Мапрофен®

МНН: Флурбипрофен
Производитель: Нобел Алматинская Фармацевтическая Фабрика АО
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Flurbiprofen
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№018933
Информация о регистрации в РК: 18.07.2019 - бессрочно

Инструкция

Саудалық атауы

МАПРОФЕН®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Флурбипрофен

Дәрілік түрі

Үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар, 100 мг

Құрамы

Бір таблетканың құрамында

белсенді зат – 100 мг флурбипрофен,

қосымша заттар: лудипресс (LCE), микрокристалды целлюлоза РН 102, натрий кроскармеллозасы, коллоидты кремнийдің қостотығы (Аэросил 200), магний стеараты,

қабықтың құрамы Opadry II Blue 85F20578: макрогол / полиэтиленгликоль 3350, титанның қостотығы, (Е 171), FD&C көк 2 / Алюминий пигменті, темірдің (III) сары тотығы (Е172), тальк, поливинилді спирт.

Сипаттамасы

Ұзынша пішінді, екі жағы дөңес және бір жағында сызығы бар, көк түсті үлбірлі қабықпен қапталған таблеткалар.

Фармакотерапиялық тобы

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Пропион қышқылының туындылары. Флурбипрофен

АТХ коды M01AE09

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Сіңуі: ішке қабылдағаннан кейін флурбипрофен асқазан-ішек жолынан (АІЖ) жылдам сіңеді, және 1.5 сағаттан кейін плазмадағы ең жоғары концентрациясына жетеді. Тамақ ішу препараттың биожетімділігіне әсер етпейді. Орташа жартылай шығарылу кезеңі 6 сағатты құрайды.

Таралуы, метаболизм және шығарылуы: флурбипрофен толық дерлік метаболизденеді және негізінен несеппен бос түрде және дәрімен байланысқан түрде (20%) және гидроксилденген метаболиттер түрінде (50%) шығарылады. Флурбипрофен плазма ақуыздарымен 99% астам шамада байланысады.

Фармакодинамикасы

Мапрофен® – қабынуға қарсы стероидты емес дәрі (ҚҚСД), фенилпропион қышқылының туындылары, ауырғанды басатын және қабынуға қарсы әсері бар. Әсер ету механизмі циклооксигеназа (ЦОГ-1 және ЦОГ-2) ферментін бөгеу есебінен простагландиндер синтезін бәсеңсітумен және шеткергі ауыру медиаторларынан келетін тін сезімталдығын тойтарумен байланысты.

Жағымсыз әсерлер даму жиілігі төмен. Жағымсыз әсерлердің көбі жеңіл және уақытша болып келеді. Бауырға, бүйрекке және қан түзетін жүйеге жағымсыз әсер туралы мәліметтер жоқ.

Қолданылуы

- бас ауыруы, тіс ауыруы, невралгияда

- ревматоидты артритте, остеоартритте,

шорбуынданатын спондилитте, жедел подагралық артритте, артралгияда,

артроздарда, люмбагода, жедел радикулитте симптоматикалық емдеуде

- хирургиялық араласулар мен жұмсақ тіндер жарақатынан кейінгі жағдайдағы (бурситтер, тендиниттер), отоларингологияда, стоматологияда ауыру мен қабыну белгілерін жеңілдетуге

Қолдану тәсілі және дозалары

Ересектер үшін ұсынылатын доза симптомдардың өткірлігіне қарай 100мг тәулігіне 1-3 рет.

Емдеу курсының ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды.

Ең жоғары бір реттік доза 100 мг.

Ең жоғары тәуліктік доза 300 мг.

Жағымсыз әсерлері

- диспепсия, қыжыл, жүрек айнуы, құсу, диарея, іш қату

- ҚҚСД -гастропатия, абдоминальді ауырулар, дене салмағының өзгеруі,

бауыр функциясының бұзылуы

- асқазан-ішек жолы шырышты қабығының ойылуы,

қан кету (асқазан-ішектік, геморроидалдық, қызыл иектен),

холестатикалық сарғаю (үлкен дозаларда ұзақ уақыт қолданғанда)

-бас ауыруы, бас айналуы, құлақтағы шуыл, ұйқышылдық немесе ұйқысыздық, астения, депрессия, амнезия, тремор, қозу

- гематурия, тубулоинтерстициальді нефрит, ісіну синдромы, бүйрек функциясының бұзылуы

- АҚ жоғарылауы, тахикардия, жүрек жеткіліксіздігі

-тері бөртпесі, қышыма, есекжем, бронхтүйілуі, фотосенсибилизация,

Квинке ісінуі, анафилактикалық шок

- көру бұзылыстары, ринит

- естудің төмендеуі

- тершеңдіктің күшеюі

Сирек

- анемия (темір тапшылық, гемолитикалық, апластикалық),

агранулоцитоз, лейкопения, тромбоцитопения

- атаксия, парестезиялар, сананың бұзылуы

Жекелеген жағдайларда

- бүйрек жеткіліксіздігі

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- флурбипрофенге жоғары сезімталдық

- сыртартқысында флурбипрофен, аспирин немесе басқа да ҚҚСД қабылдауға жауап ретіндегі асқын сезімталдық реакциялары (бронхиалды демікпе, ринит, есекжем) бар емделушілер

- асқазан-ішек жолының эрозиялық-ойық жаралы зақымдануы

- артериялық гипертензия, жүрек жеткіліксіздігі

- созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

- балалық және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдік жас

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Мапрофенді® фуросемид сияқты диуретикалық препараттармен пайдаланғанда диуретикалық әсерін төмендетуі мүмкін.

Басқа да ҚҚСД сияқты Мапрофенді® қан кету дамуы қатерінің мүмкіндігіне байланысты антикоагулянттар қабылдайтын емделушілерге сақтықпен тағайындайды. Кортикостероидтармен қоса қолданғанда асқазан-ішек қан кету қатері ұлғаяды.

Мапрофен® және аспиринді бір уақытта қолданғанда флурбипрофен концентрациясының төмендегені белгіленді. Сондықтан бұл екі препаратты біріктіруге болмайды.

Бірге қолданғанда гипотензивті препараттардың әсері төмендейді.

Бірге пайдаланғанда жүрек гликозидтерінің уыттылығы жоғарылауы мүмкін.

Литийдің, метотрексаттың шығарылуы азаюы мүмкін.

Мапрофенді® циклоспоринмен бірге қолданғанда соңғысының нефроуыттылығы күшеюі мүмкін.

Бауырдағы микросомальді тотығу индукторлары (фенитоин, этанол, барбитураттар, рифампицин, фенилбутазон, үшциклдық антидепрессанттар) гидроксилденген белсенді метаболиттер өнімін ұлғайтады.

Мапрофен® бір уақытта қолданғанда урикозуриялық препараттардың тиімділігін төмендетеді, антикоагулянттардың (қан кету қатерін ұлғайтады), антиагреганттардың, фибринолитиктердің әсерін, минералокортикоидтардың, эстрогендердің жағымсыз әсерлерін күшейтеді; сульфонилмочевина туындыларының гипогликемиялық тиімділігін күшейтеді.

Ранитидин – препараттың плазмадағы концентрациясын төмендетеді.

Антацидтар және колестирамин флурбипрофеннің сіңуін азайтады.

Айрықша нұсқаулар

ҚҚСД ұзақ уақыт қабылдаушы емделушілер ас қорыту жүйесі тарапынан жағымсыз әсерлерді болдырмас үшін мұқият зерттелуі тиіс.

Мапрофенді® басқа да ҚҚСД сияқты бауыр, бүйрек және АІЖ аурулары бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды.

Ісіну және сұйық іркілісі қатеріне байланысты Мапрофенді® жүрек жеткіліксіздігі, артериялық гипертония және басқа да аурулары бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды.

Мапрофен® қан кету уақытын ұзартуы мүмкін, сондықтан патологиялық қан кету қатері бар емделушілерге сақтықпен тағайындайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Жоғары назар аударуды және психомоторлы реакциялардың шапшаңдығын талап ететін автокөлік жүргізуде және басқа да қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналысуда сақтық жасау қажет.

Артық дозалануы

Флурбипрофенге қарсы арнайы у қайтарғы жоқ.

Симптомдары: тыныс алудың бұзылуы, жүрек айнуы, эпигастральді аумақтың ауыруы, бас ауыруы, бас айналуы.

Емі: асқазанды шаю және симптоматикалық емдеу.

Шығарылу түрі және қаптамасы

5 таблеткадан мөлдір ПВХ/ПЭ/ПВДХ/ үлбірден және баспалы алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамаға салынған.

2, 3, 4 немесе 6 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге өндіруші - фирманың голограммасы бар картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

3 жыл

Қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Алматы қ., Шевченко көшесі 162 Е.

Тіркеу куәлігінің иесі

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Нобел Алматы Фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Шевченко көшесі 162 Е.

Телефон нөмірі: (+7 727) 399-50-50

Факс нөмірі: (+7 727) 399-60-60

Электронды поштасы nobel@nobel.kz

 

Прикрепленные файлы

811106261477976530_ru.doc 68.5 кб
089431211477977690_kz.doc 63 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники