тарапынан жағымсыз әсерлер даму қаупін төмендету үшін, ең төмен тиімді дозаны мүмкіндігінше ең қысқа курспен қолдану керек.

Асқазан-ішек жолы патологиясы бар адамдар. Ибупрофенді қолдану кезінде асқазан-ішек жолдары тарапынан шағымданулары, сытартқысында асқазан-ішек жолдарының ойық жара ауруы, сондай-ақ спецификалық емес ойық жаралы колит немесе Крон ауыруы бар емделушілерге мұқият медициналық бақылау қажет. Ибупрофенді қолдану аясында емделушілердің осы тобында (алғаш рет немесе қайталап) асқазан-ішектік қан кетуі немесе асқазан-ішек жолдарының ойық жаралануы/тесілуі пайда болуы мүмкін, бұлар хабаршы-симптомдарымен қатар жүруі ықтимал. Барлық осындай жағдайларда препаратты қабылдауды тоқтату керек.

Қан жүйесінің патологиясымен тұлғалар. Ибупрофен томбоциттер агрегациясын уақытша тежейді, сондықтан гемостазының бұзылуы бар емделушілерде тиісті зертханалық көрсеткіштерін мұқият бақылау қажет. Ибупрофенді ұзақ қолданған кезде шеткергі қан көрінісін жүйелі бақылау көрсетілімде.

Бауыр ауруларымен тұлғалар. Ибупрофенді қолдану кезінде бауыр ферменттерінің транзиторлы көтерілуі болуы ықтимал. Ибупрофенмен ұзақ емдеген кезде сақтық шаралары ретінде бауыр қызметіне зертханалық бақылау көрсетілімде. Егер функциональдік көрсеткіштер тарапынан бұзылулар сақталса немесе күшейсе, сондай-ақ бауыр зақымдануының басқаша клиникалық көріністері байқалса, ибупрофенді қабылдауды тоқтату керек. Ибупрофенді қолдану кезінде продормальдік көріністерсіз гепатиттің пайда болуы мүмкін екенін ескеру қажет.

Жүрек-қан тамыр жүйесінің патологиясымен тұлғалар. Простагландиндер қалыпты бүйрек қан ағымын демеп тұруда маңызды рөл атқаратындықтан, бүйрек қызметінің бұзылуынан және созылмалы іркілісті жүрек жеткіліксіздігінен зардап шегетін емделушілерге, диуретикалық дәрілер алатын адамдарға, сондай-ақ айналымдағы плазма көлемінің (мысалы, көлемді хирургиялық араласулардан кейін) едәуір азаюы бар науқастарға ибупрофенді қолдануда айрықша сақтық қажет.

Осы жағдайдың барлығында сақтық шарасы ретінде бүйрек қызметін бақылау ұсынылады.

Препаратты қолдануды тоқтату әдетте бүйрек қызметінің бастапқы деңгейге дейін қалпына келуіне әкеледі.

Зертханалық көрсеткіштерге әсері. Несепте 17-кетостероидтарды анықтау қажет болғанда ибупрофенді қабылдауды талдау жүргізгенге дейін 48 сағат бұрын тоқтату керек.

Жүктілік және лактация кезеңі

Ибупрофенді жүктілік кезінде тек ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін қауіптен артқан жағдайда ғана қолдануға болады. Препаратты ең аз тиімді дозада тағайындау қажет.

Ибупрофенді жатырдың жиырылу қабілетінің төмендеу мүмкіндігіне және ұрықтың артериялық түтігінің мезгілінен бұрын жабылуына байланысты жүктіліктің ІІІ триместрінде қолдануға болмайды.

Простагландиндер синтезін басу жүктілік пен ұрықтың жатырішілік дамуына теріс әсер етуі мүмкін. Эпидемиологиялық зерттеулер деректері жүктіліктің ерте кезеңінде простагландиндер синтезінің тежегіштерін қабылдағаннан кейін түсік пен жүрек және асқазан-ішек тарапынан даму ақауларының қаупінің жоғары екенін көрсетеді. Жануарларда простагландиндер синтезінің тежегіштерін енгізу имплатацияға дейін және кейінгі эмбрион мен ұрықтың өлімінің жоғарылауына әкеледі. Одан басқа простагландиндер синтезінің тежегіштерін қабылдаған жануарларда органогенез кезінде әртүрлі, оның ішінде жүрек-қантамыры жүйесінің ақауларының жиілігі жоғарылайды.

Жүктіліктің бірінші және екінші триместрі кезінде, міндетті түрдегі қажеттілікті қоспағанда ибупрофенді тағайындауға болмайды. Жүктілікті жоспарлағанда, жүктіліктің бірінші және екінші триместрі кезінде, тағайындалатын ибупрофен дозасы барынша төмен, ал емдеу ұзақтығы мүмкіндігінше қысқа болуы керек.

Жүктіліктің үшінші триместрі кезінде, простагландиндер синтезінің кез келген тежегішін қолдану келесі жағдайларға әкеледі:

• Жүрек-өкпелік уыттылыққа (артериялық түтіктің ерте жабылуы және өкпе гипертензиясы)

• Судың аздығымен бүйрек жеткіліксіздігіне дейін үдеуі мүмкін бүйрек қызметінің бұзылуына.

Жүктіліктің соңында простагландиндер синтезінің тежегіштері төмендегі жағдайлардың салдарынан ана мен жаңа туған балаға қауіп төндіреді:

• Қан кету уақытының ұзару мүмкіндігі;

• Босанудың ұзаруына немесе кідіруіне әкелуі мүмкін жатырдың жиырылуының бәсеңдеуі.

Ибупрофенді жүктіліктің үшінші триместрі кезінде қолдануға болмайды.

Ибупрофен емшек сүтіне өтеді, сондықтан оны лактация кезінде қабылдағанда барлық емдеу кезеңінде емшекпен қоректендіруді тоқтату керек.

Көлік құралдарын немесе әлеуетті қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсері.

Ибупрофенді қолдану кезінде зейінді жоғары жұмылдыруды, шапшаң психикалық және қимыл реакцияларын талап ететін қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту керек.

Артық дозалануы

Симптомдары: ибупрофенменмен артық дозаланғанда әдеттегідей клиникалық көріністер дамымайды. Іштің ауыруы, жүрек айнуы, құсу, бас айналуы, мәңгіру, ұйқышылдық, депрессия, бас ауыруы, гипотония, құрысу, жүрек ырғағының бұзылуы, жедел бүйрек жеткіліксіздігі, тыныс алудың бәсеңдеуі пайда болуы мүмкін.

Емі: көмек көрсету шаралары пайда болған бұзылыстарды тойтаруға, қышқылды-негізгі жағдайларды түзетуге бағытталған препаратты қабылдауды тоқтатуды, демеуші және белгісіне қарай емді қамтиды.

Ибупрофеннің реабсорбциясын азайту үшін сілтілі сусындарды, белсенділендірілген көмірді тағайындаумен бір мезгілде қарқынды диурезді жүргізуге болады. Арнайы у қайтарғысы жоқ. Асқазанды шаю препаратты қабылдағаннан кейін бір сағаттың ішінде ғана тиімді.

Шығарылу түрі және қаптамасы

10 таблеткадан поливинилхлоридті үлбірден және алюминийлі фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

500 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың сәйкес санымен бірге пәшкеге салынбай картоннан жасалған қорапқа салынған.

5 пішінді ұяшықты қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған пәшкеге салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 25 ºС-ден аспайтын температурада.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы, Беларусь Республикасы, Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27

тел/факс 8-(10375177)744280.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік қоғамы,

Беларусь Республикасы.

Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушылардан өнімнің (тауардың) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

«Борисов медициналық препараттар зауыты» ашық акционерлік

қоғамы, Беларусь Республикасы.

Минск обл., Борисов қаласы, Чапаев көшесі, 64/27,

тел/факс 8-(10375177) 744280, адрес электронной почты

market@borimed.com

 

Прикрепленные файлы

809839511477976901_ru.doc 82.5 кб
182579821477978071_kz.doc 108 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники