Бальзам Золотая звезда мазь (4 г) (OTHER COLD COMBINATION PREPARATIONS)

МНН: Камфора, Левоментол, Масло гвоздичное, Масло корицы, Мятное масло, Эвкалипта прутовидного листьев масло
Производитель: Данафа Фармасьютикал Джойнт Сток Компани
Анатомо-терапевтическо-химическая классификация: Другие комбинированные препараты, применяемые при простудных заболеваниях
Номер регистрации в РК: № РК-ЛС-5№014931
Информация о регистрации в РК: 20.03.2015 - 20.03.2020
Номер регистрации в РБ: 11178/22
Информация о регистрации в РБ: 19.10.2022 - 19.10.2027

Инструкция

Саудалық атауы

Золотая звезда Бальзамы

Халықаралық патенттелмеген атауы

Жоқ

Дәрілік түрі

Сыртқа қолдануға арналған жақпамай

Құрамы

4 г жақпамайдың құрамында

белсенді заттар: ментол 0,164 г

камфора 1,032 г

жалбыз майы 0,5 г

эвкалипт майы 0,352 г

қалампыр майы 0,036 г

даршын майы 0,056 г,

қосымша заттар: ара балауызы, парафин, сусыз ланолин, вазелин, вазелин майы.

Сипаттамасы

Эфир майының иісі бар қоңыр-сары түсті жақпамай.

Фармакотерапиялық тобы

Суық тию симптомдарын және жөтелді кетіруге арналған препараттар. Суық тию симптомдарын кетіруге арналған препараттардың басқа да біріктірілімдері.

АТХ коды R05Х

Фармакологиялық қасиеттері

Препараттың жергілікті-тітіркендіретін, аулақтататын және антисептикалық әсері бар.

Ментол жергілікті анестетик қасиетін байқатады (әсіресе камфорамен біріктіргенде), бас ауыруын басу үшін, созылуларда және т.б. Ментолдың тері рецепторларына салқындатушы әсері тітіркену мен қышынуды азайтуға мүмкіндік береді, мысалы, аллергия және күйіктер кезінде.

Камфора жергілікті тітіркендіретін және анальгетик қасиеттерін байқатады, жеңіл анестетик, қышынуға қарсы және аулақтататын (фиброзитте, невралгияда...) дәрі ретінде пайдаланылады.

Қалампыр майы антисептикалық әсер береді және жұқпадан қорғайды.

Даршын майының жоғарғы тыныс алу жолдары ауруларын емдегенде антисептикалық әсері бар.

Жалбыз майының сергітуші, антисептикалық және ауыруды басатын қасиеттері бар. Суық тию және тұмау, тыныс алу жолдарының қабынуы, жөтел, бронхит, мұрынның бітелуі және тыныс алу жолдарының тітіркенуі кезінде, сондай-ақ терінің қабыну жағдайлары мен оның тітіркенулерінде күшті антисептик ретінде қолданылады. Бас ауыруын бәсеңдетеді және көптеген жәндіктерді жақындатпайды. Организмнің қарсыласуын жоғарлатады.

Эвкалипт майы антисептикалық қасиетін танытады. Ең алдымен бактерияларға және вирустарға қарсы әсер етеді. Тыныс алу жолдарының жұқпаларын, жөтелді, бронхитті, қуыстар қабынуларын, мұрын бітелуін емдеуде пайдаланылады. Қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер береді.

Қолданылуы

Препараттың жергілікті - тітіркендіретін, аулақтататын және антисептикалық әсері бар. Кешенді емдеуде симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады.

- жедел респираторлық ауруларда

- тұмауда

- бас ауыруында, бас айналуында

- ринитте

- жәндіктер шаққанда

Қолдану тәсілі және дозалары

Сыртқа. Бас ауырғанда және бас айналғанда жақпамайды самай және шүйде тұсының терісіне ысқылап жағады. Ринитте, ЖРА – бальзамды мұрын жақтауларына, самай тұсының терісіне жағады. Жәндіктер шаққанда бальзамды шаққан орынға жағады.

Емдеу курсының ұзақтығы препаратты көтере алушылығы мен емдеудің тиімділігіне байланысты әр адамға жекелей анықталады. Әдетте бальзамды күніне 4 ретке дейін пайдаланады, орташа ұзақтығы 5 – 7 күнді құрайды.

Қолданар алдында бальзамның көтерімділігіне сынама жүргізген жөн.

Жағымсыз әсерлері

- аллергиялық (терінің тітіркенуі, эритема, бөртпе, қабыршықтану, қышыну, тері түсінің өзгеруі, есекжем, жанаспалы дерматит) және бронхоспастикалық реакциялар болуы мүмкін.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

- препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық

- тері жабындысының зақымдануы, препаратты қолдану болжамдалып отырған жерлерде тері ауруларының болуы

- 2 жасқа дейінгі балаларға

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Сипатталмаған

Айрықша нұсқаулар

Тек қана сыртқа қолдану үшін! Жақпамайды көзге және шырышты қабыққа, сондай-ақ терінің зақымданған бөліктеріне тигізуге болмайды. Терінің ауқымды бөліктеріне жағуға болмайды. Жақпамайды жаққаннан кейін фотосенсибилизация қаупі болуына байланысты күн астында болудан тартына тұрған дұрыс.

Жақпамайды теріге жаққаннан кейін температураның жергілікті жоғарлауы мен терінің тітіркенуі байқалады, бір мезгілде жылуды және күйдіруді сезіну пайда болады, бұл бір сағаттың ішінде жоғалады. Жақпамайды теріге жаққаннанда ауыру сезімі болмауы тиіс. Теріде ауыру, ісіну немесе бөрту туындаған жағдайда жақпамай қолдануды тоқтату және дереу дәрігерге қаралу қажет.

Құрамында ментол бар дәрілерді жергілікті қолданғаннан кейін күйіктердің дамуы туралы хабарлар болған. Жақпамайды жаққаннан кейін тері реакциялары туындау қаупі ұлғаюына байланысты жылуды жергілікті қолдану ұсынылмайды.

Егер дәрілік затты қолданғаннан кейін әсері болмаса немесе жағдайы нашарлап кетсе, дәрігерге қаралу қажет.

Бальзам шырышты қабыққа түскен жағдайда жақпамайды дымқыл сүрткінің көмегімен кетіріп, мол су мөлшерімен шаю керек.

Жақпамайды ішке қабылдап қойған жағдайда, дереу дәрігерге көріну қажет. Жасы кіші балаларды құстыртпаған жөн, бұл кейінгі камфорамен ингаляция және өлімге әкелуі мүмкін ларинготүйілуінің дамуына қатысты қауіптер болуына байланысты.

Педиатрияда қолданылуы

Препаратты балаларға дәрігердің кеңесінсіз қолдануға болмайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

Клиникалық деректердің болмауына байланысты жүкті және бала емізетін әйелдерге бұл дәрілік затты қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

Әсер етпейді

Артық дозалануы

Осы уақытқа дейін артық дозалану оқиғалары байқалмаған.

Симптомдары – жағымсыз әсерлерінің күшеюі.

Емі - симптоматикалық.

Шығарылу түрі мен қаптамасы

4 г жақпамайдан қаңылтыр қақпақпен жақсылап жабылған қаңылтыр банкіде. Әр банкі медицинада қолданылуы жөніндегі нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынған.

Сақтау шарттары

Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 150С-ден 250С-ге дейінгі температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

5 жыл

Қаптамасында көрсетілген мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.

Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз

Өндіруші

ДАНАФА ФАРМАСЬЮТИКАЛ ДЖОЙНТ СТОК КОМПАНИ

Вьетнам, Дананг қ., Тхань Тхе ауданы, Зунг Си Тхань Тхе к-сі, 253 үй.

Тіркеу куәлігінің иесі

ДАНАФА ФАРМАСЬЮТИКАЛ ДЖОЙНТ СТОК КОМПАНИ, Вьетнам

Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Айтиев к-сі 46-18

Тел/Факс: +7 (727) 395 91 13

Моб. тел: +7 (701) 718 25 92

Электронды поштасы: layka16@mail.ru

 

Прикрепленные файлы

910821921477976533_ru.doc 45.5 кб
592593781477977693_kz.doc 55.5 кб
11178_22_p.pdf 0.91 кб
11178_22_s.pdf 0.76 кб

Отправить прикрепленные файлы на почту

Источники

Национальный центр экспертизы лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники «Центр экспертиз и испытаний в здравоохранении» МЗ РБ