Лакто-G®

Производитель: GM Pharmaceuticals Ltd., PSP group в сотрудничестве с UAS Laboratories (США)
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Препараты, содержащие микроорганизмы, продуцирующие молочную кислоту
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014532
Информация о регистрации в РК: 22.10.2020 - 22.10.2030

Инструкция

Саудалық атауы

Лакто-G®

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Капсулалар

Құрамы

Бір капсуланың құрамында

белсенді заттар: Lactobacillus acidophilus

Bifidobacterium longum

Bifidobacterium bifidum

Bifidobacterium infantis

Бактериялардың жалпы мөлшері 5 х 109КТБ кем емес,

қосымша заттар: фруктоолигосахаридтер, күріш мальтодекстрині, капсула қабығы мен қақпағының құрамы: полисахаридтер.

Сипаттамасы

Мөлдір корпусы мен қақпағы бар, өлшемі № 0, қатты полисахаридті капсулалар.

Капсуланың ішіндегісі – сарғыштау теңбілдері бар ақ ұнтақ.

Фармакотерапиялық тобы

Диареяға қарсы препараттар. Диареяға қарсы микроорганизмдер. Сүт қышқылдарын өндіретін микроорганизмдер.

АТХ коды А07FА01

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Препараттың фармакокинетикалық зерттеулерін жүргізу мүмкіндігі болмаған.

Фармакодинамикасы

Препараттың құрамына кіретін сүт қышқылды бактериялар ішек микрофлорасының физиологиялыық тепе-теңдігін демейді әрі қалпына келтіреді. Бифидобактериялар мен лактобациллалар сүт және сірке қышқылын өндіре отырып, патогенді микроорганизмдер көбеюі мен тіршілік етуіне жағымсыз жағдайлар жасайды; ас қорыту және витаминдер (В1, В2, В3, В6 В12, Н, РР, фолий қышқылы, К және Е), синтезіне қатысады, электролитті теңгерімді, ақуыздар, фосфолипидтер, өт және майлы қышқылдар, билирубин, холестерин алмасуын реттейді.

Табиғи полисахаридтер – фруктоолигосахаридтер, ішек бактериялары –эубиотиктердің көбеюіне, колония түзуіне және тіршілік етуіне жақсы жағдай жасайды. Фруктоолигосахаридтер ас қорытатын қышқылдардың әсерімен ыдырамайды және өзгермеген түрде ішектің төменгі бөлігіне түседі.

Қолданылуы

Мыналармен қатар жүретін патологиялық жағдайлардың алдын алу және емдеуде:

- ересектер мен балаларда антибиотиктермен және басқа да химиотерапиялық дәрілермен емдеген уақытта туындайтын дисбактериозбен

- диарея, метеоризм, іш қатумен

Қолдану тәсілі және дозалары

2 жасқа дейінгі балаларға тамақтануға дейін тәулігіне 1 капсуладан тағайындайды. Капсуланың ішіндегісін сұйықтықтың аздаған мөлшерімен (шырын, қант салынған су) еріту керек.

2-12 жасқа дейінгі балаларға тамақтануға дейін тәулігіне 1-2 капсуладан сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішуге тағайындайды. Егер бала капсуланы жұта алмайтын болса, онда 2 жасқа дейінгі балаларға тағайындағандай етіп ішкізу керек.

Ересектер мен 12 жастан асқан балаларға тамақтануға дейін сұйықтықтың аздаған мөлшерімен ішуге тәулігіне 2-3 капсуладан тағайындайды.

Емдеудің ұзақтығы дисбактериоз дамуының себептеріне және организмнің жеке ерекшеліктеріне байланысты. Әдетте емдеу курсы 2-4 аптаға созылады.

Жағымсыз әсерлері

Препаратты науқастар жақсы көтереді, ұсынылған доза қабылдаған кезде жағымсыз әсерлері анықталмаған.

- аллергиялық реакциялар болуы мүмкін

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Лакто-G басқа да препараттармен жағымсыз өзара әрекеттесуі байқалмаған. Басқа антибиотиктермен және химиотерапиялық препараттармен үйлесімді.

Айрықша нұсқаулар

Препаратты қолданған кезде алкоголь қабылдауға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Жүктілік және лактация кезеңінде Лакто-G препаратын қолдану қажет болғанда көрсетілімдер бойынша қабылдануы мүмкін.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Арнайы нұсқауы жоқ.

Артық дозалануы

Артық дозалану симптомдары сипатталмаған.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

10 капсуладан поливинилхлоридті үлбірден және баспалы лакталған алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада.

1 пішінді қаптамадан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тіліндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 10 - 25° С температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Жарамдылық мерзімі өткен препаратты пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

«GM Pharmaceuticals Ltd.», PSP group, Грузия

Тбилиси қ.

Квемо Поничала к-сі 65

Ынтымақтастықта

«UAS Laboratories» (АҚШ) бірге

Тіркеу куәлігінің иесі

GM Pharmaceuticals Ltd.

Грузия. Тбилиси қ., Квемо Поничала к-сі 65

Тел.: +995 32 2404801/02; Факс: +995 32 2404803

Қаптаушы

«GM Pharmaceuticals Ltd.», Грузия

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

ҚР-дағы өкілі Алматы қ., Қазыбек би к-сі, №125 үй, 198 пәтер

телефон + 7(727) 385 22 57, + 7 (707) 723 27 72

Электронды поштасы: mss001@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

877094761477976532_ru.doc 54 кб
053366881477977700_kz.doc 58.5 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники