Кемокарб (450мг/45мл)

МНН: Карбоплатин
Производитель: Fresenius Kabi Oncology Limited
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Carboplatin
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№013065
Информация о регистрации в РК: 24.12.2014 - 24.12.2019
Республиканский центр развития здравоохранения
КНФ (ЛС включено в Казахстанский национальный формуляр лекарственных средств)
Предельная цена закупа в РК: 13 518.2 KZT

Инструкция

Саудалық атауы

Кемокарб

Халықаралық патенттелмеген атауы

Карбоплатин

Дәрілік түрі

Инъекцияға арналған ерітінді, 150 мг/15 мл және 450 мг/45 мл

Құрамы

Бір мл ерітіндінің құрамында

белсенді зат - 10.46 1 мг карбоплатин,

қосымша заттар: натрий гидроксиді, лимон қышқылының моногидраты, инъекцияға арналған су.

1 – Сусыз затқа шаққанда және 2% артық екендігін ескергенде 10 мг карбоплатинге баламалы

Сипаттамасы

Механикалық қоспалардан бос, түссізден бозғылт-сары түске дейінгі мөлдір ерітінді.

Фармакотерапиялық тобы

Ісікке қарсы препараттар. Ісікке қарсы басқа да препараттар. Құрамында платина бар препараттар. Карбоплатин.

АТX коды L01XA02

 

Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Карбоплатин гидролиз жолымен өзгеріске ұшырап, ДНҚ-мен өзара байланыс жасайтын белсенді қосылыстар түзеді.

Көктамыр ішіне енгізгеннен кейін қан плазмасындағы карбаплатиннің концентрациясы екі фазалы кинетикаға сәйкес өзгереді. Креатинин клиренсі минутына кем дегенде 60 мл науқастарға 300-500 мг/м2 дозаны енгізгенде альфа-кезеңде және бета-кезеңде қан плазмасындағы концентрацияға, сәйкесінше 1,6 және 3,0 сағатта жетеді.

Карбоплатиннің қан плазмасында болу уақыты орта есеппен 3,5 сағатты құрайды. Қан плазмасында карбоплатин молекуласы құрамындағы платинаның концентрациясы бос платинаның концентрациясынан артық болады. Карбоплатин қан плазмасы ақуыздарымен байланысады және организмнен, негізінен, бүйрек арқылы баяу шығарылады. Жартылай шығарылу кезеңі кем дегенде 5 күнді құрайды. Креатинин клиренсі минутына кемінде 60 мл болатын науқастарда енгізілген дозаның 70-ға жуығы несеппен бірге 12-16 сағаттан кейін шығарылады. Тәуліктік несепте платина карбоплатин құрамында болады, және де енгізілген дозаның тек 3-тен 5-ға дейіні ғана несеппен бірге 24-96 сағаттан кейін шығарылады.

Креатинин клиренсі төмендеген кезде карбоплатиннің бүйректік клиренсі де төмендейді. Сондықтан креатинин клиренсі минутына 60 мл-ден төмен болған кезде науқастарға берілетін препарат дозасы азайтылуға тиіс.

Фармакодинамикасы

Карбоплатин – алкилдеуші әсері бар ісікке қарсы препарат, платина туындысы. Карбоплатин құрамында ауыр металл – платина бар органикалық емес кешенді қосылыс. Осы препараттың негізгі әсер ету механизмі ДНҚ-мен байланысуымен жүзеге асырылады, соның нәтижесінде көбіне спиралішілік тігістер түзіледі, олар ДНҚ құрылымын өзгертіп, оның синтезін басады деп болжам жасалады. Бұл әсер жасушалық цикл фазаларынан байланыссыз көрініс береді. Нәтижесінде препараттың белсенді түрі түзілетін карбоплатин гидратациясы цисплатиннің гидратациясынан баяуырақ жүреді.

Қолданылуы

- бекітілген басқа да химиялық емдеу препараттарымен белгілі біріктірілімде аналық без обырының кеш сатыларының бастапқы емі үшін. Белгіленген бір режимі карбоплатин мен циклофосфамидтің біріктірілімінен тұрады.

- химиялық емдеуден кейін аналық без обыры қайталанған науқастарды, соның ішінде бұрын цисплатин қабылдаған емделушілерді паллиативті емдеу үшін аналық без обырының кеш сатыларын екінші қайтара емдеуде. Бұрын цисплатин қабылдаған, цисплатинмен емдегенде ауруы үдеген емделушілер тобында реакция жылдамдығының кемуі орын алуы мүмкін.

Қолдану тәсілі және дозалары

Препаратты дайындау және енгізу үшін құрамында алюминий бар инелерді, еккіштерді, катетерлерді және инфузиялық жүйелерді қолданбаған жөн, ол карбоплатинмен реакцияға түсіп, шөгіндінің түзілуіне немесе препарат белсенділігінің жойылуына әкеп соғуы мүмкін.

Кемокарб монотерапия түрінде де, сондай-ақ ісікке қарсы басқа препараттармен де қолданылуы мүмкін. Әрбір жекелеген жағдайда дозаны және режимді таңдағанда арнайы әдебиеттерді пайдаланған жөн.

Монотерапия

Аналық без обыры қайталанатын емделушілерде әрбір 4 апта сайын 1-ші күні 360 мг/м2 дозада көктамыр ішіне енгізудің тиімділігі көрінді (баламасын Дозалау формуласынан қараңыз). Емдеу курсы мұның алдындағы курстан кейін 4 апта аралықпен және/немесе қанда нейтрофилдер саны кемінде 2000/мкл және тромбоциттер саны, ең болмағанда, кемінде 100000/мкл болғанша қайталануы тиіс.

Циклофосфамидпен біріктірілген ем

Аналық без обырын химиялық емдеуде бұрын емделмеген емделушілер үшін тиімді біріктірілім мыналардан тұрады:

Карбоплатин – 300 мг/м² 6 цикл бойы әрбір 4 апта сайын 1-ші күні көктамыр ішіне (баламасын Дозалау формуласынан қараңыз). Циклофосфамид (600 мг/м²) 6 цикл бойы әрбір 4 апта сайын 1-ші күні көктамыр ішіне. Циклофосфамидті тағайындауға және пайдалануға қатыстыны тиісті нұсқаулықтан қараған жөн.

Карбоплатинді циклофосфамидпен біріктіріп емдеу курсын қандағы нейтрофилдер саны кемінде 2000/мкл және тромбоциттер саны, ең болмағанда, кемінде 100000/мкл болғанша қайталамаған жөн.

Дозаны түзету жөніндегі нұсқаулар

Бұрын емделген және емделмеген, аналық без обыры бар емделушілерде монотерапияда және біріктірілген емде дозаны түзету кестеде көрсетілген.

Тромбоциттер

Нейтрофилдер

Түзетілген доза ٭ (мұның алдындағы курс негізінде)

>100,000

>2000

125%

50,000-100,000

500-2000

түзетілмейді

<50,000

<500

75%

٭- пайыздар монотерапия түріндегі карбоплатинге немесе біріктірілген карбоплатин мен циклофосфамидке қатысты. Бақыланатын клиникалық зерттеулерде дозалар ауыр миелосупрессияда төменірек деңгейде (50 - 60%) түзетілді. 125%-дан астам эскалацияға ұсыныс жасалған жоқ.

Препарат көктамыр ішіне 15 минут және одан астам уақыт бойы тамшылатып енгізіледі.

Инфузия үшін ерітінді дайындау тәртібі

Препаратты енгізер алдында 5% декстроза ерітіндісімен немесе 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен 0,5 мг/мл концентрацияға дейін сұйылтады.

Сақтандыру шаралары! Карбоплатинмен жұмыс жасағанда препаратпен дем алуға немесе оның теріге тиіп кетуіне жол бермеген жөн.

Кемокарбты қолданғанға дейін және кейін сұйықтықты енгізу, сондай-ақ жеделдетілген диурез қажет емес.

Сүйек кемігінің немесе бүйрек функциясының жағдайына байланысты, Кемокарбтың емдік дозасы былайша түзетілуі мүмкін:

  • қауіп факторы бар, мысалы, миелосупрессивті ем жүргізгеннен кейін немесе функциялық статусы төмен болған кезде (ECOG-Zubrod 2-4 немесе Карновский бойынша көрсеткіші 80-дан төмен) бастапқы доза 20-25-ға төмендетілуге тиіс.

  • 65 жастан асқан науқастарда бастапқы және кейінгі дозаларды түзету қажет етілуі мүмкін.

  • тромбоциттер және нейтрофильдер саны 50000 және 500/мм3-ден (сәйкесінше) аз емделушілер үшін дозаны – монотерапия жағдайында да, сонымен қатар біріктіріп емдеу үлгілерінде де 25-ға төмендету мүмкіндігін қарастырған жөн.

Бүйрек функциясы бұзылған (креатинин клиренсі минутына 60 мл-ден кем) науқастарда, ауыр миелосупрессияның даму қаупінің артуына байланысты, кемокарб дозасын келесі үлгіде төмендетеді:

Бастапқы креатинин клиренсі

Кемокарбтың ұсынылатын дозасы

минутына 41-59 мл

250 мг/м2

минутына 16-40 мл

200 мг/м2

Бүйрек функциясының ауыр бұзылулары бар (КК минутына 15 мл-ден төмен) емделушілер үшін жеткілікті деректер шектеулі, сондықтан емделушілердің осы тобында Кемокарбты қолдануға болмайды.

Дозалау жөнінде жоғарыда келтірілген барлық нұсқаулар емдеудің бастапқы курсына жатады. Кейінгі дозаларды препараттың науқасқа жағымдылығына және миелосупрессияның дамуына байланысты түзеткен жөн.

Дозаларды формула бойынша анықтау

Препараттың миллиграммен өлшенген бастапқы дозасын гломерулярлы сүзілу жылдамдығының (ГСЖ мл/мин) мәніне байланысты сипатталған Калверт формуласы бойынша және препараттың қажетті концентрациясын уақытқа байланысты анықтауға болады:

жалпы доза (мг) = AUC х (ГСЖ + 25)

Калверт формуласында карбоплатиннің жалпы дозасы мг/м² емес, мг-мен есептеледі.

Бір карбоплатинді пайдаланумен минутына 4-тен 6 мг/мл-ге дейінгі мақсатты AUC бұған дейін емделген емделушілердегі дозалардың көбірек сәйкес келетін ауқымын қамтамасыз етеді. Бұрын емделген емделушілерге енгізілген Карбоплатинмен монотерапияда AUC және уыттылықтың даму мүмкіндігі арасында тенденция көрінді.

AUC/мг/мл/мин

Алдын ала емделген емделушілерде жедел уыттылық %-ы

 

Gr3 немесе Gr4 Gr3 немесе Gr4

тромбоцитопения лейкопения

4-тен 5-ке дейін

6-дан 7-ге дейін

16% 13%

33% 34%

Жағымсыз әсерлері

- сүйек кемігі функциясының басылуы (тромбоцитопения, нейтропения, лейкопения, анемия)

- жүректің айнуы, құсу, стоматит, диарея немесе іш қатулар, абдоминальді ауырулар, тәбеттің нашарлауы

-бауыр функциясының бұзылуы (қан сарысуындағы АСТ, билирубин және сілтілік фосфатаза концентрацияларының жоғарылауы)

- астения, шеткергі полинейропатия (парестезия, тереңдегі сіңір рефлекстерінің төмендеуі), цереброваскулярлы бұзылулар

- көру жітілігінің (көрудің толық жоғалуына немесе түрлі түсті айыру қабілетінің жоғалуы) және естудің нашарлауы, құлақтың шыңылдауы, отоуыттылық, дәмнің өзгеруі

- қан сарысуында креатинин және мочевина концентрациясының жоғарылауы

- жұқпалар

- қан кету

- гематурия

- орталық нейроуыттылық

- ауыру

- азооспермия, аменорея

- гипокалиемия, гипокальциемия, гипонатриемия және гипомагниемия

- эритематозды бөртпе, қызба, қышыну, есекжем, бөртпе, бронхтың түйілуі

- артериялық гипотензия, анафилактоидтық реакциялар

- гемолитикалық-уремиялық синдром

- нефроуыттылық

- тұмауға ұқсас симптомдар (температураның жоғарылауы, қызба)

- миалгия, артралгия

- жүрек функциясының жеткіліксіздігі, эмболия, инсульт (соның ішінде өліммен аяқталатын)

- алопеция

Сирек

- эксфолиативті дерматит

- сусыздану

- дімкәстік

- анорексия

- артериялық гипертензия

- мукозит

- инъекция жасалған жерде реакциялар: қызару, ісіну, ауыру, экстравазациямен байланысты некроз

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- карбоплатинге немесе құрамында платина бар басқа қосылыстарға жоғары сезімталдық

- бүйрек функциясының айқын бұзылулары (креатинин клиренсі минутына 15 мл-ге тең немесе төмен)

- айқын миелосупрессия

- мол қан кетулер, соның ішінде сыртартқыда

- жүктілік және лактация кезеңі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Карбоплатинді басқа миелосупрессивті препараттармен немесе сәуле емімен біріктіріп қолдану гематологиялық уыттылықтың пайда болу қаупін арттыруы мүмкін.

Карбоплатинді аминогликозидтермен, сондай-ақ нефроуытты препараттармен бірге қолдану нефроуытты және/немесе отоуытты әсерлердің пайда болу қаупін арттырады

Айрықша нұсқаулар

Кемокарбпен емдеуді цитоуыттық препараттарды қолдану тәжірибесі бар дәрігердің бақылауымен жүзеге асырған жөн.

Сүйек кемігінің тежелуі (лейкопения, нейтропения, тромбоцитопения) дозаға тәуелді, сондай-ақ карбоплатиннің дозасын шектейтін уытты фактор болып табылады.

Карбоплатинмен емдеу кезінде, және уыттылық жағдайында шеткергі қан көрсеткіштерін, қашан қалпына келгенше, жиі бақылап отырған жөн. Қанның пішінді элементтері бір карбоплатинді қабылдаған емделушілерде 21-ші күні және карбоплатинді басқа химиялық емдеу агенттерімен біріктіріп қабылдаған емделушілерде 15-ші күні орташа азаяды. Жалпы алғанда, карбоплатинмен емдеу курсы лейкоциттер, нейтрофилдер және тромбоциттер мөлшері қалыпты мәндеріне оралмайынша қайталанбауы тиіс. Анемия жинақталатын болғандықтан, әсіресе ұзақ емделіп жүрген емделушілер карбоплатинмен емделу кезінде қан құюды қажет етуі мүмкін.

Бұрын химиялық ем қабылдаған емделушілерде, әсіресе цисплатин жағдайында, сүйек кемігінің супрессиясы жоғарылайды. Бүйрек функциясы бұзылған емделушілерде сүйек кемігі функциясының бәсеңдеуі де ұлғаяды. Осы емделушілерде карбоплатиннің бастапқы дозасы тиісінше азайтылуы тиіс. Гематологиялық бақылауды жүйелі жүргізе отырып, препараттың жағымсыз әсерлерін тиянақты бақылаған жөн. Карбоплатинді сүйек кемігінің функциясын бәсеңдететін басқа препараттармен бірге пайдалануды, жинақталу әсерін барынша ең төменге жеткізу үшін, дозасын және мерзімін тиянақты реттеп отырған жөн.

Карбоплатиннің нефроуыттылығы шектеулі, бірақ аминогликозидтермен қатар емдеу нефроуыттылыққа әкеп соқты, сондықтан емделуші екі препаратты да қабылдаған кезде сақтық танытуы қажет. Есту қабілетінің клиникалық тұрғыдан маңызды жоғалуы карбоплатинді басқа отоуытты дәрілермен бірге ұсынылған кездегіге қарағанда жоғарырақ дозаларда енгізген кезде пайда болады.

Карбоплатин құстыруы мүмкін, ол бұрын емделген емделушілерде ауырлау болуы мүмкін. Құсудың жиілігі және қарқындылығы антиэметиктермен премедикация жәрдемімен тоқтатылды. Көктамырішілік енгізу ұзақтығын 24 сағатқа дейін ұзарту немесе жалпы дозаны бірінен кейін бірі келетін 5 күнге бөлу осы жағымсыз әсердің жиілігін және қарқындылығын төмендетті. Құсу көріністерінің жиілігі 65 жастан асқан емделушілерде және бұрын цисплатин қабылдаған емделушілерде жоғарылайды. Индукцияланған нейроуыттылықтың тұрақтануы немесе төмендеуі карбоплатинді екінші қайтара ем ретінде қабылдаған емделушілердің шамамен 70%-да байқалды.

Карбоплатинді нұсқаулықта ұсынылғаннан жоғары дозаларда қолданғаннан кейін көру қабілетінің жарық пен түрлі түс үшін толық жоғалуы жөнінде мәлімделді. Емдеуді тоқтатқаннан кейін бірнеше апта ішінде көру толық немесе елеулі дәрежеде қалпына келеді.

Платинаның басқа үйлестірілген қосылыстарымен жағдайындағы сияқты, карбоплатинге аллергиялық реакциялар жөнінде мәлімделді. Бұл реакциялар енгізгеннен кейін бірнеше минут ішінде болуы мүмкін және тиісті демеуші ем шараларын қажет етеді. Бұрын платинамен емдеудің әсеріне ұшыраған емделушілерде, анафилаксияны қоса, аллергиялық реакциялардың даму қаупі жоғары.

Карбоплатиннің жоғары дозалары (монотерапия үшін ұсынылатын дозадан 4 еседен астам артық) бауырға жүргізілген функциональді талдауларда ауыр ауытқулардың орын алуына әкелді.

Шеткергі қанның пішінді элементтеріне және бүйрек функциясының көрсеткіштеріне және бауыр функциясының көрсеткіштеріне (өте сезімталдау көрсеткіш креатинин клиренсі болып табылады) үнемі (аптасына 1 рет) бақылау жүргізген жөн.

Табиғаты вирустық, зеңдік немесе бактериялық жедел жұқпалы ауруларда (соның ішінде желшешекте, белдеулі теміреткіде), есту нашарлағанда, асцитте немесе экссудативті плевритте; сүйек кемігінде қанның түзілуі төмендегенде (соның ішінде сәуле- немесе химиялық емдеу қатар жүргізілгенде) сақтықпен тағайындайды.

Препаратты дайындау және енгізу үшін құрамында алюминий бар инелерді, еккіштерді, катетерлерді және инфузиялық жүйелерді қолданбаған жөн, ол карбоплатинмен реакцияға түсіп, шөгіндінің түзілуіне немесе препарат белсенділігінің жойылуына әкеп соғуы мүмкін.

Қызба, жұқпалы аурулар, сепсис/сепсистік шок және қан кету сияқты клиникалық асқынулар да болуы мүмкін.

Әсіресе бұрын цисплатинмен емделген емделушілерде және 65 жастан асқан емделушілерде мерзім сайын неврологиялық тексерулер жүргізуге ұсыныс жасалады. Препаратпен ұзақ емделу кумулятивті отоуыттылыққа әкеп соғуы мүмкін.

Кемокарб кумулятивті отоуытты әсерді тудыруы мүмкін болғандықтан, емделушілерге емді бастағанға дейін және емделу барысында аудиографиялық зерттеу жүргізу керек. Есту функциясында клиникалық тұрғыдан елеулі бұзылулар болған жағдайда препарат дозасын тиісінше өзгерту немесе емдеуді тоқтату қажет болуы мүмкін.

Тұрғындардың арнайы топтарында пайдаланылуы

Балаларда пайдаланылуы:

Педиатриялық науқастарда қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталған жоқ.

Егде жастағыларда пайдаланылуы

Қауіпсіздік көзқарасы тұрғысынан, карбоплатин қабылдаған егде жастағы емделушілер, жас емделушілерге қарағанда, ауыр тромбоцитопенияның дамуына бейімдірек. Клиникалық тәжірибе жөнінде басқа да мәлімдемелерде егде жастағы және жас емделушілердің жауаптарында айырмашылықтар байқалған жоқ, бірақ жасы үлкен кейбір адамдарда жоғары сезімталдықты жоққа шығару мүмкін емес. Бүйрек функциясы егде жастағы адамдарда жиі төмендейтін болғандықтан, карбоплатин дозасын таңдағанда бүйрек функциясын ескерген жөн.

Кемокарбты қолданғанда цитоуытты препараттарды қолдануға арналған әдеттегі нұсқаулар сақталуы тиіс.

Жүктілік

Карбоплатинді жүкті әйелдерге енгізгенде ұрықты зақымдауы мүмкін. Егеуқұйрықтарда эмбриоуыттық және тератогендік әсер көрінді. Жүкті әйелдерде талапқа сай және жақсы бақыланатын зерттеулер жүргізілген жоқ. Егер жүктілік препаратты қабылдау кезінде басталса, емделуші әйел мұның ұрық үшін потенциальді қаупіне қатысты хабардар болуы тиіс. Бала көтере алатын жастағы әйелдер жүктіліктің басталғанын алдын ала ескерту қажеттілігінен хабардар болуы тиіс.

Әйелдер және еркектер Кемокарбпен емделу кезінде контрацепцияның сенімді тәсілдерін пайдаланғаны жөн.

Лактация кезеңі

Карбоплатиннің ана сүтіне бөлінетін-бөлінбейтіні белгісіз. Анасын емдегенде емшек еметін нәрестелерде карбоплатинге қатысты уыттану ықтималдығы бар, егер анасы карбоплатин қолданса, бала емізуді тоқтатуға ұсыныс жасалады. Баланы емізгенде карбоплатинді қолдану салдарынан ауыр жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін, сондықтан анаға препаратты қолданудың маңыздылығына байланысты, емізуді тоқтату, немесе препарат қолдануды тоқтату жөнінде шешім қабылдау қажет.

Автокөлікті және басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне дәрілік препараттың ықпал ету ерекшеліктері

Дәрілік препараттың жағымсыз әсерлерін ескеріп, автокөлікті және басқа да қауіпті механизмдерді басқаруды тоқтата тұрған жөн.

Артық дозалануы

Симптомдары: жағымсыз әсерлердің күшеюі. Артық дозаланудың күтілетін зардаптары миелосупрессияны, сондай-ақ бауыр функциясының бұзылуларын қамтиды.

Емі: симптоматикалық. Кемокарб артық дозаланған жағдайда қолданылатын арнайы у қайтарғылар белгісіз. Препаратты енгізгеннен кейін алғашқы 3 сағатта гемодиализ қолданылуы мүмкін.

Шығарылу түрі және қаптамасы

Фторлы резеңке тығындармен тығындалған және алюминий қалпақшалармен қаусырылған, сыйымдылығы сәйкесінше 15 мл және 50 мл, І класты гидролитикалық янтарь шыны құтыларға препарат 15 мл-ден және 45 мл-ден құйылған.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөнінде мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 15 °С-ден 25 °C-ге дейінгі температурада сақтау керек. Мұздатып қатыруға болмайды.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл

Препаратты қаптамасында көрсетілген жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы

Өндіруші

Fresenius Kabi Oncology Limited, Үндістан

19, Индастриал Эреа, Бадди, Солан ауданы, (Х.П.) -173 205

Тіркеу куәлігінің иесі

Fresenius Kabi Oncology Limited, Үндістан.

19, Индастриал Эреа, Бадди, Солан ауданы, (Х.П.) -173 205

Тұтынушылардан өнім сапасы жөніндегі шағымдарды Қазақстан Республикасы аумағында қабылдайтын ұйымның мекенжайы:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жібек жолы к-сі 76,

тел: +7 (727) 250-93-44; +7 (727) 273-24-83;

Email: kazbiotech@mail.ru

Прикрепленные файлы

820505301477976574_ru.doc 90 кб
788065351477977736_kz.doc 109 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники