Септолете® плюс ментол

МНН: Бензокаин, Цетилпиридиния хлорид
Производитель: КРКА, д.д., Ново Место
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Прочие препараты
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№121769
Информация о регистрации в РК: 30.10.2015 - 30.10.2020

Инструкция

Саудалық атауы

СептолетеÒ плюс ментол

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Соруға арналған ментол дәмді таблеткалар

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді заттар: бензокаин 5 мг,

цетилпиридиний хлориді (моногидрат түрінде) 1 мг,

қосымша заттар: левоментол, бұрыш жалбызының майы, сұйық малтитол, маннитол, глицерин, майсана майы, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы, магний стеараты, малтитол

қабығы: патенттелген көк V (Е 131), титанның қостотығы (Е 171), капол 600 Фарма, повидон, малтитол

Сипаттамасы

Көгілдір түсті қабықпен қапталған, беткейі тегіс, дөңгелек пішінді, екі беті дөңес таблеткалар

Фармакотерапиялық тобы

Тамақ ауруларын емдеуге арналған препараттар. Антисептиктер. Өзге де препараттар.

АТХ коды R02AA20

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Цетилпиридиний хлоридінің фармакокинетикасы бойынша әдеби деректер жоқ. Аммонийдің төрттік қосылысының фармакокинетикасы бойынша деректердің көбі жануарларға жүргізілген зерттеулерден алынған болатын. Аммонийдің төрттік қосылысы нашар сіңірілетіні жалпыға мәлім, барлығы 10–20%. Сіңірілмеген бөлігі өзгермеген күйде нәжіспен шығарылады.

Бензокаинның фармакокинетикасы бойынша әдеби деректер де өте көп емес. Кейбір жергілікті анестетиктер, бензокаинды қоса, суда нашар еритіні белгілі және сондықтан олардың абсорбция деңгейі төмен. Сіңірілген бензокаин, негізінен, плазманың холинэстеразасымен гидролизденеді және оның аздаған бөлігі бауырда метаболизденеді. Ыдырау өнімдері несеппен шығарылады.

Фармакодинамикасы

Цетилпиридиний хлориді төрттік аммоний қосылысы тобының антисептигі болып табылады. Ол катион белсенді детергент ретінде әсер етеді. Төрттік аммоний қосылыстары бактериялық жасуша беткейімен байланысады, беткей арқылы өтеді және микроорганизмнің цитоплазмалық жарғақшасымен байланысады. Осы байланыс нәтижесінде цитоплазмалық жарғақша төменмолекулярлық қосылыстар үшін, негізінен, калий иондары үшін өткізгіш болады. Төрттік аммоний қосылыстары артынан жасушаға өтеді және соңғы сатыда жасушалардың функциясын зақымдайды, осылайша жасушалардың қырылуын туындатады. Цетилпиридиний хлориді кең ауқымды микробқа қарсы әсерге ие, оның микробқа қарсы әсері грамоң бактерияларға (мысалы, Staphylococcus) қатысты ерекше айқындалған. Грамтеріс бактериялар цетилпиридиний хлоридіне орташа сезімтал, ал Pseudomonas кейбір түрлері салыстырмалы түрде сезімтал емес. Цетилпиридиний хлориді сондай-ақ зеңге қарсы әсерге (мысалы, Candida және Saccharamyces қатысты) және қабығы бар кейбір вирустарға қатысты вирусқа қарсы әсерге ие.

Бензокаин импульстің жүйке талшығы арқылы жүруін, оның ішінде ауыру импульстерін бөгейді, осылайша ауыру сезімін басады. Жүйке талшығының өткізгіштігі жүйке жасушасы жарғақшасының натрий иондарына өткізгіштігінің төмендеуі нәтижесінде бөгеледі.

Қолданылуы

Кешенді емде

  • тамақтың ауыруымен қатар жүретін ауыз қуысы мен тамақ инфекцияларында (фарингиттер, ларингиттер)

  • қызыл иек пен ауыз қуысының шырышты қабығы қабынғанда (гингивиттер, стоматиттер)

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектерге соруға арналған бір таблеткадан әрбір 2-3 сағат сайын, бірақ тәулігіне 8 таблеткадан асырмай сору ұсынылады.

Емдеу курсы 7-10 күн, суық тию симптомдары қайтқанға дейін.

Жағымсыз әсерлері

Сирек

- жүрек айнуы, құсу

- асқазан ауыруы (әсіресе ұсынылған дозадан артқы дозаны қабылдағанда)

Кейде

- аса жоғары сезімталдық реакциялары

Ауыр жағымсыз әсерлер дамыған кезде препарат қабылдауды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттерінің кез келгеніне жоғары сезімталдық

- балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Септолете® плюс ментолдың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесу жағдайлары тіркелмеген. Ауыз қуысында соруға арналған басқа антисептиктермен қабылдау ұсынылмайды.

Айрықша нұсқаулар

Соруға арналған Септолете® плюс ментол таблеткаларын тура тамақтану алдында және сүтпен бір уақытта қабылдау ұсынылмайды, өйткені бұл препараттың антисептикалық және жансыздандыратын әсерлерін төмендетуі мүмкін.

Соруға арналған таблеткаларды ауыз қуысында ашық жаралар болғанда қолдануға болмайды, өйткені цетилпиридиний хлориді жараның жазылуын баяулатады.

Температураның көтерілуімен, бас ауыруы және құсуымен қатар жүретін өте айқын инфекциялық үрдістерде, әсіресе егер денсаулық жағдайы 3 күн ішінде жақсармаса дәрігерге қаралу қажет.

Қант диабеті бар пациенттер соруға арналған әрбір таблетканың құрамында шамамен 1 г мальтитол бар екенін білулері қажет. Мальтитолдың метаболизмі үшін инсулин қажет, бірақ баяу гидролизге және асқазан-ішек жолынан сіңірілуіне байланысты оның гликемиялық индексі өте төмен. Мальтитолдың энергетикалық құндылығы (10 кДж/г немесе 2,4 ккал/г) сахарозадан қарағанда біршама төмен.

Препарат құрамында мальтитол және сұйық мальтитол болуына байланысты сирек тұқым қуалайтын фруктоза жақпаушылығы проблемалары бар пациенттерге аталған дәріні қабылдауға болмайды.

Асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарында препарат қабылдауды тоқтату керек, өйткені үлкен дозалардағы полиолдар (маннитол, малтитол) диарея туындатуы мүмкін, әсіресе балаларда.

Жүктілік және лактация кезеңі

Септолете® плюс ментолды жүкті және бала емізетін әйелдерге тағайындағанда сақ болу қажет. Өйткені Септолете® плюс ментол соруға арналған таблеткаларын жүкті әйелдерге қолдану туралы деректер шектеулі немесе жоқ, оларды жүктілік және бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе аса қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Ықпал етпейді.

Артық дозалануы

Соруға арналған бір таблетканың құрамындағы белсенді заттардың төмен концентрациясына байланысты артық дозалану мүмкіндігі төмен.

Симптомдары: жүрек айнуы, құсу және диарея.

Емі: препарат қабылдауды тоқтату керек, симптоматикалық ем.

Шығарылу түрі және қаптамасы

9 соруға арналған таблеткадан поливинилхлоридті/поливинилдихлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салады.

2 пішінді ұяшықты қаптамадан медициналық қолдану жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Түпнұсқалық қаптамасында, 25 ºС-ден аспайтын температурада, ылғал және жарықтан қорғалған жерде сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

 

Сақтау мерзімі

3 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

КРКА, д.д. Ново место, Словения

Шмарьешка 6, 8501 Ново место, Словения.

Тіркеу куәлігінің иесі

КРКА, д.д., Ново Место, Словения

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасы жөнінде шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«КРКА Казахстан» ЖШС, ҚР, 050059, Алматы қ-сы, Әл-Фараби д-лы 19,

1 б корпус, 2-ші қабат, 207 кеңсе

тел.: +7 (727) 311 08 09

факс: +7 (727) 311 08 12

info.kz@krka.biz

Прикрепленные файлы

696451131477976381_ru.doc 60 кб
201153531477977593_kz.doc 64 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники