Масло солодки

МНН: Солодки корни (Лакрица деглицирризированная)
Производитель: ФитОлеум ТОО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, применяемые при кашле и простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-3№021621
Информация о регистрации в РК: 10.04.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

Мия майы

Халықаралық патенттелменген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Майлы сығынды

Құрамы

100 г препараттың құрамында

белсенді зат – мия тамырлары 5.0 г

қосымша зат – күнбағыс майы 100.0- ге дейін

Сипаттамасы

Алтын-сары түсті өзіне тән иісі және дәмі бар майлы сұйықтық

Фармакотерапиялық тобы

Жөтел және салқын тию симптомдарын қайтаруға арналған препараттар

АТХ коды R05

Фармакологиялық қасиеттері

Препарат қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, иммунитетті көтермелейтін, жараны жазатын, антиоксидантты әсерге ие.

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

- бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде

- гастриттерде, асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруында

- тік ішектің қабынуы, геморройда

- дерматиттерде, дерматоздарда, экземада, жараларда

- ревматизм, артриттерде

- иммунитет төмендегенде

Қолдану тәсілі және дозалары

3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларға ішке – ½ шай қасықтан күніне 4 рет;

7 жастан үлкендер және ересектер – ас ішерден 15-20 минут бұрын 1 шай қасықтан күніне 4 рет. Емдеу курсы 10-14 күн.

Геморройда, сызаттарда және тік ішек қабынуларында микроклизма түрінде 10 мл-ден күніне 1 рет енгізеді (ішекті алдын ала тазалап алғаннан кейін), курс 10-20 емшарадан тұрады.

Дерматиттерде, дерматоздарда, экземада, жараларда зақымдалған жерлерге күніне 2-3 рет жағу керек. Емдеу курсы 10-14 күн.

Жағымсыз әсерлері

- сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулары

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері

Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған

Шығарылу түрі және қаптамасы

50 мл және 100 мл препарат бұрандалы мойны бар қызыл сары шыныдан жасалған фармацевтикалық қолдануға арналған шыны құтыларға құйылған. Сыйымдылығы 50 мл құтылар алғашқы ашуды бақылайтын сақинасы бар полиэтилен тамшылатқышпен және бұрандалы полипропиленді қақпақтармен тығындалған. Сыйымдылығы 100 мл құтылар алғашқы ашуды бақылайтын сақинасы бар алюминий тығындармен тығындалған.

Әр құты мемлекеттік және орыс тіліндегі медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықпен бірге қораптық картоннан жасалған қорапқа салынады.

Қолдану жөніндегі нұсқаулық мәтінін тікелей қорапқа жазуға жол беріледі.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25° С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Қолданар алдында шайқау керек!

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Алматы обл., Есік қ., Маметова к-сі, 25, тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 8 (727) 297-27-01, 8 (727) 297-29-36,

8 (72775) 7-25-18

Тіркеу куәлігінің иесі

«ФитОлеум» ЖШС, Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронды поштасы.

«ФитОлеум» ЖШС

050037, Қазақстан Республиксы, Алматы қ., Сейфуллин даңғ., 163 «а»

тел.\факс 8 (727) 297-27-00, 8 (727) 297-27-01, 8 (727) 297-29-36

e-mail: fitoleum@mail.ru www.fitoleum.kz

Прикрепленные файлы

566197671477976395_ru.doc 42.5 кб
882723381477977593_kz.doc 52 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники